Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Парацетамол
Әсер етуші зат
Парацетамол
Мақсаты
Невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және орташа) ауыру синдромында
Өндіруші
АО «Ирбитский химфармзавод»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - парацетамол 200 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, сахароза (қант), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ойығы және сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе крем реңдес ақ түсті таблеткалар.
• невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және орташа) ауыру синдромында
• инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында
Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін бәсеңсіту арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсерге ие. Қабынуға қарсы әлсіз белсенділікке ие.
Асқазан және ішек шырышты қабығының тітіркенуін тудырмайды. Шеткергі тіндерде простагландиндер синтезіне ықпалы болмағандықтан, су-тұз алмасуына әсер көрсетпейді.
Дозалау режимі
Ересектер (егделерді қоса алғанда) және 16 жастан асқан жасөспірімдер: 500-1000 мг қажет болғанда әрбір 4–6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4 сағат. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4000 мг. .
Балалар (10-15 жаста): 250-500 мг қажет болғанда әрбір 4–6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза 24 сағат ішінде бір реттік 10-15 мг/кг дозаларға бөлінген баланың дене салмағына 60 мг/кг құрайды. Бір реттік дозаны 24 сағаттың ішінде 4 реттен артық қолдануға болмайды.
Дәрігердің тағайындаусыз және бақылаусыз ең жоғарғы қолдану ұзақтығы -3 күн.
Көрсетілген дозадан асырмаңыз.
Симптомдар сақталған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Ұзақ уақыт медициналық бақылаусыз қолдану денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтанудан кейін 1-2 сағаттан соң, көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдау керек (тамақтан соң бірден қабылдау әсер етуінің баяулауына әкеледі).
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
• белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 10 жасқа дейінгі балаларға
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Өте сирек
- тромбоцитопения
- агранулоцитоз
- анафилаксиялық шок
- сезімталдығы жоғары тері реакциялары, оның ішінде тері бөртпелері және ангионевроздық ісіну.
Күрделі тері реакцияларының өте сирек жағдайлары байқалды.
- бронх түйілуі
Парацетамолды қолданған кезде бронх түйілу жағдайлары байқалды, алайда олар аспиринге немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға (ҚҚСП) сезімтал демікпесі бар адамдарға көбірек тән болады.
- бауыр дисфункциясы
Белгісіз
- Аниондық айырмашылығы жоғары метаболизмдік ацидоз**
**Қауіп факторлары бар және парацетамолмен емделген пациенттерде пироглутаминді ацидозға байланысты аниондық айырмашылығы жоғары метаболизмдік ацидоздың даму жағдайлары байқалды («Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз»). Бұл пациенттерде пироглутаминді ацидоз глутатион деңгейінің төмендеуіне байланысты дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозасы арттырылған жағдайда, тіпті өзін жақсы сезінсе де дереу медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені, бауырдың кеш білінетін ауыр зақымдануы қаупі бар.
Атап айтқанда, егде жастағы пациенттерде, кішкентай балаларда, бауыр аурулары бар пациенттерде қолданғанда, сондай-ақ, созылмалы маскүнемдік және қажу жағдайларында парацетамолмен улану қаупі бар. Аталған жағдайларда артық дозалануы өлімге соқтыруы мүмкін.
Парацетамолды 10 г және одан асырып қабылдағанда ересектерде бауырдың зақымдануы мүмкін. Парацетамолды 5 г және одан асырып қабылдау мынадай қауіп факторлары бар пациенттерде бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін:
• карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен немесе бауыр ферменттерін стимуляциялайтын басқа препараттармен ұзақ емдеу;
• алкогольді шамадан тыс мөлшерде ұдайы тұтыну;
• глутатион жеткіліксіздігі бар болуы мүмкін (тамақтану тәртібінің бұзылуы, муковисцидоз, АИТВ-инфекция, ашығу, әлсіреу).
Алғашқы 24 сағатта парацетамолмен жедел уланудың симптомдары жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, тері жабындарының бозаруы болып табылады. Бауырдың зақымдануы артық дозаланудан кейін 12–48 сағаттан соң айқын болуы мүмкін.
Глюкоза метаболизмінің бұзылуы мен метаболизмдік ацидоз туындауы ықтимал. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр уланған кезде энцефалопатия, қан кету, гипогликемия, мидың ісінуі мен өліммен аяқталумен үдеп кетуі мүмкін. Өзекшелер жедел некрозымен бүйректің жедел жеткіліксіздігі белдің қатты ауыруы, гематурия, протеинуриямен байқалуы және бауырдың ауыр зақымдануы болмаған кезде де дамуы ықтимал. Сонымен қатар жүрек аритмиясы және панкреатит байқалған.
Емі: артық дозаланған жағдайда, тез арада медициналық көмек көрсету қажет. Егер тіпті, артық дозалануының бастапқы симптомдары болмаса да, пациентті дереу ауруханаға жеткізу керек. Симптомдары жүрек айнуымен және құсумен шектелуі мүмкін немесе артық дозалануының ауырлығын немесе ағзалардың зақымдану қаупін көрсетпеуі мүмкін. Парацетамолдың шамадан тыс дозасы қабылданған кезде 1 сағат ішінде белсендірілген көмірмен емдеген дұрыс. Парацетамолдың қан плазмасындағы концентрациясын препаратты қабылдағаннан кейін кемінде 4 сағаттан соң анықтау және тіпті одан да кейінірек анықтау керек (концентрациясын ертерек анықтау нақты болмайды).
N-ацетилцистеинмен емдеуді парацетамолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізуге болады, алайда, ол антидоттың ең жоғарғы әсеріне оны парацетамолды қабылдағаннан кейінгі 8 сағат ішінде қолданғанда қол жеткізуге болады. Аталған уақыттан кейін антидоттың тиімділігі күрт төмендейді. Қажет болған жағдайда, N-ацетилцистеинді пациентке ұсынылатын дозаларына сәйкес вена ішіне енгізеді. Құсу болмаса, пациентті шұғыл түрде ауруханаға алып баруға мүмкіндік болмаған жағдайда, баламасы ретінде метионинді пероральді қолдануға болады.
Арнайы сақтандырулар
Сақтықпен - бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы, вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы), алкоголизм, жүктілік, лактация кезеңі, егде жас, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
3 күн қолданғаннан кейін шеткері қан мен бауырдың функционалдық жағдайын бақылау қажет. Бауырдың уытты зақымдануын болдырмау үшін препаратты алкогольдік сусындарды қабылдаумен біріктіруге, сонымен қатар созылмалы маскүнемдікке бейім тұлғаларға қабылдауға болмайды.
Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдамау керек.
Бауырдың бұрыннан бар ауруы парацетамолды қолданумен байланысты бауырдың зақымдануы қаупін арттыруы мүмкін. Парацетамолды қолдануды бастар алдында бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы диагнозы қойылған пациенттер дәрігермен кеңесуі тиіс.
Тамақтану тәртібі бұзылысының, муковисцидоздың, АИТВ инфекциясының, ашығудың, қажудың салдарынан болған глутатион тапшылығы парацетамолдың аздаған (5 г және одан да көп) артық дозаланулары кезінде бауырдың ауыр зақымдануының дамуы мүмкіндігіне түрткі болады.
Глутатион қоры таусылған пациенттерде қолданғанда, мысалы, сепсис кезінде сақтық таныту керек; парацетамолды қолдану метаболизмдік ацидоз қаупін арттыруы мүмкін.
Аурудың ауыр түрі бар, мысалы, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі мен сепсиспен пациенттерде немесе ұзақ уақыт бойы емдік дозада парацетамол немесе парацетамол мен флуклоксациллиннің біріктірілімін қабылдаған, глутатион тапшылығының себебі болып табылатын тамақтану жеткіліксіздігі немесе басқа жағдайлары бар пациенттерде (мысалы, созылмалы алкоголизм) пироглутаминді ацидоздың салдарынан аниондық айырмашылығы жоғары метаболизмдік ацидоздың (HAGMA) даму жағдайлары туралы хабарланды. Пироглутаминді ацидоздың салдарынан HAGMA-ға күдік болған кезде, парацетамолды дереу қабылдауды тоқтатып және мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Несептегі 5-оксопролин деңгейін өлшеу көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде HAGMA негізгі себебі ретінде пироглутамин ацидозын анықтау үшін пайдалы болуы мүмкін.
Метаболизмдік ацидоз симптомдары тыныс алудың тереңдеп, жиілеуі немесе тарылуы, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы болып табылады.
Аталған симптомдар пайда болған жағдайда, тез арада дәрігерге жүгіну керек.
Егер бас ауыруы үнемі бола берсе, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек.
Егер пациент күрделі емес артриттен зардап шексе және күнделікті ауырсынуды басатын дәрілерді қажет етсе, парацетамолды тағайындау дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүргізілуі керек.
Препараттың құрамында сахароза (қант) бар, сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациентерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Парацетамолды 10 жасқа дейінгі балаларға қолдану қарсы көрсетілімде.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу бойынша шектеулер жоқ.
Жүкті әйелдер туралы көптеген деректер парацетамолдың фето және/немесе неонатальді уыттылығының, сондай-ақ, даму ақауларын туындатуға қабілеттілігінің жоқтығын растайды. Парацетамолдың құрсақ ішілік әсер етуіне ұшыраған балаларда жүйке жүйесінің дамуына жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері дәлелді болмады. Парацетамолды жүктілік кезінде клиникалық қажеттілігіне қарай қолдануға жол беріледі, алайда оны ең аз тиімді дозасында, барынша қысқа уақыт мерзімі ішінде және мүмкіндігінше өте аз жиілікпен қабылдау керек.
Парацетамол плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтіне енеді, бірақ мөлшерлері клиникалық тұрғыдан елеусіз. Жарияланған қолжетімді деректерде препаратты бала емізу кезінде қабылдауға қатысты қарсы көрсетілімдер жоқ.
Метоклопрамид және домперидон парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын арттырады, ал колестирамин төмендетеді.
Урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді.
Парацетамолды жоғары дозаларда қатар қолдану антикоагулянттардың әсерін арттырады (бауырдағы прокоагулянтты факторлардың синтезінің төмендеуі). Бауырдағы микросомальді тотығу тежегіштері (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклді антидепрессанттар), этанол және гепатоуытты дәрілік заттар гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін арттырады, бұл тіпті шамалы артық дозалану кезінде де ауыр уыттанудың даму мүмкіндігіне себепші болады. Барбитураттарды ұзақ пайдалану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді. Микросомальді тотығу тежегіштері (соның ішінде циметидин) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді. Парацетамол мен басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бірге ұзақ пайдалану "анальгетиктік" нефропатияның және бүйректің папиллярлық некрозының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық кезеңінің басталу қаупін арттырады. Парацетамолды жоғары дозаларда салицилаттармен бір уақытта ұзақ тағайындау бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады. Гепатоуыттылықтың даму қаупі - дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға жоғарылатады. Миелоуытты дәрілік заттар гематоуытты препараттың байқалуын күшейтеді.
Парацетамол мен флуклоксациллинді бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек, өйткені біріктірілген ем пироглутаминді ацидоздың салдарынан, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде аниондық айырмашылығы жоғары метаболизмдік ацидоздың дамуымен байланысты («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.