Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Аэрозоль для наружного применения
Дозасы
(23.12 мг +0.58 мг)/г, 17.3 г
Саудалық атауы
Полькодерм ТЦ
Әсер етуші зат
Триамцинолон в комбинации с антибиотиками
Мақсаты
Қабынуға қарсы, қышынуға қарсы ем қажет болғанда тетрациклиндерге сезімтал бактериялар туындатқан инфекциямен асқынған терінің қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде: салдарлы…
Өндіруші
Тархоминский фармацевтический завод "Польфа" Акционерное Общество
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 баллонның ішінде
белсенді заттар: 400.00 мг тетрациклин гидрохлориді,
10.00 мг триамцинолон ацетониді,
қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан/бутан/изобутан).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарыдан сарғыш түске дейінгі біртекті суспензия.
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған.
Қабынуға қарсы, қышынуға қарсы ем қажет болғанда тетрациклиндерге сезімтал бактериялар туындатқан инфекциямен асқынған терінің қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде:
– салдарлы бактериялық инфекциямен асқынған тері аллергиялық аурулары
– күйіктер және I дәрежелі үсу
– жіліншіктің трофикалық ойық жарасы.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Полькодерм ТЦ препаратын дәрігердің көрсетілімдеріне сәйкес қолданған жөн.
Дозалау режимі
Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку керек.
Терінің зақымданған жерлеріне баллонның бүріккіш басын жоғары қаратып, тік ұстап, 15 см-ден 20 см дейінгі арақашықтықта, 1-3 секунд бойы суспензия ағынымен бүркеді.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат сыртқа қолдануға арналған (теріге).
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін, бірдей уақыт аралығымен қолдану керек. Ескерту: Бүркілген заттың көзге түсуінен сақтану керек.
Бүркілген затты деммен жұтпау керек.
Препаратты әрбір жаққаннан кейін қолды сумен және
сабынмен мұқият жуу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің орташа ұзақтығы 5-10 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер препарат тағайындалған уақытта қолданылмаса, препараттың кезекті қолдануға дейін уақыты әлі де жеткілікті болса, препаратты мүмкіндігінше жылдам қолдану керек және препаратты дәрігердің ұсынымдарына сәйкес тұрақты қолдануды жалғастырады.
Өткізіп алғанның орын толтыру мақсатында екі еселенген дозаны қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Полькодерм ТЦ препаратын қолданар алдында препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- вирустық, зеңдік немесе туберкулездік тері аурулары
- терідегі жаңа түзілістер немесе обыр алды жай-күйі
- кәдімгі немесе қызғылт акне
- ауыздың ерін маңы терісінің, артқы өтіс тесігі мен жыныс мүшелері аймағының қабынуы
- мерез (тері көріністері)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз әсерлердің жиілігі туралы толық деректер жоқ.
Триамцинолон – препараттың стероидты компоненті, мынадай жергілікті жағымсыз әсерлерінің пайда болуына әкелуі мүмкін:
күйдіру, қышыну, препарат аппликациясы орнындағы тітіркену, шамадан тыс құрғату, терінің атрофиялық өзгеруі, жанаспалы дерматит, ауыз еріні маңы терісінің қабынуы, тері мацерациясы, акне тәрізді бөртпе, терінің созылуы, баздану, бөртпе, гипертрихоз (шамадан тыс түкті жабынды), тері депигментациясы (терінің пигментті өзгерістері), салдарлы тері инфекциялары және фолликулит; препаратты ұзақ қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды жерлеріне жаққанда триамцинолон қанға енуі және кортикостероидтарға тән жүйелі жағымсыз әсерлерін туындатуы мүмкін. Сонымен қатар, балалардың дамуы мен бойының өсуінде қосымша бұзылыстар туындауы мүмкін.
Препарат құрамындағы тетрациклин терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа сезімталдығы жоғары тері реакцияларын туындатуы мүмкін, зеңдер мен бактериялар тұрақты штамдарының өсуіне әкеледі.
Препаратты бет терісіне ұзақ қолдану тері атрофиясына және қантамырларының кеңеюіне әкелуі мүмкін.
Егер жоғарыда аталған қандай да бір реакциялар немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір басқа жағымсыз реакциялар пайда болса, олар туралы дәрігерге хабарлау қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» РММ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Полькодерм ТЦ препараты ішке қабылдауға емес, тек сыртқа қолдануға арналған.
Егер препарат терінің кең аймақтарында, үлкен дозаларда, окклюзиялық таңғыштың астында немесе зақымдалған теріге қолданылса, ол қанға еніп, кортикостероид немесе тетрациклиннің жүйелі әсерін тудыруы мүмкін
(«Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Кортикостероидпен созылмалы улану жағдайында препаратты қолдануды біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Препаратты ішке кездейсоқ қабылдаған жағдайда дереу дәрігерге немесе жақын маңайдағы жедел медициналық жәрдем пунктіне бару керек.
- Препарат тек сыртқа қолдануға арналған (теріге).
- Бүркілген заттың көзге түсуінен сақтану керек.
- Бүркілген затты деммен жұтпау керек.
- Препаратты әрбір жаққаннан кейін қолды сумен және сабынмен мұқият жуу керек.
- Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку керек.
Арнайы сақтандырулар
• Полькодерм ТЦ препараты тек қана теріге қолдануға арналған. Шырышты қабықтардың препаратпен жанасуынан сақтану керек.
• Көзді препарат тигізуден қорғау керек. Препаратты көзге тигізіп алған жағдайда, жылы сумен мұқият шаю қажет.
• Бүркілген затты деммен жұтпау керек.
• Егер препарат аппликациясы орнында тері тітіркенуі туындаса, дәрігерге қаралу қажет.
• Препаратты теріге ұзақ қолдану қантамырларының кеңеюі мен тері атрофиясына әкелуі мүмкін. Препаратты әсіресе бет терісіне сақтықпен қолдану қажет.
• Препарат жағылған тері беткейін бинтпен таңуға және окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды. Окклюзиялық (қатты таңу) таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде тетрациклин немесе триамцинолоннің жүйелі жағымсыз әсері дамуы мүмкін.
• Триамцинолон қанға тері арқылы сіңуі және иммунсупрессивті әсер етуі (организм төзімділігін төмендетуі) мүмкін. Сондықтан препаратты қолданған уақытта емделуші вирустық инфекцияларды (желшешек, қызылша) жұқтырудан сақтануы тиіс.
• Препаратты ұзақ уақыт немесе терінің ауқымды жерлеріне немесе жараларға қолданбаған жөн, тетрациклин және (немесе) триамцинолоннің жүйелі жағымсыз әсерінің даму қаупі бар.
• Триамцинолон, препараттың стероидты компоненті, қанға өтуі және гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесін бәсеңдетуді қоса (оның ішінде Кушинг синдромы көріністері, глюкозурия, қанда қант концентрациясының жоғарылауы), жүйелі әсерін туындатуы мүмкін. Триамцинолон жағымсыз әсерлерінің жүйелік симптомдары пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
• Емдеу кезінде күн сәулесі немесе жасанды ультракүгін сәуледен (мысалы, солярий) сақтану керек. Препаратта тетрациклин болғандықтан, терінің аллергиялық симптомдары (фотодерматит) пайда болуы мүмкін.
• Препаратты ұзақ қолдану зеңдер немесе тетрациклинге төзімді бактериялар штамдарының өсуіне, сондай-ақ тетрациклинге аллергияға әкелуі мүмкін.
Тетрациклинге төзімді бактериялар немесе зеңдер туындатқан инфекциялар дамыған жағдайда, дәрігер талапқа сай бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем тағайындауы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Тетрациклин немесе препараттың стероидты компоненті триамцинолонның жүйелік әсері мүмкіндігі ескеріле отырып, препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Балаларда дене беткейінің дене массасына арақатынасы ересектерге қарағанда артық, сондықтан гипоталамус–гипофиз–бүйрек үсті бездері (мысалы, Кушинг синдромы) жүйесі функциясының бұзылуын қоса, кортикостероидтардың жүйелік әсерінің қаупі ересектерге қарағанда жоғары. Мұнымен қоса, кортикостероидтарды ұзақ қолдану балалардың өсуі мен дамуын бұзуы мүмкін.
Жүктілік немес лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және механикалық жабдықтар қызметін көрсету қабілетіне әсер етуіне қатысты деректер жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрігерге қазіргі уақытта қолданып жүрген немесе соңғы уақытта қабылданған барлық препараттар туралы, тіпті рецептісіз босатылғандар туралы хабарлау қажет.
Емдеу кезінде басқа препараттарды бір мезгілде жергілікті қолданбаған жөн, өйткені бұл препарат аппликациясы орнындағы әсер етуші заттар концентрациясына әсер етуі және теріні тітіркендіруі мүмкін. Препаратты сүйек тініне әсер ететін препараттармен бір мезгілде ұзақ қолдану тетрациклин уыттылығын күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.
Баллонды тесуге және қыздыруға болмайды.
Қысымдағы баллон.
Толық босаған баллонды тастау керек.
ПРЕПАРАТ ЖЕҢІЛ ТҰТАНАДЫ, БАЛЛОНДЫ ОТТАН САҚТАУ КЕРЕК!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.