Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО Отдел Медана в Серадзе
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір миллилитр суспензияның құрамында:
белсенді зат – 50.000 мг пирантел (144.000 мг пирантел эмбонаты түрінде),
қосымша заттар: натрий бензоаты, карбоксилденген метилцеллюлозаның натрий тұзы, 70% сорбитол, глицерин, магний-алюминий силикаты, полисорбат 80, повидон, симетикон эмульсиясы, лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді, өрік хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ашық сары түсті суспензия. Сұйық қабатқа және шөгіндіге бөлінуіне жол беріледі, оны шайқағаннан кейін біртекті суспензия түзіледі.
Пирантел, 250 мг/5 мл, ішуге арналған суспензия ересектер мен балаларға қолданылады:
• Энтеробиоз (острица жұқтыру)
• Аскаридоз
• Антилостомоз.
ATХ коды P02CC01.
Гельминттерге қарсы препараттар, оған сезімтал гельминттердің жүйке-бұлшықет блокадасын тудырады және қоздырусыз және зақымдалған ішекқұрттар көшуі стимуляциясын болдырмай олардың шығарылуын қамтамасыз етеді. Ішек саңылауында екі жыныстағы жетілген және жетілмеген сезімтал гельминттерге қарсы тиімді.
Острицалар (Enterobius vermicularis), аскаридалар (Ascaris lumbricoides), анкилостомалар (Ankylostoma duodenale және Necator americanus) тудыратын инвазияларға қарсы тиімді.
Дозалау режимі
1 мл суспензияда 50 мг пирантел бар; 5 мл суспензияда 250 мг пирантел бар.
Энтеробиоз және аскаридоз
Әдеттегі доза 10 мг/кг-нан 12 мг/кг-ға дейін бір реттік доза түрінде болады, яғни:
• балаларға: 10 кг үшін бір рет 2,5 мл (125 мг)
• салмағы 75 кг-нан аз ересектер: бір қабылдауға 15 мл (750 мг)
• салмағы 75 кг-нан асатын ересектер: бір қабылдауға 20 мл (1000 мг).
Энтеробиоз кезінде паразиттерден біржола құтылу үшін қатаң гигиеналық шараларды ұстану, сондай-ақ отбасы мүшелерін емдеу қажет. Қайталап жұқтыруын болдырмау үшін екінші дозаны біріншіден соң 3 аптадан кейін қабылдау керек.
Анкилостомоз
Necator americanus жұқтырған жағдайда немесе Ankylostoma duodenale ауыр жұқтыруы жағдайында эндемиялық аумақтарда 2-ден 3 күнге дейін дозасы тәулігіне 20 мг/кг (1 немесе 2 қабылдауға) болады, яғни:
• балаларға: тәулігіне әрбір 10 кг салмаққа 5 мл (250 мг)
• салмағы 75 кг-нан аз: бір қабылдауға 30 мл (1500 мг)
• салмағы 75 кг-нан асатын: бір қабылдауға 40 мл (2000 мг).
Эндемия аймағынан тыс (жеңілдеу жүреді) Ankylostoma duodenale жұқтыру жағдайында бір қабылдауға 10 мг/кг дозада тағайындайды.
Қолдану тәсілі
Ішке.
Қолданар алдында суспензияны шайқау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Пирантелді міндетті түрде аш қарынға емес, іш жүргізетін дәрілерді алдын ала қабылдамай, тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты әрдайым тура осы нұсқаулықта сипатталғандай немесе дәрігердің немесе фармацевттің ұсынымы бойынша қабылдау керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 6 айлық жасқа дейінгі балалар
Сирек
• асқазан-ішек бұзылыстары (анорексия, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея)
• «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің шамалы қысқа мерзімді жоғарылауы
Белгісіз
• бас ауыруы, бас айналу, астения, тері бөртпесі, ұйқының бұзылуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сіңіру жылдамдығы төмен болғандықтан, плазмадағы концентрация төмен болып қалады.
Симптомдары: ас қорытудың елеусіз бұзылыстары және орталық жүйке жүйесі тарапынан өтпелі бұзылыстары (астения, бас айналу, бас ауыруы) болуы мүмкін. Артық дозалану кейде бауыр трансаминазаларының (аспартатаминотрансфераза) ұлғаюына әкеледі.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Асқазанды дереу шаю, сондай-ақ тыныс алу және жүрек-қантамырлар функцияларына мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бауыр аурулары болған жағдайда дәрігерге ескерту қажет. Бауыр жеткіліксіздігі жағдайында дозаны азайтады.
Энтеробиоз: қайталап жұқтыруды болдырмау үшін гигиена ережелерін қатаң сақтау керек: анустық аумақты күнделікті жуу, қолды жуу, тырнақты алу және тазалау, шат аумағын қасымау, төсек-орын мен іш киімді үнемі ауыстырып отыру. Бір уақытта барлық отбасы мүшелерін емдеу ұсынылады. Инфекция жұқтыру ешқандай симптомдармен білінбеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар туралы ақпарат:
• 70% сорбитол (E420): Бұл препараттың құрамында әр миллилитр суспензияда 519,05 мг сорбитол бар (бұл әр 20 миллилитр суспензияда 10381 мг сорбитолға сәйкес келеді). Сорбитол асқазан-ішек жайсыздығын және жеңіл іш жүргізетін әсерін тудыруы мүмкін. Құрамында сорбит (немесе фруктоза) бар өнімдерді бір мезгілде қабылдаудың және сорбитолды (немесе фруктозаны) тамақпен бірге қабылдаудың аддитивті әсерін ескеру қажет. Пероральді қолдануға арналған дәрілік заттардың құрамындағы сорбит бір мезгілде қабылданатын басқа пероральді қолдануға арналған дәрілік заттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін. Бұл препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығымен зардап шегетін пациенттерге қолдануға болмайды.
• Натрий бензоаты: Бұл препараттың құрамында әр миллилитр суспензияда 3 мг натрий бензоаты бар. Альбуминнен шығарылғаннан кейін билирубинемияның жоғарылауы неонатальді сарғаюды күшейтуі мүмкін, ол ядролық сарғаюға айналуы мүмкін (ми тінінде конъюгацияланбаған билирубин шөгінділері).
• Натрий: Бұл препараттың бір дозасына 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ деуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Жүктілік кезінде дәрігер анықтайтын шарана үшін пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін қатаң көрсеткіштер бойынша өте қажет болған жағдайда ғана қолдану және ұсынылған дозаларды қатаң сақтау керек. Егер Сіз емделіп жүргенде жүкті екеніңізді білсеңіз, дәрігерге барыңыз, өйткені емдеуді жалғастырудың қажеттілігі туралы шешімді тек дәрігер қабылдай алады.
Зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты тек қатаң қажет болған жағдайларды қоспағанда, препаратты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Қазіргі кезде қолда бар деректер клиникалық маңызды өзара әрекеттесулерін дәлелдемейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Ашылған құтыны 21 күн ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Жарықтан қорғау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.