Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
• Помалидомид бортезомибпен және дексаметазонмен біріктірілімде
Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар бәрінен жиірек анықталды: нейтропения (54,0%), тромбоцитопения (39,9%) және анемия (32,0%). Шеткері сенсорлы нейропатия (48,2%), шаршау (38,8%), диарея (38,1%), іш қату (38,1%) және шеткері ісіну (36,3%) туралы хабарламалар бәрінен жиірек келіп түсті. Ең көп таралған 3-ші немесе 4-ші дәрежедегі жағымсыз реакциялар қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан реакциялар болды: нейтропения (41,7%), тромбоцитопения (28,1%) және анемия (15,1%). Хабарланған таралымы ең көп күрделі жағымсыз реакция пневмония (12,2 %) болды. Басқа күрделі жағымсыз реакциялар қызба (4,3%), төменгі тыныс жолдарының инфекциясын (3,6%), өкпе эмболиясын (3,2%), тұмау (3,6%), жыпылықтағыш аритмия (3,2%) және бүйректің жедел зақымдануын (2,9%) қамтиды.
• Помалидомид дексаметазонмен біріктірілімде
Клиникалық зерттеулерде анемия (45,7%), нейтропения (45,3%) және тромбоцитопенияны (27%) қоса, қан жүйесі мен лимфа жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар бәрінен жиірек хабарланды. Жалпы бұзылыстар мен препаратты енгізген жердегі асқынулар да байқалды, атап айтқанда: шаршау (28,3%), қызба (21%) және шеткері ісіну (13%). Инфекциялар және инвазиялар кезінде пневмония (10,7%) пайда болды. Шеткері невропатия пациенттердің 12,3%-да, вена немесе тромбоз эмболиясының жағдайлары пациенттердің 3,3%-да хабарланды. Нейтропения (41,7%), анемия (27%) және тромбоцитопенияны (20,7%) қоса, қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан 3-ші немесе 4-ші дәрежедегі жағымсыз реакциялар бәрінен жиірек хабарланды. Инфекциялар және инвазиялар кезінде, пневмонияны қоса (9%); жалпы бұзылыстар және препаратты енгізген жердегі асқынулар байқалды, атап айтқанда: шаршау (4,7%), қызба (3%) және шеткері ісіну (1,3%). Хабарланған ең көп таралған күрделі жағымсыз реакция пневмония (9,3%) болды. Басқа күрделі жағымсыз реакциялар фебрильді нейтропения (4,0%), нейтропения (2,0%), тромбоцитопения (1,7%) және вена немесе тромбоэмболия реакциясын (1,7%) қамтыды. Жағымсыз реакциялар, әдетте, помалидомидпен емдеудің алғашқы 2 циклы ішінде туындайды.
Кесте түріндегі жағымсыз реакциялар тізімі.
Ағзалық кластар жүйесі (АКЖ), барлық жағымсыз реакциялар жиілігі және 3-ші және 4-ші дәрежедегі жағымсыз реакциялар үшін жиілікте 7 кестеде келтірілген помалидомидті бортезомибпен және дексаметазонмен біріктіріп, сондай-ақ помалидомидті дексаметазонмен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде байқалатын жағымсыз реакциялар.
Жағымсыз реакциялар жиілігі ағымдағы ұсынымдарға сәйкес: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін) және жиі емес (≥ 1/1000-нан <1 /100 дейін), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) болып белгіленген.
7 кесте.
Клиникалық зерттеулер және маркетингтен кейінгі қадағалау барысында тіркелген жағымсыз реакциялар.
