Ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады
Өндіруші
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – панкреатин (ең төмен белсенділікпен липаза 10000 ӘБ ЕФ, амилаза 7500 ӘБ ЕФ, протеаза 375 ӘБ ЕФ),
қосымша заттар: коповидон (коллидон) VA 64, натрий кроскармеллозасы, силифицирленген микрокристалды целлюлоза (Просолв SMCC HD90), магний стеараты,
үлбірлі қабық: Оpadry® КВ тұтқырлығы төмен ақ 310А18, тазартылған су,
ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этакрилат кополимері (1:1) (30 % дисперсия) (Эудрагит L 30 D-55), триэтилцитрат (Цитрофлекс), симетикон эмульсиясы 30 %, тазартылған су.
жабынды жылтырату: полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті ішекте еритін үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады.
ПЕНЗИМ 10000 – шошқадан алынған ферментті препарат, ол ұйқы безінің сыртқы секрециялық функциясының жеткіліксіздігін толықтырады, тамақ катаболизмін жеделдетеді және бұзылған ас қорытудың клиникалық көріністерін жояды. Құрамында майлар, ақуыздар мен көмірсулар қорытылуын, олардың жіңішке ішекте толығырақ сіңірілуіне ықпал ете отырып, жеңілдететін панкреатин ферменттері – амилаза, липаза және протеаза бар. Панкреатин ферменттері майлар гидролизін моноглицеридтерге, глицерин мен бос май қышқылдарына, протеиндерді пептидтер мен амин қышқылдарына, крахмалдарды декстринге және мальтоза және мальтриоза сияқты қысқа тізбекті қантқа дейін 12 елі ішекте және жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде катализдейді, осылайша, физиологиялық тұрғыда ұйқы безімен секрецияланатын ас қорыту ферменттері ретінде әсер етеді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: тамақтың бір қабылдауына 2-4 таблеткадан (липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ сәйкес).
Енгізу әдісі және жолы
ПЕНЗИМ® 10000 сұйықтықтың көп мөлшерімен ішіп, көбіне тамақтанудың ортасында тұтастай жұту керек.
Қабылдаған кезде ПЕНЗИМ® 10000 тұтастай жұтылуын бақылау керек, өйткені оның тиімділігі шайнаған кезде азаяды, препарат құрамындағы ферменттер ауыз қуысында босап шыққанда соңғысының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
ПЕНЗИМ® 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясы жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес анықталады. Әдетте ұсынылатын дозасы тамақтануға липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ дозасы болып табылады, бірақ арттырылуы да мүмкін. ПЕНЗИМ 10000 препаратымен емдеудің мақсаты қалыпты дене салмағына жету немесе демеу және дефекация жиілігін немесе нәжіс консистенциясын қалпына келтіру. Дозаны ұлғайту тек дәрігердің бақылауымен және симптомдар (мысалы, стеаторея, асқазанның ауыруы) айқындылығын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.
Дене салмағының килограмына липазаның 15000 - 20000 ӘБ ЕФ құрайтын күнделікті ферменттердің дозасын арттыруға болмайды.
Майлардың жеткілікті сіңуіне қажетті дозаны, әсіресе муковисцидозы бар пациенттерде тамақтың мөлшері мен құрамын ескере отырып, ферменттер дозасын арттырмаған жөн.
Емдеу ұзақтығы
ПЕНЗИМ® 10000 препаратын қолдану ұзақтығы шектелмеген. Ол аурудың ағымына байланысты болады және емдеуші дәрігер анықтайды.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің өршу сатысында. Дегенмен, егер ас қорыту бұзылыстары сақталған болса, диета ауқымын ұлғайту кезіндегі өршудің басылу сатысында препаратты ауық-ауық қабылдауға жол беріледі.
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- созылмалы панкреатиттің асқынуы
- 12 жасқа дейінгі балалар
Өте жиі ( 1/10)
- шұғыл типті аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем, түшкіру, көз жасының ағуы, бронх түйілуі, диспноэ сияқты), асқазан-ішек жолындағы аса жоғары сезімталдық реакциялары
- диарея, іштегі жайсыздық, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу
- ұйқы безінен алынған ұнтақты жоғары дозада қабылдаған муковисцидозы бар пациенттерде ішектің илеоцекальді бөлігінде және өрлемелі тоқ ішекте стриктуралар түзілу жағдайлары сипатталған
Жиілігі белгісіз
- муковисцидозы бар пациенттерде, әсіресе ұйқы безінен алынған ұнтақты жоғары дозада қабылдаған кезде несеп қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылауы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде несептегі несеп қышқылының мөлшеріне, несеп қышқылы тастарының түзілуіне талдау жүргізген жөн.
Іште әдеттен тыс жайсыздық немесе симптоматика өзгерістері пайда болғанда ішек зақымдануын жоққа шығару үшін сақтандыру шарасы ретінде тексеруден өту қажет. Бұл әсіресе тәулігіне кг салмаққа 10000 бірліктен асыра липаза қабылдайтын пациенттерге қатысты.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда несепте және қан плазмасында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем, препарат қабылдауды шектеу.
Іште ерекше жайсыздық немесе симптоматиканың өзгеруі пайда болған кезде ішектің зақымдануын болдырмау үшін сақтық шаралары ретінде тексеруден өту қажет. Әсіресе, бұл тәулігіне кг салмаққа 10000-нан астам липазаны қабылдайтын пациенттерге қатысты.
Арнайы ескертулер
Муковисцидоз кезінде препаратты сақтықпен тағайындаған жөн, доза тұтынылатын тамақтың саны мен сапасына талапқа сай болуы тиіс (дозасын емдеуші дәрігер таңдайды). Панкреатиннің қажетті дозасынан асып кеткен жағдайда тоқ ішектің илеоцекальді бөлігінде және өрлемелі бөлігінде стриктуралар (фиброзды колонопатия) дамуы мүмкін.
Кистозды фиброзы бар пациенттерде, әсіресе панкреатиннің жоғары емдік дозаларын қабылдағаннан кейін несеп қышқылының несеппен шығарылуы ұлғаюы мүмкін, мұны несеп қышқылы тастарының түзілуіне жол бермес үшін бақылап отыру қажет.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ПЕНЗИМ® 10000 препараты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезінде, егер ана үшін потенциалды пайдасы шарана/балаға төнетін потенциалды қаупінен асып түскенде, препаратты аса қажеттілік жағдайда ғана тағайындайды.
ПЕНЗИМ® 10000 препаратын бір мезгілде қолданғанда парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ) препараттарының, сульфаниламидтердің, антибиотиктердің сіңуі күшейеді; темір препараттарының сіңуі төмендеуі мүмкін. Панкреатин ферменттері фолий қышқылының сіңуін бәсеңдетеді. Әсері ұқсас басқа препараттарды (мысалы, бикарбонаттар немесе циметидинді) бір мезгілде қабылдағанда немесе панкреатиннің жоғары дозаларымен ұзақ емдегенде қан сарысуында фолаттар деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отыру және/немесе фолий қышқылын қосымша қабылдау ұсынылады. Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидті дәрілерді бір мезгілде қолдану ПЕНЗИМ® 10000 препараты тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.