Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Протонекс
Әсер етуші зат
Пантопразол
Мақсаты
Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда
Өндіруші
АБДИ ИБРАХИМ
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 45.10 мг пантопразол натрий сесквигидраты,
(40 мг пантопразолға баламалы),
қосымша заттар - сусыз натрий карбонаты, маннитол, кросповидон (Коллидон CL), повидон K-90, повидон K-25, кальций стеараты, тальк,
қабығы - гипромеллоза Е-5, полиэтиленгликоль 400, тальк,
ішекте еритін қабығы: эудрагит L 30 D*, триэтил цитраты, титанның қостотығы (Е 171), тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е 172)
* - 30 % поли ерітінді (метакрил қышқылы, этилакрилат): Эудрагит L30 D (1:1)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ішекте еритін сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде:
- гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда
Ересектерде:
- АІЖ Helicobacter pylori-мен астасқан ойық жара аурулары бар пациенттердегі бактерияға қарсы препараттармен біріктірілген Helicobacter pylori эрадикациясында;
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында;
- Золлингер-Эллисон синдромында және басқа гиперсекреторлық бұзылуларда.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Пантопразол асқазанның тұз қышқылының секрециясын париетальді жасушалардың протонды помпасының спецификалық блокадасы жолымен тежейтін, орын басқан бензимидазол болып табылады. Пантопразол асқазанның қышқыл ортасындағы париетальді жасушаларда белсенді түріне айналады, және сол жерде Н+/К+- АТФаза ферментін, яғни асқазанның тұз қышқылын өндіруінің ақырғы сатысын тежейді. Тежеуі қышқылдың базальді және стимуляцияланған секрециясы кезінде дозаға тәуелді және тиімді болып табылады. Пациенттердің көпшілігінде симптомдары 2 апта ішінде басылады. Протонды помпаның басқа тежегіштерімен және Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштерімен жағдайдағы сияқты, пантопразол асқазанның қышқылдылығын төмендетеді, сол арқылы гастрин мөлшерін қышқылдылықтың төмендеуіне пропорциональді мөлшерде жоғарылатады. Гастрин деңгейінің жоғарылауы қайтымды болып табылады. Пантопразол ферментпен жасушалар рецепторларынан дистальді байланысатындықтан, ол тұз қышқылының секрециясын басқа заттардың (ацетилхолин, гистамин, гастрин) стимуляциялайтын әсеріне байланыссыз тежеуге қабілетті. Препаратты пероральді немесе вена ішіне енгізген кезде, әсерінің білінуі бірдей.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ашқарындағы гастрин деңгейі пантопразолдың әсерінен жоғарылай түседі. Қысқа мерзімді емдеу кезінде, көп жағдайларда деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен аспайды. Ұзақ мерзімді емдеуде гастрин деңгейлері көп жағдайларда 2 есе жоғарылайды. Осыған қарамастан, шамадан тыс жоғарылауы тек жекелеген жағдайларда ғана дамиды. Нәтижесі ретінде, кей жағдайларда, ұзақ мерзімді емдеу кезінде асқазандағы спецификалық эндокринді жасушалар (ЭЖ) санының аздаған немесе орташа артуы (қарапайым аденоматозды гиперплазия) байқалды.
Антисекреторлық препараттармен емдеу кезінде тұз қышқылы өнімдерінің төмендеуіне қарай гастрин деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар асқазан қышқылдығының төмендеуі салдарынан хромогранин А деңгейі жоғарылайды.
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер:
Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру
Ұсынылған дозасы тәулігіне 40 мг 1 таблетканы құрайды. Жекелеген жағдайларда дозасын 80 мг дейін арттыруға болады (тәулігіне 40 мг-ден 2 таблетка). Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды емдеу әдетте, 4 апталық емдеу кезеңін талап етеді. Егер ол кезең жеткіліксіз болса, жазылу, әдетте, келесі 4 апта емдеу кезінде жүреді.
Ересектер
Бактерияға қарсы 2 препаратпен біріктірілген Helicobacter pylori эрадикациясы
Асқазан мен он екі елі ішектің H.pylori-ден туындаған ойық жара ауруы бар пациенттерде, эрадикацияны біріктірген емнің көмегімен жүргізу керек. Бактерияға қарсы препаратты таңдағанда бактериялық резистенттілігіне қатысты клиникалық емдеу хаттамаларын басшылыққа алу қажет. Резистенттіліктің түріне байланысты, H.pylori эрадикациясы үшін келесі біріктірілімдерді пайдалануға болады:
А) пантопразолдың 40 мг 1 таблеткасы тәулігіне 2 рет
+ 1000 мг амоксицилллин тәулігіне 2 рет
+ 500 мг кларитромицин тәулігіне 2 рет
Б) пантопразолдың 40 мг 1 таблеткасы тәулігіне 2 рет
+400-500 мг метронидазол тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол)
+ 250-500 мг кларитромицин тәулігіне 2 рет
В) пантопразолдың 40 мг 1 таблеткасы тәулігіне 2 рет
+ 1000 мг амоксицилллин тәулігіне 2 рет
+ 400-500 мг метронидазол тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол)
Біріктірілген емнің көмегімен H.pylori эрадикациясы кезінде, 40 мг пантопразол таблеткасын екінші қабылдау кешкі асқа дейін 1 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.
Біріктірілген ем әдетте, 7 күнге тағайындалады және тағы 7 күнге ұзартып, жалпы ұзақтығын 2 аптаға созуға болады. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының жазылуын қамтамасыз ету үшін, пантопразолмен емдеуді жалғастыру керек. Егер біріктірілген ем оңтайлы таңдау болып табылмаса, мысалы, егер пациентте H.pylori-ге теріс тест байқалса, 40 мг пантопразолмен монотерапияның келесі режимдерін таңдау қажет:
Асқазанның ойық жара ауруы
40 мг пантопразолдың тәулігіне 1 таблеткасы. Жекелеген жағдайларда, атап айтқанда, емдеу қанағаттанарлық нәтижелер бермеген жағдайда дозасын 2 есе арттыруға болады (тәулігіне 40 мг 2 таблетка). Асқазанның ойық жарасын емдеу әдетте, 4 апта мерзімді қажет етеді. Егер ол мерзім жеткіліксіз болса, жазылу әдетте, келесі 4 апта ішінде орын алады.
Он екі елі ішектің ойық жара ауруы
40 мг пантопразолдың тәулігіне 1 таблеткасы. Жекелеген жағдайларда, атап айтқанда, емдеу қанағаттанарлық нәтижелер бермеген жағдайда дозасын 2 есе арттыруға болады (тәулігіне 40 мг 2 таблетка). Он екі елі ішектің ойық жаралары әдетте 2 апта ішінде жазылады. Егер 2 апта мерзім жеткіліксіз болса, жазылу барлық жағдайларда дерлік, келесі 2 апта ішінде орын алады.
Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да гиперсекреция бұзылыстары
Золлингер-Эллисон синдромын және басқа гиперсекреторлық бұзылуларды осылай мен ұзақ мерзімді емдеу үшін пациенттерге емді тәулігіне 80 мг пантопразолдан (40 мг-ден 2 таблетка) бастау ұсынылады. Ары қарай, асқазандағы қышқыл секрециясының деңгейіне байланысты, дозасын арттыруға немесе төмендетуге болады. Тәулігіне 80 мг асатын дозаларын тағайындағанда, тәуліктік дозасын 2 бөліп қабылдау керек. 160 мг асатын дозаларын қышқыл секрециясының талапқа сай бақылануын қажет ететін қысқа мерзім ішінде, бірақ одан асырмай қолдануға болады. Золлингер-Эллисон синдромы мен басқа да гиперсекреция бұзылыстарын емдеу ұзақтығының уақыты шектелмейді және клиникалық қажеттілігіне сәйкес ұзаққа созылуы мүмкін.
Ерекше популяцияларда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балалар
Тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің шектеулілігі салдарынан, 40 мг пантопразолды 12 жасқа толмаған балаларда қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
40 мг пантопразолды бауырдың орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде H.pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында қолданбаған дұрыс, өйткені аталған пациенттерде 40 мг пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде 40 мг пантопразолды H.pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында қолдану ұсынылмайды, өйткені біріктірілген емдегі тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды тұтастай, шайнамай және сындырмай, ас ішерден 1 сағат бұрын, аздаған мөлшердегі сумен жұту керек.
- препараттың белсенді компонентіне, орын басқан бензимидазолдарға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
- пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану
Жағымсыз реакцияларының даму жиілігі былай жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректерден жиілігіне талдау жасау мүмкін емес).
Жиі
- асқазанның фундальді бездерінің полипі (қатерсіз)
Жиі емес
- ұйқының бұзылуы
- бас ауыру, бас айналу
- диарея, жүрек айну/құсу, іштің кебуі және метеоризм, іш қатуы, ауыздың құрғауы, іштегі жайсыздық және ауыруы, бауыр ферменттері (трансаминазалар, ГГТП) белсенділігінің артуы
- бөртпе, экзантема, дерматит, қышыну
- білезік, жамбас-сан буынының және омыртқа бағанының сынуы
- астения, қажу және дімкәстік
Сирек
- агранулоцитоз
- аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок)
- гиперлипидемия және липидтер (триглицеридтер, холестерин) концентрациясының жоғарылауы, дене салмағының өзгеруі
- депрессия (өршуін қоса)
- дәмнің бұзылуы
- көрудің бұзылуы/ көрудің бұлдырауы
- билирубин деңгейінің жоғарылауы
- артралгия, миалгия
- гинекомастия
- дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісінулер
- есекжем, Квинке ісінуі
Өте сирек
- бағдарсыздық (өршуін қоса)
- тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
Белгісіз
- елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе осындайға бейім пациенттерде, сондай-ақ ем бастағанға дейін болған болса, симптомдардың өршуі мүмкін)
- гепатоцеллюлярлық зақымданулар, сарғаю, бауыр-жасушалық жеткіліксіздік
- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделге жуық тері қызыл жегісі
- парестезия
- электролиттік теңгерім бұзылуының салдары ретінде бұлшықет түйілуі
- тубулоинтерстициальді нефрит (бүйрек жеткіліксіздігіне үдеуі мүмкін)
- гипомагниемияға байланысты гипонатриемия, гипомагниемия, гипокалиемия, гипокальциемия
- микроскопиялық колит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Адамдарда артық дозалану симптомдары белгісіз.
240 мг дейінгі вена ішіне жүйелі 2 минуттан астам енгізудің көтерімділігі жақсы болды. Пантопразол плазма ақуыздарымен көлемді байланысатындықтан, ол гемодиализ арқылы нашар шығарылады.
Уыттанудың клиникалық белгілерімен артық дозаланған жағдайда, симптоматикалық және демеуші ем жүргізу қажет, өйткені арнайы емі жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолмен емдеу кезінде, әсіресе ұзақ уақыт емдегенде бауыр ферменттерінің деңгейіне мониторинг жүргізу қажет. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған жағдайда, емді тоқтату керек.
Біріктіріп емдеу
Біріктірілген емді қолданған жағдайда, өнімдерге берілген қысқаша сипаттаманы басшылыққа алу қажет.
АІЖ қатерлі жаңа түзілімдер
Пантопразолды қабылдауға симптоматикалық реакция қатерлі жаңа түзілімдердің даму симптомдарын бүркемелеуі және диагноз қойылуын кідіртуі мүмкін. Басқа күдікті симптомдар (мысалы, байқаусызда дене салмағын едәуір жоғалту, құсудың қайталануы, дисфагия, қан құсу, анемия немесе нәжістің қарамай тәрізді болуы) пайда болса және асқазанның ойық жарасына күдік туса/болса, қатерлі үдерістердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Сонымен қатар, талапқа сай емделгеніне қарамастан симптомдары сақталып қалған жағдайда, әрі қарай зерттеу жүргізу қажет.
В12 дәруменінің сіңірілуіне әсері
Золлингер-Эллисон синдромы мен гиперсекрецияның ұзақ емдеуді қажет ететін басқа бұзылулары бар пациенттерде, пантопразол, гипо- және ахлоргидрияның салдарынан қышқыл секрециясын бөгейтін басқа препараттар сияқты, В12 дәруменінің (цианокобаламиннің) сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Бұл фактіні дене салмағы төмен немесе ұзақ уақыт емдегенде В12 дәруменінің сіңірілуінің төмендеуіне ықпал ететін қауіп факторлары бар пациенттерде, немесе сәйкесінше клиникалық симптомдар дамыған жағдайларда ескеру керек.
Ұзақ уақыт емдеу
Ұзақ мерзімді, әсіресе 1 жылдан асатын емдеу кезінде пациенттер жүйелі қадағалауда болуы тиіс.
Асқазан-ішек инфекциялары
40 мг пантопразолмен емдеу Salmonella, Campylobacter және C. difficile-ден туындаған асқазан-ішек инфекцияларының даму қаупінің болар-болмас артуына алып келуі мүмкін.
Гипомагниемия
Пантопразол сияқты протонды сорғы тежегіштерімен кемінде 3 ай бойы және көп жағдайларда, жыл бойына ем қабылдап жүрген пациенттерде ауыр гипомагниемия дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Қажу, тетания, делирий, құрысулар, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты ауыр гипомагниемия симптомдары елеусіз дамуы және соның салдарынан анықталмай қалуы мүмкін. Көп жағдайларда, гипомагниемиясы бар пациенттерде жағдай магнийді енгізгеннен және ППТ емін тоқтатқаннан кейін жақсарды.
ППТ ұзақ емін немесе ППТ дигоксинмен немесе гипомагниемияға түрткі болатын препараттармен (мысалы, диуретиктер) қабылдауды бастау жоспарланып отырған пациенттерде магний деңгейін ППТ емін бастағанға дейін, сондай-ақ емдеу кезінде мезгіл-мезгіл өлшеп тұрулары қажет.
Сүйектердің сынуы
Протонды сорғы тежегіштері, әсіресе жоғары дозаларында ұзақ уақыт қабылдағанда (˃1 жыл), әсіресе егде жастағы пациенттерде немесе басқа қауіп факторлары бар кезде тізе буыны, білезік буыны мен омыртқа бағанының сынуларының қаупін жоғарылатуы мүмкін. Обсервациялық зерттеулерден, протонды сорғы тежегіштері (ППТ) сынулар дамуының жалпы қаупін 10-40%-ға дейін арттыру мүмкін деп шамаланады. Жалпы қауіптің кейбір бөлігін басқа этиологиялық факторлар құрайды. Остеопороздың даму қаупі бар пациенттер клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауы және Д дәрумені мен кальцийді тиісті мөлшерде пайдалануы тиіс.
Қызыл жегінің терідегі жеделге жуық түрі (ТЖҚЖ)
Сирек жағдайларда протонды сорғы тежегіштерін қабылдау ТЖҚЖ дамуымен астасқан. Терінің әсіресе, артралгия бар кезде күннің әсеріне ұшыраған бөліктерінде зақымданулар дамыса, пациенттерге дереу медициналық көмекке жүгінуі, пантопразолмен емдеуді тоқтатуы керек. Бір ППТ қабылдағанда ТЖҚЖ дамуы басқа ППТ қабылдағанда да ТЖҚЖ дамуының қаупін жоғарылатады.
Зертханалық тестілердің нәтижелеріне әсері
Хромогранин А деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік жаңа түзілімдердің бар-жоқтығына тексеру жүргізуге әсерін тигізуі мүмкін. Ондай жағдайларды болдырмау үшін, пантопразолмен емдеуді хромогранин А деңгейіне тест жүргізгенге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Тест жүргізген сәттен бастап хромогранин А мен гастрин деңгейі сақталған жағдайда, протонды сорғы тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 14 күн өткен соң қайта тексеру жүргізу қажет.
Қосымша заттар бойынша ақпарат
Бұл препараттың құрамында ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде натрий жоқ.
Жүкті әйелдерде қолданылуы жөніндегі деректер (300-1000-ге жуық жүктілікте) пантопразолдың туа біткен ақаулардың дамуына әсерінің немесе шаранаға/жаңа туған нәрестеге уытты әсерінің жоқтығын көрсетеді. Сақтық шарасы ретінде, пантопразолдың жүктілік кезінде қабылдануын болдырмау қажет.
Пантопразолдың адамда сүтпен экскрецияланатыны туралы ақпарат тұжырымдардың қалыптасуы үшін жеткіліксіз, алайда сүтке экскрецияланған жағдайлары да орын алды. Жаңа туған нәресте/сәби үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сәйкесінше, лактацияны жалғастыру/тоқтату немесе 40 мг пантопразолмен емдеуді тоқтату/жалғастыру туралы шешім қабылдағанда бала мен ана үшін пайда/қауіп арақатынасын ескеру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантопразолдың көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсері жоқ немесе болар-болмас әсер етеді. Бас айналуы және көзбен көру бұзылыстары түріндегі жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін. Ондай симптомдар дамыған жағдайда, қандай да бір механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Сіңірілуі рН-тәуелді дәрілік препараттар
Қышқыл секрециясының жеткілікті және ұзақ уақытқа тежелуі салдарынан, пантопразол биожетімділігі рН-тәуелді препараттардың, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол сияқты зеңге қарсы кейбір азолдық препараттардың және эрлотиниб сияқты басқа препараттардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
АИТВ-протеаза тежегіштерімен бірге қолдану
Пантопразолды биожетімділігінің елеулі төмендеуіне алып келуі салдарынан сіңірілуі асқазанның рН деңгейіне байланысты болатын атазанавир сияқты АИТВ-протеаза тежегіштерімен қатар қолдану ұсынылмайды.
Егер протеаза тежегіштері мен протонды сорғы тежегіштерінің бірге қабылдануынан бас тартуға болмайтын жағдай туындаса, пациент мұқият клиникалық бақылауда (вирустық жүктеме деңгейіне мониторинг жүргізу) болуы тиіс. Пантопразолдың дозасы күніне 20 мг аспауы тиіс. Протеаза тежегіштерінің дозасы түзетілуі мүмкін.
Кумариндік антикоагулянттар (фенпрокумон немесе варфарин)
Фенпрокумонды немесе варфаринді бірге қабылдағанда өзара әрекеттесулердің байқалмағандығына қарамастан, протонды сорғы тежегіштері мен варфаринді немесе фенпрокумонды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы мен протромбиндік уақыттың ұзаруының бірнеше жекелеген жағдайлары туралы хабарланды. ХҚҚ жоғарылауы мен протромбиндік уақыттың ұзаруы өлімге соқтыратын аномальді қан кетуге алып келуі мүмкін. Сәйкесінше, пантопразол мен варфаринді/фенпрокумонды бірге қабылдап жүрген пациенттер, ХҚҚ жоғарылауы мен протромбиндік уақыттың ұзаруына қатысты қадағалауда болуы тиіс.
Метотрексат
Метотрексаттың жоғары дозалары (мысалы, 300 мг) мен протонды сорғы тежегіштерін қатарлас қолдану метотрексат деңгейінің артуына алып келеді. Сәйкесінше, метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдағанда, мысалы, обыр немесе псориаз кезінде, пантопразолмен емдеуді уақытша тоқтата тұру қажет болуы мүмкін.
Өзара әрекеттесулерінің басқа зерттеулері
Пантопразол бауырда Р450 ферменті жүйесі арқылы ауқымды дәрежеде метаболизденеді. Басым жолы CYP2C19 арқылы деметилдену болып табылады, метаболизмінің басқа жолдарына CYP3A4 арқылы тотығу жатады.
Аталған жолдардың көмегімен метаболизденетін карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин және құрамында левоноргестрел мен этинилэстрадиол бар оральді контрацептивтер сияқты препараттармен өзара әрекеттесулерін зерттеулерден клиникалық маңызы бар өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Өзара әрекеттесулеріне жүргізілген бірқатар зерттеулердің нәтижелері, пантопразолдың CYP1A2 арқылы метаболизденетін (кофеин, теофиллин сияқты), CYP2С9 арқылы метаболизденетін (пироксикам, диклофенак, напроксен сияқты), CYP2D6 арқылы метаболизденетін (метопролол сияқты), CYP2Е1 арқылы метаболизденетін белсенді заттарының (этанол сияқты) метаболизміне әсер етпейтінін немесе р-гликопротеинмен байланысты дигоксиннің сіңірілуіне кедергі келтірмейтінін көрсетті.
Антацидтермен бірге қабылданғанда өзара әрекеттесулері байқалмайды.
Өзара әрекеттесулерін зерттеулер пантопразолмен бірге тағайындалатын антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) жүргізілді. Клиникалық маңызы бар өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
CYP2C19 белсенділігін индукциялайтын/тежейтін дәрілік препараттар
Флувоксамин сияқты CYP2C19 тежегіштері, пантопразолдың жүйелі экспозициясын арттыруы мүмкін. Пантопразолды ұзақ уақыт бойы қабылдап жүрген немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, препараттың дозасын төмендетуге болады. Рифампицин және шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерінің индукторлары, аталған ферменттік жүйелер арқылы метаболизденетін протонды сорғы тежегіштерінің плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.