Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
5 мг/г
Саудалық атауы
Преднизолон
Әсер етуші зат
Преднизолон
Мақсаты
Преднизолон препараты ересектер мен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда шығу тегі микробтық емес қабыну және аллергиялық тері ауруларын кешенді емдеуде қолдануға арналған…
Өндіруші
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір сықпаның ішінде
белсенді зат – преднизолон 0.05 г;
қосымша заттар: глицерин, ақ жұмсақ парафин, стеарин қышқылы 95, макроголдың цетостеарил эфирі 6, макроголдың цетостеарил эфирі 25, метилпарагидроксибензоат Е218, пропилпарагидроксибензоат Е216, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Консистенциясы біртекті ақ түсті жақпамай.
Преднизолон препараты ересектер мен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда шығу тегі микробтық емес қабыну және аллергиялық тері ауруларын кешенді емдеуде қолдануға арналған: экзема; аллергиялық, себореялық және жанаспалы дерматит; атопиялық дерматит (диффузды нейродермит); қарапайым созылмалы теміртекі (шектеулі нейродермит); псориаз; дискоидты қызыл жегі; эритродермия.
Әсер ету механизмі
Сыртқа қолданған кезде қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, қышынуға қарсы және экссудатқа қарсы әсер көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Сыртқа қолданған кезде қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, қышынуға қарсы және экссудатқа қарсы әсер көрсетеді.
Қабыну медиаторларының (гистамин, кинин, Pg, лизосомалық ферменттер) түзілуін, шығарылуын және белсенділігін төмендетеді. Қабыну орнына жасушалардың көшуін басады; қабыну аймағында тамырлардың кеңеюін және тамыр өткізгіштігін жоғарылатады. Вазоконстрикторлық әсерге байланысты экссудацияны азайтады. Аллергиялық жанаспалы дерматит түріндегі реакцияның дамуына қатысатын макрофагтардың, нысаналы жасушалардың және цитокиндердің әсерін басады. Сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер мен макрофагтардың нысаналы жасушаларға кіруіне жол бермейді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға күніне 1-3 рет терінің зақымдалған аймақтарына жұқа қабатпен жағады. Терісі тығыздау аймақтарда (мысалы, шынтақ, алақан және табан), сондай-ақ препаратты оңай жууға болатын аймақтарға жақпамайды жиірек жағуға болады. Шектеулі ошақтарда әсерді күшейту үшін окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болады.
Балалар
1 жастағы және одан асқан балаларда жақпамайды қолдану кезінде емдеудің жалпы ұзақтығын, қолдану ауданын шектеу, ең аз тиімді дозаларды қолдану және преднизолонның сіңуінің жоғарылауына әкелетін шараларды болдырмау керек (жылытатын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштар).
Енгізу тәсілі және жолы
Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және терапияның тиімділігіне байланысты, әдетте 6-14 күнді құрайды; аурудың тұрақты ағымы жағдайында оны 20 күнге дейін ұзартуға болады. Емдеуді аяқтау кезеңінде препаратты тәулігіне 1 рет қолдануға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты әрдайым өз дәрігеріңіздің дәл нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер Сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- терінің зеңдік, бактериялық, вирустық аурулары;
- терінің туберкулездік және мерездік зақымданулары;
- тері ісіктері;
- безеулер, розацеа, периоральді дерматит;
- терінің вакцинадан кейінгі реакциялары;
- тері тұтастығының бұзылуы (жаралар, ойық жаралар);
- бала жасы (1 жасқа дейін);
- жүктілік, бала емізу кезеңі.
- аллергиялық реакциялар;
- препаратты қолдану аймағында: гиперемия, ісіну, күйдіру, қышыну, тітіркену және құрғақтық; үлкен аумақта қолдану (дене беткейі ауданының 10%-дан астамы) немесе ұзақ қолдану, әсіресе окклюзиялық таңғыштар астында терінің атрофиясына әкелуі мүмкін, сондай-ақ туындауы мүмкін: телеангиэктазия, гипер- немесе гипопигментация, петехиялар, экхимоздар, терінің жұқаруы, стриялар, жаралардың жай жазылуы, стероидты безеулер, фолликулит, гипертрихоз, пиодермия мен кандидоздың дамуына бейімділік;
- препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе зақымданудың үлкен аумақтарында преднизолонның резорбциялық әсерінің көрінісі ретінде гиперкортицизм дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің тежелуі, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы. Препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдар жойылады.
Емі: препаратты біртіндеп тоқтату, симптоматикалық ем, қажет болған жағдайда электролиттік теңгерімсіздікті түзету.
Дәрілік препарат құрамында баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін қосымша заттар метилпарагидроксибензоат Е218 және пропилпарагидроксибензоат Е216 бар.
Емдеу ұзақтығы, мүмкіндігінше, 14 күннен аспауы тиіс.
Сыртқы қолдануға арналған басқа глюкокортикостероидтар сияқты, Преднизолон препаратын көз айналасындағы теріге (глаукома және катарактаның ықтимал дамуына байланысты) немесе жара беткейіне қолдануға болмайды. Егер аурудың ағымы салдарлы бактериялық немесе зең инфекциясының дамуымен асқынса, Преднизолон препараты терапиясына арнайы бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы дәрі қосылуы керек.
Созылмалы ауруларды емдеу кезінде қайталанудың алдын алу үшін, барлық симптомдар жойылғаннан кейін терапияны тағы да біраз уақыт жалғастыру керек. Препаратты бет аймағында немесе окклюзиялық таңғыш астында қолданған кезде, сондай-ақ 1 жастағы және одан асқан балаларда емдеу курсының ұзақтығын азайту керек. Егде жастағы пациенттерде глюкокортикостероидтарды сақтықпен қолдану ұсынылады. Кішкентай балаларда тері қатпарлары, жөргектер және жаялықтар окклюзиялық таңғышқа ұқсас әсер етуі және глюкокортикостероидтың жүйелі резорбциясын арттыруы мүмкін екенін ескеру қажет. Балаларда дене бетінің ауданы мен дене салмағының арақатынасы ересектерге қарағанда көбірек болғандықтан, балаларда гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің функциясының бәсеңдеуі және кез-келген жергілікті әсер ететін глюкокортикостероидтарды қолдану кезінде Иценко-Кушинг синдромының даму қаупі жоғары болуға бейім. Глюкокортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу баланың өсуі мен дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан әсерге жету үшін ең аз қысқа курспен және дене беткейінің 10%-дан аспайтын ауданында балалар препараттың ең аз тиімді дозасын қабылдау керек. Препаратты балаларда қолдану дәрігердің бақылауымен (дене салмағын, бойын және қан плазмасындағы кортизол концентрациясын бақылау) жүргізілуі керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Дәрілік препарат 1 жастан асқан балаларда қолданылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.
Преднизолон плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлінеді. Дәрілік препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.