Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині, 65 ХБ,
преднизолон ацетаты, 2,233 мг,
полидоканол (макрогол лаурил эфирі), 30 мг,
қосымша заттар: қатты парафин, сұйық парафин, ланолин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш-ақ жартылай мөлдір, өзіне тән иісі бар гель тәріздес жақпамай
• сыртқы және ішкі геморройда
• артқы өтістің геморроидальді веналар тромбофлебитінде
• анус аймағындағы жыланкөздер, экзема және қышуда
• анус сызаттарында
• аноректальді аймақтағы операциялық араласуға даярлауда
• тромбаланған немесе операция жасалған геморройдың кешенді емі құрамында
Проктологияда жергілікті қолдануға арналған тромбозға қарсы, қабынуға қарсы және венаны склероздайтын әсері бар біріктірілген препарат.
Гепарин - тікелей әсер ететін антикоагулянт. Сыртқа қолданған кезде тромбозға қарсы, экссудатқа қарсы жергілікті және қабынуға қарсы орташа әсер етеді; дәнекер тіндерінің регенерациясына ықпал етеді; геморроидальді түйіндерде қан коагуляциясын болдырмайды.
Преднизолон – глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, экссудатқа және аллергияға қарсы әсер етеді, аноректальді аймақта қабынуды және қатар жүретін субъективті сезінулерді (қышу, ашыту, ауыру) азайтады.
Полидоканол жергілікті жансыздандыратын әсер береді және геморроидальді түйіндердің склероздануын қамтамасыз етеді.
Сыртқа, жақпамайды жұқалап зақымданған бөліктерге тәулігіне 2-4 рет; ауыру сезімдері басылғаннан кейін – 7 күн бойы тәулігіне 1 рет жағады.
Ректальді. Жақпамайды енгізу үшін қоса берілетін бұрандалы ұштық пайдаланылады, оны тік ішек қуысына енгізіп, түбекті жеңіл ғана басып, аз ғана жақпамай сығып шығарылады.
Проктозан Нео препаратын әрдайым Сізге емдеуші дәрігер ұсынғандай қолданыңыз. Егер Сіз препаратты қолданудың дұрыстығына күмәндансаңыз, дәрігермен кеңесу керек.
• препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• терінің бактериялық, вирустық, зеңдік зақымдануы
• туберкулез
• мерез
• тері ісіктері
• қан кетуге бейімділік
• вакцина енгізуге реакциялар
• жүктіліктің I триместрі
• 12 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000 аздау), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Өте сирек
• аллергиялық реакциялар, тері гиперемиясы
Ұзақ қолданған кезде және/немесе үлкен беткейге жаққан кезде жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін
• сызаттардың регенерация үдерісінің баяулауы
• ісінулер
Егер кез келген жағымсыз әсері күрделі болса немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы міндетті түрде дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа кортикостероидтармен емдеу кезіндегідей, сақтық танытқан жөн, препаратты көп мөлшерде немесе ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.
Препараттың құрамына кіретін ланолин жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрі кезінде пайда/қауіп арақатынасын бағалап алып, қолдану керек. Лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Ректальді қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сықпаны алғаш ашқаннан кейін – 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.