Препаратты вена ішіне қолдану әдісіне байланысты қалтырау, бас ауыру, қызба, құсу, аллергиялық реакциялар, жүрек айну, буындарың ауырсынуы, артериялық қысымның төмендеуі және арқаның шамалы ауырсынуы сияқты туындайды.
Адамның иммуноглобулиндері артериялық қысымның күрт төмендеуімен және жекелеген жағдайларда анафилаксиялық шокпен байқалатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын туындатуы мүмкін, тіпті пациентте бұрын препаратты қолданған кезде аса жоғары сезімталдық реакциялары анықталмаған.
Қайтымды асептикалық менингит жағдайлары және сирек жағдайларда адамның иммуноглобулинін қолданғаннан кейін пациенттерде терінің уақытша реакциялары байқалды. Егер сізде келесі симптомдар пайда болса, дереу дәрігерге немесе медицина қызметкеріне хабарлаңыз: қатты бас ауыруы, мойынның сіресуі, ұйқышылдық, қызба, көздің жарыққа сезімталдығының жоғарылауы (фотофобия), вена ішіне иммуноглобулиндерді енгізгеннен кейін жүрек айнуы және құсу. Бұл симптомдар асептикалық менингитті, ми мен жұлынды қоршап тұратын қорғаныс қабықтарының инфекциялық емес қабынуын көрсетуі мүмкін. Егер вена ішіне енгізілетін иммуноглобулинмен емдеген кезде асептикалық менингиттің қайталануы байқалса, Сіздің дәрігеріңіз мидың ісінуінің үдеуін көрсететін симптомдардың пайда болуы немесе нашарлауы туралы сұрайды. Дәрігер қосымша зерттеулер қажет пе және Привиджен препаратымен инфузияны жалғастыру керек пе, жоқ па, соны шешеді
А (II), B (III) және АВ (IV) қан топтары бар пациенттерде қайтымды гемолиздік реакциялар байқалды. Қан құюды қажет ететін гемолиздік анемия сирек жағдайларда вена ішіне енгізуге арналған адам иммуноглобулині препараттарының жоғары дозаларымен емдеуден кейін білінуі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Қан сарысуында креатинин концентрациясының жоғарылағаны және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары байқалды.
Өкпенің жедел посттрансфузиялық зақымдану синдромы (ӨЖПЗС), миокард инфарктісі, инсульт, өкпе эмболиясы және терең веналар тромбозы сияқты тромбоэмболиялық асқынулар өте сирек туындады.
Привиджен препаратымен жеті клиникалық зерттеу жүргізілді, оған бастапқы иммундық тапшылық (БИТ), идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) және созылмалы қабынбалы демиелинизациялайтын полинейропатиясы (СҚДП) бар пациенттер кірді. БИТ-тің негізгі клиникалық зерттеуіне 80 пациент қатысып, Привиджен препаратын қабылдады. Оның ішінде 72 пациент 12 ай бойы ем алды. БИТ-тің Привиджен препаратымен емінің ауқымды клиникалық зерттеуіне 55 пациент қатысып, препарат қабылдады. Жапонияда жүргізілген тағы бір клиникалық зерттеуге БИТ-пен ауыратын 11 пациент кірді. Екі ИТП клиникалық зерттеулері әрқайсысында 57 пациенттің қатысуымен орындалды. СҚДП-ның екі клиникалық зерттеуі 28 және 207 пациенттің қатысуымен жүргізілді.
Жеті клиникалық зерттеу жүргізген кезде байқалған жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл немесе орташа ауыр болды.
Төменде ұсынылған жеті клиникалық зерттеуде байқалатын жағымсыз реакциялар ағзалар мен ағзалар жүйелерінің зақымдануына (MedDRA жіктемесіне) және кездесу жиілігіне сәйкес келтірілген. Кездесу жиілігі мынадай түрде анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және <1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100). Өздігінен келіп түскен маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі «белгісіз» деп жіктеледі.
Әрбір топта кездесу жиілігі шеңберінде жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесінің кему тәртібімен келтіріледі.
Өте жиі
- бас ауыру (бастың синустық ауыруы, бас сақинасы, бас тұсындағы жайсыздық, бастың қатты ауыруы)
- ауырсыну (арқаның ауыруын, аяқ-қолдың ауыруын, артралгияны, мойынның ауыруын, бет ауыруын қоса алғанда), қызба (қалтырауды қоса алғанда), тұмауға ұқсас ауру (назофарингитті, ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабығының ауырсынуы мен күлдіреуікті бөртпелерін, тамақтың қысылуын сезінуді қоса алғанда)
Жиі
- анемия, лейкопения, гемолиз (гемолиздік анемияны қоса алғанда)
- аса жоғары сезімталдық
- бас айналу (вертигоны қоса алғанда)
- артериялық гипертензия қызару (қызуды, гиперемияны қоса алғанда), гипотензия
- тыныс алудың қиындауы (кеуденің ауырсынуын, кеуде аймағындағы жайсыздықты, тыныс алу кезіндегі ауырсынуды қоса алғанда)
- жүрек айну, құсу, диарея, эпигастрийдің ауыруы
- гипербилирубинемия
- есекжем, бөртпелер
- терінің зақымдануы (бөртпелерді, қышуды, есекжемді, макулалы-папулезді бөртпелерді, қызаруды, терінің қабыршақтануын қоса алғанда)
- шаршағыштық, астения (бұлшықет әлсіздігін қоса алғанда)
- гемоглобиннің төмендеуі (эритроциттер санының азаюын, гематокриттің азаюын қоса), Кумбс оң тікелей сынамасы, аланинаминотрансфераза белсенділігінің артуы, аспартатаминотрансфераза белсенділігінің артуы, қандағы лактатдегидрогеназа белсенділігінің артуы
Жиі емес
- асептикалық менингит
- анизоцитоз (микроциотозды қоса алғанда), тромбоцитоз
- анафилаксиялық шок
- ұйқышылдық, тремор
- жүрек соғуын сезу, тахикардия
- тромбоэмболиялық асқынулар, васкулиттер (шеткері қантамырлық бұзылуларды қоса алғанда)
- протеинурия, деңгейдің жоғарылауы
Белгісіз
- нейтрофилдер санының азаюы
- өкпенің жедел посттрансфузиялық зақымдану синдромы (ӨЖПЗС)
- бүйрекn34 жедел жеткіліксіздігі
- инъекция орнының ауырсынуы (инъекция орнындағы жайсыздықты қоса алғанда)
Күтілетін дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz