Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей для наружного и местного применения
Саудалық атауы
Повидон-йод-DF
Әсер етуші зат
Повидон
Мақсаты
Инфекциялар профилактикасы және емдеу кезіндегі антисептикалық өңдеу
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - повидон-йод, 10,0 г (белсенді йодқа қайта шаққанда - 1,0 г);
қосымша зат - тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қара-қоңыр, йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық. Кез келген ара-қатынаста сумен араласады.
- инфекциялар профилактикасы және емдеу кезіндегі антисептикалық өңдеу.
Әсер ету механизмі
Повидон-йод-DF поливинилпирролидон (повидон) полимерінің йодпен кешені болып табылады. Тіндерге тітіркендіретін және күйдіретін әсерсіз, микроорганизмдерге антисептикалық әсер етеді. Повидон-йод-DF қолдану орнында жұқа боялған үлбір қалады, ол барлық йод бөлінгенше қалады.
Фармакодинамикалық қасиеттері
Поливинилпирролидонның болуына байланысты белсенді йод баяу және біртіндеп микроорганизмдерге антисептикалық әсер ететін, тіндерге тітіркендіргіш және күйдіргіш әсер етпестен шығарылады. Повидон-йод- DF бактерицидтік әсері тепе-теңдік реакциясы арқылы бос йодтың бөлінуімен байланысты. Сонымен, повидон-йод кешені-йод қоймасы, ол үнемі йод шығарады және белсенді бос йодтың тұрақты концентрациясын қамтамасыз етеді. Еркін йод ферменттер мен микроорганизмдердің құрылымдық ақуыздарының аминқышқылдық бірліктерінің тотықтырғыш SH немесе OH топтарымен әрекеттеседі, бұл ферменттер мен ақуыздарды белсенсіздендіреді және бұзады. Осы кезде йод түссізденеді, осыған байланысты қоңыр түске боялуының қарқындылығы препарат тиімділігінің индикаторы болып табылады. Түссізденгеннен кейін препаратты қайта жағуға болады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Деректер жоқ
Балалар
6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дозалау режимі
Ішке қабылдауға арналмаған!
Енгізу жолы және тәсілі
Теріні, шырышты қабықты және жараларды дезинфекциялау
Терінің дезинфекцияланған аумағына біркелкі және қалың жағыңыз және құрғағанша 2-3 минутқа қалдырыңыз. Қажет болса, қайталаңыз. Емдеу инфекция белгілері немесе инфекция жұқтырудың айрықша қаупі болғанда немесе жазылғанша жалғасуы керек. Егер инфекция қайталанса, емдеуді қайта жалғастыруға болады. Операция алдында теріні дезинфекциялағанда, оның толық құрғауына мүмкіндік беріңіз және препараттың тері қатпарларында немесе жатқан пациенттің астына жиналуын болдырмаңыз.
Шаю үшін қолданған кезде мыналарды сақтау керек:
Инфекция болған жағдайда, Повидон-йод-DF спрейін қолданар алдында, зақымдалған бактериялардан эндотоксиннің шығарылу қаупіне байланысты алдымен алдын-ала тазарту үшін физиологиялық ерітіндімен шайыңыз.
Повидон-йод-DF спрейінің жарада немесе дене қуысында қалуын болдырмау керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
• гипертиреоз
• қалқанша бездің басқа да жедел аурулары
• жүректің қалпына келмейтін жеткіліксіздігі
• радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану
• Дюрингтің герпес тәрізді дерматиті
• жүктілік және лактация кезеңі
• 6 жасқа дейінгі балаларға
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- теріге аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, пайда болуы мүмкін кеш типті жанаспалы аллергиялық реакциялар, мысалы, терінің қышуы түрінде, эритема, сулы бөртпе және т.б.)
Өте сирек
- анафилаксиялық реакция, көбінесе артериялық қысымның төмендеуін, бас айналуымен, жүрек айнуымен және мүмкін ентігумен бірге жүреді.
- ангионевроздық ісіну
- йодпен туындаған гипертиреозға бейімді адамдарда (кейде тахикардия немесе қозу белгілері бар)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- гипотиреоз
- электролиттік теңгерімнің бұзылуы, метаболизмдік ацидоз
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, қанның осмолярлығының бұзылуы
Анамнезінде қалқанша без аурулары бар пациенттерде повидон - йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін, мысалы, повидон йод спрейін ұзақ уақыт бойы жаралар мен күйіктерді емдеуде қарқынды қолдану кезінде гипотиреоз туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ішке көп мөлшерін кездейсоқ қабылдап қойған жағдайда, «йодизмнің» даму мүмкіндігін анықтау керек.
Препаратты көп мөлшерде қабылдап қойған жағдайда белсендірілген көмірді қабылдау, асқазанды шаю, құсуды шақыру ұсынылады.
