Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
0.5 г
Саудалық атауы
Парацетамол-PHS
Әсер етуші зат
Парацетамол
Мақсаты
Препарат айқындығы әлсіз немесе орташа ауыру синдромын және дене температурасы жоғарылауында, мысалы бас ауыруын, оның ішінде бас сақинасын және бастың ширығып ауыруын, тіс…
Өндіруші
Фармстандарт-Лексредства
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: парацетамол 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон (төмен молекулалы медициналық поливинилпирролидон), стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы бар, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті таблеткалар.
Препарат айқындығы әлсіз немесе орташа ауыру синдромын және дене температурасы жоғарылауында, мысалы бас ауыруын, оның ішінде бас сақинасын және бастың ширығып ауыруын, тіс ауыруын, арқаның ауыруын, ревматизм және бұлшықет ауыруларын, дисменорея, тамақтың ауыруын емдеу үшін, сондай-ақ қызбаны жеңілдетуге (оның ішінде вакцинациядан кейінгі), суық тию ауруларында және тұмауда ауыру мен температура жоғарылауында ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін дәрі болып табылады. Сонымен бірге жеңіл түрдегі артритте ауыруды симптомдық жеңілдету үшін ұсынылады.
Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол.
АТХ коды N02BЕ01.
Әсер ету механизмі
Есірткілік емес анальгетик, көбінесе орталық жүйке жүйесінде, ауыру және термореттеліс орталықтарына әсер ете отырып, циклооксигеназа (ЦОГ) I мен II бөгейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Парацетамолдың ыстықты түсіретін және ауырғанды басатын әсері бар. Қабынған тіндерде жасуша пероксидазалары парацетамолдың ЦОГ-ға әсерін бейтараптандырады, бұл іс жүзінде қабынуға қарсы әсерінің мүлдем жоқтығымен түсіндіріледі. Парацетамолдың шеткері тіндердегі простагландиндер синтезіне ықпалы тым аз, ол су-электролит алмасуын өзгертпейді және асқазан-ішек жолының шырышты қабығының зақымдануын тудырмайды. Сол себепті, парацетамол әсіресе, анамнезінде асқазан-ішек жолының аурулары болған пациенттерге (мысалы, анамнезінде асқазан-ішектен қан кету болған пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде) немесе қатарлас дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге, шеткері простагландиндердің тежелуі жағымсыз әсер етуі мүмкін кезде қолайлы.
Дозалау режимі
Ересектер (соның ішінде, егде жастағы пациенттер) және 16 жастан асқан балалар:
Ересектер (егде жастағыларды қоса) мен 16 жастан асқан балалар 1 – 2 таблетка, егер қажет болса тәулігіне 4 ретке дейін. Ең жоғары бір реттік дозасы – 2 таблетка. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 8 таблетка. Қабылдаулар аралығы – кемінде 4 сағат.
Балалар
10 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға: 1 таблеткадан ішке қабылдауға, қажет болғанда тәулігіне 4 ретке дейін.
10 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Балаларға дәрігердің кеңесінсіз 3 күннен артық қабылдауға болмайды.
Қабылдау аралығы кем дегенде 4 сағат болуы тиіс. 24 сағат ішінде 4 дозадан асырмайды.
Ұсынылған дозадан асырмаңыз. Әсеріне жету үшін қажетті ең аз дозаны және ең аз қысқа мерзімде қабылдау керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауырдың созылмалы немесе декомпенсацияланған аурулары бар, бауыр жеткіліксіздігі, созылмалы алкоголизмі бар пациенттерде, әлсіреп-жүдеген пациенттерде және сусызданған кезде тәуліктік доза 3 г аспауы тиіс (6 таблетка).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке, сұйықтықтың көп мөлшерімен, тамақ ішкеннен кейін 1–2 сағаттан соң (тамақтан кейін бірден қабылдау әсерінің басталуының кідіруіне әкеледі).
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға хабарласу жөнінде нұсқаулар
Препаратты әрқашан қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына толық сәйкестікпен қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- әсер етуші затына немесе «Қосымша мәліменттер» бөлімінде тізбеленген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
- 10 жасқа дейінгі балаларға.
Ретроспективті клиникалық сынақтар барысында анықталған парацетамолдың жағымсыз реакциялары сирек болады және пациенттердің аз санымен байланысты. Тиісінше, емдік/таңбаланған дозада тіркеуден кейінгі ауқымды тәжірибе барысында тіркелген және атрибутивті болып саналатын оқиғалар төмендегі кестеде жүйенің класы мен жиілігі бойынша келтірілген.
Ұсынылған дозаларында, әдетте, парацетамолдың жағымдылығы жақсы.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Жағымсыз құбылыстардың жиілігі тіркеуден кейінгі бақылау барысында алынған өздігінен келген хабарламалар негізінде бағаланды.
Жүйе-ағза класы — Жағымсыз реакциялар — Жиілігі
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Тромбоцитопения Агранулоцитоз — Өте сирек
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Анафилаксия Терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде, басқаларына қоса, терінің бөртпесі және ангионевроздық ісіну. Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалды некролиз. Ауыр тері реакцияларының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. — Өте сирек
Метаболизм және тамақтану бұзылулары — Аниондық ажырауы жоғарылаған метаболизмдік ацидоз* — Белгісіз
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірекортасы тарапынан бұзылулар — Бронх түйілуі ** — Өте сирек
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Бауыр жеткіліксіздігі — Өте сирек
* Парацетамолды қолдануда қауіп факторлары бар пациенттерде пироглутаминдік ацидоздан аниондық ажырауы жоғарылаған метаболизмдік ацидоз жағдайы байқалды (4.4 бөлімін қараңыз). Пироглутамдық ацидоз осы пациенттерде глутатион деңгейінің төмендігіне байланысты пайда болуы мүмкін.
** Парацетамол қабылдаған кезде бронх түйілуінің жағдайлары тіркелді, бірақ олардың аспиринге немесе басқа ҚҚСП сезімтал демікпеге шалдыққандар болу ықтималдығы жоғары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Бауырдың зақымдануы 10 г немесе одан да көп парацетамол қабылдаған ересектерде болуы мүмкін. 5 г немесе одан да көп парацетамол қабылдау егер пациенттің қауіп факторлары болса, бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін (төменнен қараңыз).
Қауіп факторлары
Егер пациент:
• Карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шайқураймен немесе бауыр ферменттерін индукциялайтын басқа препараттармен ұзақ емдеуде болса.
Немесе
• Ұсынылғаннан астам мөлшердегі этанолды үнемі қабылдау.
Немесе
• Ықтимал себебі глутатион тапшылығы болады, мысалы, тамақтану дағдысының бұзылыстары, муковисцидоз, АИТВ-инфекция, ашығу, кахексия.
Симптомдары
Парацетамолдың артық дозалануының алғашқы 24 сағат ішіндегі симптомдары: бозару, жүрек айну, құсу, анорексия және іштің ауыруы. Бауырдың зақымдануы қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан кейін білінуі мүмкін. Глюкоза метаболизмінің бұзылуы және метаболизмдік ацидоз пайда болуы мүмкін. Ауыр улану кезінде бауыр жеткіліксіздігі энцефалопатияға, қан кетулеріне, гипогликемияға, ми ісінуі мен өлім жағдайына дейін үдеуі мүмкін. Белдің ауыруы, гематурия мен протеинурия
шұғыл көрсететін жедел тубулярлы некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі бауырдың ауыр зақымдануы болмаса да дамуы мүмкін. Жүрек аритмиясы және панкреатит туралы хабарланған.
Емі
Парацетамолдың артық дозалануын емдеуде шұғыл емдеудің маңызы зор. Елеулі ерте симптомдарының болмауына қарамастан, пациенттер шұғыл медициналық көмек алу үшін ауруханаға шұғыл түрде жіберілуі керек. Симптомдар жүрек айнуымен немесе құсумен шектелуі мүмкін және артық дозаланудың ауырлығын немесе ағзалардың зақымдану қаупін көрсетпеуі мүмкін.
Егер артық дозалану 1 сағат ішінде болса, белсендірілген көмірмен емдеуді қарастырған жөн. Плазмадағы парацетамол концентрациясын ішке қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң немесе одан сәл кейін өлшеу керек (бұрынғы концентрациялар сенімсіз болады). N-ацетилцистеинмен емдеуді парацетамол қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде қолдануға болады, алайда ең жоғары қорғайтын әсеріне ішке қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде жетеді. Осы уақыт өткеннен кейін антидоттың тиімділігі күрт төмендейді. Қажет болса, пациентке белгіленген дозалау кестесіне сәйкес вена ішіне N-ацетилцистеин енгізу керек. Егер құсу проблемасы болмаса, пероральді метионин ауруханадан тыс жерде, шалғай аудандар үшін қолайлы балама болуы мүмкін. Емдеу токсикологиялық орталықтың немесе бауыр ауруларының мамандандырылған бөлімшесінің мамандарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс.
Препарат құрамында парацетамол бар. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бірге қабылдауға болмайды.
Бауырдың негізгі ауруы парацетамолмен байланысты бауырдың зақымдану қаупін арттырады. Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған пациенттер осы дәріні қабылдар алдында медициналық көмекке жүгінуі тиіс.
Көрсетілген дозадан асырмаңыз.
Егер бас ауыруы тұрақты болса, пациенттерге дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Ауырсынуды басатын препараттарды қабылдауы тиіс артрит диагнозы қойылған пациенттер препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесуі тиіс.
Глутатион тапшылығы бар пациенттерде (мысалы, ашығу, анорексия, дене салмағының төмен индексі, алкогольді үнемі пайдалану, сепсисте) сақ болу керек, өйткені парацетамолды қолдану метаболизмдік ацидоз қаупін арттыруы мүмкін (сонымен бірге «Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар» бөлімін де қараңыз).
Пироглутаминді ацидоздан туындаған жоғары аниондық метаболизмдік ацидозға күдік болса, парацетамол қабылдауды дереу тоқтатып, мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. Несептегі 5-оксопролин мөлшерін анықтау, пироглутаминді ацидозды көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде жоғары анионды метаболизмдік ацидоздың негізгі себебі ретінде анықтау пайдалы болуы мүмкін. Зат алмасу бұзылуларына байланысты глутатион тапшылығы бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Зат алмасу бұзылуларына байланысты глутатионның сарқылуы болатын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Егер симптомдар сақталса, медициналық көмекке жүгіну керек.
Құрамында жануарлардан алынған ингредиенттер болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптамадағы заттаңба:
Сіз тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, егер сіз осы дәрінің тым үлкен дозасын қабылдаған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз
Бұл дәріні қабылдау кезінде құрамында парацетамол бар басқа ештеңе қабылдамаңыз.
Сіз тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, егер сіз осы дәрінің тым үлкен дозасын қабылдаған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Бұл парацетамолдың тым үлкен дозасы бауырдың кешіктірілген күрделі зақымдалуын тудыруы мүмкіндігіне байланысты.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Парацетамолды дозаларының ұсынылған ауқымында қолданғанда, көлік құралдарын басқару және басқа, жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылдануға әсері анықталмады.
Препараттың бір дозасында натрий 1 ммольден аз (23 мг), яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Жатырішілік даму кезінде парацетамол әсеріне ұшыраған балалардағы жүйке жүйесінің дамуын эпидемиологиялық зерттеулер сенімсіз нәтижелер көрсетеді. Клиникалық қажеттілік кезінде парацетамолды жүктілік уақытында да қолдануға болады, дегенмен, кез-келген дәрі сияқты, оны мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозада қолдану керек.
Парацетамол емшек сүтімен бөлінеді, бірақ ұсынылатын дозаларындағы клиникалық елеулі мөлшерде болмайды. Қолда бар жарияланған деректер бала емізуге болмайтынын көрсетпейді.
Сіздің қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жүргеніңіз, таяуда қабылдағаныңыз немесе қабылдай бастауыңыз мүмкін екені жөнінде емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне мәлімдеңіз.
Бауырдың микросомалық ферменттерінің индукторлары немесе ықтимал гепатоуытты заттар (мысалы, алкоголь, рифампицин, изониазид, ұйықтататын және фенобарбиталды, фенитоинді, карбамазепинді және басқаларын қоса, эпилепсияға қарсы дәрілер) парацетамолдың уыттылығын арттырады, тіпті парацетамолдың уытты емес дозаларында да бауыр зақымдануына әкелуі мүмкін, сондықтан, көрсетілген препараттарды парацетамолмен бір мезгілде қабылдаған кезде дәрігермен кеңесу керек.
Фенитоин парацетамолдың тиімділігін төмендетеді, сәйкесінше, фенитоинді қабылдап жүрген пациенттер парацетамолды, әсіресе жоғары дозаларында жиі қолданбауы керек.
Парацетамол урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді.
Парацетамол хлорамфеникол концентрациясының жоғарылауы қаупін арттыруы мүмкін.
Парацетамол нейтропенияның даму қаупін арттыруы мүмкін, соған байланысты, гематологиялық көрсеткіштерді бақылау керек. Зидовудин мен парацетамолды бір мезгілде қолдану дәрігердің кеңесінен кейін ғана мүмкін болады.
Пробенецид парацетамолдың клиренсін екі есеге жуық азайтады, бұл парацетамолдың дозасын төмендетуді талап етеді.
Парацетамолды 4 күннен артық уақыт бойы бірнеше рет қабылдау антикоагулянттық әсерін арттырады. Парацетамол (әсіресе, жоғары дозаларында және/немесе ұзақ уақыт бойы) мен кумарин туындыларын (варфарин) бір мезгілде қолдану кезінде және бір мезгілде қолдану аяқталғаннан кейін халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізу керек. Парацетамолдың жүйелі қабылданбауы елеулі ықпал етпейді.
Пропантелин және асқазаннан шығуын баяулататын басқа препараттар (колестирамин), парацетамолдың сіңу жылдамдығын төмендетеді, бұл әсерінің басталуын кешеуілдетуі немесе азайтуы мүмкін
Метоклопрамид пен домперидон парацетамолдың сіңуінің және, сәйкесінше, ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін әсерінің басталу жылдамдығын арттырады.
Барбитураттарды ұзақ уақыт қолдану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді.
Этанол жедел панкреатиттің дамуына ықпал етеді.
Парацетамол мен басқа ҚҚСП ұзақ уақыт бойы бірге қолдану бүйрек зақымдануы дамуының, бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы басталуының қаупін арттырады.
Парацетамолды жоғары дозаларда салицилаттармен бір мезгілге ұзақ уақытқа тағайындау бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады.
Дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға жоғарылатады, бұл - гепатоуыттылықтың даму қаупі.
Миелоуытты препараттар гематоуытты препараттың байқалуын күшейтеді.
Парацетамолды флуклоксациллинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, өйткені бір мезгілде қабылдау, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде жоғары аниондық аралығы болатын метаболизмдік ацидозбен байланысты болды («Қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.