Позаконазол УДФ (ІІ фазадағы ферменттік реакция) глюкурондау жолымен метаболизденеді және р-гликопротеинмен (Р-gp) in vitro шығару үшін субстрат болып табылады. Демек, метаболизмнің осындай жолдарының тежегіштері (мысалы, верапамил, циклоспорин, хинидин, кларитромицин, эритромицин, және т.б.) немесе индукторлары (мысалы, рифампицин, рифабутин, кейбір спазмолитиктер және басқалар) плазмада позаконазолдың концентрациясын сәйкесінше арттыруы немесе төмендетуі мүмкін.
Рифабутин (300 мг тәулігіне 1 рет) позаконазолдың Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 57%-ға және 51%-ға төмендетті. Позаконазол мен рифабутинді және ұқсас индукторларды (мысалы, рифампицин), оларды қолданудың пациент үшін артықшылығы қаупінен басым жағдайлардан басқасында, бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.
Эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг) позаконазолдың Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 45%-ға және 50%-ға төмендетті. Егер қолданудың пациент үшін артықшылығы қаупінен басым болмаса, позаконазол мен эфавирензді бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.
Фосампренавир
Фосампренавирді позаконазолмен бірге қолдану қан плазмасында позаконазолдың концентрациясының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Фосампренавирді позаконазолмен бірге қолдану қажет болған жағдайда зеңдік инфекциялардың таралуы мүмкін болғандықтан, емдеу тиімділігін өте мұқият бақылау қажет.
Фосампренавир дозасын (10 күн бойы тәулігіне 2 рет 700 мг) қайталап енгізу позаконазол ішуге арналған суспензиясын (1 күні тәулігіне 1 рет 200 мг, 2 күні тәулігіне 2 рет 200 мг, содан кейін тәулігіне 2 рет 400 мг 8 күн бойы) Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 21%-ға және 23%-ға төмендетеді. Фосампренавирді ритонавирмен бірге қолданғанда позаконазолдың фосампренавирдің деңгейіне ықпалы қазіргі уақытта анықталған жоқ.
Фенитоин
Фенитоин (тәулігіне 1 рет 200 мг) позаконазолдың Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 41%-ға және 50%-ға төмендетті. Егер қолданғанда пациент үшін артықшылығы қаупінен басым болмаса, позаконазол және фенитоинды және соған ұқсас индукторларды (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, примидон сияқты) бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.
H2-гистаминдік рецепторларының антагонистері, протонды помпа тежегіштері (ППТ)
Позаконазол циметидинмен (тәулігіне 2 рет 400 мг) қабылданғанда асқазанда тұз қышқылын өндірудің төмендеуі аясында салдарлы болуы мүмкін сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде, плазмадағы позаконазол концентрациялары (Сmax және AUC) 39% қысқарды. Позаконазол мен H2-рецепторлар антагонистерін бір мезгілде қолданудан (егер мүмкін болса) сақтану қажет.
Осыған ұқсас 400 мг позаконазолды эзомепразолмен (күнделікті 40 мг) қабылдау Сmax және AUC орташа мәндерін 400 мг дозада позаконазолды ғана қабылдаумен салыстырғанда тиісінше 46% және 32%-ға төмендетеді.
Мүмкіндік болса позаконазолды протонды помпа тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек.
Тамақ ішу
Позаконазолдың сіңірілуі тамақ ішу кезінде айтарлықтай төмендейді.
Позаконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері
Позаконазол CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады. Позаконазолды CYP3A4 субстраттарымен (такролимуспен, сиролимуспен, атазанавирмен және мидазоламмен) бір мезгілде тағайындау соңғыларының әсерін едәуір күшейтуі мүмкін. Позаконазолды вена ішіне (в/і) енгізілетін CYP3A4 субстраттарымен абайлап тағайындаған жөн; CYP3A4 субстраттарының дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Позаконазолды кейбір ішілетін CYP3A4 субстраттарымен бірге қабылдағанда соңғыларының плазмалық концентрациясының артқаны байқалады, ол қолайсыз жағымсыз реакциялардың дамуымен қатар жүруі мүмкін. Мұндай жағдайда CYP3A4 субстраттарының плазмалық концентрацияларының және/немесе жағымсыз реакциялардың бақылануын қамтамасыз ету, және қажет болғанда дәрілік препараттың дозасын түзету қажет.
Науқастарда позаконазолдың CYP3A4 субстраттарына әсері дені сау адамдарға қарағанда аздап әлсіздеу болуы мүмкін, және күткендегідей, әртүрлі пациенттерде айырмашылығы болады. Егер позаконазолмен ас ішудің айтарлықтай өзара әрекеттесуін ескере отырып, позаконазолды тамақпен бірге қатаң стандартты түрде енгізбесе, позаконазолды CYP3A4 субстраттарының плазмалық деңгейлеріне бірге енгізудің ықпалы да өзгеруі мүмкін.
Терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид, галофантрин және хинидин (CYP3A4 субстраттары)
Позаконазол мен терфенадинді, астемизолды, цизапридті, пимозидті, галофантринді немесе хинидинді бірге тағайындауға болмайды. Бірге енгізу осы дәрілік заттардың плазмалық концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін, ол QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның дамуына әкеліп соғады.
Қастауыш алкалоидтары
Позаконазол қастауыш алкалоидтарының (эрготамин және дигидроэрготамин) плазмалық концентрацияларын арттыруы мүмкін, ол эрготизмді туындатуы мүмкін. Қастауыш алкалоидтары мен позаконозалды бір мезгілде қолдануға болмайды.
CYP3A4 арқылы алғаш метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (мысалы, симвастатин, ловастатин және аторвастатин)
Позаконазол CYP3A4 метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің плазмалық деңгейін айтарлықтай арттыруы мүмкін. ГМГ-КоА-редуктазасының осы тежегіштерін пайдалануды позаконазолмен ем жүргізу кезінде тоқтатқан жөн, өйткені жоғары деңгейлері жедел рабдомиолиздің дамуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қабіршөп алкалоидтары
Қабіршөп алкалоидтарының көпшілігі (мысалы, винкристин және винбластин) CYP3A4 субстраттары болып табылады. Позаконазол мен винкристинді қоса, азольді фунгицидтерді бірге қолдану күрделі жағымсыз реакцияларға әкеліп соғуы мүмкін. Позаконазол қанда қабіршөп алколоидтарының концентрациясын арттыруы мүмкін, ол нейроуыттылыққа және басқа күрделі жағымсыз реакцияларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, зеңге қарсы емдеудің баламалы нұсқалары болмаған жағдайда винкристинді қоса, қабіршөп алколоидтарын қабылдайтын пациенттерге азольді фунгицидтерді, оның ішінде позаконазолды сақтықпен қолдану керек.
Рифабутин
Позаконазол рифабутиннің Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 31%-ға және 72%-ға арттырды. Егер қолданғанда пациенттер үшін артықшылығы қаупінен басым болмаса, позаконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан формуласын және рифабутин концентрациясының жоғарылауымен байланысты жағымсыз әсерлердің (мысалы, увеиттің) дамуын мұқият бақылау ұсынылады.
Сиролимус
Позаконазолдың ішуге арналған суспензиясының қайталанған (16 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) дозасын енгізу дені сау пациенттерде сиролимустың (бір реттік дозасы - 2 мг) Сmax және AUC мәндерін орта есеппен, сәйкесінше, 6.7 және 8.9 есеге (3.1 - 17.5 есе ауқымда) арттырды. Қазіргі таңда позаконазолдың экспозициясының жекелей құбылмалылығына байланысты өзгеріп отырады деп болжам жасалса да, позаконазолдың сиролимусқа әсері жөнінде деректер жоқ. Позаконазол мен сиролимусты бірге тағайындау ұсынылмайды және, мүмкіндігінше, оған жол бермеген жөн. Егер мұндай тағайындауға жол бермеу мүмкін болмаса, онда позаконазолмен емдеуді бастаған кезде сиролимустың дозасын едәуір төмендету ұсынылады. Сондай-ақ позаконазолмен бірге емдеуге дейін, емдеу кезінде және емдеуден кейін қандағы сиролимустың ең төмен концентрациясын ұдайы бақылау және сиролимустың дозасына тиісінше түзету жүргізу қажет. Позаконазолмен бірге тағайындаған кезде қан плазмасында сиролимустың ең төмен концентрациясы мен AUC арақатынасы өзгеруі мүмкін. Осылай тағайындаудың нәтижесінде әдетте емдік шекте болатын сиролимустың ең төмен концентрациясы емдік жауап беру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан сиролимустың ең төмен концентрациясын емдік шектің жоғарғы шегіне жеткізуге ерекше көңіл бөлу қажет. Клиникалық белгілер мен симптомдарды, зертханалық көрсеткіштерді және тіндердің биопсиясын бақылау қажет.
Циклоспорин
Жүрегін ауыстырып салған және циклоспориннің тұрақты дозасын қолданып жүрген пациенттерде, тәулігіне 1 рет 200 мг дозада позаконазолдың ішуге арналған суспензиясы қанда циклоспорин концентрациясын арттырды, бұл соңғысының дозасын төмендетуді қажет етті. Нефроуыттылыққа әкеліп соққан циклоспорин деңгейінің жоғарылауы салдарынан ауыр жағымсыз реакциялардың даму жағдайлары және өліммен аяқталған лейкоэнцефалопатияның бір жағдайы орын алды. Позаконазолды циклоспоринді қабылдап жүрген пациенттерге қолдануды бастар алдында соңғысының дозасын (мысалы, нақты дозаның 3/4 бөлігіне дейін) төмендету керек. Позаконазолмен емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін қандағы циклоспорин концентрациясын, қажет болғанда соңғысының дозасын түзете отырып, мұқият бақылаған жөн.
Такролимус
Позаконазол такролимустың (бір ретік доза – дене салмағының әр кг шаққанда 0.05 мг) Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 121%-ға және 358%-ға арттырды. Ауруханаға жатқызуды және/немесе позаконазолды тоқтатуды қажет ететін клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгілі. Позаконазолды такролимусты қабылдап жүрген пациенттерге қолдануды бастар алдында, соңғысының дозасын (мысалы, нақты дозаның 1/3 бөлігіне дейін) төмендету қажет. Позаконазолмен емдеу кезеңінде және оны аяқтағанда қандағы такролимус концентрациясын, қажет болғанда соңғысының дозасын түзете отырып, мұқият бақылау керек.
АИТВ-протеаза тежегіштері
АИТВ-протеаза тежегіштері CYP3A4 субстраты болып табылатындықтан, позаконазол плазмада олардың деңгейін арттырады деп күтіледі. Позаконазол препаратын (дені сау пациенттерде 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) қолдану атазанавирдің (7 күн бойы тәулігіне 1 рет 300 мг) Сmax және AUC мәндерін орта есеппен, сәйкесінше, 2.6 және 3.7 есеге (1.2 - 26 есе ауқымында) арттырады. Позаконазол препаратын (7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) бірге тағайындағаннан кейін ритонавирмен бір мезгілде қолданғанда (7 күн бойы тәулігіне 1 рет 300 мг атазанавир + 100 мг ритонавир) атазанавирдің Сmax және AUC мәндері орта есеппен, сәйкесінше, 1.5 және 2.5 есеге (0.9-4.1 есе ауқымында) жоғарылайды. Позаконазолды атазанавирмен немесе атазанавир + ритонавирмен емдеуге қосу қан плазмасында билирубин деңгейінің жоғарылауына әкелді. CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін антиретровирустық препараттарды позаконазолмен бірге қолданған жағдайда ықтимал жағымсыз және/немесе уытты реакцияларды дер кезінде анықтау мақсатында мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.
Мидазолам және CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін бензодиазепиндер
Ішке қабылдауға арналған позаконазол суспензиясына (10 күн бойы тәулігіне 1 рет 200 мг) жүргізілген бір клиникалық зерттеу вена ішіне енгізілген мидазолам (0.05 мг/кг) AUC экспозициясының 83%-ға артқанын көрсетті. Басқа клиникалық зерттеуде дені сау еріктілерде позаконазолдың қайталанған дозасын (7 күн бойы тәулігіне 2 рет 200 мг) енгізу вена ішіне енгізілген мидозоламның Сmax және AUC мәндерін (бір реттік доза - 0.4 мг ) орта есеппен, сәйкесінше, 1.3 және 4.6 есеге арттырды (1.7-6.4 есе ауқымында). Ішуге арналған суспензиясын 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг дозада қолдану мидазоламның Сmax және AUC мәндерін (оны в/і енгізгенде), сәйкесінше, 1.6 және 6.2 есеге (1.6-7.6 есе ауқымда) арттырды. Позаконазолды дозалаудың екі режимі де мидазоламның (бір реттік доза – ішке 2 мг) Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 2.2 және 4.5 есеге арттырды. Ішке қабылдауға арналған суспензияны (200 мг немесе 400 мг) мидазоламмен бір мезгілде қолданғанда мидазоламның жартылай шығарылу кезеңін шамамен 3 - 4 сағаттан 8 - 10 сағатқа дейін ұзартады.
Позаконазолды CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін бензодиазепиндермен (мысалы, мидазолам, триазолам, алпразолам) бірге тағайындағанда, седативтік әсерінің ұзару қаупіне байланысты, дозаны түзету.
CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, дилтиазем, верапамил, нифедипин, нисолдипин)
Позаконазолмен бір мезгілде қолданғанда кальций өзекшелерінің блокаторларын қолданумен байланысты жағымсыз және уытты реакцияларға жиі мониторинг жүргізу және қажет болғанда олардың дозасын түзету ұсынылады.
Дигоксин
Басқа азолдарды енгізу дигоксин деңгейінің жоғарылауымен байланысты болды. Позаконазол қан плазмасында дигоксиннің концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан позаконазолмен емдеуге түрткі болғанда немесе тоқтатқанда дигоксиннің деңгейін тексерген жөн.
Сульфонилмочевина туындылары
Кейбір дені сау еріктілерде позаконазолды глипизидпен бір мезгілде енгізген кезде глюкоза концентрациясының төмендегені байқалды. Қант диабеті бар науқастарда глюкоза деңгейіне мониторинг ұсынылады.
Политрансретиноин қышқылы (ПТРҚ) немесе третиноин
ПТРҚ бауырда CYP450 ферменттерімен, әсіресе CYP3A4 метаболизденетіндіктен, CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын позаконазолмен бір мезгілде қолдану третиноин экспозициясының жоғарылауына, нәтижесінде уыттылықтың (әсіресе гиперкальциемия) жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылап, қажет болған жағдайда позаконазолмен емдеу кезінде және емдеуден кейінгі келесі күндерде третиноин дозасын тиісті түзетуді қарастыру керек.
Венетоклакс
Венетоклаксты 400 мг дозада монотерапия ретінде қолданумен салыстырғанда, 300 мг позаконазолды (CYP3A күшті тежегіші) 7 күн бойы 50 және 100 мг дозада Венетоклакспен біріктіріп қолданумен 12 пациентте Венетоклакстың Cmax мәні тиісінше 1,6 және 1,9 есе, AUC - 1,9 және 2,4 есе жоғарылауы байқалды. Венетоклаксты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Балалар
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.