Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
50 мг/мл
Саудалық атауы
Проинин
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Мақсаты
Ми қанайналымының жедел бұзылулары, бассүйек-ми жарақаты, бассүйек-ми жарақатының салдары
Өндіруші
Новосибхимфарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты - 50 мг,
қосымша заттар: натрий дисульфиті (натрий пиросульфиті), инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ашық-сары түсті сұйықтық.
– ми қанайналымының жедел бұзылулары
– бассүйек-ми жарақаты, бассүйек-ми жарақатының салдары
- дисциркуляторлы энцефалопатия
- вегетативті дистония синдромы
- шығу тегі атеросклероздық жеңіл когнитивті бұзылыстар
- невроздық және невроз тәрізді жағдайдағы үрейлі бұзылыстар
- жедел миокард инфарктінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында
- әртүрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында
- невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын алкоголизм кезіндегі абстиненттік синдромды басу
- психозға қарсы дәрілермен жедел уыттану
- құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында
Әсер ету механизмі
Проинин препаратының әсер ету механизмі оның антигипоксантты, антиоксидантты және жарғақшапротекторлық әсеріне байланысты. Ол липидтердің асқын тотықты-тотығу үдерісін тежеп, супероксиддисмутазаның белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын жақсартады, жарғақшаның тұтқырлығын төмендетеді, оның ағымдылығын арттырады. Жарғақшаларды байланыстыратын ферменттердің (кальцийге тәуелді емес фосфодиэстеразаның, аденилатциклазаның, ацетилхолинэстеразаның), рецепторлық кешендердің (бензодиазепиндік, гамма-аминмай қышқылының (ГАМҚ), ацетилхолиндік) белсенділігін модульдайды, бұл олардың лигандтармен байланысу қабілетін күшейтіп, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық құрылуының сақталуына, нейромедиаторлардың тасымалдануына және синапстық берілістердің жақсаруына көмектеседі. Проинин мидағы дофамин мөлшерін жоғарылатады. Аэробтық гликолиздің компенсаторлы белсенділігін арттырып және гипоксия жағдайында Кребс цикліндегі тотығу үрдістерін бәсеңдету дәрежесін азайтып, аденозинтрифосфаттың (АТФ) және креатинфосфаттың мөлшерін көбейтеді, митохондриялардың энергия синтезделу функциясын жандандырып, жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Антигипоксиялық, жарғақшапротекторлы, ноотропты, құрысуға қарсы, анксиолитикалық әсер етеді, организмнің стресске төзімділігін жоғарылатады. Проинин организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттекке тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымының бұзылуы, алкогольмен және психозға қарсы препараттармен (нейролептиктермен) улану) төзімділігін жоғарылатады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Проинин ми метаболизмі мен мидың қанмен қамтылуын жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гемолиз кезінде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымдарын (эритроциттер және тромбоциттер) тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсер етеді, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтердің (ТТЛП) деңгейін төмендетеді.
Проинин ишемияланған миокардта метаболизм үдерістерін қалыпқа түсіреді, некроз аймағын азайтады, миокардтың электрлік белсенділігі мен жиырылғыштығын қалпына келтіреді және жақсартады, сондай-ақ ишемия аймағында коронарлық қанағымын ұлғайтады, жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде реперфузиялық синдромның салдарын азайтады. Нитропрепараттардың антиангиналық белсенділігін жоғарылатады. Проинин үдемелі нейропатия кезіндегі торқабықтың ганглиозды жасушалары мен көру жүйкесі талшықтарының сақталуына ықпал етеді, ал оның себептері созылмалы ишемия және гипоксия болып табылады. Торқабық пен көру жүйкесінің функциялық белсенділігін, көру өткірлігін арттыра отырып, жақсартады.
Жедел панкреатит кезінде ферментативті токсемияны және эндогенді уыттануды азайтады.
Балалар
Қатысты емес.
Дозалау режимі
Бір реттік доза 100 - 500 мг. Тәуліктік доза 500 - 1200 мг. Вена ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе бұлшықет ішіне.
Ең жоғары бір реттік доза 500 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг. Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып). Инфузиялық енгізу тәсілінде препаратты 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылту керек. Сорғалатып баяу 5-7 минут бойы, тамшылатып – минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қолдану сызбасы ауруға байланысты.
Ми қанайналымының жедел бұзылуларында Проинин препаратын алғашқы 10-14 күнде – вена ішіне тамшылатып 200 - 500 мг тәулігіне 2-4 рет, содан соң бұлшықет ішіне 200 - 250 мг тәулігіне 2 - 3 рет 2 апта бойы қолданады.
Бассүйек-ми жарақаты және бассүйек-ми жарақатының салдарында Проинин препаратын вена ішіне тамшылатып 200 - 500 мг-ден тәулігіне 2 - 4 рет 10 - 15 күн бойы қолданады.
Декомпенсация фазасындағы дисциркуляторлы энцефалопатия кезінде Проинин препаратын вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 200-500 мг дозада тәулігіне 1-2 рет 14 күн бойы тағайындаған жөн. Содан соң кейінгі 2 апта бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 100 - 250 мг-ден.
Дисциркуляторлы энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін Проинин препаратын бұлшықет ішіне 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізеді.
Егде жастағы науқастардағы жеңіл когнитивті бұзылуларда және үрейленуге байланысты бұзылыстарда Проинин препаратын бұлшықет ішіне 100-300 мг тәуліктік дозада 14-30 күн бойы қолданады.
Жедел миокард инфарктінде кешенді ем құрамында Проинин препаратын нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты дәрілер, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша симптоматикалық дәрілерді қамтитын миокард инфарктісін дәстүрлі емдеу аясында вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 14 тәулік бойы енгізеді. Алғашқы 5 тәулікте ең жоғары әсеріне қол жеткізу үшін Проинин препаратын мүмкіндігінше вена ішіне енгізген дұрыс, одан кейінгі 9 тәулікте Проинин препаратын бұлшықет ішіне енгізуге болады. Препарат 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % декстроза ерітіндісінде (глюкоза) 30 - 90 мин бойы 100 - 150 мл көлемінде вена ішіне тамшылатып, баяу (жағымсыз әсерлерін болдырмас үшін) енгізіледі. Қажет болғанда препаратты ұзақтығы кем дегенде 5 минут болатындай, баяу сорғалатып енгізуге болады.
Препарат (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын енгізіледі. Тәуліктік емдік дозасы дене салмағының әр кг тәулігіне 6-9 мг, бір реттік доза – дене салмағының әр кг 2-3 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг, бір реттік доза - 250 мг аспауы тиіс.
Әртүрлі сатыдағы ашық бұрышты глаукома кезінде кешенді ем құрамында Проинин препаратын бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг-ден, тәулігіне 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді.
Абстиненттік алкогольдік синдром кезінде Проинин препаратын 200-500 мг дозада вена ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн бойы енгізеді.
Психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанған кезде Проинин препаратын вена ішіне тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді.
Құрсақ қуысының жедел іріңді–қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) Проинин препаратын операцияның алдындағы және операциядан кейінгі тәуліктерде тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың формасына және ауырлығына қарай, үдерістің таралғандығына, клиникалық ағымының нұсқаларына байланысты болады. Препаратты тоқтату біртіндеп, тек тұрақты оң клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана жүргізілуі тиіс.
Жедел ісінумен (интерстициальді) панкреатит кезінде Проинин препаратын 200-500 мг-ден күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне тағайындайды.
Ауырлығы жеңіл дәрежеде некроздық панкреатит – 100-200 мг-ден күніне 3 рет вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне.
Ауырлығы орташа дәрежеде – 200 мг-ден күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) тағайындалады.
Ауыр ағым – алғашқы тәулікте 800 мг пульс-дозада, екі рет енгізу режимінде; бұдан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 200-500 мг-ден күніне 2 рет.
Өте ауыр ағым – бастапқы дозада панкреатогенді шоктың байқалуы тұрақты басылғанға дейін тәулігіне 800 мг-ден, жағдай тұрақтанған соң 300-500 мг-ден күніне 2 рет тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) енгізеді.
- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Өте сирек:
– анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, есекжем
- ұйқышылдық
– бас ауыруы, бас айналуы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімдік сипатқа ие)
– АҚ төмендеуі, АҚ жоғарылауы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімді сипатқа ие)
– құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлап ашуы, кеуде қуысындағы жайсыздық, тыныс алудың қиындауы (енгізу жылдамдығы шамадан тыс жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін және ол қысқа мерзімді сипатқа ие)
– ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, жағымсыз иісті сезіну, ауызда металл дәмінің шығуы
- қышыну, бөртпе, гиперемия
– ысынуды сезіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: препараттың төмен уыттылығына байланысты артық дозалануы екіталай. Емдеу әдетте, талап етілмейді, - симптомдар тәулік ішінде өздігінен кетеді. Айқын көріністер кезінде демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі.
Жекелеген жағдайларда, әсіресе бронх демікпесі бар әрі сульфиттерге жоғары сезімталдыққа бейім пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Дәрілік препараттың құрамында 1 мл ерітіндіде 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету керек емес.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі пациенттерде Проинин препаратын қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау кезеңінде психофизикалық реакциялардың жылдамдығын талап ететін жұмыс (көлік құралдарын, механизмдерді басқару және т.б.) істегенде сақтық таныту керек.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерде Проинин препаратын қабылдауға болмайды.
Бензодиазепиндік анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің (карбамазепиннің), паркинсон ауруына қарсы дәрілердің (леводопаның) әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 ºС -ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.