Помалидомид/бортезомиб/ дексаметазон — Помалидомид/дексаметазон
Жүйе-ағза класы/ұтымды термин — Барлық жағымсыз реакциялар/жиілігі — 3-4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар/ жиілігі — Барлық жағымсыз реакциялар/ жиілігі — 3-4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар/ жиілігі
Инфекциялар және инвазиялар — Өте жиі Пневмония, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, жоғарғы тыныс жолдарының вирустық инфекциясы, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциялары Жиі Сепсис, сепсистік шок, жалған жарғақшалы колит, тыныс жолдарының инфекциялары, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, өкпе инфекциясы, капиллярлы бронхит — Өте жиі Пневмония. Жиі Бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, сепсис, сепсистік шок, жалған жарғақшалы колит, тыныс жолдарының инфекциялары, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, тұмау, капиллярлы бронхит, несеп шығару жолдарының инфекциялары Жиі емес өкпе инфекциясы, — Өте жиі Пневмония (бактериялық, вирустық және зеңді этиологиядағы, шартты-патогенді инфекцияларды қоса) Жиі Бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, нейтропениялық сепсис, бронхопневмония, тыныс жолдарының инфекциялары, назофарингит, белдемелі герпес Белгісіз* В гепатитінің қайта белсенділенуі — Жиі Пневмония. (бактериялық, вирустық және зеңді этиологиядағы, шартты-патогенді инфекциларды қоса) Жиі Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, нейтропениялық сепсис, бронхопневмония, тыныс жолдарының инфекциялары Жиі емес Бронхит, белдемелі герпес Белгісіз* В гепатитінің қайта белсенділенуі
Қатерсіз, қатерлі және нақты анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі Негіздік-жасушалы карцинома — Жиі емес Негіздік-жасушалы карцинома — Жиі емес Терінің негіздік-жасушалы обыры, терінің жалпақ жасушалы обыры — Жиі емес Терінің негіздік-жасушалы обыры, терінің жалпақ жасушалы обыры
Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан — Өте жиі Нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, анемия Жиі Фебрильді нейтропения, лимфопения — Өте жиі Нейтропения, тромбоцитопения, анемия Жиі Фебрильді нейтропения, лейкопения, лимфопения — Өте жиі Нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, анемия Жиі Фебрильді нейтропения, панцитопения* — Өте жиі Нейтропения, тромбоцитопения, анемия Жиі Фебрильді нейтропения лейкопения, панцитопения*
Иммундық жүйе тарапынан — Белгісіз* Анафилаксиялық реакция, қатты ағзалар трансплантатының қабылданбай ажырауы — Белгісіз* Анафилаксиялық реакция — Жиі* Квинке ісінуі, есекжем — Жиі емес* Квинке ісінуі, есекжем
Эндокриндік жүйе тарапынан — Жиі емес* Гипотиреоз
Зат алмасу, ас қорыту және метаболизм бұзылулары — Өте жиі Гипокалиемия, гипергликемия Жиі Гипомагниемия, гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперкалиемия, гиперкальциемия — Жиі Гипокалиемия, гипергликемия, гипомагниемия, гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперкалиемия, гиперкальциемия — Өте жиі Тәбет төмендеуі Жиі Гипокалиемия, гипонатриемия, гиперурикемия* Жиі емес Ісік лизисі синдромы* — Жиі Гипокалиемия, гипонатриемия, гиперурикемия* Жиі емес Тәбет төмендеуі, Ісік лизисі синдромы*
Психика тарапынан — Өте жиі Ұйқысыздық Жиі Депрессия — Жиі Депрессия, ұйқысыздық — Жиі Сананың шатасуы — Жиі Сананың шатасуы
Жүйке жүйесі тарапынан — Өте жиі Шеткері сенсорлы нейропатия, бас айналу, тремор Жиі Синкопе, шеткері сенсорлы нейропатия, парестезия, дисгевзия — Жиі Синкопе, шеткері сенсорлы нейропатия, шеткері сенсормоторлы нейропатия Жиі емес бас айналу, тремор — Жиі Шеткері сенсорлы нейропатия, бас айналу, тремор, сана деңгейінің төмендеуі, бассүйекішілік қан құйылу* Жиі емес Ми қан айналымының бұзылуы* — Жиі Сана деңгейінің төмендеуі Жиі емес Шеткері сенсорлы нейропатия, бас айналу, тремор, бассүйекішілік қан құйылу*, ми қан айналымының бұзылуы*
Көру мүшелері тарапынан — Жиі Катаракта — Жиі Катаракта
Есту мүшелері және құлақ иірі тарапынан — Жиі Бас айналу — Жиі Бас айналу
Жүрек тарапынан — Жиі Жыпылықтағыш аритмия — Жиі Жыпылықтағыш аритмия — Жиі Жыпылықтағыш аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі — Жиі Жыпылықтағыш аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, Жиі емес Миокард инфарктісі*
Тамырлар тарапынан — Жиі Терең веналар тромбозы, гипотензия, гипертензия — Жиі Гипотензия, гипертензия Жиі емес Терең веналар тромбозы — Жиі Терең веналар тромбозы — Жиі емес Терең веналар тромбозы
Тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан — Өте жиі Ентігу, жөтел Жиі Өкпе эмболиясы — Жиі Өкпе эмболиясы, ентігу — Өте жиі Ентігу, жөтел Жиі Өкпе эмболиясы, мұрыннан қан кету*, өкпенің интерстициалды ауруы* — Жиі Ентігу, Жиі емес Өкпе эмболиясы, жөтел, мұрыннан қан кету*, өкпенің интерстициалды ауруы*
