Іn vitro зерттеулер
Силденафилдің метаболизмі көбінесе Р450 цитохромының (CYP) 3А4 изоформасының (негізгі жолы) және 2С9 изоформасының (қосалқы жолы) қатысуымен жүреді. Сондықтан осы изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуге қабілетті, ал осы изоферменттердің индукторлары силденафил клиренсін арттыруы мүмкін.
Іn vivo зерттеулер
Осы клиникалық зерттеу деректерінің популяциялық фармакокинетикалық талдамасы CYP3А4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің клиренсінің төмендегенін көрсетті. Силденафилді және CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда жағымсыз құбылыстар жиілігінің артқаны байқалмаса да, силденафилдің белгіленген бастапқы дозасы 25 мг құрайды.
АИТВ-протеаза тежегіштерін, Р450 өте күшті тежегішін ритонавирді тепе-тең концентрация жағдайларында (тәулігіне 2 рет 500 мг) және силденафилді (бір реттік дозасы 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax 300%-ға (4 есеге) артуына және силденафилдің плазмалық AUC мәнінің 1000%-ға (11 есеге) жоғарылауына алып келді. 24 сағаттан кейін силденафилдің плазмалық деңгейі, силденафилдің өзін бөлек қолданған кездегіге тән шамамен 5 нг/мл деңгейімен салыстырғанда, әлі де шамамен 200 нг/мл құрады, ол Р450 субстраттарының ауқымды өрісіне ритонавирдің елеулі ықпалына сәйкес келеді. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Осы фармакокинетикалық деректерді ескере отырып, силденафилді және ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғары дозасы 48 сағат ішінде 25 мг-ден аспауы тиіс.
АИТВ-протеаза тежегіштері саквинавирді, CYP3A4 тежегішін, тепе-тең концентрацияны (тәулігіне үш рет 1200 мг) қамтамасыз ететін дозада және силденафилді (бір рет 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 140%-ға жоғарылауына және силденафилдің (AUC) жүйелік экспозициясының 210%-ға жоғарылауына алып келді. Силденафилдің саквинавир фармакокинетикасына ықпалы анықталған жоқ. CYP3A4 өте күшті тежегіштерінің, мысалы, кетоконазол және итраконазол сияқты, өте айқын ықпалы болады деп шамаланады.
Силденафилді (бір реттік 100 мг) және CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинді тепе-тең жағдайда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг) қолданғанда силденафилдің жүйелік экспозициясының (AUC) 182%-ға жоғарылағаны байқалды. Дені сау ерікті ерлерде азитромициннің (3 күн бойы тәулігіне 500 мг) силденафилдің және оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Tmax мәндеріне, элиминация жылдамдығының константасына және кейінгі жартылай шығарылу кезеңіне ықпалы байқалған жоқ. 800 мг доза циметидинді (Р450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 өзіне тән емес тежегіші) 50 мг доза силденафилмен бір мезгілде қолданғанда дені сау ерікті адамдарда силденафилдің плазмалық концентрациясын 56%-ға жоғарылатты.
Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылады және силденафилдің қан плазмасында деңгейін орташа жоғарылатуы мүмкін.
Антацидтік дәрілерді (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір рет қолдану силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.
Барлық дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмесе де, популяциялық фармакокинетикалық талдау деректері бойынша, силденафилдің фармакокинетикасы оны CYP2C9 тежегіштері тобына (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштері тобына (мысалы, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, трициклді антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, кальций антагонистері, бета-адренорецептор антагонистері немесе CYP450 метаболизмінің индукторлары (мысалы, рифампицин, барбитураттар сияқты) тобына жататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ.
Дені сау ерікті ер адамдардың қатысуымен жүргізілген зерттеу барысында эндотелин бозентан антагонистін (CYP3A4, CYP2C9 және CYP2C19 орташа индукторы) тепе-тең күйде (тәулігіне екі рет 125 мг) және силденафилді (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің AUC және Cmax тиісінше 62,6% және 55,4%-ға төмендеуіне алып келді. Сондықтан рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларын бір мезгілде қолдану қан плазмасында силденафил концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Никорандил кальций өзекшелері белсенділендіргіші мен нитрат гибриді болып табылады. Нитратты компонент оның силденафилмен күрделі өзара әрекеттесу мүмкіндігін жүзеге асырады.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсерлері
Іn vitro зерттеулер
Силденафил – Р450 цитохромының 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 (IК5о>150 мкмоль) изоформаларының әлсіз тежегіші. Силденафилдің ең жоғары шектегі плазмалық концентрациялары шамамен 1 мкмольге тең болғандықтан, препараттың осы изофермент субстраттарының клиренсіне ықпал етуі екіталай.
Силденафилдің және фосфодиэстеразаның өзіне тән емес, мысалы, теофиллин және дипиридамол сияқты тежегіштерінің өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.
Іn vivo зерттеулер
Силденафилдің азот тотығы/циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) метаболизміне ықпал ететіндігі белгілі болғандықтан, силденафилдің нитраттардың гипотензиялық әсерін потенциялайтыны анықталды, сондықтан оны азот тотығының донорларымен немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Риоцигуат: клиникаға дейінгі зерттеулер риоцигуатпен ФДЭ-5 тежегіштерін бір мезгілде қолданған кезде артериялық қысымды төмендету әсерінің күшейгенін көрсетті. Клиникалық зерттеулер риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтетінін көрсетті. Зерттеуге қатысқан пациенттерде риоцигуатпен ФДЭ-5 тежегіштерін бір мезгілде қолданған кезде оң клиникалық әсері байқалмаған. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен (оның ішінде силденафилмен) бір мезгілде қолдануға болмайды.
Кейбір бейім пациенттерде силденафилді және альфа-адренорецепторлар блокаторларын бір мезгілде қолдану симптоматикалық гипотензияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай реакция көбіне силденафилді қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болды. Дәрілік заттардың ерекше өзара әрекеттесуіне жүргізілген 3 зерттеу барысында альфа-адренорецептор блокаторы доксазозин (4 мг және 8 мг) және силденафил (25 мг, 50 мг және 100 мг) қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттерге бір мезгілде қолданылды, олардың жағдайы доксазозинді қолданған кезде тұрақтанды. Осы зерттелген популяциялардағы науқастың жатқан кездегі артериялық қысымы орташа 7/7 мм сн.б., 9/5 мм. сн.б. және 8/4 мм сн.б. қосымша төмендегені, және тұрған кездегі артериялық қысымы 6/6 мм сн.б., 11/4 мм сн.б., 4/5 мм сн.б. орташа төмендегені байқалды. Силденафилді және доксазозинды бір мезгілде қолданғанда олардың жағдайының тұрақтануы доксазозинді қолданған кезде қол жеткен пациенттерде кейде симптоматикалық ортостаздық гипотензияның пайда болғаны жөнінде мәлімделді. Мұндай мәлімдеулерде бас айналу және естен тану алдындағы, бірақ синкопесіз жағдайлар жөнінде айтылған.
Силденафилді (50 мг) және CYP2C9 метаболизденетін толбутамидті (250 мг) немесе варфаринді (40 мг) бір мезгілде қолданғанда ешқандай да маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылын (150 мг) қолданудан болатын қан кету уақытының ұзаруына әкелмеді.
Силденафил (50 мг) дені сау еріктілерде этанолдың қандағы орташа ең жоғары 80 мг/дл деңгейлерінде алкогольдің гипотензиялық әсерін күшейткен жоқ.
Силденафилді қабылдаған пациенттерде, диуретиктер, бета-адренорецептор блокаторлары, АӨФ тежегіштері, ІІ ангиотензин антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (қантамырларды кеңейтетін және орталықтан әсер ететін), адренергиялық нейрон блокаторлары, кальций өзекшелерінің блокаторлары және альфа-адренорецептор блокаторлары сияқты гипотензиялық дәрілік заттар сияқты кластарын бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлердің бейінінде, плацебомен салыстырғанда, ешқандай айырмашылықтар байқалған жоқ. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерге силденафилді (100 мг) және амлодипинді бір мезгілде қолданған кезде болатын өзара әрекеттесулерге арнайы жүргізілген зерттеулерде жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның 8 мм сн.б.-на қосымша төмендегені байқалды. Диастолалық артериялық қысымның тиісті төмендеуі 7 мм. сн.б. құрады. Шамасы жағынан, артериялық қысымның мұндай қосымша төмендеулері тек силденафилді дені сау ерікті адамдарға қолданған кезде байқалғандағылармен салыстырымды болды.
Силденафил (100 мг дозада) CYP3A4 субстраттары болып табылатын АИТВ-протеаза тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпалын тигізген жоқ.
Дені сау ерікті ерлерде силденафилді тепе-тең жағдайда қолдану (тәулігіне үш рет 80 мг) бозентанның (тәулігіне екі рет 125 мг) AUC және Cmax тиісінше 49,8% және 42% жоғарылауына алып келді.
Гипертониясы бар пациенттерде тұрақты күйдегі сакубитрил/валсартанға силденафилдің бір реттік дозасын қосу тек сакубитрилді/ валсартанды қабылдаумен салыстырғанда, артериялық қысымның едәуір айқынырақ төмендеуімен байланысты болды. Сондықтан сакубитрилмен/валсартанмен емделіп жүрген пациенттерге силденафилді тағайындаған кезде сақтық таныту керек.