Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
7.5 мг
Саудалық атауы
Пиколакс®
Әсер етуші зат
Натрий пикосульфаты
Мақсаты
Іш қатулар немесе дефекацияны жеңілдетуді талап ететін жағдайлар
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 % сусыз затқа шаққанда натрий пикосульфаты 7,5 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал 1500, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Іш қатулар немесе дефекацияны жеңілдетуді талап ететін жағдайлар.
Басқа да іш жүргізетін дәрілер сияқты, Пиколакс® препаратын іш қатудың себебі анықталмайынша күн сайын немесе ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.
ATХ коды A06AВ08.
Натрий пикосульфаты, Пиколакс препаратының әсер етуші заты, триарилметан тобындағы жергілікті әсер етуші іш жүргізетін дәрі болып табылады. Натрий пикосульфаты жуан ішекте бактериялық ыдыраудан кейін оның шырышты қабығын стимуляциялап, перистальтиканы жылдамдатады, жуан ішектің саңылауында су мен электролиттердің жинақталуына жағдай жасайды. Осының нәтижесінде дефекацияға түрткі болып, транзит уақыты азайып, нәжіс жұмсарады.
Дозалау режимі
Ересектерге: 7,5 мг 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет. Ересектер үшін 10 мг құрайтын ең жоғары тәуліктік дозадан асырылмауы тиіс.
Пиколакс® препаратын іш қатудың себебі анықталмайынша күн сайын немесе ұзақ уақыт бойы қолданбау керек. Пиколакс®, таблеткаларын сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қабылдаған жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Пиколакс® препаратының осы дәрілік түрін қолданудың қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректер болмауын ескере отырып, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.
Келесі күні таңертең ішектің босауын қамтамасыз ету үшін препаратты түнге қарай, ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
• әсер етуші затқа, басқа триарилметандарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• ішек бітелісі
• жүрек айнумен және құсумен байланысты іштің қатты ауыруы және/немесе қызбамен қатар жүретін жедел абдоминальді жай-күйлер (мысалы, аппендицит)
• ішектің жедел қабынбалы аурулары
• қатты сусыздану
• лактоза жақпаушылығы, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулар
Пиколакс® препаратын су және электролиттік теңгерімнің бұзылуымен байланысты жағдайларда (мысалы, бүйрек функциясының ауыр бұзылуында) медициналық бақылаумен қабылдаған жөн.
Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелері (MedDRA сәйкес) және туындау жиілігі бойынша жіктелген:
Өте жиі (10 адамның 1-ден астамында пайда болуы мүмкін):
• диарея.
Жиі (10 адамның 1-де кездесуі мүмкін):
• іштің шаншуы, абдоминальді ауыру, іштегі жайсыздық.
Жиі емес (100 адамның 1-інде кездесуі мүмкін):
• бас айналу;
• құсу, жүрек айну.
Белгісіз (жиілігі белгісіз, өйткені клиникалық зерттеулердің қолда бар деректері негізінде бағалау мүмкін емес):
• ангионевроздық ісіну, токсикодермия, бөртпе, экзантема, қышыну;
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері реакцияларын қоса);
• синкопе (бас айналудың және синкопенің пайда болу ықтималдығы вазовагальді реакциямен байланысты абдоминальді түйілу немесе дефекация сияқты).
Препаратты ұзақ және шамадан тыс қолдану сұйықтықтың, калийдің және басқа электролиттердің жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, әсіресе препаратты диуретиктермен немесе кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда бұлшықеттердің әлсіздігіне және жүрек функциясының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Артық дозалану іштің өтуіне (диарея), ішектің түйілуіне және сұйықтықтың, калийдің және басқа электролиттердің клиникалық мәні бар жоғалуына әкелуі мүмкін.
Пиколакс® препаратының іш қату кезінде әдеттегі ұсынылатындардан едәуір үлкен дозаларын қолданған кезде жуан ішектің шырышты қабығының ишемиясы туралы хабарланды.
Пиколакс®, басқа да іш жүргізетін дәрілер сияқты, ұзақ уақыт артық дозаланған кезде созылмалы диареяға және іштің ауыруына, гипокалиемияға, салдарлық гиперальдостеронизмге және бүйректе тас түзілуіне де әкелуі мүмкін. Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт шамадан тыс тұтынған кезде гипокалиемия нәтижесінде бүйрек өзекшелерінің зақымдануы, метаболизмдік алкалоз, бұлшықеттердің босаңсуы туралы хабарланды.
Емі
Жедел артық дозаланудың салдарлары құсық шақыру немесе асқазанды шаю арқылы барынша азайтылуы немесе басылуы мүмкін. Сұйықтықты толықтыру және электролиттік теңгерімді түзету қажеттілігі туындауы мүмкін, әсіресе егде жастағы адамдар мен жасөспірімдерде. Спазмолитикалық дәрілерді қолдануға болады.
Басқа да іш жүргізетін дәрілер сияқты, Пиколакс® препаратын іш қатудың себебі анықталмайынша күн сайын немесе ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.
Созылмалы іш қатудан зардап шегуші пациенттерге толық диагностика жүргізіп, іш қатудың себебін анықтау керек.
Препаратты ұзақ уақыт қолдану су және электролиттік теңгерімнің бұзылуына және гипокалиемияға әкелуі мүмкін.
Пиколакс® препаратын қолдануды тоқтату симптомдардың қайта жаңғыруына әкелуі мүмкін. Егер Пиколакс® созылмалы іш қатуларда ұзақ уақыт бойы қолданса, кез келген қайта жаңғырған симптомдардың сипаты айқынырақ болуы мүмкін.
Натрий пикосульфатын қолданумен уақыт жағынан сәйкес келген бас айналу және/немесе синкопе жағдайлары туралы хабарланды. Қолда бар ақпарат аталған құбылыстарды дефекация кезіндегі синкопеге (Вальсальва сынамасымен астасқан) сәйкес немесе іштің ауыруына вазовагальді жауаппен байланысты деп санауға мүмкіндік береді.
Препаратты медициналық бақылау аясында су және электролиттік теңгерімнің бұзылуымен байланысты жай-күйлерде қолдану керек (мысалы, бүйрек функциясының ауыр бұзылуында).
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП) - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Пиколакс®, 7,5 мг таблеткалар препаратының осы дәрілік түрін қолданудың қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректер болмауын ескере отырып, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік
Натрий пикосульфатын жүкті әйелдердің қатысуымен қолданудың жеткілікті зерттеулері жоқ. Қауіпсіздікті ескеріп, егер мүмкін болса, Пиколакс® препаратын жүктілік кезеңінде қолданбау керек.
Бала емізу
Клиникалық деректер белсенді метаболит бис-(п-гидроксифенил)-пиридил-2-метанның да (БГПМ), оның глюкуронидтерінің де емшек сүтіне өтпейтінін көрсетеді. Осылайша, Пиколакс® препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болады.
Фертильділікке әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілмеген.
Фертильділік
Фертильділікке әсер етуі мүмкін екендігі туралы деректер жоқ.
Дәрілік препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда пациенттерге вазовагальді реакцияның (атап айтқанда абдоминальді түйілудің) салдарынан бас айналу және/немесе синкопе сияқты жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екенін ескерту керек. Абдоминальді спазм пайда болған жағдайда науқас автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу сияқты қауіптілігі зор қызмет түрлерінен аулақ болуы керек.
Пиколакс® препаратының үлкен дозаларын және диуретиктерді немесе кортикостероидтарды бір мезгілде қолдану электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін, бұл жүрек гликозидтеріне сезімталдықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Антибиотиктермен бір мезгілде қолдану Пиколакс® препаратының іш жүргізетін әсерін азайтуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.