Асқазан-ішек жолы тарапынан — Өте жиі Диарея, құсу, жүрек айну, іш қату, іштің ауыруы Жиі Іштің жоғарғы бөлімінің ауыруы, стоматит, ауыз кеберсуі, іштің кебуі — Жиі Диарея, құсу, жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату Жиі емес Іштің жоғарғы бөлімінің ауыруы, стоматит, жүрек айну, іштің кебуі — Өте жиі Диарея, жүрек айну, іш қату Жиі Құсу, асқазан-ішектен қан кету — Жиі Диарея, құсу, іш қату Жиі емес Жүрек айну, асқазан-ішектен қан кету
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан — Жиі емес Гипербилирубинемия, гепатит* — Жиі емес Гипербилирубинемия
Тері және тері асты шелі тарапынан — Өте жиі Бөртпе — Жиі Бөртпе — Жиі Бөртпе, қышыну Белгісіз Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция*, уытты эпидермалық некролиз*, Стивенс-Джонсон синдромы* — Жиі Бөртпе Белгісіз Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция*, уытты эпидермалық некролиз*, Стивенс-Джонсон синдромы*
Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тін тарапынан — Өте жиі Бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы, бұлшықеттер құрысуы Жиі Сүйектердің ауыруы — Жиі Бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы Жиі емес Сүйектердің ауыруы — Өте жиі Сүйектердің ауыруы, бұлшықеттер құрысуы — Жиі Сүйектердің ауруы Жиі емес Бұлшықет тер құрысуы
Бүйрек және несеп бөлу жүйесі тарапынан — Жиі Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, несеп шығару іркілісі — Жиі Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, несеп шығару іркілісі — Жиі Бүйрек жеткіліксіздігі, несеп шығару іркілісі — Жиі Бүйрек жеткіліксіздігі Жиі емес Несеп шығару іркілісі
Ұрпақ өрбіту жүйесінің ағзалары және сүт бездері тарапынан — Жиі Жамбас аумағының ауыруы — Жиі Жамбас аумағының ауыруы
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар — Өте жиі Қажу, ысыну, шеткері ісінулер Жиі Шығу тегі кардиальді емес кеуденің ауыруы — Жиі Қажу, ысыну, шығу тегі кардиальді емес кеуденің ауыруы шеткері ісінулер, ісінулер — Өте жиі Қажу, ысыну, шеткері ісінулер — Жиі Қажу, ысыну, шеткері ісінулер
Зертханалық және құралмен тексеру деректері — Жиі АЛТ деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі — Жиі Дене салмағының төмендеуі АЛТ деңгейінің жоғарылауы — Жиі АЛТ деңгейінің жоғарылауы, нейтрофилдер санының азаюы, лейкоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы несеп қышқылының жоғарылауы* — Жиі АЛТ деңгейінің жоғарылауы, нейтрофилдер санының азаюы, лейкоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы Жиі емес Қандағы несеп қышқылының жоғарылауы*
Жарақаттар, уланулар және емшаралық асқынулар — Жиі Құлап қалу — Жиі Құлап қалу
* Маркетингтен кейінгі кезеңде туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар*
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Жағымсыз реакциялар жиілігі помалидомидпен бортезомибпен және дексаметазонмен (Pom+Btz+Dex) немесе дексаметазонмен (Pom+Dex). біріктірілімде ем қабылдаған пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулерден алынды.
Тератогенділік
Помалидомид құрылымдық жағынан талидомидпен байланысты. Талидомид – ауыр туа біткен ақауларды тудыратын адамға тератогенді әсері бар белгілі дәрілік зат. Помалидомидтің негізгі органогенез кезеңінде енгізу кезінде егеуқұйрықтар үшін де, үй қояндары үшін де тератогенді екені анықталды. Егер помалидомид жүктілік кезінде қолданылса, дәрілік заттың адамға тератогенді әсері күтіледі.
Нейтропения және тромбоцитопения
Клиникалық зерттеулерде (Pom+Btz+Dex) помалидомидпен біріктірілген ем қабылдаған пациенттерде нейтропения пациенттердің 54,0%-да байқалды (оның ішінде 3-ші немесе 4-ші дәрежесінде 47,1%). Нейтропения дамыған жағдайлар пациенттердің 0,7%-да помалидомидпен емді үзуге әкелді және күрделі болуы жиі емес.
Пациенттердің 3,2% (Pom+Btz+Dex) және 6,7% (Pom+Dex) бөлігінде фебрильді нейтропения жағдайлары мәлімделді, оның ішінде пациенттердің 1,8% (Pom+Btz+Dex) және 4,0% (Pom+Dex) бөлігінде күрделі болып саналды.
Клиникалық зерттеулер кезінде помалидомидпен біріктірілген ем қабылдаған пациенттерде тромбоцитопения пациенттердің 27,0% (Pom+Dex) және 39,9% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде туындады. Тромбоцитопения 3-ші немесе 4-ші дәрежесінде пациенттердің 20,7% (Pom+Btz) және 28,1% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде туындады, бұл пациенттердің 0,7%-да (Pom+Btz+Dex) помалидомидпен емді үзуге әкелді және пациенттердің 0,7% (Pom+Btz+Dex) және 1,7% (Pom+Dex) бөлігінде күрделі болып саналды.
