Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
2%
Саудалық атауы
Пентоксифиллин
Әсер етуші зат
Пентоксифиллин
Мақсаты
Қан ағымының қоры сақталған науқастарда шеткері артериялық қанайналымның бұзылуы («мезгіл-мезгіл» ақсаңдау)
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - пентоксифиллин
(100% затқа шаққанда) 100.0 мг,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық
• қан ағымының қоры сақталған науқастарда шеткері артериялық қанайналымның бұзылуы («мезгіл-мезгіл» ақсаңдау).
• емдеуді басқа ем түрлерін (мысалы, жаяу жүру жаттығулары, дене жаттығулары) жүргізу мүмкін болмаған немесе оларды қолдануға болмайтын жағдайда ғана жүргізу керек
• қанайналымға байланысты ішкі құлақтың дисфункциясы
Әсер ету механизмі
Пентоксифиллин метилксантин туындысы болып табылады. Ол қанның тұтқырлығын төмендетіп, оның реологиялық қасиеттерін жақсартады, эритроциттер мен тромбоциттердің агрегациясын азайтады, фибриноген деңгейін төмендетеді, лейкоциттердің эндотелийге адгезиясын басады, лейкоциттердің белсенділенуін азайтады және, соның нәтижесінде эндотелийдің зақымдануын төмендетеді.
Дозалануы және енгізу тәсілі (пероральді немесе вена ішіне) аурудың (қанайналымның бұзылулары) түріне және ауырлығына, сондай-ақ науқастың дәріге жеке төзімділігіне байланысты болады.
Дозалау режимі
Бастапқы доза күніне 1 рет 100 мг пентоксифиллинді құрайды, келесі күндері оны тағы 100 мг, күніне 300 мг дейін арттыруға болады. Қанайналымның ауыр бұзылулары кезінде дозаны күніне 2 рет 300 мг дейін арттыруға болады.
Ауырудың ауырлығына байланысты Пентоксифиллинді парентералдық немесе біріктірілген (пероральді + парентералдық) түрлерінде тағайындауға болады. Жиынтық тәуліктік доза (парентералдық және пероральді) 1200 мг пентоксифиллиннен аспауы керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен) дозаны жеке жағымдылығына байланысты қалыпты дозаның 50-70%-ына дейін түзету керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде дозаны төмендету қажет, оны емдеуші дәрігер аурудың ауырлығына және пациентке жағымдылығына қарай жеке тағайындауы тиіс.
Артериялық гипотензиясы немесе қанайналым жүйесінің тұрақсыз функциясы бар пациенттерге
Емдеуді төмен дозалардан бастау керек.
Балалар
Пентоксифиллинді қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректерінің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне қолдануға арналған (инфузиялық).
250–500 мл ерітіндіде сұйылтылған тиісті дозаны 90–180 минут ішінде, вена ішіне енгізеді.
Инфузияға арналған ерітінді ретінде физиологиялық немесе басқа тасымалдаушы ерітінділерді (мысалы, Рингер ерітіндісі) пайдалануға болады. Сұйылту үшін қолданылатын ерітіндінің фармацевтикалық үйлесімділігін енгізу алдында әрбір жағдайда тексеру керек.
60 минут ішінде 100 мг пентоксифиллиннен асырмай енгізу керек.
Емдеу ұзақтығын пациенттің жеке клиникалық жағдайына байланысты емдеуші дәрігер анықтайды
Жағдайы жақсарғаннан кейін емдеуді тек қана пероральді препараттармен жалғастыруға болады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші зат пентоксифиллинге, басқа метилксантиндерге қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• миішілік қан кету және басқа да клиникалық маңызды қан кетулер
• көздің торқабығына ауқымды қан құйылу (қан кетудің күшею қаупі)
• геморрагиялық диатез
• асқазан және/немесе ішек аймағындағы ойықжаралар
• острый инфаркт миокарда
• жүректің ауыр аритмиялары
• жүктілік және бала емізу кезеңі (деректер жеткіліксіз)
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиі
• ысыну
• асқазан-ішек бұзылыстары (мысалы, асқазандағы ауырлық, толып кету сезімі, жүрек айнуы, құсу, диарея)
Жиі емес
• мазасыздық, ұйқының бұзылуы
• бас айналуы, бас ауыруы, тремор
• көрудің бұзылуы, конъюнктивит
• жүрек ырғағының бұзылулары, мысалы тахикардия
• қышыну, терінің қызаруы, есекжем
• гипертермия
Сирек
• стенокардия
• шеткері ісінулер
• теріден және шырышты қабықтардан қан кету
• урогенитальді аймақтан қан кету
• артериялық қысымның төмендеуі
Өте сирек
• тершеңдік, парестезиялар, құрысулар, бассүйекішілік қан құйылу
• торқабықтың ажырауы, торқабыққа қан құйылу
• асқазан-ішектен қан кету
• артериялық қысымның жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)
• тромбоцитопениялық пурпурамен тромбоцитопения, аплазиялық анемия, лейкопения, нейтропения
• анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, анафилаксиялық шок, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
• асептикалық менингит
• қан кету
• іш қату, сілекей ағу
• холестаз (бауырішілік)
• бөртпе
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (трансаминазалар, сілтілі фосфатаза)
Симптомдары: жүрек айнуы, бас айналуы, тахикардия, артериялық қысымының төмендеуі, гипертермия, қозу, тері жабындарының гиперемиясы, естен тану жағдайы, ұйқышылдық немесе сананың жоғалуы, арефлексия, тонустық-клонустық құрысулар, асқазан-ішектен қан кету белгілері («қою кофе» типті құсу).
Емі: симптоматикалық, жүрек-қантамыр қызметін (соның ішінде артериялық қысым қалыпқа түсіру) және тыныс алу функциясын қалпына келтіруге арналған жалпы реанимациялық іс-шаралар. Спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Өткізіп алғанының орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
Аса жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілерінде (анафилаксиялық/
анафилактоидтық реакция) Пентоксифиллин препаратын қабылдауды дереу тоқтату және емдеуші дәрігерді хабардар ету қажет.
Диабет және гипертония сияқты, торқабыққа қан құйылуына бейімдейтін факторлары бар пациенттерде сақтық таныту керек.
Торқабыққа қан құйылуы пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтату керек
Пентоксифиллинді мынадай жағдайларда қатаң сақтық шараларын сақтай отырып қолдану керек:
• артериялық гипертензиямен коронарлық және ми тамырларының атеросклерозында,
• жүректің ауыр аритмиясында, парентералдық емдеу шартты түрде қарсы көрсетілімді,
• ауыр артериялық гипертензияда,
• жүйелі қызыл жегіде және аралас коллагендік бұзылуларда (дәнекер тіннің аралас ауруында).
Сонымен қатар, сақтық таныту керек:
• миокард инфарктінен кейінгі пациенттерде,
• бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин),
• гипотониясы бар пациенттерде (артериялық қысымның одан әрі төмендеу қаупі),
• бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде (кумуляция қаупі),
• қантты диабеті бар пациенттерде: гипогликемия қаупі
• антикоагулянттарды қабылдаудың (мысалы, К дәруменінің антагонистерін немесе тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін бір мезгілде қолданудың) салдарынан қан кетулерге бейімділігі жоғары немесе қан ұюының бұзылулары бар пациенттерде
• хирургиялық араласудан кейінгі пациенттерде,
• пентоксифиллинмен және ципрофлоксацинмен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде,
• пентоксифиллинмен және теофиллинмен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде.
Тұрақты медициналық бақылау қажет.
Артериялық гипотензиясы және қанайналым жүйесінің тұрақсыздығы бар пациенттерге инфузияны төмен дозалардан бастау керек, өйткені артериялық қысымның одан әрі төмендеуі коллапс қаупін арттырады және кейбір жағдайларда стенокардия симптомдарымен болады.
Пентоксифиллинді парентералдық қолдану артериялық қысымның төмендеу қаупіне ерекше бейім пациенттерді, мысалы, жүректің ауыр ишемиялық ауруы немесе миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың елеулі стеноздары бар пациенттерді ерекше мұқият медициналық бақылауды қажет етеді.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде пентоксифиллинмен ем басталғанға дейін оның тиімді компенсациясына қол жеткізу қажет. Мұндай пациенттерде инфузиялық ем жүргізген кезде сұйықтықты көп мөлшерде енгізуден аулақ болу керек.
Пентоксифиллинмен емдеу кезінде аплазиялық анемияның даму қаупіне байланысты қан талдауын ұдайы жүргізіп отыру керек
Арнайы сақтандырулар
Бұл препараттың бір ампуласының ішіндегі натрий 1 ммольден (23 мг) аз болады, яғни оның құрамында натрий жоқ дерлік.
Педиатрияда қолдану
Пентоксифиллинді балаларда қолдану бойынша тәжірибе жоқ, сондықтан оны 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пентоксифиллин көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз ықпалын тигізеді (кейде бас айналуы пайда болады).
Жүктілік кезінде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз, сондықтан Пентоксифиллинді жүктілік кезінде қолданбаған жөн.
Пентоксифиллин емшек сүтіне өтеді. Пайдалану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, Пентоксифиллинді бала емізетін аналардың қолданбағаны жөн.
Пентоксифиллин мен гипертензияға қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдағанда гипертензияға қарсы препараттардың әсері күшейеді. Бұл жағдайда пентоксифиллиннің дозасын азайту қажет.
Пентоксифиллинді парентералдық қолдану аясында қантты диабеті бар пациенттерде инсулиннің және пероральді диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейін тұрақты уақыт аралықтарымен бақылап отыру керек, ал дәрілік заттардың дозасын қажет болған жағдайда түзету керек.
Пентоксифиллинді теофиллинмен бірге қолданған кезде қанда теофиллин концентрациясының артуы және теофиллиннің жағымсыз реакцияларының күшеюі мүмкін.
Антикоагулянттармен немесе тромбоциттер агрегациясының тежегіштерімен бір мезгілде емдеген кезде қан кету қаупіне байланысты қан ұюының көрсеткіштерін бақылауды күшейту (мысалы, ХҚҚ тұрақты бақылау жүргізу) қажет.
Пентоксифиллин мен К дәруменінің тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан ұюына қарсы белсенділіктің жоғарылау жағдайлары (қан кетудің даму қаупі) тіркелген. Сондықтан Пентоксифиллинмен емдеудің басында немесе оның дозасын өзгертуде препараттардың осы біріктірілімін қабылдайтын пациенттерде антикоагулянттық әсердің айқындық дәрежесін бақылау ұсынылады.
Циметидинмен бірге қолдану қан плазмасындағы пентоксифиллин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, пентоксифиллин әсерінің күшеюі мүмкіндігіне ықпал етеді және жағымсыз реакциялардың даму ықтималдығы артуы мүмкін.
Ципрофлоксацинмен бірге пайдалану кейбір пациенттерде пентоксифиллин концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты бірге енгізген кезде жағымсыз реакциялардың артуы және күшеюі мүмкін.
Тромбоциттер агрегациясының тежегіштерімен әлеуетті аддитивті әсері: қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты пентоксифиллинді және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін (клопидогрель, эптифибатид, тирофибан, эпопростенол, илопрост, абциксимаб, анагрелид, ҚҚСД сияқтыларды немесе басқа циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін (ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин, дипиридамол) бір мезгілде қолданған кезде сақтық таныту керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.