Қалқанша безінің ұлғаюы, қалқанша безінің түйіндері, вегетативті аденомалары немесе функционалды автономиясы немесе қалқанша безінің басқа да жедел емес аурулары бар пациенттерге йодтың көп мөлшерін тұтыну кезінде йодпен туындаған гипертиреоз қаупі болуы мүмкін. Бұл пациенттерде Повидон-йод-DF теріге ұзақ уақыт бойы (мысалы, 14 күннен артық) немесе үлкенірек аумаққа (мысалы, дене бетінің > 10 %-ы) қатаң көрсетілімдер болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Емді тоқтатқаннан кейін де, әсіресе егде жастағы адамдарда, 3 айға дейін гипертиреоздың ықтимал ерте болатын симптомдарына және қажет болған жағдайда қалқанша безінің қызметін бақылауға назар аудару қажет. Жаңа туылған нәрестелер мен кішкентай балаларда йодты көп мөлшерде қолданғанда гипотиреоз дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. Терінің жоғары өткізгіштігіне және йодқа жоғары сезімталдығына байланысты повидон-йодты жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде қолдануға болмайды. Кішкентай балаларда қалқанша безінің жұмысын тексеру қажет болуы мүмкін (мысалы, T4 және TТГ деңгейлері). Повидон йодын балаға пероральді қабылдаудан толық бас тарту керек. Операцияға дейін теріні Повидон-йод-DF дезинфекциялық ерітіндісімен дезинфекциялау кезінде препараттың тері қатпарларында немесе жатқан пациенттің астында жиналуын болдырмау керек. Ұзақ жанасу терінің тітіркенуін немесе сирек жағдайларда елеулі реакцияларды тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, жиналу терінің күюіне әкелуі мүмкін. Егер терінің тітіркенуі, жанаспалы дерматит немесе аса жоғары сезімталдық пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек. Повидон-йод-DF электродтар жанасқан жерлердің астына енбеуі керек. Күйіктің үлкен аймақтарын Повидон-йод-DF препаратымен өңдегенде, ол электролиттер мен сарысудың осмолярлығының бұзылуына және онымен байланысты бүйрек қызметінің бұзылуына немесе метаболикалық ацидозға ықпал етуі мүмкін. Метаболикалық ацидоз және бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында Повидон-йод-DF қолдануға болмайды немесе емді тоқтату керек. Ауыз бен тамаққа, әсіресе интубацияланған пациенттерге қолданғанда, Повидон-йод-DF аспирациясының алдын алу үшін сақтық шараларын қолдану қажет. Повидон йодының тыныс жолдарына енуі пневмония сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Повидон-йод-DF 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Повидон-йод-DF спрейі автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне іс жүзінде әсер етпейді.
Повидон-йод-DF тератогенді емес.
Препаратты жүкті әйелдерге және бала емізу кезеңінде қатаң көрсетілімдер бойынша ғана қолдануға болады, бұл кезде повидон-йодтың барынша ең аз мөлшерін қолдану қажет. Жүкті әйелдерге немесе бала емізу кезінде ананың немесе баланың қалқанша безінің қызметіне мониторинг жүргізу қажет. Повидон-йод-DF өтпелі гипотиреозды (ТТГ жоғарылауы) туындатуы мүмкін.
Йод плацентарлық бөгет арқылы өтетінді және емшек сүтіне бөлінеді. Сонымен қатар, йод емшек сүтінде сарысумен салыстырғанда жоғары концентрацияда болады. Повидон-йод-DF дезинфекциялаушы спрейдің емізетін ананың өңделген аумағымен жанасу арқылы нәрестенің кездейсоқ аузына түсуіне жол бермеңіз.
Повидон-йод ақуыздармен және әртүрлі басқа органикалық заттармен, мысалы қан мен іріңнің компоненттерімен реакцияға түсуі мүмкін, ол оның тиімділігін төмендетуге әкеледі. Бұл жараны алдын ала тазарту, Повидон-йод-DF көп мөлшерде қолдану арқылы немесе қолдануды қайталау арқылы өтелуі мүмкін.
Басқа препараттармен кез келген өзара әрекеттесу Повидон-йод-DF түсінің түссізденуімен айқындалып көрінеді. Түстің өзгеруі тиімділіктің төмендеуінің синонимі болып табылады. Повидон-йод-DF препаратын және ферментті препараттарды бір мезгілде қолдану тиімділіктің өзара төмендеуіне әкеледі, себебі бұл бір-бірінің әсерін әлсіретуі мүмкін:
- күміс сульфадиазин, мысалы, таңғыш материалында (күміс йодидінің түзілуі);
- сутегі асқын тотығы (йодтың жеткілікті болуы), тауролидин (йодпен әсерсіздендіруі және тотығу);
- жараларды өңдеуге арналған ферментативті емдік (фермент компонентінің тотығуы).
Коррозиялық сынап йодиді түзуі мүмкін болғандықтан, Повидон-йод-DF құрамында сынап бар дезинфекциялаушы заттармен бірге қолданылмауы керек.
Повидон-йод-DF октенидин негізіндегі антисептиктермен бір немесе көршілес аймақтарда бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі зақымдалған аймақтарда уақытша қараю пайда болуы мүмкін.
Повидон-йод-DF құрамында литий бар препараттарды қабылдайтын пациенттерде жүйелі түрде қолдануға болмайды, өйткені йодтың көп мөлшерде сіңуі мүмкін, әсіресе Повидон-йод-DF препаратын бір мезгілде литий терапиясын алатын емделушілерде терінің үлкен аумақтарында ұзақ уақыт қолдану гипотиреоздың ықтимал аддитивті әсерінен өтпелі гипотиреозға әкелуі мүмкін. Повидон-йод-DF қолдану йодтың қалқанша безінің сіңуін төмендетуі мүмкін; бұл қалқанша безінің сцинтиграфиясының, PBI анықтауға (йод ақуызымен байланысқан) және радиоактивті йодты диагностикалаудың бұзылуына әкелуі мүмкін, сонымен қатар радиойодты терапияның мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін, сондықтан бұл қарсы көрсетілімде. Емдеу аяқталғаннан кейін радиоактивті йодты қолданар алдында 1-2 апта күту кезеңін сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.