Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для наружного и местного применения
Саудалық атауы
Повидон-йод-DF
Әсер етуші зат
Повидон-йод
Мақсаты
Инфекцияларды емдеу және профилактикасы кезіндегі антисептикалық өңдеу
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында:
белсенді зат – повидон-йод, 10.0 г (белсенді йодқа қайта шаққанда – 1.0 г);
қосымша зат – тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күнгірт қоңыр, йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық. Кез келген ара-қатынаста сумен араласады.
• инфекцияларды емдеу және профилактикасы кезіндегі антисептикалық өңдеу.
Әсер ету механизмі
Повидон-йод қарапайым йоды бар поливинилпирролидон (повидон) синтетикалық полимерінің кешені болып табылады. (I2 әсер етуші зат), ол кешеннен йодты үнемі босатып шығару үшін депо ретінде қызмет етеді (поливинилпирролидонның өзіндік бактерияға қарсы белсенділігі жоқ), сонымен қатар йодтың жасуша жарғақшаларымен оңай байланысуына ықпал етеді. Терінің немесе шырышты қабықтардың бетіне жаққаннан кейін полимер кешенінен біраз уақыт бойы йод бөлінеді. Қарапайым йод (I2) - жоғары тиімді микробицидті зат болып табылады, ал полимер йод депосы ретінде қызмет етеді. Йодтың бұл біртіндеп босатып шығуы қарапайым йодтың болуымен байланысты кемшіліктерді өтейді және оның жоғары тиімді микробиоцидтік әсерін қолдайды. Бос йод микроорганизмдерге тез еніп, ақуыздардың, аминқышқылдарының, нуклеотидтердің және қанықпаған май қышқылдарының негізгі топтарына шабуыл жасайды. Микроорганизмдердің ферменттері мен құрылымдық ақуыздарындағы аминқышқылдарының тиол, сульфгидрил және гидроксил топтарымен әрекеттесіп, сол жолмен оларды тотықтырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Повидон-йод бактерияға қарсы (грамоң және грамтеріс бактерияларды қоса), зеңге қарсы және вируцидтік (қабығы бар және қабығы жоқ вирустар) жылдам әсер етеді. Повидон-йодқа төзімділік ауруханаларда, стоматологиялық және медициналық практикада 60 жылдан астам қарқынды пайдалану кезінде байқалмады. Сонымен қатар, антибиотиктерге төзімділік повидон-йодқа сезімталдыққа әсер етпейді.
Дозалау режимі
Повидон-йод-DF ерітіндісін сұйылтпай немесе сумен сұйылтқаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде қолдануға болады.
Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге немесе зақымданбаған теріде кез келген басқа хирургиялық араласымдарға дейін теріде 1-2 минутқа қалдыру керек.
Жарақаттар, күйіктерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабаттарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында 10% ерітіндіні (Повидон-йод-DF ерітіндісін сумен 1:10 арақатынаста еріте отырып) қолданады.
Операция алдындағы «дезинфекциялайтын ванналар» үшін Повидон-йод-DF (1:100) 1% ерітіндісі қолданылады. Дене беткейі түгелімен біркелкі Повидон-йод-DF 1% ерітіндісімен өңделуі және 2 минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен шайып тастау керек.
Теріні операция алдындағы дезинфекциялауда науқастың астында артық сұйықтықтың жиналмағанын тексеріп тұру керек. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туындатуы мүмкін. Ерітіндінің пациенттің астында жинақталып қалуы химиялық күйік туындатуы мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Повидон-йод-DF ерітіндісі тек сыртқа және жергілікті қолдануға арналған.
Повидон-йод-DF ерітіндісін ыстық суға құюға болмайды.
Ерітіндіні қолданар алдында жылытуға болмайды.
Повидон-йод-DF ерітіндісін тура қолданар алдында сұйылту және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек.
Дайын ерітіндіні сақтауға болмайды.
• әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
• қалқанша без функциясының бұзылуы
• бүйрек жеткіліксіздігі
• герпес тәрізді Дюринг дерматиті
• радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе йодтың бәсекелес сіңуіне байланысты қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және қолдану кезінде. Повидон-йодты қолданғаннан кейін қалқанша безді сцинтиграфиялау немесе емдеу үшін радиоактивті йодты қолданар алдында белгілі бір уақыт аралығын (1-2 апта) ұстанған жөн.
• теріні зақымдауы мүмкін заттардың түзілуі салдарынан құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдану
• 1 жасқа дейінгі балалар.
Сирек
• аса жоғары сезімталдық (баяу типтегі аллергиялық реакциялар)
• терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, терінің қышынуы, эритема, сулы бөртпелер және т.б. түрінде көрінуі мүмкін кешеуілдеген типтегі жанаспалы аллергиялық реакциялар)
Өте сирек
• жиі артериялық қысымның төмендеуімен, бас айналумен, жүрек айнумен және, мүмкін, ентігумен бірге жүретін анафилаксиялық реакциялар
• ангионевроздық ісіну
• бейімді адамдарда йод-индукцияланған гипертиреоз (кейде тахикардия немесе қозу күйінің симптомдарымен)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• гипотиреоз
• электролиттік теңгерімсіздік, метаболизмдік ацидоз
• пневмония (Повидон-йод-DF ерітіндісін ауызжұтқыншақ аймағында қолдану кезінде аспирация нәтижесінде асқыну)
• олиго-/ануриямен жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қанның қалыптан тыс осмолярлығы
• операция алдындағы өңдеу кезінде тері қатпарларында немесе жатқан пациенттің астында ерітіндінің жинақталуы нәтижесінде пайда болатын терінің күйіктері.
Анамнезде қалқанша безінің дисфункциясы бар пациенттерде йод көп мөлшерде қолданғаннан кейін гипотиреоз пайда болуы мүмкін (мысалы, ұзақ уақыт бойы жарақаттар мен күйіктерді емдеуде повидон-йодты қарқынды қолдану кезінде).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Йодтан жедел уыттану симптомдары: асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар, анурия, тамырлы коллапс, өкпе ісінуі, метаболизм бұзылулары.
Жүйелік уыттылық бүйрек жеткіліксіздігіне (анурияны қоса), тахикардияға, гипотензияға, тамыр жеткіліксіздігіне, асфиксияға әкелетін дауыс саңылауы ісінуіне, өкпе ісінуіне, құрысуларға, қызбаға және метаболизмдік ацидозға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, гипертиреоз немесе гипотиреоз дамуы мүмкін.
Қалқанша безінің функциясы бұзылған жағдайда повидон-йодпен емдеуді тоқтату керек.
Емі:
Симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі.
Ауыр гипотензия кезінде сұйықтықты вена ішіне енгізу керек; қажет болған жағдайда вазопрессорларды қосу керек.
Егер жоғарғы тыныс алу жолдарының күйдіріліп зақымдануы айтарлықтай домбығу мен ісінуге әкелсе, эндотрахеальді интубация қажет болуы мүмкін.
Құстыруға болмайды. Пациент тыныс алу жолдары бос және аспирациядан қорғалған күйде орналасуы тиіс (құсу жағдайында).
Егер пациентте құсу болмаса және ауыз арқылы тамақ ішсе, крахмалды тағамдарды (мысалы, картоп, ұн, крахмал, нан) қабылдау йодты уыттылығы аздау йодидке айналдыруға көмектеседі.
Егер ішек тесілуінің белгілері болмаса, асқазанды крахмал ерітіндісімен назогастральді зонд арқылы жууға болады (асқазаннан шығатын ағын күңгірт-көк-күлгін болады және бұл түсті шаюды қашан тоқтатуға болатындығын анықтауда бағдар ретінде қолдануға болады).
Гемодиализ йодтан тиімді тазартады және оны йодпен уланудың ауыр жағдайларында, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде қолданған жөн. Үздіксіз вена-веналық гемофильтрацияның гемодиализге қарағанда тиімділігі төменірек.
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану ерекше сақтықты және пайда/қаупін анықтауды талап етеді. Повидон-йодты абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қолдануға болады.
Повидон-йод-DF ерітіндісін үлкен беткейлі ашық жараларға қолдануға болмайды.
Пациентті операция алдындағы дайындау кезінде пациенттің астында ерітіндінің артық бөлігі жиналып қалмауын қадағалау қажет. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туғызуы мүмкін. Пациенттің астында ерітіндінің жиналып қалуы химиялық күйікке ұшыратуы мүмкін. Тері тітіркенгенде, жанаспалы дерматитте (тітіркендіргіш затпен жанасудан туындаған күйдіру сезімімен және қышытатын бөртпемен қатар жүретін) немесе жоғары сезімталдықта препаратты тоқтату керек.
Ерітіндіні қолданар алдында жылытуға болмайды.
Ерітіндіні радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және пайдалану кезінде қолдануға болмайды.
Повидон-йодтың тотығу қасиеттері металдардың коррозиясын тудыруы мүмкін, ал пластмассадан және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар әдетте повидон-йодтың әсеріне төзімді. Кейбір жағдайларда повидон-йод әдетте қайтымды түс өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Повидон-йод-DF ерітіндісінің дақтарын тоқыма және басқа материалдардан сабынды жылы сумен оңай кетіруге болады. Кетуі қиын дақтарды аммиак ерітіндісімен (мүсәтір спиртімен) немесе натрий тиосульфатының ерітіндісімен тазалау керек.
Препараттың көзге түсіп кетуінен сақ болған жөн. Көзге тиген кезде қабағыңызды ашық ұстаңыз және көзіңізді 10-15 минут ішінде көп мөлшердегі сумен жуып-шайыңыз. Пациент офтальмологке қаралуы тиіс.
Балалар
Повидон-йод-DF 1-2 жастағы балаларға ұсынылмайды және оны жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану қарсы көрсетілімде.
Арнайы сақтандырулар
Повидон-йодты илік қышқыл сілтісімен (танинмен), күміс және сынап тұздарымен, тауролидинмен, сутегінің асқын тотығымен бірге қолдануға болмайды.
Зергерлік бұйымдармен, әсіресе құрамында күмісі бар бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
2 жасқа дейінгі балаларда Повидон-йод-DF препаратын қолдану ұсынылмайды.
Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда препарат қарсы көрсетілімде.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Повидон-йод-DF дезинфекциялайтын ерітіндісі автокөлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне іс жүзінде әсер етпейді.
Повидон-йод-DF жүктілік және емшек емізу кезінде, анық қажет болған жағдайларды қоспағанда қолдануға болмайды. Жүктіліктің бірінші триместрінен кейін және емшек емізу кезінде йодты шамадан тыс тұтыну шаранада немесе жаңа туған нәрестеде TТГ деңгейінің жоғарылауымен уақытша гипотиреозға әкелуі мүмкін.
Йод плацентарлы бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлінеді. Сонымен қатар, йод емшек сүтінде сарысумен салыстырғанда жоғарырақ концентрацияда кездеседі. Бала емізетін ананың өңделген аймағымен жанасу арқылы Повидон-йод-DF ерітіндісін нәрестенің кездейсоқ пероральді қабылдаудан аулақ болу керек.
Жараларды өңдеу үшін повидон-йод және ферментті препараттарды бірге қолдану тиімділігінің өзара төмендеуіне әкеледі. Құрамында күміс, сутегінің асқын тотығы және тауролидин бар препараттар повидон-йодпен өзара тиімділігін төмендетумен әрекеттесуі мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Күйдіргіш сынап йодидінің пайда болуы салдарынан повидон-йодты құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.
Повидон-йод кешені pH 2.0 – 7.0 аралығында тиімді.
Препарат ақуыздармен және басқа да қанықпаған органикалық кешендермен реакцияға түсуі мүмкін, бұл повидон-йод дозасын жоғарылату арқылы өтелуі мүмкін. Құрамында повидон-йод бар препараттардың тотықтыратын әсері әртүрлі диагностикалық зертханалық тестілерде (мысалы, толуидин мен гваяк шайырын қолданумен нәжіс пен несепте гемоглобин және глюкозаны анықтау) жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.
ПВП-йод кешені сондай-ақ сілтілермен, илік қышқылмен (танинмен), күміс және сынап тұздарымен, тауролидинмен және сутегі асқын тотығымен де үйлеспейді.
Повидон-йодты терінің сол жерлерінде немесе көрші бөліктерінде құрамында октенидин бар антисептиктермен бір мезгілде немесе дереу оларды қолданғаннан кейін қолдану, өңделген беткейде қара дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Повидон йодты құрамында литий бар препараттарды қабылдайтын пациенттерде жүйелі түрде қолдануға болмайды, өйткені, әсіресе повидон йодтың елеулі мөлшерін пайдаланған кезде немесе препаратты дененің үлкен беткейіне жаққан кезде йодтің көп мөлшерде сіңуі мүмкін.
ПВП-йодты қолдану қалқанша бездің йодты сіңіруін төмендетуі мүмкін, ол кейбір зерттеулер мен емшаралар (қалқанша бездің сцинтиграфиясы, ақуызбен байланысқан йодты анықтау, радиоактивті йодты қолданумен диагностикалық емшаралар) нәтижесіне әсер етуі мүмкін, осыған байланысты қалқанша без ауруларын йод препараттарымен емдеуді жоспарлау мүмкін болмауы ықтимал. ПВП-йодты қабылдауды тоқтатқаннан кейін келесі сцинтиграфия жасағанға дейін белгілі уақыт аралығын (кемі 1-2 апта) сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.