Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Саудалық атауы
Персен
Әсер етуші зат
Снотворные и седативные препараты другие
Мақсаты
Ұйқысыздықта, шамадан тыс жүйке ширығуында, мазасыздықта, жоғары қозушылықта
Өндіруші
Софарма АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: құрғақ шүйгіншөп тамырының экстрактісі ((4-7):1) 35.00 мг, құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының экстрактісі ((3-6):1) 17.50 мг, құрғақ сермене жапырақтарының экстрактісі ((3-6):1) 17.50 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, кросповидон, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабығының құрамы: гипромеллоза, натрий кармеллозасы, повидон, сахароза, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций карбонаты, темірдің қоңыр тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), глицерин, тальк, монтангликоль балауызы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді, шоколадты-қоңыр түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
-ұйқысыздықта
-шамадан тыс жүйке ширығуында
-мазасыздықта
-жоғары қозушылықта
Әсер ету механизмі.
Препараттың фармакодинамикалық әсері шүйгіншөп тамырының (Valeriana officinalis L.), сермене жапырақтары (Melissa officinalis L.) және бұрыш жалбызы жапырақтарының (Mentha piperita L.) белсенді заттарының кешенімен анықталады.
Шүйгіншөп тамырының құрамында монотерпенмен, сесквитерпенмен эфир майы және шүйгіншөп қышқылы мен оның туындылары, сондай-ақ хемо- және термолабильді валепотриаттар бар. Бұл заттардың кешені седативті және босаңсыту әсеріне ие, тышқандардың қозғалысы мен моторикасына әсер етеді, мүмкін, мидағы ГАМҚ метаболизміне кедергі келтіреді және ОЖЖ седативті әсері арқылы рецепторларға ықпал етеді.
Сермене эфир майының белсенді заттары стереоизомерлі альдегидтер цитраль және нераль, сондай-ақ бетте полифенолдар (кофейн қышқылы, розмарин қышқылы, хлороген қышқылы) бар. Барлық осы заттардың жеңіл спазмолитиктік әсері және ОЖЖ тыныштандыратын әсері бар (липофильді компонент пен мембрананың ерекше емес әсері).
Бұрыш жалбызы жапырақтары құрамында эфир майы (негізгі компонент ментол және оның ацетилденген туындылары), розмарин қышқылы, фенолкарбон қышқылы (хлорогенді, кофейнді), флавондар, тритерпен қышқылдары және басқа компоненттері бар. Бұрыш жалбызы құрамындағы заттардың спазмолитиктік, тұтқырлық, өт айдайтын және бактериостатикалық әсері бар.
Персен-жұмсақ өсімдік текті транквилизатор, әсері күшті транквилизаторларды қолдану қажет болмаған кезде, жеңіл бұзылуларды емдеудің алғашқы қадамы ретінде қолайлы.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 2-3 рет 1-2 таблеткадан қабылдау ұсынылады.
Ұйқысыздықта - ұйықтардан 1 сағат бұрын күніне 1 рет 2 таблеткадан.
12 жастан асқан балаларға күніне 1-3 рет Персеннің® 1 таблеткасынан қабылдау ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Персенді® тамақтану уақытына қарамастан, аз мөлшердегі сумен іше отырып, қабылдаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Персен препаратының емдік әсері біртіндеп білінеді. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін Персенді кем дегенде 14 күн қабылдау керек. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тәуелділік симптомдары немесе абстиненция синдромы болмайды.
14 күн өткеннен кейін емдік әсері байқалмаса немесе симптомдары нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- өт жолдарының қабынуы, өттас ауруы
- холангит, холецистит
- 12 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- жүктілік, лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Белгісіз
- жүрек айнуы, қыжыл немесе бұрыннан бар қыжылдың күшеюі, іштің шаншуы
- ГЭРА симптомдарының нашарлауы
Егер жоғарыда айтылмаған басқа жағымсыз реакциялар пайда болса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: шаршау, іш аймағының түйілуі, үрейлену, қол дірілдеуі, көз қарашығының үлкеюі. Бұл симптомдар 24 сағат ішінде қайтады.
Емі: симптоматикалық - асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау.
Шүйгіншөп тамыры 20 г жуық (шамамен 40 капсула) дозада 24 сағат ішінде жойылатын әлсіз білінетін симптомдар (шаршау, іштің түйілуі, кеуденің қысылуы, бас айналуы, қолдың треморы және мидриаз), туындатты. Симптомдар пайда болғанда ем демеуші болуы тиіс.
Сермене жапырақтары мен бұрыш жалбызы жапырақтарының ешқандай да артық дозалану жағдайы туралы хабарланған жоқ.
Өттас ауруы және өт шығару жолдарының кез келген басқа аурулары бар пациенттер бұрыш жалбыз жапырақтарынан жасалған препараттарды сақтықпен қолдануы керек.
Гастроэзофагеальді рефлюксі бар пациенттер препаратты қабылдаудан тартынғандары жөн.
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді. Емдеу кезінде автокөлікті басқаруға және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.
Бұл дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ.
Басқа дәрілік заттармен фармакологиялық өзара әрекеттесулері туралы шектеулі деректер ғана қолжетімді. CYP2D6, CYP3A4 / 5, CYP1A2 немесе CYP2E1 жолдарымен метаболизденетін белсенді заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ.
Пациенттерге Дәрілік сермене /Бұрыш жалбыз/ Дәрілік шүйгіншөп дәрілік препараттарын қабылдау кезінде алкогольді тұтынудан аулақ болу керек.
Дәрігермен кеңесусіз синтетикалық седативті препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.