Арнайы ескертулер
• Постменапауза симптомдарын басу үшін ОГЕ тек адам өміріне теріс әсер ететін симптомдар кезінде бастау керек. Барлық жағдайларда кемінде жылына бір рет қауіп-пайданың мұқият бағалауын жүргізу қажет, ал ОГЕ пайдасы қауіптен жоғары болған жағдайда ғана жалғастыру қажет.
• Мерзімінен бұрынғы менапаузаны емдеуде ОГЕ байланысты қауіптерге қатысты дәлелдер жеткіліксіз. Алайда абсолюттік қауіптің төмен деңгейіне байланысты жас әйелдердегі пайда мен қауіп арақатынасы егде жастағы әйелдерге қарағанда жағымды болуы мүмкін.
Медициналық тексеру/одан кейінгі дәрігерлік бақылау:
• ОГЕ бастау немесе қайта тағайындаудың алдында, пациент әйел мен оның отбасының анамнезін толық анықтау керек. Физикалық (соның ішінде гинекологиялық және маммологиялық) тексеруде пайдалануға болмайтын жағдайлар мен пайдалану кезіндегі сақтық шараларын ескеру қажет. Емделу кезінде жиілігі мен сипаты әйелдің жеке ерекшеліктеріне тәуелді анықталатын мерзімдік тексерулер жүргізіп отыру ұсынылады. Әйелдер сүт безінің қандай өзгерістері кезінде емдеуші дәрігер мен медбикеге хабарлау керектігінен хабардар болуы қажет (төменнен «Сүт безінің обырын» қараңыз). Көзбен шолудың тиісті құралдарын қоса зерттеулер, мысалы, маммография, пациенттің клиникалық қажеттіліктеріне бейімделген қазіргі уақытта қабылданған скрининг әдістеріне сәйкес жүргізілуі қажет. Бақылауды талап ететін жағдайлар:
• Пациент әйелде бұрын болған және/немесе жүктілік кезінде немесе алдыңғы гормональді емнен кейін асқынған келесі жағдайлардың қайсыбірі болса мұқият бақылауға алынуы қажет. Бұл жағдайлардың Прогинова® препаратымен емдеу кезінде қайталануы немесе асқынуы мүмкін екенін назарға алу керек, соның ішінде:
- лейомиома (жатыр миомасы) немесе эндометриоз
- тромбоэмболиялық бұзылулардың қауіп факторлары (төменнен қараңыз)
- эстрогенге тәуелді ісіктердің қауіп факторы, мысалы, сүт безінің обыры кезіндегі 1-ші дәрежелі тұқымқуалаушылық
- гипертония
- бауыр аурулары (мысалы, бауыр аденомасы)
- ісікке қантамырлар қамтылған немесе онсыз қант диабеті
- өт-тас ауруы
- бас сақинасы немесе (қатты) бас ауруы
- жүйелі қызыл жегі
- анамнездегі эндометрий гиперплазиясы (төменнен қараңыз)
- эпилепсия
- демікпе
- отосклероз
- тұқымқуалайтын ангионевроздық ісіну
Емді дереу тоқтату себептері:
Емдеуді қолдануға болмайтын жағдайлар анықталғанда, сонымен қатар келесі жағдайларда тоқтату қажет:
- сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
- артериялық қысымның айтарлықтай көтерілуі
- алғаш туындаған бас сақинасы
- жүктілік
Эндометрий гиперплазиясы және обыр
• Ұзаққа созылған монотерапияда эндометрий гиперплазиясы немесе карциномасының даму қаупі жоғарылайды. Емдеудің ұзақтығы мен эстроген дозасына байланысты, эстрогенді қабылдамайтын пациент әйелдерге қарағанда, эстрогенмен монотерапия қабылдайтын пациент әйелдер арасында эндометрий обыры қаупінің 2-12 есе жоғарылауы тіркелген. Емді тоқтатқаннан кейін қауіп ұзақ уақыт сақталуы мүмкін (10 жылдан аса).
• Прогестагенді кезеңді 28-күндік циклде / айына кемінде 12 күн ішінде немесе гистерэктомияға ұшырамаған әйелдерде эстрогенмен және прогестагенмен үздіксіз біріктірілген ем түрінде қосымша қабылдау тек эстрогеннен тұратын ОГЕ байланысты артық қауіптің алдын алады.
• Эстрадиолдың > 2 мг пероральді дозасы, жылқының конъюгацияланған эстрогендері > 0,625 мг және тәулігіне бұласырлар > 50 мкг, эндометриядағы ілеспелі прогестагендер қауіпсіздігі көрініс бермеген.
• Лақылдап қан кету мен жағынды бөліністер емнің бірінші айы ішінде туындауы мүмкін. Егер лақылдап қан кету немесе жағынды бөліністер ем басталғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болса немесе емді тоқтатқаннан кейін жалғасса, олардың туындау себебін, мысалы, эндометрийдің қатерлі ісігін жоққа шығару мақсатында эндометрий биопсиясы арқылы зерттеу керек.
Бос эстрогенмен стимуляциялау эндометриоздың қалдықтық ошақтарында обыр алдындағы немесе қатерлі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан, эндометриоз себепті гистерэктомияға шалдыққан әйелдерде қалдықтық эндометриоз диагнозы анықталса, эстрогенмен орын басушы еммен бірге прогестагенді қосымша қабылдауға сақтықпен қарау керек.
Сүт безінің обыры
Жалпы деректер біріктірілген эстроген-прогестаген емін, сонымен қатар тек эстрогенмен ОГЕ алып жүрген әйелдерде сүт безінің обыры қаупінің жоғары екенін көрсетеді.
Біріктірілген эстроген-прогестагендік ем
• Шамамен 3 жылдан кейін білінетін, біріктірілген эстроген-прогестагендік ОГЕ өткен әйелдерде сүт безі обырының жоғары қаупі жоғарылайды.
Эстрогендік ем
• Тек эстрогендермен ОГЕ қабылдап жүрген гистерэктомия болған әйелдерде сүт безі обыры қаупінің жоғарылауы байқалмаған. Негізінен, сүт безі обыры диагностикалану қаупінің аздап көбеюі туралы, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем алған пациент әйелдерге қарағанда айтарлықтай төмен екені хабарланған.
• Жоғары қауіп бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін анықталады, алайда емді тоқтатқаннан кейінгі бірнеше жылдан соң бастапқы деңгейіне қайта келеді. Егер ОГЕ 5 жылдан астам уақытқа созылса, қауіп 10 жыл немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.
• ОГЕ, әіресе, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем маммографиялық кескіндердің тығыздығын ұлғайтады, ол сүт безінің обырын рентгенологиялық анықтауда теріс ықпал етуі мүмкін.
Аналық без обыры
Аналық без обыры сүт безінің обырына қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі.
• Тек эстроген немесе біріктірілген эстроген-прогестагендік ОГЕ қабылдап жүрген әйелдерде 5 жыл қабылдағаннан кейін пайда болатын және емді тоқтатқан соң уақыт өте төмендейтін аздап жоғары қаупі туралы көрсетеді.
• ОГЕ үшін біріктірілген препараттарды қолдану ұқсас немесе біраз аз қауіппен байланысты деп шамалайды.
Вена тромбоэмболиясы
• ОГЕ вена тромбоэмболиясы (ВТЭ) даму қаупінің яғни, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясы тромбоэмболиясының 1,3-3 есе жоғарылауымен байланысты. Мұндай асқынудың туындау ықтималдығы кейінге қарағанда ОГЕ жүргізген бірінші жылы басым.
• ВТЭ туындауының көпшілікке танылған қауіп факторларына эстрогендер қабылдау, егде жас, ауқымды операциялық араласым, ұзаққа созылған иммобилизация, семіздік (ДСИ> 30 кг/м2), жүктілік кезеңі/босанғаннан кейінгі кезең, жүйелік қызыл жегі (ЖҚЖ) және обыр жатады. ВТЭ кезіндегі венаның варикоздық кеңеюінің рөлі туралы біржақты пікір жоқ. Барлық операциядан кейінгі пациенттер сияқты, операциядан кейін ВТЭ болдырмау үшін профилактикалық шаралар қарастырылуы қажет. Ұзаққа созылған иммобилизациядан кейін жоспарлы операция өткізу қажеттілігі болған жағдайда ОГЕ уақытша, 4-6 аптаға ерте тоқтату ұсынылады. Емдеуді әйел толық қалпына келгенше қайта жаңғыртпау керек.
• Расталған тромбоэмболия жағдайлары бар пациенттер ВТЭ жоғары қаупіне ұшырайды. ОГЕ бұл қауіптің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, ОГЕ мұндай пациенттерге қолдануға болмайды.
• Анамнезінде ВТЭ болмаған, бірақ жақын туысында жастау кезінде тромбоз болған әйелдерге оның кемшіліктеріне қатысты мұқият кеңес беруден кейін, скринингтен өту ұсынылуы мүмкін (скринингте тромбофильдік бұзылулардың тек бір бөлігі анықталады). Отбасы мүшелеріндегі тромбоздан басқа тромбофильдік бұзылулар анықталған жағдайда, немесе бұзылулардың «қауіптілігі» (мысалы, антитромбин, S ақуызы немесе C ақуызы жетіспеушілігі, немесе бұзылулардың бірігуі) жағдайында ОГЕ қолдануға болмайды.
• Антикоагулянттармен емдеу курсын өтіп жатқан пациент әйелдерге қатысты ОГЕ жүргізудің қаупін мұқият қарастыру қажет болады.
• Ем басталғаннан кейін ВТЭ дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Тромбоэмболиялық ықтимал симптомдар (мысалы, аяқтың ауырсынып ісінуі, кеуденің кенеттен ауыруы, ентігу) туындаған жағдайда пациент әйелдерге өзінің емдеуші дәрігеріне тез арада хабарласуды ұсыну керек.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)
ЖИА бар немесе ЖИА жоқ, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем немесе тек эстрогендік ОГЕ қабылдаған әйелдерде миокард инфарктісінен қорғаудың бақыланатын рандомизацияланған зерттеулер деректері жоқ.
Біріктірілген эстроген-прогестаген емі
Біріктірілген эстроген-прогестаген емін қабылдау кезіндегі ЖИА дамуының салыстырмалы қаупі біраз жоғары. ЖИА бастапқы қаупі жас шамасына тәуелді болғандықтан, эстроген мен прогестаген қабылдаудан туындаған ЖИА қосымша жағдайлары менопаузаға жақындаған дені сау әйелдерде өте төмен, алайда ол жас ұлғайған сайын жоғарылай береді.
Эстрогендік ем
Бақыланатын рандомизацияланған зерттеулер деректеріне сәйкес, эстрогендік ем қабылдап жүрген гистерэктомия болған әйелдерде ЖИА жоғарғы қаупі анықталған жоқ.
Ишемиялық инсульт
Біріктірілген эстроген-прогестагендік ем мен эстрогендік ем ишемиялық инсульт даму қаупін 1,5 есе көтереді. Салыстырмалы қауіп жас өскен сайын немесе менопаузадан кейінгі уақытта өзгермейді. Алайда, инсульттің бастапқы қаупі айтарлықтай дәрежеде жасқа тәуелді болғандықтан, ОГЕ қабылдап жүрген әйелдердегі инсульттің жалпы қаупі жас ұлғая көтерілетін болады.
Басқа жағдайлар
• Эстрогендер сұйықтықтың іркілісін туғызуы мүмкін, сондықтан жүрек немесе бүйрек дисфункциясы бар пациент әйелдерді мұқият бақылау керек.
• Анамнезінде гипертриглицеридемия болған әйелдер эстрогендермен немесе горманальді орынбасу емін қабылдау кезінде мұқият бақылауда болуы керек, өйткені мұндай жағдайда эстрогенмен емдеу кезінде панкреатитке соқтыратын, плазмадағы триглицеридтердің елеулі жоғарылауының сирек жағдайлары туралы хабарланған.
• Эстрогендер ақуыз-байланыстыратын йод (АБЙ) көмегімен өлшенетін, қалқанша бездің айналмалы жалпы гормондар деңгейінің көтерілуіне әкеліп, тироксин байланыстыратын глобулин (ТБГ) деңгейін, Т4 (бағандық немесе радиологиялық әдістерімен анықталатын) деңгейін немесе Т3 (радиоиммуноталдау арқылы) деңгейін көтереді. Т3 шайыры сіңірілуінің төмендеуі ТБГ жоғарылауын көрсетеді. Бос Т4 пен бос Т3 концентрациялары өзгермейді. Басқа байланыстырушы ақуыздар деңгейі яғни, сәйкесінше, айналмалы кортикостероидтар мен жыныстық стероидтардың көтерілуіне әкелетін, кортикоид байланыстырушы глобулин (КБГ) деңгейі, жыныстық гормондар байланыстыратын глобулин (ЖГБГ) деңгейі сарысуда жоғары болуы мүмкін. Бос немесе биологиялық белсенді гормон концентрациялары өзгермейді. Қан плазмасындағы басқа ақуыздардың деңгейі жоғарылауы мүмкін (ангиотензиноген/ренин субстраты, альфа-I-антитрипсин, церулоплазмин).
• Кейде, әсіресе, анамнезінде хлоазма болған жүкті әйелдерде хлоазма кездесуі мүмкін. Хлоазмаға бейім әйелдер ОГЕ кезінде күн немесе ультракүлгін сәуле әсерінен аулақ болуы керек.
ОГЕ қолдану когнитивті функцияларды жақсартпайды. 65 жастан кейін үздіксіз гормональді ем немесе тек эстрогенмен ОГЕ бастаған әйелдерде деменцияның ықтимал даму қаупінің жоғарылауын көрсететін мәліметтер алынды.
• Прогинова® ұрықтануға қарсы дәрі ретінде жарамсыз. Қажет болса гормональді емес контрацепцияны қолдану керек.
• Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы, немесе сахароза мен изомальтаза жеткіліксіздігі мәселесі бар пациенттерге бұл дәрілік затты қолдануға болмайды.
Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы қиындықтары, лактазаның туа біткен жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік затты қабылдамауы керек.
• Прогинова® бір таблеткасының құрамында 46.250 мг лактоза моногидраты және 33.980 мг сахароза бар. Қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындау кезінде сақ болу керек.
•Экзогендік эстрогендер тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ангионевроздық ісінуге түрткі болуы немесе симптомдарын нашарлатуы мүмкін.
АЛТ жоғарылауы
С гепатитін емдеуге арналған рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавир біріктірілген препараты қолданылған клиникалық сынақтар барысында құрамында этинилэстрадиол бар препараттарды, мысалы, біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданатын әйелдерде АЛТ деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам жоғарылауы айтарлықтай жиі байқалды. Сонымен қатар, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревирмен ем қабылдаған пациенттерде құрамында БГК сияқты этинилэстрадиол бар препараттарды қабылдаған әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Эстрогендік компоненті ретінде құрамында этинилэстрадиол емес, мысалы, эстрадиол және рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавир бар дәрілік препараттарды қабылдайтын әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарылау жиілігі эстрогенді қабылдамайтын әйелдерде байқалғанға ұқсас, алайда мұндай эстрогендерді әйелдердің шектеулі саны алатындығына байланысты келесі біріктірілген емдеу режимдерін бір мезгілде тағайындауға сақтықпен қарау керек: рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавирмен, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревирмен.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Прогинова® бауыр функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Прогинова® бауырдың жедел ауруы бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған әйелдер мұқият бақылауда болуы қажет, егер бауыр функциясының көрсеткіштері нашарлаған жағдайда ОГЕ-ні қолдануды тоқтату керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Прогинова® бүйрек қызметі бұзылған науқастарда зерттелмеген.
Жүктілік кезінде
Прогинова® препараты жүктілік кезінде қолданылмайды. Прогинова® препаратын қабылдау уақытында жүктілік байқалса, емдеуді бірден тоқтату керек.
Эстрогендердің шаранаға көзделмеген әсеріне жүргізілген бүгінгі күнге дейінгі эпидемиологиялық зерттеулердің көпшілігінің нәтижелері тератогендік немесе фетоуыттылық әсерін көрсетпейді.
Лактация кезеңінде
Прогинова® препараты емшек емізу кезінде тағайындалмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы бойынша ешқандай зерттеулер жүргізілмеген. Прогинова® препаратын пайдаланған пациенттерде көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы байқалмаған.