Ең жиі жағымсыз реакциялар бас айналуды және ұйқышылдықты қамтыды. Көп жағдайда жағымсыз реакциялардың ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болды.
Жағымсыз реакциялар жүйелік-ағзалық кластар және кездесу жиілігі бойынша бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Жиіліктің әрбір санатының шегінде жағымсыз әсерлер ауырлықтың кему ретімен орналасқан.
Аталған жағымсыз реакциялар сондай-ақ негізгі аурумен және/немесе басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданумен байланысты болуы мүмкін.
Жұлынның зақымдануы салдарынан орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде жалпы жағымсыз реакциялар жиілігінің және ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың, әсіресе ұйқышылдықтың жоғарылағаны байқалды.
Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезінде анықталған реакциялар курсивпен жазылған.
Өте жиі (≥1/10)
• бас айналу, ұйқышылдық, бас ауыру.
Жиі (≥1/100, <1/10)
• назофарингит;
• тәбеттің жоғарылауы;
• эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан адасу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі;
• атаксия, қимыл үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейін қоюдың бұзылуы, парестезия, гипестезия, седация, тепе-теңдіктің бұзылуы, летаргия;
• бұлыңғыр көру, диплопия;
• вертиго;
• құсу, жүрек айну, іш қату, диарея, метеоризм, іштің кебуі, ауыздың құрғауы;
• бұлшықеттердің түйілуі, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, мойын бұлшықеттерінің түйілуі;
• эрекциялық дисфункция;
• шеткері ісіну, ісіну, жүрістің бұзылуы, құлау, масаю сезімі, нашар көңіл-күй, қажығыштық,
• дене салмағының жоғарылауы.
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
• нейтропения;
• аса жоғары сезімталдық реакциялары;
• анорексия, гипогликемия;
• елестеулер, үрейлі жағдайлар, мазасыздық, ажитация, депрессия, жабырқаңқы көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық, көңіл-күйдің құбылуы, өзін-өзі танымау, сөздерді қиналып жұптау, үрейлі түстер көру, либидоның жоғарылауы, аноргазмия, апатия;
• естен тану, мелшию, миоклония, естен тану, психомоторлық қозу, дискинезия, постуральды бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыстар, ақыл-ой жұмысының бұзылуы, сөздің бұзылуы, рефлекстердің төмендеуі, гиперестезия, ашыту сезімі, агевзия, дімкәстік;
• шеткері көруді жоғалту, көрудің бұзылуы, көздердің ісінуі, көру өрісінің ақауы, көру жітілігінің төмендеуі, көздердің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көз синдромы, көз жастың көп ағуы, көздің тітіркенуі;
• гиперакузия;
• тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі;
• тері гиперемиясы, «қан кернеуі», артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, аяқ-қолдың салқындауы;
• ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорылдау, мұрынның шырышты қабығының құрғауы;
• гастроэзофагеальдік рефлюкстік ауру, сілекейдің көп ағуы, ауыз қуысының шырышты қабығының гипестезиясы;
• бауыр ферменттері белсенділігінің артуы*;
• папулезді бөртпе, есекжем, қатты терлеу, қышыну;
• буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықеттердің жыбырлауы, мойынның ауыруы, бұлшықеттерде қимыл қозғалыс шектелуі;
• несеп ұстай алмау, дизурия;
• сексуалдық дисфункция, эякуляцияның кідіруі, дисменорея, сүт безінің ауыруы;
• жайылған ісіну, беттің ісінуі, кеуденің қысылу сезімі, ауырсыну, дене температурасының көтерілуі, шөлдеу, қалтырау, астения;
• қандағы креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы, қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатин концентрациясының жоғарылауы, қандағы калий мөлшерінің азаюы, дене салмағының азаюы.
Сирек (≥1/10 000, <1/1000)
• ангионевроздық ісіну, аллергиялық реакциялар**;
• ұстамсыздық, суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар ;
• құрысулар, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм;
• көрмей қалу, кератит, осциллопсия, көру ауқымының бұзылуы, мидриаз, қылилық, көру қабілеті айқындылығының күшеюі;
• QT аралығының ұзаруы, синустық тахикардия, синустық аритмия;
• өкпе ісінуі, жұтқыншақтың қысылу сезімі;
• асцит, панкреатит, тілдің ісінуі, дисфагия;
• сарғаю;
• уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, суық тер;
• рабдомиолиз;
• бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, олигурия, несеп іркілуі;
• аменорея, сүтбездерден шығатын бөліністер, сүтбездердің үлкеюі, гинекомастия;
• лейкоциттер санының азаюы.
Өте сирек (<1/10 000)
• бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит.
Жиілігі белгісіз
• тыныс алу функциясының бәсеңдеуі.
• дәріге тәуелділік.
* Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігінің артуы.
** Аллергиялық реакциялары тыныс алудың қиындауы, көздің қабынуы (кератит), денедегі қызғылт дақтармен, нысана тәрізді немесе дөңгелек пішінді бөртпемен, көбінесе ортасында көпіршігі бар, терісі қабыршақтанатын, ауыз қуысының, тамақтың, мұрын, жыныс мүшелерінің шырышты қабығындағы және көздегі ойықжаралармен сипатталатын терінің ауыр реакциялары болуы мүмкін. Бұл терінің ауыр бөртпелерінен бұрын қызба және тұмауға ұқсас симптомдар (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз) болуы мүмкін.
Егер Сізде бет немесе тіл іссе, теріңіз қызарып, күлдіреуіктер пайда болып немесе қабыршақтана бастаса, дереу медициналық көмек алу үшін дәрігерге қаралу керек.
Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзаққа созылған емдеуді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде «тоқтату» синдромының дамығаны байқалды. Ұйқысыздық, бас ауыру, жүрек айну, үрейлілік, диарея, тұмауға ұқсас синдром, құрысулар, күйгелектік, депрессия, суицидтік ойлар, ауырсыну, қатты терлеу және бас айналу сияқты симптомдар тіркелді. Бұл симптомдар физикалық тәуелділіктің дамитынын көрсетеді. Пациентке бұл туралы емдеудің басында хабарлау керек.
Прегабалинмен ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейінгі қолда бар деректер «тоқтату» синдромының жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін екендігін көрсетеді («Дозалау режимі» және «Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz