Ингаляциялық емес жалпы анестезияға арналған басқа заттарды қолданғандағыдай, жүрек-қантамыр, тыныс алу, бүйрек немесе бауыр тарапынан бұзылулары бар пациенттерге, сондай-ақ эпилепсия, гиповолемия, липидтер алмасуы бұзылған немесе әлсіреген пациенттерге қатысты сақтық таныту керек.
Пропофолды анестезияны қолдануға дайындығы бар мамандар (немесе қажет болған жағдайда, қарқынды терапия бөлімшесінде пациенттерді емдеу бойынша дайындығы бар дәрігерлер) қолдануы тиіс.
Пациенттер тұрақты бақылауда болуы тиіс және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуге, өкпені жасанды желдетуге, оттекті демеуге арналған жабдық және реанимация жүргізуге арналған басқа да жабдық кез келген уақытта оңай қолжетімді болуы тиіс. Пропофолды диагностикалық немесе хирургиялық емшараны жүргізетін адам енгізбеуі тиіс.
Пропофолды шамадан тыс пайдалану және дәріге тәуелділіктің дамуы көбіне медицина қызметкерлері арасында болатыны туралы хабарланды. Жалпы анестезияға арналған басқа препараттарды қолданғандағыдай, пропофолды тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етпестен қолдану тыныс алу жүйесінің тарапынан өліммен аяқталатын асқынуларға әкелуі мүмкін.
Хирургиялық немесе диагностикалық емшаралар жүргізу кезінде есін жоғалтпаған пациенттерді седациялау үшін пропофол енгізген кезде гипотензияның ерте белгілерінің, тыныс алу жолдарының обструкциясы мен оттегі десатурациясының болуына пациенттердің жағдайын тұрақты бақылау керек.
Басқа седативті препараттар сияқты, хирургиялық араласу кезінде пропофолды қолданғанда пациенттердің еріксіз қозғалысы пайда болуы мүмкін. Қозғалмауды қажет ететін емшаралар орындалу кезінде мұндай қозғалыстар қауіпті болуы мүмкін.
Пропофолды қолданғаннан кейін пациентті толық қалпына келтіру үшін шығар алдында жеткілікті уақыт қажет. Өте сирек жағдайларда пропофолды қолдану бұлшықет тонусының жоғарылауымен операциядан кейінгі ес-түссіз кезеңмен бірге жүруі мүмкін. Бұған дейін ояну кезеңі болуы немесе болмауы мүмкін. Қалпына келуі өздігінен болуы тиіс болса да, пациентті ес-түссіз күйде тиісті күтіммен қамтамасыз ету қажет.
Пропофолдан туындаған бұзылулар әдетте 12 сағаттан кейін білінбейді. Пациентке төмендегілерге қатысты ұсынымдар берген кезде пропофолдың әсеріне, емшараны жүргізуге, бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттарға, пациенттің жасына және жалпы жағдайына байланысты салдарлардың мүмкіндігін ескерген жөн:
•пациент препарат енгізілген мекемеден кететін кезеңде біреудің алып жүруінің орындылығы,
•автокөлік жүргізу сияқты жоғары зейін қоюды немесе қауіпті міндеттерді орындауды талап ететін қайта жаңғыру уақыты,
•седативті әсер етуге ықпалды басқа препараттарды қолдану (мысалы, бензодиазепиндер, апиындар, алкоголь).
Эпилепсиядан зардап шекпейтін пациенттерде де бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі кешеуілдеу кезеңімен кейінге қалдырылған эпилепсия түріндегі ұстамалар туындауы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Жүрек жеткіліксіздігі, қанайналымының жеткіліксіздігі немесе тыныс алу жеткіліксіздігі және гиповолемия
Анестезия үшін венаішілік басқа препараттарды қолданғандағыдай, жүректің, тыныс алу жүйесінің функциялары бұзылған, бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ гиповолемиясы бар пациенттерде немесе әлсіреген пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Пропофол клиренсі қанағымына байланысты, сондықтан жүректің лықсытуын төмендететін бір мезгілде қолданылатын препараттар пропофолдың да клиренсін төмендетеді.
Пропофол Каби енгізер алдында жүрек-қантамыр немесе тыныс алу жеткіліксіздігі мен гиповолемияны толықтыруға қол жеткізу керек.
Жүректің үдемелі жеткіліксіздігі немесе миокардтың басқа да күрделі аурулары бар пациенттерде, ерекше сақтықпен және тұрақты мониторинг жағдайындағыны қоспағанда, пропофолды қолдануға болмайды.
Семіздіктің ауыр дәрежесі бар пациенттер үшін неғұрлым жоғары дозаны ескере отырып, гемодинамикалық әсерлердің жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал ету қаупін ескеру керек.
Пропофолдың ваголитикалық белсенділігі ие емес және оны қолдану брадикардия (кейде айқын) және асистолияның дамуы туралы хабарламалармен бірге жүрді. Енгізер алдында немесе демеуші анестезия кезінде, әсіресе кезбе жүйке тонусының басым болу ықтималдығы жоғары жағдайларда немесе пропофолды брадикардияны туындатуға қабілетті басқа препараттармен біріктіріп қолданған жағдайда антихолинергиялық препаратты вена ішіне енгізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Эпилепсия
Эпилепсиясы бар пациенттерге пропофолды енгізген кезде құрысулардың даму қаупі туындауы мүмкін.
Эпилепсиясы бар пациенттерде кейінге қалдыру кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі кейін білінетін эпилепсия түріндегі ұстамалар пайда болуы мүмкін.
Эпилепсиясы бар пациентте анестезияға енгізер алдында пациенттің эпилепсияға қарсы ем қабылдағанына көз жеткізу қажет. Бірнеше зерттеулер эпилепсиялық статусты емдеуде тиімділігін көрсеткенімен, эпилепсиямен ауыратын пациенттерге пропофолды қолдану құрысулар қаупін арттыруы мүмкін.
Пропофолды құрысуда электрмен емдеуден өтіп жүрген пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Липидтік алмасуы бұзылған пациенттер
Липидтік алмасуы бұзылған және майлы эмульсияларды абайлап қолдануды талап ететін басқа да жағдайлары бар пациенттерге тиісті назар аудару керек.
Бассүйекішілік қысымы жоғары пациенттер
Бассүйекішілік перфузиялық қысымның едәуір төмендеу қаупінің жоғарылығын ескере отырып, бассүйекішілік қысымы жоғары және артериялық қысымы орташа төмен пациенттерге ерекше сақ болу керек.
Педиатриялық популяция
Жаңа туған нәрестелерде пропофолды қолдану ұсынылмайды, өйткені қолданудың бұл түрі тиісті деңгейде зерттелмеген. Фармакокинетикалық зерттеулердің деректері жаңа туған нәрестелерде препараттың клиренсі айтарлықтай төмендегенін көрсетеді және тұлғааралық өте жоғары ауытқушылықпен сипатталады. Үлкенірек жастағы балаларға ұсынылатын дозаларды енгізу салыстырмалы түрде артық дозалануды туындатуы және жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің ауыр бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін.
Қолда бар деректердің шектеулі болуына байланысты балаларда мақсатты бақыланатын инфузия жүйесін (МБИ) пайдалану ұсынылмайды.
Пропофол Каби 20 мг/мл препаратын 3 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды, өйткені 20 мг/мл дозаны препараттың өте аз талап етілетін көлеміне байланысты жас балаларда түзету өте қиын.
Қарқынды терапия кезінде седация үшін 16 және одан кіші жастағы пациенттерде пропофолды қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденбеген.
Қарқынды терапия бөлімшесінде (ҚТБ) емделуге қатысты кеңес алу қорытынды
Қарқынды терапия бөлімшесінде седация үшін пропофол эмульсиясының инфузиясын қолдану бірқатар метаболизмдік бұзылулар және өлімге әкелуі мүмкін жүйелер мен ағзалардың жеткіліксіздігі туралы хабарламалармен бірге жүрді.
Келесі жағдайлардың біріктірілімі туралы хабарламалар алынды: метаболизмдік ацидоз, рабдомиолиз, гиперкалиемия, гепатомегалия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, гиперлипидемия, жүрек аритмиясы, ЭКГ-дағы Бругада синдромына тән өзгерістер (ST сегментінің жоғарылауы және дөңгеленген Т тісшесі) және жүрек функциясының тез үдеп келе жатқан жеткіліксіздігі, әдетте, инотропты препараттармен демеумен емделмейді. Бұл құбылыстардың біріктірілімі «пропофол инфузиясының синдромы» деп аталады. Көрсетілген құбылыстар көп жағдайда бастың ауыр жарақаттары бар пациенттерде және қарқынды терапия бөлімшесінде ересектерді седациялау үшін ұсынылғаннан асатын дозада препаратты қабылдаған тыныс алу жолдарының инфекциясы бар балаларда байқалды.
Шамасы, бұл құбылыстардың даму қаупінің негізгі факторлары мыналар болып табылады: тіндерге оттегінің түсуінің азаюы; күрделі неврологиялық жарақат және/немесе сепсис; бір немесе бірнеше дәрілік препараттардың жоғары дозалары - вазоконстрикторлар, стероидтар, инотропты препараттар және/немесе пропофол (әдетте 4 мг/кг/сағ астам дозада 48 сағаттан артық енгізгенде).
Дәрігерлер жоғарыда аталған қауіп факторлары бар пациенттерде осы құбылыстардың пайда болу мүмкіндігіне қатысты қырағы болуы және көрсетілген белгілер пайда болған кезде пропофолды енгізуді дереу тоқтатуы тиіс. Қарқынды терапия бөлімшесінде (ҚТБ) қолданылатын барлық седативті және емдік препараттар үшін тінге оттегінің жеткілікті түсуін және гемодинамиканың оңтайлы параметрлерін ұстап тұру үшін дозаны біртіндеп таңдаған жөн. Емдеу процесінің осындай модификациясы кезінде бассүйекішілік жоғары қысымы (БІҚ) бар пациенттерге бассүйекішілік перфузиялық қысымды ұстап тұру үшін тиісті ем жүргізген жөн.
