Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині, 120 ХБ,
преднизолон ацетаты, 1,675 мг,
полидоканол (макроголдың лаурил эфирі), 30 мг,
қосымша заттар: орташа тізбекті ұзындығымен триглицеридтер (Mygliol 812), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, глицерол тристеараты, қатты май (Novata B).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні конус тәрізді, ақ түсті суппозиторийлер.
• сыртқы және ішкі геморройда
• артқы өтістің геморроидальді веналар тромбофлебитінде
• анус аймағындағы жыланкөздер, экзема және қышуда
• анус сызаттарында
• аноректальді аймақтағы оперативті араласуға даярлауда
• тромбталған немесе операция жасалған геморройдың кешенді емі құрамында
Проктологияда жергілікті қолдануға арналған тромбқа қарсы, қабынуға қарсы және венаны склероздайтын әсері бар біріктірілген препарат.
Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт. Сыртқа қолданған кезде тромбқа қарсы, экссудатқа қарсы жергілікті және қабынуға қарсы орташа әсер етеді; дәнекер тіндерінің регенерациясына ықпал етеді; геморроидальді түйіндерде қан коагуляциясын болдырмайды.
Преднизолон – глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, экссудатқа және аллергияға қарсы әсер етеді, аноректальді аймақта қабынуды және қатар жүретін субъективті сезінулерді (қышу, ашыту, ауыру) азайтады.
Полидоканол жергілікті жансыздандыратын әсер береді және геморроидальді түйіндердің склероздануын қамтамасыз етеді.
Ректальді, дефекациядан кейін тік ішек қуысына 1 суппозиторийден тәулігіне 1-2 рет енгізеді. Емдеу курсы – 7 күн.
Проктозан Нео препаратын әрдайым Сізге емдеуші дәрігеріңіз ұсынғандай қолданыңыз. Егер Сіз препаратты дұрыс қолданғаныңызға күмән келтірсеңіз, дәрігерден кеңес алу қажет.
• препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• терінің бактериялық, вирустық, зеңдік зақымдануы
• туберкулез
• мерез
• тері ісіктері
• қан кетуге бейімділік
• вакцина енгізуге реакциялар
• жүктіліктің I триместрі
• 12 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктемесіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000 азырақ), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер арқылы анықтау мүмкін емес).
Өте сирек
• аллергиялық реакциялар, тері гиперемиясы
Ұзақ қолданған кезде жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін
• тері атрофиясы
• сызаттардың регенерация үдерісінің баяулауы
• ісінулер
Егер кез келген жағымсыз әсер елеулі болса немесе Сіз осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа кортикостероидтармен емдеу кезіндегідей, сақтық танытқан жөн, препаратты ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.
Жүктілік кезеңінде жергілікті кортикостероидты препараттарды қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жарық таңдай және ұрықтың жатырішілік дамуының кідіруі сияқты эмбрион аномалиясы дамуына аздаған қаупі болады.
Препаратты жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде, сондай-ақ лактация кезеңінде қабылдау тек дәрігердің тағайындауы бойынша, қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалаған соң ғана мүмкін болмақ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Ректальді қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.