Жиі (10 адамның көп дегенде 1-де туындауы мүмкін):
• бас ауыруы;
• бас айналу;
• жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
• тері бөртпесі (есекжемді, эритеманы қоса)
• метеоризм
Сирек (1000 адамның көп дегенде 1-де туындауы мүмкін):
• миокардит, перикардит
• амилаза деңгейінің жоғарылауы
• жедел панкреатит;
• жарыққа сезімталдық.
Өте сирек (10 000 адамның көп дегенде 1-де туындауы мүмкін):
• эозинофилия (аллергиялық реакцияның көрінісі ретінде), қан құрамының өзгеруі, оның ішінде анемия, аплазиялық анемия, лейкопения (гранулоцитопения мен нейтропенияны қоса), тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения;
• аллергиялық экзантеманы қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары;
• дәрілік қызба;
• жуан ішектің қабынуы (панколит);
• шеткері нейропатия;
• бұлшықеттің ауыруы (миалгия), буынның ауыруы (артралгия);
• холестаз параметрлері, гепатоуыттылық белгілерін қоса (гепатит, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігін қоса), бауыр ферменттері мен билирубин деңгейінің жоғарылауы;
• аллергиялық альвеолиттер, өкпенің аллергиялық және фиброздық реакциялары (ентігу, жөтел, бронхтың түйілуін қоса), эозинофильді пневмония, өкпенің интерстициялық ауруы, өкпе инфильтрациясы, пневмонит;
• жедел және созылмалы интерстициялық нефрит және нефроздық синдромды қоса, бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі;
• қызыл жегі тәрізді синдром;
• қайтымды таздану;
• қайтымды олигоспермия;
• көп пішінді эритема;
• Квинке ісінуі;
• аллергиялық дерматит.
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• бүйректе тастар мен құмның пайда болуы (нефролитиаз);
• несеп түсінің өзгеруі;
• эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакция (DRESS), Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН);
• идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия.
Ауыр жағымсыз реакциялар:
Келесі симптомдар пайда болған кезде Пентаса препаратын қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек: денеде қызарған, көтерілмеген, нысанаға ұқсас немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасында күлдіреуіктер бар, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің ойық жараларымен, бөртпелермен ауқымды зақымдануы, қызба және лимфа түйіндерінің үлкеюі. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін (эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакция (DRESS), Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН)).
Егер Сіз бірнеше жыл бойы қатты немесе қайталанатын бас ауыруын, көру қабілетінің бұзылуын, құлақтың шыңылдауын немесе зыңылдауын сезінетін болсаңыз, дереу дәрігерге хабарлаңыз. Бұл бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауының симптомдары болуы мүмкін (идиопатиялық бас сүйек ішілік гипертензия).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz