• Емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне Сіз қабылдап жүрген, жақында қабылдаған немесе қабылдауды бастауыңыз мүмкін барлық препараттар туралы хабарлаңыз.
Басқа психобелсенді препараттармен біріктіру күтпеген жағымсыз реакцияларды болдырмау үшін дәрігердің тарапынан ерекше сақтық пен қырағылықты қажет етеді.
Нейролептиктерді QT аралығын ұзартатын препараттармен бірге қабылдағанда жүрек аритмиясының даму қаупі артады.
Қолдануға болмайтын біріктірілімдер:
• каберголин немесе хинаголид сияқты дофаминергиялық рецепторлардың агонистері (лактацияның бұзылуларын емдеу үшін);
• пиперазин, гидроксизин, домперидон циталопрам, эсциталопрам (үрейді немесе депрессияны емдеу үшін) сияқты қарыншалық ырғақтың бұзылуын («пируэт» типті тахикардия) қоздыратын препараттар.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
• Паркинсон ауруын емдеу үшін қолданылатын кейбір препараттар (амантадин, апоморфин, бромокриптин, энтакапон, лизурид, перголид, пирибедил, прамипексол, расагилин, ропинирол, ротиготин, селегилин);
• деламанид — өкпеде орналасқан туберкулезді емдеу үшін қолданылатын антибиотик;
• леводопа;
• жүрек ырғағының ауыр бұзылуын тудыруы мүмкін кейбір препараттар («пируэт тахикардиясы»), мысалы:
• жүректің ретсіз ырғағының бұзылуын емдеу үшін қолданылатын препараттар (хинидин, гидрохинидин және дизопирамид сияқты Іa класындағы антиаритмиктер және амиодарон, дронедарон, соталол сияқты III класты антиаритмиктер),
• психикалық бұзылуларды емдеуге арналған кейбір препараттар (амисульприд, хлорпромазин, циамемазин, дроперидол, флупентиксол, флуфеназин, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипамперон, пипотиазин, сультоприд, тиаприд, зуклопентиксол),
• кокаин,
• паразиттерге қарсы кейбір препараттар (хлорохин, галофантрин, люмефантрин, пентамидин),
• буындардың қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылатын препарат (гидроксихлорохин),
• кейбір есірткіге тәуелділікпен күресу үшін қолданылатын препарат (метадон),
• басқа препараттар, мысалы: обырдың кейбір түрлерін емдеу кезінде қолданылатын препараттар (құрамында мышьяк, кризотиниб, торемифен, вандетаниб бар), домперидон, антибиотиктер (вена ішіне эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин вена ішіне), дифеманил, доласетрон вена ішіне, меквитазин, винкамин вена ішіне,
• натрий оксибаты, нарколепсияны емдеуге арналған препарат
• кейбір инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген препарат, сульфаметоксазол және триметоприм
• құрамында алкоголь бар препараттар.
Сақтықты қажет ететін біріктірілімдер:
• анагрелид (қандағы тромбоциттердің артық өндірілуін емдеу үшін көрсетілген);
• макролидтер (азитромицин, кларитромицин, рокситромицин) немесе хинолондар (ципрофлоксацин, левофлоксацин, норфлоксацин) тұқымдасының кейбір антибиотиктері;
• жүрек ырғағына әсер ететін дәрілік препараттар, мысалы:
• бета-блокаторлар (жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеу үшін),
• аритмияға қарсы кейбір препараттар,
• кальций өзекшелерінің кейбір блокаторлары,
• кризотиниб (обырдың кейбір түрлерін емдеуге арналған),
• жүрек гликозидтері және дигоксин (жүрек функциясының жеткіліксіздігін және тахикардияның кейбір түрлерін емдеуге арналған),
• пасиреотид (кейбір гормондық бұзылулар кезінде қолданылады), пилокарпин (глаукома кезінде көзге тамызатын дәрі ретінде немесе сілекейдің өндірілуін арттыруға ішке қабылдау үшін қолданылады),
• Альцгеймер ауруы кезінде қолданылатын антихолинэстеразалар).
• гласдегиб (лейкоздың белгілі бір түрін емдеу);
• ер адамдарда тестостерон өндірілуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін дәрілік препараттар (гипогонадизм);
• қандағы калий деңгейінің төмендеуін (гипокалиемия) тудыруы мүмкін дәрілік препараттар, мысалы, артериялық қысымды төмендету үшін қолданылатын кейбір дәрілік препараттар (калийді төмендететін диуретиктер), эпизодтық іш қату кезінде ұсынылатын кейбір дәрілік препараттар (стимуляциялық іш жүргізетін дәрілер), қабынуға қарсы қасиеттеріне байланысты қолданылатын дәрілік препараттар (глюкокортикоидтар), тетракозактид (сальтаторлық құрысуларды емдеу) және вена ішіне амфотерицин В (антибиотик);
• литий (биполярлық бұзылысты және көңіл-күйдің бұзылуын емдеу);
• ондансетрон (обырға қарсы препараттардың кейбір жанама әсерлерін басу үшін немесе хирургиялық араласымнан кейін қолдануға арналған);
• сукральфат (он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу және алдын алу);
• асқорыту бұзылыстарында, әсіресе іш кепкен кезде қолданылатын жергілікті әсер ететін асқазан-ішек антацидтері және адсорбенттер;
• арипипразол (биполярлық бұзылысты емдеу);
• седативті препараттар (ұйқысыздықты емдеу);
• дапоксетин (ерте эякуляцияны емдеу);
• орлистат (семіздікті емдеу);
• артериялық қысымды төмендететін препараттар.
Просульпин® препараты және алкоголь
Алкоголь Просульпин® (нейролептиктер) препаратымен бір класстағы препараттардың седативті әсерін күшейтеді. Алкогольді ішімдіктер мен құрамында алкоголь бар препараттарды бір мезгілде қабылдаудан аулақ болыңыз.