Пеметрекседті қолданумен байланысты, препараттың монотерапия түрінде немесе біріктіріліп пайдаланғандығына қарамастан, анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз әсерлері анемиямен, нейтропениямен, лейкопениямен, тромбоцитопениямен білінетін сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, және анорексиямен, жүрек айнуымен, құсумен, диареямен, іш қатуымен, фарингитпен, мукозитпен және стоматитпен білінетін асқазан-ішектік уыттылығы болып табылады. Басқа жағымсыз әсерлеріне бүйректік уыттылығы, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, алопеция, қатты қажу, сусыздану, бөртпе, инфекция, сепсис және нейропатия кіреді. Сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролиз туындауы мүмкін.
4-кестеде негізгі тіркеу зерттеулерінен (JMCH, JMEI, JMBD, JMEN және PARAMOUNT) және постмаркетингтік кезеңнен кейін монотерапиялық емдеу ретінде немесе цисплатинмен біріктіріп пайдаланылатын пеметрекседпен байланысты себеп-салдарлық байланысына қарамастан дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері тізілген.
Төмендегі кестелерде көрсетілген жағымсыз реакциялар жиілігі мынадай критерийлердің көмегімен анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), сирек (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/100000) және белгісіз (қолда бар деректерден бағалау мүмкін емес).
4-кесте. Негізгі тіркеу зерттеулерінен себептік байланысына қарамастан барлық дәрежедегі жағымсыз реакциялардың жиілігі: JMEI (ALIMTA доцетакселге қарсы), JMDB (GEMZAR және цисплатинмен салыстырғанда ALIMTA және цисплатин, JMCH (ALIMTA плюс цисплатин цисплатинге қарсы), JMEN және PARRAMOUNT (пеметаксел) және постмаркетингтік кезеңнен.
Анықталу аумақтары — Жағымсыз реакция
Инфекциялар мен инвазиялар — Өте жиі: инфекция1, фарингит Жиі: сепсис2 Өте сирек: дермо-гиподермит
Қан және лимфа жүйесінің аурулары — Өте жиі: нейтропения, лейкопения, гемоглобин деңгейінің төмендеуі Жиі: фебрильді нейтропения, тромбоцитопения Жиі емес: панцитопения Сирек: аутоиммунды гемолитикалық анемия
Иммундық жүйенің бұзылуы — Жиі: аса жоғары сезімталдық Сирек: анафилаксиялық шок
Зат алмасу және тамақтанудың бұзылуы — Жиі: сусыздану
Жүйке жүйесінің бұзылыстары — Жиі: дәм сезу бұзылысы, шеткері моторлы нейропатия, шеткері сенсорлы нейропатия, бас айналуы Жиі емес: ми қан айналымының бұзылуы, ишемиялық инсульт, бассүйек ішіне қан құйылуы
Көз аурулары — Жиі: конъюнктивит, құрғақтық, жас ағу, құрғақ кератоконъюнктивит, қабақтың ісінуі, көз беткейі аурулары
Жүрек бұзылыстары — Жиі: жүрек жеткіліксіздігі, аритмия Жиі емес: стенокардия, миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, қарыншаүстілік аритмия
Қантамыр бұзылыстары — Жиі емес: шеткері ишемия3
Респираторлық, торакальді және көкірек ортасы бұзылыстары — Жиі емес: өкпе эмболиясы, интерстициальді пневмонит2,4
Асқазан-ішек бұзылыстары — Өте жиі: стоматит, анорексия, құсу, диарея, жүрек айнуы Жиі: диспепсия, іш қатуы, іш ауыруы Жиі емес: ректальді қан кету, асқазан-ішектен қан кету, ішектің тесілуі, эзофагит, колит5
Гепатобилиарлы бұзылыстар — Жиі: аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы Сирек: гепатит
Тері және теріасты шелі аурулары — Өте жиі: бөртпе, қабыршықтану Жиі: гиперпигментация, қышыну, көп пішінді эритема, алопеция, есекжем Сирек: эритема Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы2, уытты эпидермалық некролиз2, пемфигоид, буллезді дерматит, пайда болған буллезді эпидермолиз, эритематозды ісіну6, псевдоцеллюлит, дерматит, экзема, қышыма
Бүйрек және несеп шығару жолдары аурулары — Өте жиі: креатинин клиренсінің төмендеуі, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы2 Жиі: бүйрек жеткіліксіздігі, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуі Белгісіз: қантқа қатыссыз нефрогенді диабет, бүйрек өзекшелерінің некрозы
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жағдайлар — Өте жиі: шаршау Жиі: қызба, ауыру, ісіну, кеуденің ауыруы, шырыштың қабынуы
Зерттеулер — Жиі: гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы
Жарақаттар, улану және процедурадағы асқынулар — Жиі емес: сәулелік эзофагит, сәулелік пневмонит Сирек: радиациялық дерматит
1 нейтропениямен және онсыз
2 кейбір жағдайларда өліммен аяқталады
3 кейде қол-аяқ некрозына әкеледі
4 тыныс алу жеткіліксіздігінде
5 цисплатинмен біріктіргенде ғана байқалады
6 көбінесе аяқта
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz