Польсуксанды қабылдау көптеген жағымсыз реакцияларға, соның ішінде қауіптілігі зор реакцияларға әкелуі мүмкін.
Көбірек жиілікпен бақыланатын жағымсыз реакциялар бұлшықет ауырулары, бұлшықет фасцикуляциясы және қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы болып табылады. Жеңіл брадикардия (әсіресе балаларда, ересектерде сиректеу болады) және миоглобинемия өте жиі бақыланады. Жиі жағымсыз әсерлер - көзішілік және асқазанішілік қысымның жоғарылауы және терінің гиперемиясы сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары болып табылады.
Келесі жағымсыз әсерлер қауіптірек болып табылады және сирек пайда болады, бірақ оларды Польсуксан енгізген кезде ескеру қажет: аритмияны және жүрек тоқтауын, қатерлі гипертермияны, анафилаксиялық шокты, рабдомиолиз және бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін миоглобинурияны тудыруы мүмкін сарысудағы калий деңгейінің фатальді жоғарылауы.
Өте жиі:
• қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы (көбірек жиілікте 0,5 ммоль/л шамалы жоғарылау байқалады), миоглобинемия (балалардың 20% -да, ересектерде сирек кездеседі). Бұл жағымсыз әсер дозаға байланысты емес және бұлшықет фасцикуляциясымен немесе онсыз байқалуы мүмкін.
• бұлшықет фасцикуляциялары
• аритмия (брадикардия, түйіндік ырғақ, эктопиялық экстрасистолалар) балалардың 50%-ында және ересектердің 20%-ында алғашқы вена ішіне инъекциялаудан кейін пайда болады. Жағдайлардың көп бөлігі нәрестелер мен ерте жастағы балаларда болады.
• бұлшықет түйілуінен кейінгі бұлшықет ауыруы көбінесе мойын, кеуде, иық және арқа аймағында, бұлшықет фасцикуляциясы (90%) әсіресе 20-50 жастағы жас пациенттерде кездеседі.
Жиі:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (терінің қызаруы, есекжем).
• көзішілік қысымның жоғарылауы
• гипотония, гипертония
• гистамин босап шығуынан терінің қызаруы
• асқазанішілік қысымның жоғарылауы (жүкті әйелдерде, асқазан мен ішектің атониясы бар, өңеш саңылауы диафрагмасы жарығы, асцит, құрсақ қуысы ісігі бар пациенттерде регургитация қаупі), сілекейдің артық шығуы.
Жиі емес:
• қысқа мерзімді артериялық гипертензия, гипотензия, тахикардия
• препарат енгізуден кейінгі жақсүйектің жеңіл ширығуы (60 секундқа дейінгі) - оны ұйықтататын дәрілерді (пропофол) және деполяризацияланбайтын миорелаксанттың аз дозасын енгізу арқылы азайтуға болады.
Сирек:
• плазма жалғанхолинэстеразасы бұзылған пациенттерде тұрақты апноэ, бронх түйілуі, ларингоспазм.
• қалыпты босаңсудың орнына бұлшықет жиырылуы (негізінен дистрофиялық миотониямен және туа біткен миотониямен байланысты). II типті блокада салдарынан тұрақты салдану жүйке-бұлшықет ауруларынан туындауы ықтимал немесе идиосинкразия нәтижесінде пайда болуы мүмкін, плазмадағы холинэстераза тұқым қуалайтын мутациясы, артық дозалану немесе плазмада холинэстераза деңгейі төмендеуі пайда болуы мүмкін.
• миоглобинурия және креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы, көбінесе суксаметоний және галотанмен емделген балаларда.
Өте сирек:
• тері гиперемиясымен және бронх түйілуімен немесе оларсыз және гипотензиямен анафилаксиялық шок, аллергиялық (анафилактоидты) реакциялар.
• қарыншалық фибрилляция және гиперкалиемиядан болатын жүректің тоқтауы.
• өмірге қауіпті гиперкалиемия, порфирия, бұлшықет сіресуі болатын немесе онсыз қатерлі гипертермия (шайнайтын бұлшықеттердің түйілуі), жүрек-қан тамыр асқынулары (тахикардия, гипервентиляция, артериялық қысым тұрақсыз болуы), дем шығару соңында СО2 концентрациясы жоғарылауы, дене температурасы жоғарылауы, ауыр ацидоз, гемоглобинурия және миоглобинурия.
• гиперкалиемия салдарынан болатын қарыншалық аритмия, қарыншалық фибрилляция, гиперкальциемия, суксаметонийден туындаған гиперкалиемияға байланысты жүректің тоқтауы, әсіресе қаңқа бұлшықетінің миопатиясы анықталмаған балаларда (Дюшенн бұлшықет дистрофиясы). Анафилаксиялық реакцияға байланысты қан айналымы бұзылуы.
• жүйке-бұлшықет ауруларындағы кешеуілдеген тыныс алу жеткіліксіздігі. Анафилаксиялық реакцияға байланысты бронх түйілуі. Тамақ пен өкпенің ісінуі.
• диагноз қойылған немесе диагноз қойылмаған жүйке-бұлшықет ауруы бар пациенттердегі жедел рабдомиолиз.
• миоглобинурия нәтижесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі (көбінесе бұлшықет дистрофиясы бар науқастарда).
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес):
• бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
• миоглобинемия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz