Пропофолмен анестезияны немесе седацияны индукциялау және демеу, әдетте, қозудың ең аз белгілерімен бірқалыпты өтеді. Жиі болатын жағымсыз дәрілік реакциялардың көпшілігі анестетикалық/тыныштандыратын препараттың фармакологиялық әсерінен болатын болжамды жағымсыз әсерлер болып табылады (мысалы, артериялық гипотензия). Бұл әсерлер пропофолдың енгізілген дозасына, сондай-ақ премедикация түріне және басқа да қатарлас препараттарға байланысты. Пропофолды қолдану кезінде байқалатын жағымсыз құбылыстардың сипаты, ауырлығы және жиілігі пациенттің жай-күйіне және орындалатын хирургиялық немесе емдік емшараларға байланысты болуы мүмкін.
Өте жиі (пациенттердің шамамен 10% - ында кездеседі):
- Индукция фазасындағы жергілікті ауыру (4),
Жиі (пациенттердің 1% - дан астамында кездеседі, бірақ 10% - дан аз):
- Қалпына келтіру фазасындағы бас ауыру,
- Брадикардия (1),
- Артериялық гипотензия (2),
- Индукция фазасындағы өтпелі апноэ,
- Қалпына келтіру фазасындағы жүрек айну және құсу.
Сирек (пациенттердің 0,1% - дан астамында, бірақ 1% - дан азында кездеседі):
- Инъекция орнындағы тромбоз және флебит,
Сирек (пациенттердің 0,01% - дан көп, бірақ 0,1% - дан азында кездеседі)
- Индукция фазасындағы, демеу фазасындағы және қалпына келу фазасындағы құрысулар мен опистотонусты қоса эпилепсиялық түрдегі қозғалыстар.
Өте сирек (пациенттердің 0,001% - дан көп, бірақ 0,01% - дан азында кездеседі)
- Анафилаксия, анафилаксиялық шокқа дейін-ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, эритема және гипотензияны қамтуы мүмкін,
- Операциядан кейінгі ес-түссіз күйі,
- Өкпе ісінуі,
- Панкреатит,
- Ұзақ уақыт енгізгеннен кейін несеп түсінің өзгеруі,
- Сексуалдық белсенділік,
- Байқаусызда тамырдан тыс енгізгеннен кейін тін некрозы (10) (11)
- Операциядан кейінгі қызба.
Өте сирек / бірлі-жарым жағдайларда және т. б. (пациенттердің 0,001% - дан азында кездеседі)
- Метаболизмдік ацидоз (5), гиперкалиемия (5), гиперлипидемия (5),
- Эйфориялық көңіл-күй, дәрілік препаратты теріс пайдалану және дәрілік тәуелділік (8),
- Еріксіз қозғалыстар,
- Аритмия (5), жүрек жеткіліксіздігі (5), (7),
- Тыныстың тарылуы (дозаға тәуелді),
- Гепатомегалия (5),
- Рабдомиолиз (3), (5),
- Бүйрек жеткіліксіздігі (5),
- Жергілікті ауыру, ісіну және байқаусызда тамырдан тыс енгізгеннен кейін қабыну (11),
- Бругада типті ЭКГ (5), (6).
Ескертпелер:
(1) Ауыр брадикардия сирек кездеседі. Асистолиядағы прогресс туралы жеке хабарламалар бар.
(2) сирек жағдайларда артериялық гипотензия сұйықтықтарды вена ішіне енгізуді немесе пропофолды енгізу жылдамдығын төмендетуді талап етуі мүмкін.
(3) ҚЕБ-да тыныштандыру үшін 4 мг/кг/сағ жоғары дозаларда пропофолды қолдану кезінде рабдомиолиз жағдайлары туралы сирек хабарламалар болған.
(4) білек пен шынтақ ойығының ірілеу веналарына енгізу арқылы азайтуға болады. 10 мг/мл Пропофол-Липуро препаратын енгізу кезінде туындайтын жергілікті ауыруды лидокаинді бір мезгілде енгізу есебінен азайтуға болады.
(5) «Пропофол инфузиясының синдромы» ретінде тіркелетін осы құбылыстардың біріктірілімдері көп жағдайда жағымсыз құбылыстардың даму қауіп факторлары бар ауыр сырқаттанған пациенттерде байқалуы мүмкін.
(6) Бругада типті ЭКГ — ST сегментінің жоғарылауы және ЭКГ-да «жиынтық типтегі» T тісшесі.
(7) Ересектердегі жылдам өршитін жүрек жеткіліксіздігі (кейбір жағдайларда өліммен аяқталады). Мұндай жағдайларда жүрек жеткіліксіздігі, әдетте, инотропты препараттармен демеуші емге жауап бермейді.
(8) Пропофолды шектен тыс пайдалану және оған тәуелділік, негізінен медицина қызметкерлері арасында.
(9) Белгісіз, өйткені клиникалық зерттеулердің қолда бар деректері негізінде бағалау мүмкін емес.
(10) Некроз тіндердің өміршеңдігі бұзылған жағдайларда тіркелді.
(11) Емдеу симптоматикалық болып табылады және иммобилизацияны әрі мүмкін болса, зақымдалған аяқ-қолды көтеруді, салқындатуды, мұқият бақылауды және қажет болған жағдайда, хирургтың кеңесін қамтуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz