Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Пропротен-100
Әсер етуші зат
Другие лекарственные препараты
Мақсаты
Алкогольге тәуелділік синдромы
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аффинді тазартылған мидың спецификалық S-100 ақуызға антиденелер – 0,003 г*
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* құрамы 10-1991 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрімен су-спиртті қоспа түрінде лактоза моногидратына енгізіледі
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішініндегі, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Тегіс жағында сызығы мен MATERIA MEDICA деген жазуы, екінші тегіс жағында PROPROTEN 100 деген жазуы бар.
• алкогольге тәуелділік синдромы;
• жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі алкогольдік абстинентті синдромның монотерапиясында қолданылады.
• алкогольдік «масаңдық табы» синдромының психопатологиялық бұзылуларында (мазасыздық, психикалық ширығу, ұйқысыздық, ашушаңдық, үйрейлену, көңіл-күйдің құлазуы, спирттік ішімдікке қарқынды құштарлық), соматовегетативті бұзылыстарында (әлсіздік, тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, ас қорытудың бұзылуы).
ATХ коды: V03AX.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Препарат миды ақпараттық және метаболизмдік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалдық белсенділігін модификациялайды. Нейрональді жарғақшаны сенситизирлейді, нейрондардың синапстық созымдылығын модуляциялайды. Гипоталамустың, гиппокамптың және басқалардың алкогольдік тәуелділігінің түзілуіне қатысатын ми құрылымының функционалдық жай-күйіне модификациялайтын әсер көрсетеді. Алкогольге тәуелділік кезінде позитивті эмоционалды беку жүйесіне қалпына келтіретін әсер көрсетеді, бұл латеральді гипоталамустың өздігінен стимуляциялану жиілігінің төмендеуіне әкеледі. Гиппокамп нейрондарының үлкен тобының белсенділігін төмендетеді; шеткері қандағы айналымдағы иммундық кешендердің мөлшерін азайтады, бұл этанолды тұтынудың төмендеуімен өзара байланысты. ОЖЖ-дағы ГАМҚ тежегіш әсерлерінің күшеюіне ықпал етеді. Препараттың нейромедиаторлық теңгерімді және шартты рефлекторлы қызметті қалпына келтіретіні тәжірибеде анықталған. Мидың гипоксияға және уытты әсерлерге төзімділігін арттырады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ересектердегі алкогольге тәуелділік синдромын емдеудегі Пропротен-100 препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі қос соқыр плацебо бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеу барысында зерттелді. Пропротен-100 препаратымен емдеу алкоголизммен ауыратын науқастарда ремиссияны қалыптастыру кезінде қайталану жиілігін төмендетуге ықпал етті (күніне 2 рет 1 таблеткадан), ал дозаның тәулігіне 8 таблеткаға дейін жоғарылауы алкогольге патологиялық тартымдылықтың қарқындылығын төмендетіп, қайталануды тоқтатуға көмектесті. Науқастардың тек 6,7%-ында алкогольді ішудің бір эпизодтық жағдайлары байқалды, ал Пропротин-100 препаратының дозасын арттыру алкогольге деген құштарлықтың төмендеуіне ықпал етті. Препаратты 24 апта бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан тағайындау ауру симптомдары айқындылығының төмендеуіне (психопатологиялық бұзылулар деңгейі бойынша клиникалық көрсеткіштер – 92,6% – ға, вегетативтік және соматикалық бұзылулар деңгейі бойынша-90,9% - ға), пациенттердің психологиялық жай-күйі мен өмір сүру сапасының жақсаруына әкелді. Терапиялық әсер емдеудің алғашқы аптасынан бастап анықталды және 24 аптаға дейін сақталды.
Зерттеу барысында Пропротен-100 препаратының жақсы төзімділігі мен қауіпсіздігі расталды. Пропротен-100 препаратын қабылдау кезінде зерттелетін терапиямен байланысы бар жағымсыз құбылыстар тіркелген жоқ. Препарат биохимиялық қан анализінің зертханалық көрсеткіштерінің патологиялық өзгерістерін тудырмады. Жалпы, пациенттер жақсы төзімділікті атап өтті.
Дозалау режимі
Бір қабылдауға – 1 таблетканы толық ерігенше ауызда ұстау керек (ас қабылдау кезінде емес).
Масаңдық табы жай-күйінде алғашқы 2 сағатта препаратты әр 30 минут сайын 1 таблеткадан қабылдайды; кейінгі 8-10 сағатта – сағатына 1 таблеткадан. Ұйқы келген кезде қабылдауды оянғаннан кейін жаңғыртады.
Жағдай жақсарған кезде ары қарай препаратты әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан (тәулігіне 4–6 таблетка) 2-3 күн бойы қабылдайды.
Алкогольдік абстиненция симптомдары ауырлағанда уытсыздануда дәстүрлі пайдаланылатын дәрілік заттарды қосу қажет.
Қайталану профилактикасы үшін препаратты тәулігіне 1-2 таблеткадан 2-3 ай бойы қабылдайды; алкогольді кездейсоқ қолданғаннан кейін препараттың қосымша 2 таблеткасын 2 рет - күндіз және түнге қарай қабылдау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препарат дозасын қабылдауды жіберіп алған жағдайда жіберіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялары мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін маркетингтен кейінгі бақылау негізінде есептеу мүмкін емес.
Егер препаратты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар пайда болса, қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланғанда препараттың құрамына кіретін қосымша заттармен байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.
Емдеу: симптоматикалық.
Қатысты емес.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамына лактоза кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы бар немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Пропротен-100 препараты балаларда қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Пропротен-100 көлік құралдарын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Пропротен-100 препаратын жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде әйелдерге қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.