Дәрігерлерге мүмкіндігінше дозаны 4 мг/кг/сағ асырмау ұсынылады.
Май алмасуы бұзылған пациенттерде және липидті эмульсияларды сақтықпен қолдану керек басқа жағдайларда тиісті сақтықты қолданған жөн.
Майлы жүктеменің ерекше қаупіне ұшырауы мүмкін пациенттерге пропофолды енгізу кезінде қан липидтерінің деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады. Егер мониторинг липидтердің организмнен жеткіліксіз шығарылатынын көрсетсе, пропофолды енгізуді тиісті түрде түзету керек. Егер пациент бір мезгілде басқа липидтерді вена ішіне қабылдаса, Пропофол Каби 20 мг/мл (1,0 мл препараттың құрамында шамамен 0,1 г май бар) инфузиясымен енгізілетін липидтерді ескере отырып, мөлшерін төмендету жүзеге асырылуы тиіс.
Қосымша сақтандыру шаралары
Препаратты митохондриялық аурулары бар пациенттерде қолданғанда сақ болу керек. Бұл пациенттерде ҚТБ-де анестезия, хирургиялық араласу және қарқынды терапия жүргізу кезінде аурудың өршуі байқалуы мүмкін. Мұндай пациенттерде нормотермияны ұстап тұру, көмірсулардың қабылдануын қамтамасыз ету және жеткілікті гидратация ұсынылады. Митохондриялық аурулардың өршуінің ерте көріністері және "пропофол инфузиясы синдромы" ұқсас болуы мүмкін.
Пропофол Каби 20 мг/мл препаратының құрамында микробқа қарсы консерванттар жоқ, сондықтан микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта бола алады.
Эмульсияны стерильді шприцке және тамшылатқышқа қаптаманы ашқаннан кейін бірден стерильділігін сақтай отырып сорып тарту керек. Препаратты енгізуді дереу бастау керек. Пропофол үшін де, инфузияға арналған жабдық үшін де инфузияның бүкіл кезеңі бойына асептикалық жағдайларды сақтау керек. Пропофолды енгізу жүйесіне қосылатын кез келген инфузиялық сұйықтықтарды канюля орналасқан жерге жақын енгізу керек.
Пропофол препаратын микробиологиялық сүзгі арқылы енгізуге болмайды.
Пропофол препараты және құрамында пропофол бар кез келген инфузиялық жүйе бір пациентке бір рет енгізуге ғана арналған.
Басқа липидті эмульсияларға арналған белгіленген ұсынымдарға сәйкес, пропофолдың бір реттік инфузиясы 12 сағаттан аспауы тиіс. Емшара аяқталғаннан кейін немесе инфузияның 12 сағатынан кейін (қайсысы ерте басталатынына байланысты) препараты бар ыдысты да, инфузиялық жүйені де утилизациялау немесе ауыстыру қажет.
Енгізу орнындағы ауырсыну
Пропофол эмульсиясын қолданғанға дейін анестезияға енгізу кезінде инъекция орнындағы ауырсынуды азайту үшін лидокаин енгізу ұсынылады («Енгізу әдісі мен жолы» бөлімін қараңыз).
Тұқым қуалайтын жедел порфириясы бар пациенттерге лидокаинді қолдануға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Пропофол Каби 20 мг/мл 3 жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмайды.
Қарқынды терапия кезінде седация үшін 16 және одан кіші жастағы пациенттерде пропофолды қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденбеген.
Егде жастағыларда қолдану
Егде жастағы адамдарда (55 жастан асқан) препаратпен анестезияны индукциялау үшін қажетті доза төмендейді. Дозаны төмендету кезінде пациенттің физикалық жағдайы мен жасын ескеру қажет. Төмендетілген дозаны төменірек жылдамдықпен енгізу және реакцияға байланысты титрлеу керек.
Егер препарат анестезияны немесе седацияны сақтау үшін қолданылса, инфузия жылдамдығын немесе дозаны да азайту керек. ASA жіктеуі бойынша III және IV класты пациенттерге доза мен доза қуатын одан әрі төмендету талап етіледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге пропофолды қолданғаннан кейін біраз уақыт бойы көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу сияқты күрделі тапсырмаларды орындау қабілеті бұзылуы мүмкін екендігі туралы хабарлау керек.
Пропофол Каби препаратын қолданғаннан кейін пациент тиісті уақыт кезеңі ішінде бақылауда болуы тиіс. Пациентке көлік жүргізбеу, механизмдермен жұмыс жасамау немесе ықтимал қауіпті жағдайларда жұмыс жасамау керектігі туралы нұсқау берілуі керек. Пациенттерге үйге біреудің көмегінсіз баруға рұқсат етілмеуі керек, сонымен қатар оларға алкогольді ішуден аулақ болу керектігін ескерту керек.
Пропофолдан туындаған бұзылулар әдетте 12 сағаттан кейін байқалмайды.