Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Парацетамол
Әсер етуші зат
Парацетамол
Мақсаты
Айқындығы орташа немесе әлсіз ауыру синдромы (бас ауыруы, бас сақинасы, невралгия, тіс ауыруы, тамақ ауыруы, остеоартроз кезіндегі ауырсынуды қоса)
Өндіруші
Борисовский завод медицинских препаратов
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - парацетамол 200 мг;
қосымша заттар: повидон, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар, ақ немесе крем реңдес ақ түсті дөңгелек таблеткалар
- айқындығы орташа немесе әлсіз ауыру синдромы (бас ауыруы, бас сақинасы, невралгия, тіс ауыруы, тамақ ауыруы, остеоартроз кезіндегі ауырсынуды қоса)
- жедел инфекциялық, инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромы.
Парацетамол – анальгетик және антипиретик (ауыруды басатын және ыстық түсіретін дәрі). Термореттеу және ауыру орталықтарына әсер ете отырып, көбінесе орталық жүйке жүйесіндегі циклооксигеназаны бөгейді. Қабынуға қарсы әсері іс жүзінде жоқ. Қабынған тіндерде жасушалық пероксидазалар парацетамолдың циклооксигеназаға әсерін бейтараптандырады, бұл қабынуға қарсы әсердің мүлдем жоқтығын түсіндіреді. Шеткері тіндерде простагландиндердің синтезіне бөгеттейтін әсердің болмауы оның су-тұз алмасуына (натрий мен су иондарының іркілісі) және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына теріс әсер етпеуіне әкеледі.
Дозалау режимі
Ересектер (егде жастағыларды қоса) және 16 жастан асқан жасөспірімдер: қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 500-1000 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза - 4000 мг.
Балалар (10-15 жас): қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 250-500 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза баланың дене салмағының 60 мг/кг құрайды, 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаларға бөлінеді. Бір дозаны 24 сағат ішінде 4 реттен артық емес қабылдауға болады.
Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың ең жоғары ұзақтығы - 3 күн.
Көрсетілген дозадан асырмау керек.
Егер симптомдар сақталса, дәрігерге жүгіну керек. Медициналық бақылаусыз ұзақ уақыт қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, көп мөлшерде сұйықтықпен, тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін (тамақтан кейін бірден қабылдау әсер етуінің кідіруіне әкеледі).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
- қан аурулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- 10 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Сақтықпен
Қатерсіз гипербилирубинемия (соның ішінде Жильбер синдромы), вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы, алкоголизм, егде жас.
- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы;
- ұзақ қолданған кездегі гепатоуытты әсері;
- жүрек айну, эпигастрий тұсының ауыруы;
- гемолиздік және аплазиялық анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, метгемоглобинемия;
- асептикалық пиурия түріндегі нефроуытты әсері, интерстициялық нефрит, папиллярлы некроз;
- артериялық қысымның төмендеуі, гипогликемия, диспноэ, васкулит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану парацетамолды тәулігіне 10 г жоғары дозада (немесе балаларда тәулігіне 140 мг/кг астам) қабылдағанда туындайды. Алкоголизм, гепатитке шалдыққан пациенттерде парацетамолдың уытты әсері оны тәулігіне 2,5 4,0 г дозада қолданғанда да байқалады.
Парацетамолдың артық дозалануы, әсіресе егде жастағы пациенттер мен кішкентай балаларда қауіпті. Талапқа сай дозаламау немесе кездейсоқ улану нәитижесіндегі артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.
Парацетамолды 10 г және одан көп қабылдаған кезде ересектерде бауырдың зақымдануы мүмкін.
Парацетамолды 5 г және одан көп қабылдау мынадай қауіп факторлары бар пациенттерде бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін:
- карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен немесе бауыр ферменттерін стимуляциялайтын басқа препараттармен ұзақ емдеу;
- алкогольді шамадан тыс мөлшерде ұдайы тұтыну;
- глутатион жеткіліксіздігі бар болуы мүмкін (тамақтанудың бұзылуы, муковисцидоз, АИТВ-инфекциясы, ашығу, жүдеу).
Симптомдары. Алғашқы 24 сағатта парацетамолмен жедел уланудың белгілері жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, терінің бозаруы, анорексия, абдоминальды ауыру болып табылады. Бауырдың зақымдануы артық дозаланудан кейін 12–48 сағаттан соң айқын болуы мүмкін. Глюкоза метаболизмінің бұзылуы мен метаболизмдік ацидоз туындауы ықтимал. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр уланған кезде энцефалопатия, қан кету, гипогликемия, мидың ісінуі мен өліммен аяқталумен үдеп кетуі мүмкін. Өзекшелердің жедел некрозымен бүйректің жедел жеткіліксіздігі белдің қатты ауыруы, гематурия, протеинуриямен байқалуы және бауырдың ауыр зақымдануы болмаған кезде де дамуы ықтимал. Сондай-ақ жүрек аритмиясы және панкреатит те байқалды.
Ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қабылдаған кезде гепатоуытты және нефроуытты әсер етуі мүмкін (бүйрек шаншуы, гемолиздік анемия, аплазиялық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения).
Емі: дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату, белсендірілген көмірмен асқазанды шаю және дәрілік заттың асқазанда және ішекте сіңуін болдырмас үшін тұзды іш жүргізетін дәрілерді тағайындау. Вена ішіне глюкоза (5–10 % ерітінді 200–400 мл) енгізуді бастайды. Арнайы антидот - N-ацетилцистеин енгізеді (глутатион қорын қалпына келтіреді және оның тапшылығын жояды, бұл ретте парацетамолдың улы метаболиті бейтараптандырылады). N-ацетилцистеиннің 20 % ерітіндісін вена ішіне және ішке қолданады: бірінші дозасы 140 мг/кг (0,7 мл/кг), содан соң 70 мг/кг (0,35 мл/кг). Барлығы 17 доза енгізіледі. Ең тиімдісі уыттану дамуынан кейінгі алғашқы 10 сағат ішінде басталған ем болып табылады. Егер уыттанудан кейін 36 сағаттан астам уақыт өтсе, емдеу тиімсіз болып табылады. Протромбин индексі 1,5-тен асқан кезде 1-10 мг К1 дәрумені (фитоменадион) қолданылады. Протромбин индексі 3,0-ден асқан кезде жергілікті плазманы немесе коагуляция факторларының концентратын вена ішіне енгізуді бастау керек (1-2 бірлік). Уыттануды емдегенде қарқынды диурез, гемодиализ жүргізуге болмайды. Антигистаминдік дәрілер мен глюкокортикостероидтарды пайдалануға жол берілмейді.
Егер пациент ауырлығы орташа дәрежеден жоғарылау артриттен зардап шексе немесе ауыруға қарсы дәрілерді ұдайы қолдануды қажет етсе, парацетамолды тағайындау дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс.
Парацетамолды қолдану аясында 3 күннен артық қызба синдромы және 5 күннен артық ауырсыну синдромы кезінде дәрігердің кеңесі қажет.
Плазмадағы глюкоза мен несеп қышқылын сандық анықтау кезінде зертханалық көрсеткіштерді бұрмалайды.
Ұзақ емдеу кезінде шеткері қанның көрінісін және бауырдың функционалды жағдайын бақылау қажет.
Бауырдың уытты зақымдануын болдырмас үшін емдеу кезінде алкоголь қабылдауға болмайтыны туралы пациенттерге ескерту керек.
Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Ұсынылатын дозаларды арттырған жағдайда, пациент өзін жақсы сезінсе де, сондай-ақ аллергиялық реакциялар белгілері (беттің, ауыздың, тамақтың ісінуі, тыныс алудың қиындауы, қышыну немесе бөртпе) пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралуы керектігін пациентке ескерту керек, өйткені бауырдың кешеуілдеген күрделі зақымдану қаупі бар.
Бауыр трансплантациясын қажет еткен немесе өліммен аяқталған жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса, парацетамол қабылдағаннан кейін бауыр функциясының күрделі бұзылу жағдайлары туралы хабарламалар алынған.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар адамдарға, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек. Бауырдың алкогольден болатын түрі цирроз емес ауруы бар пациенттерде парацетамолдың артық дозалану қаупі жоғары.
Парацетамол қабылдаудан кейін анафилаксия және аса жоғары сезімталдықтың басқа реакцияларының сирек жағдайлары хабарланған.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Таблеткалар 10 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.
Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған адамдарда қолдану. Осы топ адамдарына доза мен қабылдау жиілігін арнайы түзету қажет етілмейді, алайда осы топ адамдарында артық дозалану дамуының жоғары ықтималдығына байланысты парацетамолдың ең жоғары дозасын тәулігіне 2,5 г (500 мг 5 таблетка немесе 200 мг 12 таблетка) арттыру ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдарда қолдану. Осы топ адамдарына доза мен қабылдау жиілігін арнайы түзету қажет етілмейді, алайда осы топ адамдарында артық дозалану дамуының жоғары ықтималдығына байланысты парацетамолдың ең жоғары дозасын тәулігіне 2,5 г (500 мг 5 таблетка немесе 200 мг 12 таблетка) арттыру ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Парацетамол қабылдау автокөлік немесе өзге механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік. Препаратты тағайындау, егер ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қаупінен асып түскен жағдайда ғана мүмкін болады.
Бала емізу кезеңі. Парацетамол клиникалық елеусіз мөлшерде ғана емшек сүтіне бөлінеді. Жарияланған қолжетімді деректерде бала емізуге қатысты қолдануға болмайтын жағдайлар жоқ.
Зертханалық көрсеткіштерге әсері. Плазмадағы глюкоза мен несеп қышқылын сандық анықтау кезінде зертханалық көрсеткіштерді бұрмалайды.
Тағамдық бұзылыстар, кистозды фиброз, АИТВ-инфекция, ашығу, әлсіреу салдарынан болатын глутатион тапшылығы парацетамолдың аздап артық дозалануы кезінде (5 г және одан асатын) бауырдың ауыр зақымдануының даму мүмкіндігіне байланысты.
Қосымша заттарға қатысты нұсқаулар
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз натрий бар, яғни іс жүзінде оның құрамында натрий жоқ.
Парацетамол және басқа ҚҚСП бірге ұзақ қолдану «анальгетикалық» нефропатия және бүйрек папиллярлы некрозының дамуы, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысының басталуы қаупін арттырады.
Парацетамолды жоғары дозаларда және салицилаттарды бір мезгілде ұзақ қолдану бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады.
Миелоуытты дәрілік препараттар препараттың гематоуыттылығының байқалуын күшейтеді.
Препарат ұзақ уақыт бойы қабылдағанда тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндер) әсерін күшейтеді, сонымен қан кету қаупін арттырады, бір реттік дозалар елеулі әсер етпейді.
Бауырдағы микросомальды тотығу ферменттерінің индукторлары (барбитураттар, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, зидовудин, дифенин, фенитоин, этанол, флумецинол, фенилбутазон және трициклді антидепрессанттар) артық дозалану кезінде гепатоуытты әсер ету қаупін жоғарылатады.
Парацетамолдың сіңу жылдамдығын метоклопрамид пен домперидон арттырады, ал колестирамин төмендетеді.
Этанол жедел панкреатиттің дамуына ықпал етеді.
Препарат урикозуриялық препараттардың белсенділігін төмендетуі мүмкін.
Барбитураттарды ұзақ уақыт қолдану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді.
Микросомалық тотығу тежегіштері (циметидинді қоса) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді.
Дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға арттырады - гепатоуыттылықтың даму қаупі.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.