Барлық дәрі-дәрмектер секілді, осы препарат та барлық пациенттерге қатысты болмағанмен жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Пропанорм® препаратымен емдеуге байланысты ең жиі және өте жиі жағымсыз реакциялар бас айналу, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы және жүрек қағысының сезілуі (жүрек қағуының жиілеуі) болып табылады.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10), сирек (≥ 1/1000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
• бас айналу 1
• жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, жүрек соғуының жиілеуі (пальпитация)2
Жиі
- жүрек жиырылу жиілігінің айқын баяулауы/үдеуі (брадикардия / тахикардия), синустық брадикардия, жүрекшелердің дірілдеуі
- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іш қату, ауыздың құрғауын сезу
- ентігу-тыныс алудың қиындауы
- бас ауруы, дәмнің бұзылуы (дисгевзия)
- мазасыздық, ұйқының бұзылуы
- анық көрмеу
- бауыр функциясының бұзылуы3
- кеудедегі ауырсыну, әлсіздік, шаршау, қызба
Жиі емес
- қарыншалар тахикардиясы, жүрек ырғағының бұзылуы (аритмия4)
- тәбеттің төмендеуі
- эректильді дисфункция (потенцияның төмендеуі)
- есекжем, қышыну, бөртпе (экзантема), терінің қызаруы (эритема)
- қысымның төмендеуі (гипотензия)
- іштің кебуі, метеоризм
- естен тану жай-күйі (синкопа), қимыл үйлесімділігінің бұзылуы (атаксия), сезімталдықтың бұзылуы (парестезия)
- вертиго
- тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі (тромбоцитопения)
- түнгі қорқынышты түстер
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- қарыншалар фибрилляциясы, жүрек жеткіліксіздігі5, жүрек жиырылу жиілігінің баяулауы (брадикардия)
- құрысулар (конвульсиялар), бұлшықет кернеуі мен қозғалысқа жауап беретін экстрапирамидалық жүйенің бұзылу белгілері (экстрапирамидалық симптомдар деп аталатын), мазасыздық, абыржу
- ортостатикалық гипотензия (орыннан тұрғаннан кейін әлсіздік сезімімен, қоса қатар жүретін артериялық қысымның төмендеуі, көздің қарауытуы немесе естен тану)
- сананың шатасуы
- агранулоцитоз, лейкоциттердің жалпы санының төмендеуі (лейкопения), лейкоциттердің белгілі бір түрі санының төмендеуі (гранулоцитопения)
– аса жоғары сезімталдық 6
– кекіру, жүрек айну, асқазан-ішек бұзылулары
- гепатоцеллюлярлық зақымданулар, гепатит, холестаз ( өт іркілісі), сарғаю
- жүйелі қызыл жегіге ұқсас синдром(күн сәулесіне жоғары сезімталдық, мұрын аймағындағы бет бөртпесі және жалпы белгілер-қызу және әртүрлі органдардың зақымдануынан кейінгі белгілер)
- жедел жайылған экзантематозды пустулез
- шәует мөлшерінің азаюы7.
1 -вертигодан басқа.
2 -жүрек өткізгіштігінің кейбір бұзылыстарын қоса (синус-жүрекшелік блокада, АВ-блокада және қарыншаішілік блокада).
3 -қандағы белгілі бір ферменттер деңгейінің жоғарылауы секілді бауыр функциясының қалыпты емес нәтижелерін қоса (аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза, гамма-глутамилтрансфераза немесе сілтілі фосфатаза).
4 -пропафенон жүректің жиі қағуы (тахикардия) немесе қарыншалық фибрилляция түрінде көрінетін проаритмиялық әсерлермен байланысты болуы мүмкін. Бұл аритмиялардың кейбіреулері өмірге қауіпті болуы мүмкін және реанимацияны қажет етеді.
5 -алдыңғы жүрек жеткіліксіздігі нашарлауы мүмкін.
6 -холестаз (өт тоқырауы), қан дискразиясы (қан құрамының өзгеруі) және тері бөртпесі түрінде пайда болуы мүмкін.
7 -пропафенонды қабылдауды тоқтатқаннан кейін шәует мөлшерінің азаюы қайтымды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz