Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
0,05%
Саудалық атауы
Прозерин– Дарница
Әсер етуші зат
Неостигмин
Мақсаты
Миастенияда, жедел миастениялық кризде, ми жарақатынан кейінгі қимыл-қозғалыс бұзылуларында, салдануда
Өндіруші
«Фармацевтическая фирма «Дарница»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: прозерин 0,5 мг,
қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
- миастенияда, жедел миастениялық кризде
- ми жарақатынан кейінгі қимыл-қозғалыс бұзылуларында
- салдануда
- менингитпен, полиомиелитпен, энцефалитпен ауырғаннан кейінгі қалпына келу кезеңінде
- невритте, көру жүйкесінің атрофиясында
- ішек атониясында, қуық атониясында
- жүйке-бұлшықет берілімінің деполяризациялайтын миорелаксанттармен блокадасынан кейінгі қалдық құбылыстарды жоюға.
Басқа жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Парасимпатомиметиктер. Антихолинэстераза препараттары. Неостигмин.
АТХ коды N07A A01
Фармакодинамикалық әсерлері
Прозерин - Дарница қайтымды әсер ететін холинестеразаның синтетикалық блокаторы. Ацетилхолинестеразаға жоғары тектестікке ие, бұл оның ацетилхолинмен құрылымдық ұқсастығына байланысты. Прозерин (ацетилхолин сияқты) алдымен холинестеразаның каталитикалық орталығымен өзара әрекеттеседі, бірақ болашақта ацетилхолиннен айырмашылығы, ол өзінің карбамин тобының арқасында холинестераза ферментімен тұрақты қосылыс түзеді. Холинестераза уақытша (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін) өзінің белсенділігін жоғалтады. Көрсетілген кезең ішінде прозерин-холинестераза кешені гидролизге ұшырайды, нәтижесінде холинестераза белсенділігі қалпына келеді. Мұндай әрекет холинергиялық синапстарда ацетилхолиннің жиналуына және әсерінің күшеюіне әкеледі. Прозерин айқын М-холиномиметикалық және Н-холиномиметикалық әсерге ие, қаңқа бұлшықеттеріне тікелей қоздырғыш әсер етеді.
Жүрек соғу жиілігінің төмендеуін тудырады, экскреторлық бездердің секрециясын жоғарылатады (сілекей, бронх, тер және ас қорыту жолдарының) және гиперсаливацияның, бронхореяның дамуына, асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылауына ықпал етеді, қарашықты тарылтады, тұру спазмын тудырады, көзішілік қысымды төмендетеді, қуықтың және ішектің тегіс бұлшықеттерінің тонусын жақсартады (перистальтиканы күшейтеді және сфинктерді босаңсытады), бронхоспазмды тудырады, қаңқа бұлшықеттерін сергітеді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Қолжетімді әдебиеттерде табылған жоқ.
Балалар
Қолжетімді әдебиеттерде табылған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектерге және балаларға тек стационар жағдайында.
Ересектер
Препаратты тері астына тәулігіне 1-2 рет 0,5-2 мг (1-4 мл) дозада тағайындайды. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза – 2 мг, тәуліктік – 6 мг. Емдеу курсының ұзақтығы (миастениядан, миастениялық кризден, операциядан кейінгі ішек және қуық атониясынан, миорелаксанттардың артық дозалануынан басқа) – 25-30 күн. Қажет болған жағдайда 3-4 аптадан кейін курсты қайталап тағайындайды. Жалпы тәуліктік дозаның үлкен бөлігі, науқастың өте қатты шаршауы кезінде, күндізгі уақытта тағайындалады.
Миастения: препаратты тері астына және бұлшықет ішіне тәулігіне 0,5 мг (1 мл) дозада тағайындайды. Емдеу курсы ұзақ, енгізу жолы өзгертіледі.
Миастениялық криз (тыныстың және жұтынудың қиындауы): препаратты вена ішіне 0,25-0,5 мг (0,5-1 мл) дозада тағайындайды, бұдан әрі қарай аздаған аралықтармен тері астына тағайындайды.
Операциядан кейінгі ішек және қуық атониясы, атонияның, соның ішінде несептің операциядан кейінгі іркілуінің профилактикасы: препаратты тері астына немесе бұлшықет ішіне, мүмкіндігінше операциядан кейін көп ұзатпай, 0,25 мг (0,5 мл) дозада тағайындайды және қайталап – 3-4 күн бойы әрбір 4-6 сағат сайын.
Миорелаксантпен артық дозаланғанда антидот ретінде (мұның алдында атропин сульфатын 0,6-1,2 мг дозада вена ішіне енгізгеннен кейін, тамырдың соғу ырғағының жиілігі минутына 80 ретке артқанға дейін): 0,5-2 минуттан кейін препаратты вена ішіне баяу 0,5-2 мг дозада тағайындайды. Қажет болған жағдайда 20-30 минут бойы инъекцияны (соның ішінде брадикардия жағдайында атропинді) жалпы дозасын 5-6 мг-нан (10-12 мл) арттырмай қайталайды. Емшара кезінде өкпенің жасанды желдетілуін қамтамасыз етеді.
Балаларға – 1 жасында күніне 0,05 мг (0,1 мл 0,05 % ерітінді), бірақ 1 инъекцияға 3,75 мг-нан (0,75 мл 0,05 % ерітінді) арттырмай тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
Тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия, гиперкинезде;
- ваготомия
- жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия
- аритмиялар, брадикардия
- бронх демікпесі
- айқын атеросклероз
- тиреотоксикоз
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- перитонит
- ас қорыту жолының және несеп шығару жолдарының механикалық обструкциясы
- қуықасты безінің дизуриямен жүретін гипертрофиясы
- деполяризациялайтын миорелаксанттармен бір мезгілде қолдану.
Препаратты қолдану жедел инфекциялық аурулар, күрт әлсіреген балаларда уыттану кезеңінде қарсы көрсетілімді.
Барлық дәрілік препараттар тәрізді препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында пайда болмайды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ға дейін), сирек (≥1/10000-ден < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
- бронх секрециясының күшеюі
- гиперсаливация, жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның спазмдық жиырылуы, ішектің жиырылуының күшеюі, метеоризм, нәжістің ішектен еріксіз шығып кетуі
- терлеудің күшеюі, ысыну сезімі
Жиі емес.
- несептің бөлініп шығуының жиілеуі, несептің еріксіз бөлініп шығуы
- миоз, көру қабілетінің бұзылуы
- көзден жас ағу, артралгия
Сирек.
- аритмия, бради- немесе тахикардия, атриовентрикулярлы блокада, түйінді ырғақ, ЭКГ-де спецификалық емес өзгерулер, жүректің тоқтап қалуы, артериялық қысымның төмендеуі
- бас ауыру, бас айналу, сананың жоғалуы, әлсіздік, ұйқышылдық, діріл, құрысулар, тілдің және көмейдің бұлшықеттерін қоса, қаңқа бұлшықеттерінің түйілуі және тартылуы, аяқтардың ұюы, дизартрия
- ентігу, тыныстың тоқтап қалғанша тарылуы, бронхтың түйілуі
- бөрту, қышыну, гиперемия, есекжем, анафилаксиялық шокты қоса, аллергиялық реакциялар.
- гиперемияны, қышынуды, терінің ісінуін қоса, енгізу орнындағы бұзылулар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: холинорецепторлардың шамадан артық қозуымен байланысты (холинергиялық криз): тахикардия немесе брадикардия, гиперсаливация, жұтынудың қиындауы, миоз, бронхтың түйілуі, тыныстың тарылуы, жүректің айнуы, құсу, ішектің жиырылуының күшеюі, диарея, несептің жиі бөлініп шығуы, қимыл үйлесімділігінің бұзылуы, тілдің және қаңқа бұлшықеттерінің тартылуы, салқын тер, біртіндеп жалпы әлсіздіктің пайда болуы, салдану, артериялық қысымның төмендеуі, үрей, дүрлігу. Өте жоғары дозалар ажитацияны, қозуды тудыруы мүмкін. Жүректің тоқтап қалуынан немесе тыныстың салдануынан, өкпенің ісінуінен өлім жағдайы болуы мүмкін. Артық дозалану мүмкіндігі жоғары, gravis миастениямен науқастарда бұлшықеттің тартылуы және парасимпатомиметикалық әсерлер жоқ немесе нашар білінуі мүмкін, бұл миастениялық кризбен бірге артық дозаланудың дифференциациялық диагностикасын қиындатады.
Емі: препарат дозасын азайту немесе енгізуді тоқтату. Қажет болған жағдайда атропин (1 мл 0,1 % ерітіндісі), метацин енгізеді. Әрі қарай симптоматикалық ем жүргізіледі.
Үлкен дозаларды парентеральді түрде енгізген кезде атропинді (алдын ала немесе бір мезгілде) тағайындау қажет.
Емдеу кезінде миастениялық (емдік доза жеткіліксіз болғанда) немесе холинергиялық (артық дозалануы салдарынан) криз пайда болғанда, препаратты әрі қарай қолдану, симптомдарының ұқсас болуына байланысты, мұқият дифференциациялық диагностиканы қажет етеді.
Медициналық немесе стоматологиялық емдеу, хирургиялық араласым алдында прозерин қабылдағанын дәрігерге айтуы қажет.
Ішекке және қуыққа операция жасалған науқасқа, паркинсонизммен ауыратын науқасқа аса сақтықпен тағайындаған жөн.
Прозеринді бір шприцте сілтілік ерітінділермен және тотықтырғыштармен бірге араластырмаған жөн, өйткені бұл оның бұзылуына әкеледі.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға тек стационар жағдайында ғана қолдануға болады.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделу кезінде автокөлікті жүргізуге және жоғары зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.
Препаратты қолдану жүктілік және бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілімді.
Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда мыналар болуы мүмкін:
- жергілікті жансыздандыруға арналған препараттармен және кейбіржалпы анестетиктермен, аритмияға қарсы препараттармен, органикалық нитраттармен, үшциклдік антидепрессанттармен, эпилепсияға қарсы дәрілермен, Паркинсон ауруына қарсы дәрілермен, гуанетидинмен - прозериннің тиімділігі төмендейді;
- М-холиноблокаторлармен– прозериннің м-холиномиметикалық
әсерлері әлсірейді;
-деполяризациялайтын миорелаксанттармен - соңғысының әсері
ұзарады және күшейеді;
-деполяризацияға қарсы миорелаксанттармен - соңғысының әсері
бәсеңдейді. Прозерин деполяризацияға қарсы миорелаксанттар артық дозаланғанда антидот ретінде пайдаланылады;
-басқа антихолинэстераза препараттарымен - уыттылығы
күшейеді;
--холиномиметиктермен - ас қорыту жолдарының функциясы
бұзылады, жүйке жүйесіне уытты әсер етеді;
-β-адреноблокаторлармен - брадикардия күшейеді;
-эфедринмен бірге - прозериннің әсері күшейеді.
Неомицинмен, стрептомицинмен, канамицинмен бір мезгілде сақтықпен тағайындайды.
Миастенияда альдостерон антагонистерімен, глюкокортикостероидтармен және анаболикалық гормондармен бірге тағайындайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.