Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес
Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Клиникалық зерттеулер
Клиникалық зерттеулер деректеріне сәйкес, цетиризин барлық ұсынылған дозаларда ұйқышылдық, шаршағыштық, бас айналу және бас ауруы сияқты орталық жүйке жүйесінің тарапынан ең аз жағымсыз реакцияларын ғана тудыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда ОЖЖ парадоксалді ынталандыруы байқалды.
Цетиризин Н1 шеткері рецепторларының селективті антагонисі болып табылатындығына және салыстырмалы түрде антихолинергиялық белсенділігі болмауына қарамастан, оқшау жағдайларда несеп шығару бұзылуы, көру аккомодациясы және ауыздың құрғауы байқалды.
Билирубин деңгейінің жоғарылауымен бірге бауыр ферменттерінің жоғарылауы болатын бауыр функциясының бұзылу жағдайлары байқалды. Көп жағдайда бұл өзгерістер цетиризин дигидрохлоридімен емдеуді тоқтатқан кезде жойылады.
Жағымсыз реакциялардың кестелік түйіндемесі
Цетиризиннің жасырын салыстырмалы бақыланатын клиникалық немесе фармакоклиникалық зерттеулері қауіпсіздігі бойынша қол жетімді сандық деректері бар плацебо немесе басқа антигистаминді препараттармен салыстырғанда (цетиризин үшін бұл тәулігіне 10 мг құрады) цетиризин алған 3200 пациентті қамтыды.
Плацебо бақылауымен бірге жиналған осы зерттеулердің негізінде 1%-дан асатын жиілікпен туындаған 10 мг цетиризин үшін мынадай жағымсыз реакциялар байқалды:
Жағымсыз реакциялар (WHO-ART) — Цетиризин 10 мг (n= 3260) — Плацебо (n = 3061)
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар Қажығыштық — 1,63% — 0,95%
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Бас айналуы Бас ауыруы — 1,10%7,42% — 0,98%8,07%
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Іштің ауыруы Ауыздың құрғауы Жүрек айнуы — 0,98%2,09% 1,07% — 1,08%0,82%1,14%
Психика бұзылулары Ұйқышылдық — 9,63% — 5,00%
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар Фарингит — 1,29% — 1,34%
Плацебомен салыстырғанда ұйқышылдықтың статистикалық тұрғыдан жиі дамуына қарамастан, көп жағдайда оның айқындығы елеусізден орташа деңгейге дейін ауытқиды Басқа зерттеулерде жүргізілген осы объективті тестілердің деректері препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда дені сау жас еріктілердің күнделікті белсенділігі нашарламағанын көрсетті.
Балалар мен жасөспірімдер
6 айдан 12 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен клиникалық және клиникалық-фармакологиялық зерттеулер барысында мынадай жағымсыз реакциялар байқалды, олардың жиілігі 1% немесе одан да көп:
Жағымсыз реакциялар (WHO-ART) — Цетиризин (n=1656) — Плацебо (n =1294)
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Диарея — 1,0% — 0,6%
Психика бұзылулары Ұйқышылдық — 1,8% — 1,4%
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар Ринит — 1,4% — 1,1%
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар Қажығыштық — 1,0% — 0,3%
Тіркеуден кейінгі кезең
Клиникалық зерттеулер барысында байқалған жоғарыда келтірілген жағымсыз реакцияларға қосымша тіркеуден кейінгі кезеңде кейбір жекелеген жағдайларда төменде келтірілген жағымсыз реакциялар байқалған.
Осы аз жиілікпен байқалатын жағымсыз реакциялардың жиілігін шамамен бағалау тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану тәжірибесі негізінде жасалды.
Жиі емес
-мазасыздық
- парестезия
- диарея
-тері қышынуы, тері бөртпесі
- астения, нашар хал-ахуал
Сирек
-жоғары сезімталдық
- озбырлану, сананың шатасуы, депрессия, елестеулер, ұйқысыздық
- құрысулар
- тахикардия
- бауыр функциясының өзгеруі (трансаминазалар белсенділігі, сілтілік фосфатаза, γ-ГТ және билирубин жоғарылауы)
- есекжем
- ісінулер
- дене салмағының артуы.
Өте сирек
-тромбоцитопения
- анафилаксиялық шок
- тик
- дәм сезу бұзылуы, синкопе, тремор, дистония, дискинезия
- көру аккомодациясы бұзылуы, анық көрмеу, окулогирлық криз
- ангионевроздық ісіну, анықталған токсидермия
- дизурия, энурез
Жиілігі белгісіз
-тәбеттің артуы
- суицидтік идеялар, қорқынышты түс көру
- жадыны жоғалту, жадының бұзылуы
- вертиго
- гепатит
- жедел жайылған экзентаматозды пустулез
- артралгия, миалгия
- несеп іркілісі
Емдеуді тоқтатқаннан кейін қарқынды қышынудың және/немесе есекжемнің дамуы туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz