Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
5 %
Саудалық атауы
Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені)
Әсер етуші зат
Пиридоксин
Мақсаты
B6 гипо - және авитаминозы (емдеу және профилактикасы)
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 50.0 мг пиридоксин гидрохлориді
(100% затқа шаққанда)
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Кешенді емдеу құрамында:
• B6 гипо - және авитаминозы (емдеу және профилактикасы)
• жаңа туған нәрестелердегі туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу
синдромы
• изониазидпен индукцияланған шеткері неврит
• идиопатиялық сидеробластты анемия.
Әсер ету механизмі
В6 дәрумені зат алмасуға қатысады; орталық және шеткері жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Организмге ене отырып, ол фосфорланады, пиридоксаль-5 - фосфатқа айналады және аминқышқылдарының де - карбоксилденуін және переаминденуін жүзеге асыратын ферменттердің құрамына кіреді.
Триптофан, метионин, цистеин, глутамин және басқа аминқышқылдарының алмасуына қатысады. Гистамин алмасуында маңызды рөл атқарады. Липидтер алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Пиридоксиннің оқшауланған тапшылығы өте сирек, негізінен арнайы жасанды тамақтануда жүрген балаларда (диареямен, құрысулармен, анемиямен білінеді, шеткері невропатия дамуы мүмкін) кездеседі.
Дозалану режимі
Ересектерге
В6 гипо- және авитаминозында емдік дозалар 1-2 қабылдауға тәулігіне 50-100 мг құрайды. Емдеу курсы – 1 ай.
Изониазидпен қатар емдеу кезінде тәулігіне 5-10 мг-ден.
Анемияны емдеу үшін 100 мг б/і аптасына 2 рет тағайындайды. Бір мезгілде фолий қышқылын, цианокобаламинді, рибофлавинді қабылдаған дұрыс.
Емдеу курсы әркімге жеке және аурудың түрі мен ауырлығына қарай анықталады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Емдеу дозасы тәулігіне 20 мг құрайды.
Емдеу курсы – 2 апта.
Жаңа туған нәрестелерде туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын емдеу үшін: күн сайын 10-100 мг. Емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды.
Егде жастағы пациенттер
Деректер жоқ
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ
Енгізу әдісі және жолы
Егер құсқан кезде және ішекте сіңуі бұзылғанда ішке қабылдау мүмкін болмаса, тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне тағайындайды.
Фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз болғандықтан, пиридоксин гидрохлоридінің ерітіндісін В1 және В12 дәрумендерімен бір шприцте енгізуге болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен
• асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауы мүмкіндігіне байланысты)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• диспепсия, эпигастрий аймағының ауыруы
• парестезиялар, ұю, аяқ-қолдың қысылу сезімінің пайда болуы ("шұлықтар" және "қолғаптар" симптомы)
• тері бөртпесі, қышыну, есекжем, анафилаксиялық шок сияқты аллергиялық реакциялар
• енгізген жердегі тітіркену, гиперемия, ісіну түріндегі жергілікті реакциялар
• лактация төмендеуі (кейде бұл емдік әсер ретінде пайдаланылады)
Артық дозалануы пиридоксинді үлкен дозаларда (тәулігіне 200-2000 мг және одан көп) енгізгенде туындайды.
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, ақуыздар, көмірсулар және липидтер алмасуының бұзылуы, ОЖЖ (шеткері нейропатия) және паренхиматозды органдардағы дегенеративті өзгерістер (НАД және НАДФ никотинамидтік коферменттер белсенділігінің елеулі төмендеуімен және никотин қышқылының тапшылығымен байланысты алмасу процестерінің бұзылуы). Шеткері нейропатияның симптомдары гиперестезияны, парестезияны, бұлшықет әлсіздігін қамтиды. Жүрістің үдемелі бұзылуымен, аяқ пен қолдағы ұйып қалу және шаншу сезімімен сенсорлық нейропатиялар, ішінара таз болу, инфекцияларға төзімділіктің төмендеуі, қанның ұюға қарсы жүйесінің белсенділігінің төмендеуі туындауы мүмкін. Үлкен дозада ұзақ уақыт қолданғанда В6 гипервитаминозы дамиды, ол бұлшықет тінінде және ішкі ағзаларда ақуыз құрамының елеулі төмендеуімен сипатталады. В6 гипервитаминозының алғашқы сатыларында терідегі бөртпе, бас айналу, құрысулар пайда болуы мүмкін. Дәрілік затты тоқтатқан кезде бұл белгілер қайтымды болды.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем (нейробұлшықеттік берілісті жақсарту үшін неостигминнің немесе галантаминнің аздаған дозаларын енгізу). Арнайы антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
Пиридоксинді асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығы артуы мүмкін болғандықтан), жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет, өйткені препаратты қабылдау аталған аурулар ағымының нашарлауына түрткі болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр зақымданулары кезінде жоғары дозалардағы пиридоксин оның функциясының нашарлауын туғызуы мүмкін.
Уробилиногенді Эрлих реагенті көмегімен анықтаған кезде нәтижелерді бұрмалауы мүмкін.
Пиридоксин алмасуы алкогольді үнемі қолданғанда бұзылады.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препаратты педиатриялық тәжірибеде жаңа туған сәбилердегі туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын кешенді емдеуде қолданады.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.
Пиридоксин плацента арқылы өтеді және емшек сүтіне бөлініп шығады
Препаратты жүктілік кезінде жүкті әйелдердегі токсикозда тағайындайды.
Жүктілік кезінде пиридоксинге физиологиялық қажеттілік нормасынан (тәулігіне 2-2,3 мг) асыру ұсынылмайды.
Препаратты бала емізу кезінде тағайындағанда лактацияның төмендеуі мүмкін.
Диуретиктердің әсерін күшейтеді, ДОФА - декарбоксилаза тежегішімен бірге пайдаланылатын, Паркинсон ауруын емдеуде қолданылатын дәрілік препарат леводопаның белсенділігін әлсіретеді. Изониазидтің, гидралазиннің, циклосериннің және D-пеницилламиннің нейроуытты әсерін әлсіретеді. Бұл жүрек гликозидтерімен (миокардтың жиырылу ақуыздарының синтезіне ықпал етеді), глутамин қышқылымен, аспаркаммен (гипоксияға төзімділік жоғарылайды) жақсы үйлеседі.
Кортикостероидты гормондар организмдегі В6 дәруменінің азаюына әкелуі мүмкін.
Пиридоксин резорбциялық әсері бар левомицетин препараттарын ұзақ уақыт қолданғанда пайда болатын офтальмологиялық асқынулардың алдын алады.
Препарат трициклді антидепрессанттардың олардың антихолинергиялық белсенділігімен (ауыздың құрғауы, несептің іркілуі) байланысты жағымсыз әсерлерін жояды.
Бір инфузиялық жүйеде немесе бір шприцте адреномиметиктермен, ампициллин натрий тұзымен, В амфотерицинмен, аскорбин қышқылымен, фитоменадионмен, дипиридамолмен, натрий оксиферрискорбонмен, фенотиазин туындыларымен (хлорпромазин), фуросемидпен, этамзилатпен, эуфиллинмен араластыру ұсынылмайды.
Жанама антикоагулянттардың (фениндион, варфарин, неодикумарин) және гепариннің әсерін күшейтеді.
Метамизолдың, ацетилсалицил қышқылының, трамадолдың және нефопамның анальгезиялық әсерін күшейтеді.
Пиридоксин гидрохлоридінің ерітіндісін фармацевтикалық үйлесімсіздікке байланысты В1 және В12 дәрумендерімен бір шприцте енгізуге болмайды.
Пиридоксин инъекциясын тиамин инъекциясынан кейін 12 сағаттан ерте жасамаған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.