Жағымсыз реакциялардың жиілігі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі анықталмаған (қазіргі уақытта жағымсыз реакциялардың таралуы туралы деректер жоқ).
Жиі
- бас ауыруы
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу
- бөртпе (оның ішінде есекжем, эритематозды бөртпе)
- қышыну, тік ішектегі жайсыздық, енгізу орнындағы тітіркену, тенезмдер
Сирек
- бастың айналуы
- мио * - және перикардит*
- жоғары амилаза, жедел панкреатит*, метеоризм
- фотосезімталдық**
Өте сирек
- анемия, аплазиялық анемия, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения (оның ішінде гранулоцитопения), панцитопения, тромбоцитопения және эозинофилия (аллергиялық реакцияның бөлігі ретінде)
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, оның ішінде аллергиялық экзантема және эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар дәрілік затқа реакция
- шеткері нейропатия
- аллергиялық реакциялар, өкпе фиброзы (оның ішінде ентігу, жөтел, бронхтың түйілуі, аллергиялық альвеолит, өкпе эозинофилиясы, өкпенің интерстициялық ауруы, өкпенің инфильтрациясы, пневмонит)
- трансаминазалар деңгейінің және холестаз параметрлерінің жоғарылауы (мысалы, сілтілі фосфатаза, гамма-глутамилтрансфераза және билирубин) гепатоуыттылық (оның ішінде гепатит*, холестаздық гепатит, цирроз, бауыр жеткіліксіздігі)
- қайтымды алопеция
- миалгия, артралгия, қызыл жегі тәрізді ара-тұра реакциялар
- бүйрек функциясының бұзылуы (оның ішінде жедел және созылмалы интерстициялық нефрит*, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі)
- несеп түсінің өзгеруі
- олигоспермия (қайтымды)
- қызба
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік реакция, Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) / уытты эпидермалық некролиз (TEN)
- несеп-тас ауруы
Ауыр жағымсыз әсерлер
Дереу бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз
• Егер сіз қандай да бір келесі симптомдарды байқаған болсаңыз, масалазинді қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге хабарлаңыз: денедегі қызарған, көтерілмеген, нысанаға ұқсас немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасындағы күлдіреуіктермен, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің ойық жараларымен, бөртпелермен ауқымды зақымдану, қызба және лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.
* Месалазиннен туындаған миокардит, перикардит, панкреатит, нефрит және гепатит механизмі белгісіз; шығу тегі аллергиялық болуы мүмкін. Бұл аурулардың кейбіреуі ішектің қабыну ауруларына байланысты болатынын ескеру керек.
** Фотосезімталдық: атопиялық дерматит және атопиялық экзема секілді бұрыннан тері аурулары бар пациенттерде ауыр реакциялар туралы хабарланды.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• Егер сіз бірнеше жыл бойы қатты немесе қайталанатын бас ауыруын, көру қабілетінің бұзылуын, құлақтың шыңылдауын немесе зыңылдауын сезінетін болсаңыз, бұл бассүйекішілік қысымның жоғарылауының симптомдары болуы мүмкін (идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz