Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Папаверин
Әсер етуші зат
Папаверин
Мақсаты
Шеткергі артерияның және ми тамырларының түйілуі (кешенді терапия құрамында)
Өндіруші
АО «Ирбитский химфармзавод»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - папаверин гидрохлориді 40 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, сахароза, стеарин қышқылы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндр тәрізді сызығы және ойығы бар таблеткалар.
- шеткергі артерияның және ми тамырларының түйілуі (кешенді терапия құрамында)
- ішкі органдардың тегіс мускулатураларының орташа айқын түйілулері (несеп жолдарының түйілуі, бүйрек шаншуы, холецистит, спастикалық колит, пилороспазм)
Папаверин – спазмолитикалық дәрі, гипотензиялық әсер етеді. ФДЭ тежейді, цАМФ жасушасында жинақталуды туындатады және құрамында Ca2+ болуын төмендетеді, тонусты төмендетеді және тамырларды және ішкі органдардың (АІЖ, тыныс алу және несепжыныс жүйелерін) тегіс бұлшықеттерін босаңсытады. Үлкен дозаларда жүрек бұлшық еттерінің қозғыштығын төмендетеді және жүрекішілік өткізгіштігін бәсеңдетеді. ОЖЖ-не әсері әлсіз білінген (үлкен дозаларда тыныштандыратын әсер береді).
Дозалау режимі
Ересектерге 40-60 мг (1-1½ таблетка) тәулігіне 3- 4 рет.
Ең жоғарғы бір реттік доза – 200 мг (5 таблетка), ең жоғарғы тәуліктік доза - 600 мг (15 таблетка).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке аш қарынға қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы жеке, 8-14 күннен көп емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тыныс алудың бәсеңдеуі немесе коматоздық жағдай
- артериялық гипотензия
- атриовентрикулярлы бөгет
- глаукома
- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі
- бүйрек үсті безі қызметінің жеткіліксіздігі
- ми-бас сүйек жарақаты
- қуық асты безінің гиперплазиясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- 60 жастан асқан (гипертермия қаупі)
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Жиі
• ұйқышылдық
• гипотензия
• жүрек айнуы
• іш қату
• тері бөртпесі (эритема, есекжем)
Жиі емес
• қарыншалық экстрасистолия
• бауыр трансаминаз деңгейінің жоғарылауы
• тері қышымасы
Сирек
• шамадан тыс тершеңдік
Өте сирек
- эозинофилия
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• анорексия
• бас айналу
• бас ауруы
• әлсіздік
• атаксия
• атриовентрикулярлық блокада
• тахикардия
• миокард жиырылуының төмендеуі
• құрғақ жөтел
• диарея
• құсу
• іштегі жайсыздық
• ыстық кернеу
• бет гиперемиясы
• аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: көрудің бұзылуы (диплопия), әлсіздік, ұйқышылдық, гипотензия, жүрек айнуы, құсу, орталық жүйке жүйесінің әлсіреуі, бас айналу және синустық тахикардия.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Көмек шараларына препаратты тоқтату, асқазанды сүтпен және белсенділендірілген көмірмен шаю мен туындаған бұзылуларды жою және артериялық қысымды жоғарылатуға бағытталған симптоматикалық ем жүргізу кіреді. Пациенттер дәрігерге қаралуы тиіс.
- ішек перистальтикасының төмендеуі
- бронхтардың ауыруы
- асқазаннан қан кету
- гипотиреоз
- анамнездегі құрысу синдромы немесе эпилепсия ұстамалары
- бронхтық тарылу синдромы
Арнайы ескертулер
Папаверинді қолданған кезде құрамында алкоголь бар сусындарды, сондай-ақ құрамында этил спирті бар дәрілік заттарды тұтынудан бас тарту керек.
Егде жастағы пациенттерге препаратты тағайындар алдында жүрек өткізгіштігінің бұзылуын болдырмас үшін ЭКГ жүргізу керек.
Шылым шегетіндерде папавериннің фармакологиялық әсері азаяды.
Педиатрияда қолдану
Папаверин 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, автокөлікті немесе өзге де механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.
Папаверин жүктілікте және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Папаверин леводопаның паркинсонға қарсы әсерін және метилдопаның гипотензивті әсерін төмендетеді.
Барбитураттармен біріктіргенде папавериннің спазмолитикалық әсері күшейеді.
Спазмолитиктермен, тыныштандыратын дәрілермен, диуретиктермен, салуретиктермен (гидрохлортиазидпен, ацетазоламидпен, фуросемидпен, спиронолактонмен және б.), үш циклді антидепрессанттармен, прокаинамидпен, резерпинмен, хинидин фентоламинмен, новокаинамидпен, клонидинмен бір мезгілде қолданғанда папавериннің гипотензивті әсері күшеюі мүмкін.
Жүрек гликозидтерімен (дигоксин, строфантин) бір мезгілде қолданған кезде жүрек гликозидтерінің белсенділігін төмендету есебінен олардың әсерін бәсеңдетеді.
Тегіс мускулатураларға антихолинэстеразалық (галантамин, прозерин, физиостигмин және б.) препараттардың әсеріне ие.
Папаверин мен нитрофурантоинді біріктіріп қолданған кезде гепатиттің дамуы мүмкін.
Адсорбенттер, сүт, антацидті дәрілер (кальций карбонаты, алюминий гидроксиді, магний гидроксиді, немесе алюминий фосфаты), тұтқыр және бүркеуіш дәрілер асқазан-ішек жолдарында препараттың сіңуін азайтады. Оларды қолдану және папаверинді қолдану арасындағы арақашықтық 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
β-адренбөгегіштердің гипотензивті әсеріне әсер етпейді, бірақ жанама β-адренбөгегіштермен тамырлардың шеткергі қарсыластығы жоғарылағанын ескертеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.