Әсер ету механизмі
Помалидомид ісікке қарсы тікелей миеломаға қарсы белсенділікке ие, иммуномодуляциялайтын әсерін көрсетеді және миеломаның ісік жасушаларының өсуін қолдайтын стромальді жасушаларды бәсеңдетеді. Помалидомид пролиферацияны іріктеп тежейді және ісіктің гематопоэздік жасушаларының апоптозын туындатады. Сонымен қатар, помалидомид леналидомидке төзімді көптеген миелома жасушалары желісінің пролиферациясын бәсеңдетеді және леналидомидке сезімтал және төзімді ісік жасушаларының апоптозын туындататын қабілеті бойынша дексаметазонмен синергизмге ие. Помалидомид Т-жасушалар мен табиғи киллерлердің қатысуымен жасушалық иммунитетті күшейтеді және моноциттердің қабынуға қарсы цитокиндерді (мысалы, ісік некрозы факторы-α мен интерлейкин-6) түзуін тежейді. Помалидомид сонымен қатар эндотелий жасушаларының көшуі мен адгезиясын бөгеп, ангиогенезді тежейді. Помалидомид дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) зақымдануын байланыстыратын 1 ақуызын (DDB1), куллин 4 (CUL4) және куллиндер реттегіші-1 (Roc1) қамтитын E3-лигаза кешенінің бөлігі болып табылатын цереблон ақуызымен (CRBN) тікелей байланысады және кешен ішінде CRBN аутоубиквитинделуін тежеуі мүмкін. E3 убиквитин-лигазалар көптеген ақуыз-субстраттардың полиубиквитинделуіне жауап береді және помалидомидпен емдеу кезінде байқалатын плейотропты жасушалық әсерлерді ішінара түсіндіре алады.
Помалидомидтің in vitro қатысуымен Aiolos және Ikaros субстраттық ақуыздары убиквитинделуге және одан әрі деградацияға нысана болады, бұл тікелей цитоуытты және иммуномодуляциялаушы әсерлерге әкеледі.
Помалидомидпен іn vivo емдеу леналидомидке рефрактерлі қайталанатын көптеген миелома бар пациенттерде Ikaros деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Помалидомид бортезомибпен және дексаметазонмен біріктірілімде
Бортезомибпен және дексаметазонмен біріктірілімде төмен дозадағы помалидомидтің тиімділігі мен қауіпсіздігі (Пом+Бтз+ТД-Декс) леналидомидті қоса, кем дегенде бір алдыңғы емдеу сызбасын қабылдаған және соңғы емнің аясында немесе одан кейін аурудың үдеуі көрініс берген көптеген миеломасы бар бұрын емделген пациенттерде III фазаның көп орталықты, рандомизацияланған, ашық зерттеуінде (CC-4047-MM-007) бортезомибпен және дексаметазонмен төмен дозада (Бтз+ТД-Декс) салыстырылды. Зерттеуге барлығы 559 пациент қатыстырылды және рандомизацияланды: 281 - Пом+Бтз+ТД-Декс тобына және 278 - Бтз+ТД-Декс тобына. 54% пациент ер адамдар болды, жалпы популяциядағы орташа жас 68 жасты құрады (ең төмен: 27 жас, ең жоғары: 89 жас). 70 %-ға жуық пациенттер леналидомидке рефрактерлі болды (71,2 % Пом+Бтз+ТД-Декс тобында, 68,7 % Бтз+ТД-Декс тобында). 40 %-ға жуық пациент 1-ші қайталануда болды, және 73 %-ға жуық пациент бортезомибті алдыңғы ем ретінде қабылдаған.
Пом+Бтз+ТД-Декс тобындағы пациенттер 4 мг помалидомидті әр 21 күндік циклдың 1-ден 14-ші күніне дейін пероральді түрде қабылдады. Бортезомиб (1,3 мг/м2/доза) зерттеудің екі тобындағы пациенттерге 1-ден 8-ге дейінгі циклдарда әр 21 күндік циклдың 1, 4, 8 және 11 күндері; және 9 бен одан кейінгі циклдар үшін әр 21 күндік циклдың 1 және 8 күндері тағайындалды. Дексаметазонның төмен дозалары (күніне 20 мг [≤ 75 жас] немесе күніне 10 мг [> 75 жас]) зерттеудің екі тобындағы пациенттерге 1-ден 8-ге дейінгі циклдарда әрбір келесі 21 күндік циклдың 1, 2, 4, 5, 8, 9, 11 және 12 күндері; және 9-шы циклдан бастап және әрі қарай әр 21 күндік циклдың 1, 2, 8 және 9 күндері тағайындалды. Дозалар төмендетілді, ал уыттылығын басу үшін, қажеттілігіне қарай емдеу уақытша үзілді немесе тоқтатылды (4.2 бөлімін қараңыз).
Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) болды, оны емделу мақсатындағы популяцияда (ITT) Миеломаны зерттеу жөніндегі халықаралық жұмыс тобының (IMWG) критерийлеріне сәйкес Жауаптарды бағалау жөніндегі тәуелсіз комитет (IRAC) бағалады. 15,9 айлық бақылау медианасынан кейін ҮТҚ медианасы Пом+Бтз+ТД-Декс тобында 11.20 айды құрады (95% СА: 9.66, 13.73). Бтз+ТД-Декс тобында ҮТҚ медианасы 7.1 айды құрады (95% СА: 5.88, 8.48).
Жалпы тиімділік бойынша жиынтық деректер 2017 ж. 26 қазандағы деректерді қию күнін пайдаланумен 8-кестеде ұсынылған. ITT популяциясындағы ҮТҚ үшін Каплан-Мейер қисығы 1-суретте берілген.
8-кесте. Жалпы тиімділігі бойынша жиынтық деректер
Пом+Бтз+ТД-Декс (N = 281) — Бтз+ТД-Декс (N = 278)
ҮТҚ (айлар)
Уақыт медианасыа (95% СА)b — 11.20 (9.66, 13.73) — 7.10 (5.88, 8.48)
ҚҚс (95% СА), p-мәніd — 0.61 (0.49, 0.77), < 0.0001
ЖЖЖ, n (%) — 82.2 % — 50.0%
қТЖ — 9 (3.2) — 2 (0.7)
ТЖ — 35 (12.5) — 9 (3.2)
ӨЖІЖ — 104 (37.0) — 40 (14.4)
ІЖ
МҚ (95% СА)е, p-мәніb — 5.02 (3.35, 7.52), < 0.001
ЖҰ (айлар)
Уақыт медианасыа (95% СА)b — 13.7 (10.94, 18.10) — 10.94 (8.11, 14.78)
ҚҚс (95% СА) — 0.76 (0.56, 1.02)
Пом = помалидомид; Бтз = бортезомиб; ТД-Декс = төмен дозадағы дексаметазон; ҮТҚ = үдеусіз тіршілік қабілеті; СА = сенімді аралық; ҚҚ = қауіптер қатынасы; ЖЖЖ = жалпы жауап жиілігі; қТЖ = қатаң толық жауап; ТЖ = толық жауап; ӨЖІЖ = өте жақсы ішінара жауап; ІЖ = ішінара жауап; МҚ = мүмкіндіктер қатынасы; ЖҰ = жауап ұзақтығы.
a Медианасы Каплан-Мейер бағалауына негізделген.
b 95% СА медианаға қатысты.
c Кокстың пропорционалды қауіптер моделі негізінде.
d p-мәні стратификацияланған лог-ранг тестіне негізделген.
e Мүмкіндіктер қатынасы Пом+Бтз+ТД-Декс үшін: Бтз+ТД-Декс.
f p-value мәні жас бойынша стратификацияланған Кохран-Мантель-Хензель тестіне (> 75 қарсы < = 75), алдыңғы миеломаға қарсы сызбалар санына (1 қарсы > 1) және скрининг кезіндегі бета-2-микроглобулин деңгейіне (< 3,5 мг/л қарсы ≥ 3,5 мг/л - ≤ 5,5 мг/л қарсы > 5,5 мг/л) негізделген.
Емдеу ұзақтығының медианасы Пом+Бтз+ТД-Декс тобында 8.8 айды (12 емдік цикл) және Бтз+ТД-Декс тобында 4.9 айды (7 емдік цикл) құрады.
ҮТҚ қатысты артықшылық бұрын бір ғана ем желісін алған пациенттерде айқынырақ болды. Миеломаға қарсы емнің алдыңғы 1 желісін алған пациенттерде ҮТҚ медианасы Пом+Бтз+ТД-Декс тобында 20.73 айды (95% СА: 15.11, 27.99) және Бтз+ТД-Декс тобында 11.63 айды құрады (95% СА: 7.52, 15.74). Қауіптің 46 %-ға төмендеуі Пом+Бтз+ТД-Декс емдеу кезінде байқалды (ҚҚ = 0.54, 95% СА: 0.36, 0.82).
1-сурет. IMWG критерийлері (стратификацияланған лог-ранг критерийі) бойынша IRAC жауабын бағалау негізіндегі үдеусіз тіршілік қабілеті (ITT популяция).
Үдеусіз тіршілік қабілетінің жиілігіҮдеусіз тіршілік қабілетінің жиілігі1 = 11.20 (9.66, 13.73)2 = 7.10 (5.88, 8.48)1 = 11.20 (9.66, 13.73)2 = 7.10 (5.88, 8.48)Қауіп тобындағы пациенттер саныҚауіп тобындағы пациенттер саны1: Пом+Бтз+НД-Декс2: Бтз+НД-ДексОқиғалар: 1 = 154, 2 = 162лог-ранг критерийінің p-мәні = <0,0001 (2 жақты)ҚҚ (1 қарсы 2) (95% СА): 0.61 (0.49, 0.77)Каплан-Мейер медианасы айлармен (95% СА): 1: Пом+Бтз+НД-Декс2: Бтз+НД-ДексОқиғалар: 1 = 154, 2 = 162лог-ранг критерийінің p-мәні = <0,0001 (2 жақты)ҚҚ (1 қарсы 2) (95% СА): 0.61 (0.49, 0.77)Каплан-Мейер медианасы айлармен (95% СА):
ҮТҚ – рандомизациядан бастап уақыт (айлар)
Деректерді қию күні: 26 қазан 2017 жыл
2022 жылғы 13 мамырдағы деректерді қию күнін пайдаланып жүргізілген жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТҚ) түпкілікті талдауында (бақылау кезеңінің медианасы 64,5 ай) Каплан-Мейер бағалауы бойынша ЖТҚ уақытының медианасы Пом+Бтз+ТД-Декс тобы үшін 35,6 айды және Бтз+ТД-Декс тобы үшін 31,6 айды құрады; ҚҚ = 0.94, 95% СА: -0.77, 1.15, оқиғалардың жалпы жиілігі 70.0%. ЖТҚ талдауы кейінгі емді есепке ала отырып түзетілген жоқ.
Помалидомид дексаметазонмен біріктірілімде
Дексаметазонмен біріктірілген помалидомидтің тиімділігі мен қауіпсіздігі III фазаның көп орталықты, рандомизацияланған, ашық зерттеуінде (CC-4047-MM-003) бағаланды, оған леналидомид пен бортезомибті қоса, кем дегенде екі алдыңғы емдеу сызбасын алған қайталанған және рефрактерлі көптеген миеломасы бар бұрын емделген ересек пациенттерде помалидомид плюс дексаметазонның төмен дозаларымен емдеу (Пом+ТД-Декс) дексаметазонның жоғары дозаларымен (ЖД-Декс) салыстырылды және соңғы емде аурудың үдегені көрсетілді. Зерттеуге барлығы 455 пациент қамтылды: Пом+ТД-Декс тобында 302 және ЖД-Декс тобында 153. Пациенттердің көпшілігі ерлер (59%) және ақ өңді (79%) болды; орташа жасы 64 жасты құрады (ең төмен: 35 жас, ең жоғары: 87 жас).
Пом+ТД-Декс тобындағы пациенттер әр 28 күндік циклдың 1-ден 21-ші күніне дейін 4 мг помалидомидті пероральді қабылдады. ТД-Декс (40 мг) әр 28 күндік циклдың 1, 8, 15 және 22 күндері күніне бір рет тағайындалды. ЖД-Декс тобында дексаметазон (40 мг) әр 28 күндік циклдың 1-ден 4, 9-дан 12 және 17-ден 20 дейінгі күндері күніне бір рет тағайындалды. 75-тен асқан пациенттер емделуді 20 мг дексаметазоннан бастады. Емдеу аурудың үдеуіне дейін жалғасты.
Миеломаны зерттеу жөніндегі халықаралық жұмыс тобының (IMWG) критерийлері бойынша тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) болды. Емделу мақсатындағы популяцияда (ITT) Жауаптарды бағалау жөніндегі тәуелсіз комитет (IRAC) шолуының нәтижелері бойынша ҮТҚ уақыт медианасы IMWG критерийлері негізінде
Пом+ТД-Декс тобында 15.7 аптаны құрады (95% СА: 13.0, 20.1); есептік 26 апталық оқиғасыз тіршілік қабілеті 35.99% (±3.46%) құрады. ЖД-Декс тобында ҮТҚ уақыт медианасы 8.0 аптаны құрады (95% СА: 7.0, 9.0); есептік 26 апталық оқиғасыз тіршілік қабілеті 12.15% (±3.63%) құрады.
ҮТҚ бағалау тиісті қосалқы топтардың бірнешеуінде жүргізілді: жынысы, нәсілі, ECOG шкаласы бойынша тиімділік статусы, стратификация факторлары (жасы, ауру популяциясы, алдыңғы миеломаға қарсы ем [2, > 2]), жеке болжамдық маңызды параметрлер (бета-2-микроглобулиннің бастапқы деңгейі және цитогенетикалық қауіп), сондай-ақ алдыңғы миеломаға қарсы емге бейімділігі және рефрактерлігі. Бағалау жүргізілген қосалқы топқа байланыссыз, ҮТҚ көрсеткіштері жалпы алғанда екі емдеу тобында да ITT популяциясында байқалғандарға сәйкес болды.
ITT популяциясындағы ҮТҚ туралы жиынтық деректер 9-кестеде ұсынылған. ITT популяциясындағы ҮТҚ бағалау үшін Каплан-Мейер қисығы 2-суретте берілген.
9-кесте. IMWG критерийлері (стратификацияланған лог-ранг критерийі) негізіндегі IRAC шолу деректері бойынша үдеусіз тіршілік қабілетінің уақыты (ITT популяция)
Пом+ТД-Декс (N=302) — ЖД-Декс (N=153)
Үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ), N — 302 (100.0) — 153 (100.0)
Цензураланған, n (%) — 138 (45.7) — 50 (32.7)
Үдеу/өлім, n (%) — 164 (54.3) — 103 (67.3)
Үдеусіз тіршілік қабілетінің уақыты (апталар)
Медиана a — 15.7 — 8.0
Екі жақты 95% САb — [13.0, 20.1] — [7.0, 9.0]
Қауіптер қатынасы (Пом+ТД-Декс: ЖД-Декс) Екі жақты 95% САc — 0.45 [0.35,0.59]
Лог-ранг критерийі Екі жақты р -мәніd — <0.001
Ескертпе: СА – сенімді аралық; IRAC – жауапты бағалау жөніндегі тәуелсіз комитет; NE - бағалауға жатпайды.
a Медиана Каплан-Мейер бағасына негізделді.
b Үдеусіз тіршілік қабілеті уақытының медианасына қатысты 95% сенімді аралық.
c Жасы бойынша (≤ 75 қарсы <75) стратификацияланған емдеу топтарымен байланысты қауіп функцияларын, аурулар популяцияларын (леналидомидке және бортезомибке рефрактерлі түрлері белсенді заттың екеуіне де рефрактерлі емес түрлеріне қарсы) және миеломаға қарсы емнің алдыңғы санын (> 2 қарсы = 2) салыстыратын Кокс пропорционалды қауіптерінің моделі негізінде.
d р-мәні жоғарыда келтірілген Кокс моделіндегі сияқты стратификация факторларымен бірге стратификацияланған лог-ранг тестісіне негізделді.
ЖД-ДексПом+ТД-ДексЖД-ДексПом+ТД-ДексПом+ТД-Декс қарсы ЖД-Декслог-ранг критерийінің р-мәні = <0.001 (2 жақты)ҚҚ (95% СА) 0.45 (0.35, 0.59)Оқиғалар: Пом+НД-Декс = 164/302, ВД-Декс = 103/153Пом+ТД-Декс қарсы ЖД-Декслог-ранг критерийінің р-мәні = <0.001 (2 жақты)ҚҚ (95% СА) 0.45 (0.35, 0.59)Оқиғалар: Пом+НД-Декс = 164/302, ВД-Декс = 103/153Пациенттер үлесіПациенттер үлесіДеректерді қию күні: 7 қыркүйек 2012 ж.
Үдеусіз тіршілік қабілеті (апталар)
Деректерді қию күні: 7 қыркүйек 2012 ж.
Жалпы тіршілік қабілеті зерттеудің негізгі екіншілік соңғы нүктесі болды. Деректерді қию күнінде (07 қыркүйек 2012 ж.) Пом+ТД-Декс қабылдаған 226 пациент (74,8%) тірі болды, және ЖД-Декс қабылдаған 95 пациент (62,1%) тірі болды. Каплан-Мейер бағалауы бойынша ЖТҚ медианасына Пом+ТД-Декс үшін қол жеткізілген жоқ, бірақ ол 48 аптадан кем болмайды деп күтіледі, бұл 95% СА төменгі шекарасы болып табылады. ЖД-Декс тобы үшін ЖТҚ уақытының медианасы 34 аптаны құрады (95% СА: 23.4, 39.9). 1 жыл ішінде оқиғалардың болмауының көрсеткіші Пом+ТД-Декс тобы үшін 52.6 % (± 5.72 %) және ЖД-Декс тобы үшін 28.4 % (± 7.51 %) құрады. Екі емдеу тобы арасындағы ЖТҚ көрсеткіштерінің айырмашылығы статистикалық тұрғыда мәнді болды (p < 0,001).
Жалпы тіршілік қабілеті ITT популяциясы үшін 10-кестеде келтірілген. ITT популяциясындағы ЖТҚ үшін Каплан-Мейер қисығы 3-суретте берілген. ҮТҚ және ЖТҚ соңғы нүктелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, осы зерттеу үшін құрылған Деректерді мониторингтеу жөніндегі комитет зерттеуді аяқтауды және ЖД-Декс тобындағы пациенттерді Пом+ТД-Декс тобына ауыстыруды ұсынды.
10-кесте. Жалпы тіршілік қабілеті: ITT популяциясы
Статистика — Пом+ТД-Декс (N=302) — ЖД-Декс (N=153)
N — 302 (100.0) — 153 (100.0)
Цензураланған — n (%) — 226 (74.8) — 95 (62.1)
Өлім жағдайлары — n (%) — 76 (25.2) — 58 (37.9)
Тіршілікке қабілеттілік уақыты (апталар) — Медианаа — NE — 34.0
Екі жақты 95% САb — [48.1, NE] — [23.4, 39.9]
Қауіптер қатынасы (Пом+ТД-Декс: ЖД-Декс) [Екі жақты 95% САc] — 0.53 [0.37, 0.74]
Лог-ранг критерийі, екі жақты p-мәніd. — <0.001
Ескертпе: СА – сенімді аралық; NE - бағалауға жатпайды.
a Медиана Каплан-Мейер бағасына негізделді.
b Жалпы тіршілік қабілетінің медианасына қатысты 95% сенімді аралық.
c Емдеу топтарымен байланысты қауіп функцияларын салыстыратын Кокс пропорционалды қауіптерінің моделі негізінде.
d р-мәні стратификацияланған лог-ранг тестісіне негізделді.
Деректерді қию күні: 7 қыркүйек 2012 ж.
Пом+ТД-Декс қарсы ЖД-ДексЛог-рангкритерийінің p-мәні = <0.001 (2-жақты)ҚҚ (95% СА) 0.53 (0.37, 0.74)Каплан Мейер медианасы: Пом+ТД-Декс = NE [48.1, NE]Каплан Мейер медианасы: ЖД -Декс = 34.0 [23.4, 39.9]Оқиғалар: Пом+ТД-Декс = 75/284, ЖД-Декс = 56/139Пом+ТД-Декс қарсы ЖД-ДексЛог-рангкритерийінің p-мәні = <0.001 (2-жақты)ҚҚ (95% СА) 0.53 (0.37, 0.74)Каплан Мейер медианасы: Пом+ТД-Декс = NE [48.1, NE]Каплан Мейер медианасы: ЖД -Декс = 34.0 [23.4, 39.9]Оқиғалар: Пом+ТД-Декс = 75/284, ЖД-Декс = 56/139ЖД-ДексПом+ТД-ДексЖД-ДексПом+ТД-ДексПациенттер үлесіПациенттер үлесі3-сурет. Жалпы тіршілік қабілетінің Каплан-Мейер қисығы (ITT популяция)
Жалпы тіршілік қабілеті (апталар)
Деректерді қию күні: 7 қыркүйек 2012 ж
Балалар
Дозаны жоғарылату мақсатымен жүргізілген бір рангті ашық зерттеуде помалидомидтің ең жоғары жағымды дозасы (ЖЖД) және/немесе 2 фазадағы ұсынылатын дозасы (RP2D) қайталанған 28 күндік циклдың 1-ші күнінен 21-ші күніне дейін педиатриялық пациенттер үшін ішке қабылдаған кезде күніне 2,6 мг/м2 құрады.
Препараттың тиімділігі қайталанған немесе үдемелі жоғары дәрежедегі глиомасы, медуллобластомасы, эпендимомасы немесе бастапқыда орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) шоғырланатын көпірдің диффуздық ішкі глиомасы (DIPG) бар 4-тен 18 жасқа дейінгі 52 балада жүргізілген 2 фазаның көп орталықты, ашық, қатарлас зерттеуінде көріністелді.
2 фазадағы зерттеу барысында ауырлығы жоғары дәрежедегі глиома тобында (N = 19) екі пациент хаттамамен анықталған жауапқа қол жеткізді; осы пациенттердің біреуі ішінара жауапқа (ІЖ), ал екіншісі – аурудың ұзақ тұрақтануына (ҰТ) жетті, соның нәтижесінде объективті жауаптың (ОЖ) және ұзақ мерзімді ҰТ жиілігі 10.5% құрады (95% СА: 1.3, 33.1). Эпендимома тобында (N = 9) бір пациент ұзақ мерзімді ҰТ қол жеткізді, соның нәтижесінде ОЖ және ұзақ мерзімді ҰТ 11.1% құрады (95% СА: 0.3, 48.2). Көпірдің диффуздық ішкі глиомасы (DIPG) тобында да (N = 9), медуллобластома тобында да (N = 9) бағаланған пациенттердің ешқайсысында расталған ОЖ немесе ұзақ мерзімді ҰТ болған жоқ. 2 фазадағы зерттеуге қатысқан 4 параллель топтардың ешқайсысы бастапқы соңғы нүктеге – объективті жауапқа немесе аурудың ұзақ тұрақтануына жете алған жоқ.
Балаларда помалидомидтің жалпы қауіпсіздік бейіні ересектердегі белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес болды. Фармакокинетикалық (ФК) параметрлері 1 және 2 фаза зерттеулерінде ФК кешенді талдауында бағаланды және ересек пациенттерде байқалғандардан елеулі өзгешеліктері болған жоқ (5.2 бөлімін қараңыз).