Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Жидкость для приема внутрь, местного и наружного применения
Саудалық атауы
Сұйық пио бактериофагы
Әсер етуші зат
Антибактериальные препараты прочие
Мақсаты
Streptococcus, Staphylococcus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus бактерияларынан туындаған іріңді-қабыну ауруларын емдеу және профилактикасы
Өндіруші
Биохимфарм
Ел
Грузия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препарат құрамында
белсенді заттар: бактериялар фаголизаттары стерильді фильтратының қоспасы:Staphylococcus, Streptococcus, Escherichia coli, Proteus, Pseudomonas aeruginosa, фагының титрі 1х106 кем емес
қосымша зат: жоқ.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ерекше дәмі бар түрлі қарқындылықтағы сары түсті мөлдір сұйықтық.
Streptococcus, Staphylococcus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus бактерияларынан туындаған іріңді-қабыну ауруларын емдеу және профилактикасы.
• лор-ағзалар мен тыныс алу жолдарының инфекциялары (мұрын қойнауының, ортаңғы құлақтың қабынуы, баспа, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, плеврит)
• хирургиялық инфекциялар (іріңді жара, күйік, абсцесс, флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций, парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит)
• урогенитальды инфекциялар (уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит)
• асқазан-ішек жолдарының инфекциясы (стоматит, парадонтит,
холецистит, энтероколит, ішек дисбактериозы)
• жайылған сепсистік аурулар
• жаңа туған нәрестелердің іріңді-қабыну аурулары (омфалит, пиодермия, конъюнктивит, сепсис)
• хирургиялық манипуляциялар мен операциялар кезінде іріңді асқынулардың профилактикасы үшін жаңа жараларды өңдеу
• жедел респираторлы-вирустық аурулар кезінде бактериялық
асқынулардың профилактикасы
ATХ коды J01XX
Препарат көрсететін бактерияға қарсы әсері бактериофагтардың әсерінен қабыну ошағында патогендік бактериялардың спецификалы лизисіне байланысты. Препаратты енгізу әдісіне қарамастан, бактериофагтар қан мен лимфаға еніп, қабыну ошағына түседі және бүйрек арқылы шығарылады, несеп шығару жолына санациялаушы әсер етеді. Сонымен қатар, препарат науқастың иммундық жүйесіне стимуляциялаушы әсер етеді және иммуносупрессивті жағдайлармен бірге жүретін іріңді-септикалық ауруларды емдеуде тиімді.
Бактериофагтардың адам организмінде болу ұзақтығы гомологиялық фагосезімтал штамм-қоздырғыштың болуына байланысты және 5-6 немесе одан да көп күнді құрайды. Барлық бақылау кезеңінде (5-6 тәулік) үлгілердегі фаг бөлшектерінің жоғары мөлшері инфекция ошағындағы гомологиялық қоздырғышта бактериофагтардың көбею процесін дәлелдейді.
Препаратты пероральді енгізгеннен кейін алғашқы сағаттарда инфекцияланған ағзаға қанмен бактериофагтардың түсуі, гомологиялық фагосезімтал штаммда бактериялардың кейіннен лизисімен көбеюі, сондай-ақ ұқсас қоздырғыш болмаған кезде организмнен шығарылуы іріңді-қабыну ауруларын емдеуде бактериофагтарды пероральді тағайындауды ұсынуға мүмкіндік береді.
Бактериофагтарды шығару динамикасы фаготерапияны тағайындаудан бұрын қоздырғыштардың фагосезімталдығын анықтау қажеттілігін растайды.
Препараттарды пероральді қабылдаған кезде іріңді-қабыну урологиялық ауруларын емдеудің клиникалық-бактериологиялық тиімділігі 77-93%-ды құрады (фаготерапияның E.Agglomerans туындатқан аурулар кезіндегі оң нәтижесі Agglomerans 77%, P.aeruginosa -81%, E.coli және Staphylococcus spp.- 86-93%-ға жетті).
Пиобактериофагты бір рет пероральді қабылдағаннан кейін несеппен фагтардың шығарылу динамикасы гомологиялық қоздырғыш болған кезде (уроинфекциялары бар науқастарда) және ол болмаған кезде (науқастарда және сау адамдарда) зерттелді.
Зерттеулер көрсеткендей, препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде бактериофагтар барлық тексерілген дені сау және науқас адамдарда инфекцияның болуына қарамастан несеппен бөлінді. Алайда, бактериялық қоздырғыштың қатысуымен шығу динамикасы мен мерзімі, сондай-ақ гомологиялық фагтың несеппен жаппай шығуы қоздырғыш штаммының фагосезімталдығына байланысты болды.
Бактериофаг препаратын пероральді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң көкіріңді және фаг коли фагосезімтал штаммдары бар науқастарда үлгілердің 90,9%-ында және инфекцияның гомологиялық қоздырғышының фагқа төзімді штаммдары бар үлгілердің 33,3%-ында, науқастар мен сау адамдарда гомологиялық қоздырғыш болмаған кезде үлгілердің 84,6-87,5%-ында анықталды.
Фагтардың несеппен шығуының жоғары деңгейі, әсіресе препаратты қабылдаудан неғұрлым алыс мерзімде (III-VI тәулік), олардың гомологиялық фагосезімтал бактерияларда көбеюі есебінен фагтардың жоғары концентрациясының сақталғанын дәлелдеді. Қоздырғыштың фагосезімтал штаммымен инфекцияланған науқастарда ғана пиобактериофагты бір рет пероральді қабылдағаннан кейін VI тәуліктен кейін гомологиялық фагтары бар үлгілерді анықтау жиілігі басқа тексерілгендерде (8,3% -50%) осы көрсеткіш төмендеген кезде 87,5%-ды құрады. Бактериялардың фагосезімтал штаммдары бар науқастарда III және VI тәуліктен кейін алынған несеп үлгілері гомологиялық фагтардың жаппай шығуымен сипатталды (III тәулікте - 57,1% , VI тәулікте - 50%), ал басқа тексерілген науқастар мен сау адамдардың несеп үлгілерінде тек бірлі-жарым ғана фаг бөлшектері анықталды.
P.aeruginosa фагқа төзімді штаммдармен инфекцияланған 3 пациентте, 2 пациентте көкіріңді фагтар алғаш рет препаратты қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң несеп үлгілерінде анықталды. Зерттеудің барлық кезеңінде үлгілердегі фагтардың деңгейі төмен болып қалды. Көкіріңді фагтың бірлі-жарым бөлшектері III тәулікке дейін бөлінді.
Науқастарда гомологиялық қоздырғыш болмаған кезде, сондай-ақ сау адамдарда фагтың несеппен жаппай шығуы тексерілгендердің 7,7-25%-ында және негізінен препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 6-8 сағат ішінде байқалды. VI тәулік ішінде алынған барлық қалған үлгілер фагтардың бірлі-жарым шығуымен сипатталды (2, 3, 6-суреттер).
Несептас ауруымен ауыратын науқастарда фагтарды шығару динамикасында белгілі бір ерекшелік анықталды, бұл екі бүйректің де зақымдануымен айқын көрінеді. Препаратты қабылдағаннан кейінгі бірінші тәулік несеппен фагтың шығуының төмен деңгейімен сипатталды, бұл бүйректе фагтардың нашар сүзілуін көрсетті (7-10-суреттер). Осылайша, зерттеулер көрсеткендей, 30 мл бактериофаг препаратын бір рет пероральді қабылдағаннан кейін, оның құрамына кіретін фагтар 1 сағаттан кейін қанда,1-1, 5 сағаттан кейін күйік жараларының бетінде және бронх-өкпелік экссудатта, 2 сағаттан кейін - ликворда және несепте болған. Фагтарды несеппен шығару ұзақтығы орта есеппен VI тәулікті (зерттеу мерзімдері) құрады және науқаста гомологиялық фагосезімтал қоздырғыштың болуына байланысты болды.
Фагтарды тек қан мен несепте ғана емес, сонымен қатар бронх-өкпе ішіндегісінде, ликворда, күйік жараларының экссудатында анықтау зақымданған ағзаға тікелей қол жеткізу болмаған кезде бактериофаг препаратын пероральді қабылдау мүмкіндігін көрсетеді.
Дозалау режимі
Бактериофаг препараттарын сәтті қолданудың маңызды шарты қоздырғыштың фагосезімталдығын анықтау және препаратты ерте қолдану болып табылады. Препарат әсіресе аурудың бастапқы сатысында және тікелей зақымдану ошағында қолданған кезде тиімді.
Сұйық пио бактериофагы ішке (ауыз арқылы, клизма түрінде), жергілікті (шаю, суландыру, дымқылдау түрінде), қуысқа (жара, абсцесс, құрсақ, плевралық қуыстар, флегмона, мұрын, мұрын қойнаулары, ортаңғы құлақ, қуық, жатыр, қынап) енгізу үшін тағайындалады.
Жергілікті зақымдануы бар іріңді-қабыну ауруларын емдеу үшін сұйық Пио бактериофаг бір уақытта тағайындалады: жергілікті және ішу үшін (per os). Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін.
Доза зақымданған аймақтың мөлшеріне байланысты жеке анықталады. Препарат іріңді пункция көмегімен алып тастағаннан кейін ошақтың қуысына енгізіледі. Енгізілетін препараттың мөлшері алынған іріңнің көлемінен біршама аз болуы тиіс.
Келесі күндері препарат дренаждың көмегімен инфекцияланған қуысқа енгізіледі.
Процедура күніне 1 рет, 3-5 күн бойы жүргізіледі.
• Цистит, пиелонефрит, уретрит кезінде препарат ішке қабылданады.
Егер қуық немесе бүйрек түбекшесінің қуысы дренаждалған болса, бактериофагты күніне 2 рет қуыққа 20-30 мл және бүйрек түбекшесіне 5-10 мл енгізеді.
• Гинекологиялық іріңді-қабыну ауруларында препарат күніне 5-10 мл дозада қынаптың, жатырдың қуысына бір рет енгізіледі.
• Құлақтың, тамақтың, мұрынның іріңді-қабыну ауруларында препарат күніне 1-3 рет 2-10 мл дозада енгізіледі. Бактериофаг шаю, жуу, тамызу, суланған турундаларды енгізу үшін қолданылады (оларды 1 сағатқа қалдырып). Іріңді Тонзиллитті емдеу үшін препарат шаю үшін қолданылады және сонымен бірге per so тағайындалады.
• Стоматит пен созылмалы жайылған пародонтиттерді емдеу кезінде препарат 10-20 мл дозада күніне 3-4 рет ауыз қуысын шаю түрінде қолданылады, сондай-ақ пиобактериофагқа малынған турунданың пародонтальды қалталарына 5-10 минутқа енгізіледі.
• Аурудың ішектік формаларында, ішкі ағзалардың ауруларында, дисбактериозда, сұйық Пио бактериофаг ауыз арқылы және клизма түрінде қолданылады.
Препарат ашқарынға тамақтанудан 1 сағат бұрын беріледі.
Клизма түрінде күніне 1 рет, кешке, ұйықтар алдында, ішек босағаннан кейін тағайындалады.
Препараттың ұсынылатын дозалары:
Жасы — ауыз арқылы — клизма түрінде
6 айға дейін — 5 мл х күніне 1 рет — 10 мл х күніне 1 рет
6 айдан 12 айға дейін — 5 мл х күніне 2 рет — 10 мл х күніне 1 рет
1 жастан 3 жасқа дейін — 5 мл х күніне 3 рет — 20 мл х күніне 1 рет
3 жастан 8 жасқа дейін — 10 мл х күніне 2-3 рет — 30 мл х күніне 1 рет
8 жас және одан жоғары — 20 мл х күніне 2-3 рет — 40 мл х күніне 1 рет
Профилактикалық пайдалануға арналған дәрілік заттың дозасын
дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Сұйық Пио бактериофагы ішке, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Жоғарыдағы кестені қолданыңыз немесе дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 5-10 күн бойы қабылдайды. Емдеуді дәрігердің кеңесімен жалғастыруға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Дәрілік препараттың бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті фармакотерапиялық әсерге қол жеткізілмеуі мүмкін. Емдеу кезінде дозалау кестесін немесе дәрігердің ұсыныстарын ұстанған дұрыс.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Жоқ
• әсер етуші заттарға аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары Бұлыңғыр болған кезде препаратты қолдануға болмайды!
Препараттың бұлыңғырлануын тудыратын, препаратта қоршаған ортадан бактериялар дамуы мүмкін қоректік ортаның болуы салдарынан құтыны ашу кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
- қолды мұқият жуыңыз;
- қалпақшаны спирт бар ерітіндімен өңдеу;
- тығынды ашпай, қалпақшаны алу;
- тығынды ішкі бетімен үстелге немесе басқа заттарға қоймаңыз;
- құтыны ашық қалдырмаңыз;
- ашық құтыны тек тоңазытқышта сақтаңыз.
Шағын дозаларды пайдаланған кезде препаратты стерильді шприцпен тартып алу қажет.
Ашылған құтыдан алынған препарат сақтау шарттарын, жоғарыда аталған ережелерді сақтаған және бұлыңғыр болмаған жағдайда, тиісті жағдайларда сақтаған кезде құтыны ашқаннан кейін 24 сағат ішінде пайдаланылуы мүмкін.
Егер Пио бактериофаг препаратын қолданар алдында жараларды емдеу үшін химиялық антисептиктер қолданылса, жара 0,9% натрий хлоридінің стерильді ерітіндісімен мұқият жуылуы керек.
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес)
- Аллергиялық реакциялардың ықтимал жанама әсерлері.
Аллергиялық және басқа жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоқ. Бактериофаг препараттарының артық дозалану симптомдары белгісіз.
Бактериофаг препараттары уытты емес.
Арнайы сақтандырулар
Бактериофаг препараттары уытты емес.
Препараттың кез-келген компонентіне жеке аса жоғары сезімталдық.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Арнайы нұсқаулар жоқ.
Бактериофаг препараттарын жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Педиатрияда қолдану
Дозалау үшін төменде берілген кестені пайдаланыңыз. 3 айға дейін қолданған кезде дәрігермен кеңесіңіз.
Бактериофаг препараттарының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Сұйық Пио бактериофагын басқа дәрілік заттармен, оның ішінде бактерияға қарсы препараттармен де қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 25°С-ге дейін температурада сақтау керек.
Құтыны ашқаннан кейін тоңазытқышта 24 сағат бойы сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.