Нейтропения және тромбоцитопения бортезомибпен және дексаметазонмен немесе дексаметазонмен біріктірілімде помалидомидпен алғашқы екі емдеу циклының ішінде жиірек туындады.
Инфекция
Инфекция ең көп таралған гематологиялық емес уыттылық көрінісі болды.
Клиникалық зерттеулер кезінде помалидомидпен біріктірілген ем қабылдаған пациенттерде инфекция жұқтыру пациенттердің 55,0% (Pom+Dex) және 83,1% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде туындады (оның ішінде 24,0% (Pom+Dex) және 34,9% (Pom+Btz+Dex) бөлігі 3-ші немесе 4-ші дәрежеде). Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және пневмония инфекциялардың ең көп жиі көріністері болды. Өлімге ұшырататын инфекциялар (5-ші дәрежедегі) пациенттердің 2,7% (Pom+Dex) және 4,0% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде болды. Инфекциялар пациенттердің 2,0% (Pom+Dex) және 3,6% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде помалидомидпен емді тоқтатуға алып келді.
Тромбоэмболиялық асқынулар
Клиникалық зерттеулерде ацетилсалицил қышқылымен (және жоғары қауіп бар пациенттер үшін басқа антикоагулянттармен) профилактика барлық пациенттер үшін міндетті болды. Антикоагуляциялық ем ұсынылады (егер ол қарсы көрсетілімді болмаса).
Клиникалық зерттеулер кезінде помалидомидпен біріктірілген ем қабылдаған пациенттерде венаның тромбоэмболиялық асқынулары пациенттердің 3,3% (Pom+Dex) және 12,2% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде кездесті (оның ішінде 1,3% (Pom+Dex) және 5,8 % (Pom+Btz+Dex) бөлігі 3-ші немесе 4-ші дәрежеде). Венаның тромбоэмболиялық асқынуы пациенттердің 1,7% (Pom+Dex) және 4,7% (Pom+Btz+Dex) бөлігінде күрделі жағымсыз реакция ретінде тіркелді, өліммен аяқталу тіркелмеді. Венаның тромбоэмболиялық асқынуы пациенттердің 2,2%-да помалидомидпен емді тоқтатуға алып келді.
Шеткері нейропатия
• Помалидомид бортезомибпен және дексаметазонмен біріктірілімде
Рандомизацияға дейін 14 күн ішінде ауырлығы ≥ 2 дәрежедегі ұзаққа созылатын шеткері нейропатия бар пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Шеткері нейропатия пациенттердің 55,4%-да байқалды (оның ішінде 3-ші дәрежесі 10,8%; 4-ші дәрежесі 0,7%). Әсер ету ұзақтығы бойынша түзетілген көрсеткіштер әртүрлі емдеу топтары үшін салыстырмалы болды. Шеткері нейропатияға ұшыраған пациенттердің 30% шамасының анамнезінде зерттеудің басында нейропатия болды. Шеткері нейропатия пациенттердің шамамен 14,4%-да бортезомибті, 1,8%-да помалидомидті және Pom+Btz+Dex тобындағы пациенттердің 1,8%-да және Btz+Dex тобындағы пациенттердің 8,9%-да дексаметазонды тоқтатуға алып келді.
• Помалидомид дексаметазонмен біріктірілімде
Ұзаққа созылатын ≥ 2 дәрежедегі шеткері нейропатия бар пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Шеткері нейропатия пациенттердің 12,3%-да байқалды (оның ішінде 1,0%-ы 3-ші немесе 4-ші дәрежеде). Шеткері нейропатияның күрделі реакциялары тіркелмеді, пациенттердің 0,3%-да шеткері нейропатия салдарынан емді үзуге тура келді.
Қан кету
Помалидомидті қолданудан кейін, әсіресе, қан кетудің туындау қаупін арттыратын қатарлас дәрілік заттарды қолдану сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде геморрагиялық бұзылыстар хабарланды. Геморрагиялық асқынуларға мұрыннан қан кету, бассүйекішілік қан құйылу және асқазан-ішектен қан кету жатады.
Аллергиялық реакциялар және терінің ауыр реакциялары
Помалидомидті қолданудан кейін ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар және Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролиз әрі эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакцияларын қоса, тері реакциялары хабарланды. Анамнезінде леналидомид немесе талидомид қолданумен байланысты қатты бөртуі болған пациенттер помалидомидпен ем қабылдамауы тиіс.
Балалар
Қайталамалы немесе үдемелі ми ісіктері бар балаларда (4-тен 18 жасқа дейінгі аралықта) тіркелген жағымсыз реакциялар помалидомидтің ересек пациенттердегі белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарлау керек
ДП «пайда-қауіп» арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында препаратты тіркеуден кейін күмән тудыратын дәрілік реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы дәрілік препараттың кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы мәлімдеуге кеңес беріледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz