Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес және олардың туындау жиілігімен жағымсыз реакциялардың жіктелуі
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Қан түзу жүйесі жағынан: сирек-метгемоглобинемия.
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар, ангионевроздық ісіну (тілдің, ауыз қуысының, еріннің, тамақтың ісінуін және периорбитальді ісінуді қоса), бронх түйілуі, есекжем, терінің қышынуы, бөртпе, эритема.
Жүйке жүйесі тарапынан: сирек - мазасыздық (күйгелектік, қозу, үрейленуді қоса), сананың шатасуы, эйфория, ерін мен тілдің ұюы, ауыз қуысының парестезиясы, ұйқышылдық, есінеу, сөйлеу бұзылыстары (дизартрия, байланыстырып сөйлей алмау, логорея), бас айналу (мелшию, вертиго, тепе-теңдіктің бұзылуын қоса), бас ауыруы, нистагм, құлақтағы шуыл, гиперакузия, анық көрмеу, диплопия, миоз, көру қабілетінің нашарлауы, тремор, сананың жоғалуы, құрысулар (жайылғанды қоса). Эфферентті нейрондарға немесе жақсүйек асты аймағындағы преганглионды нейрондарға немесе постганглионды нейрондарға тікелей жергілікті/аумақтық әсер ету: ауыз қуысының парестезиясы (ерін, тіл, қызылиек және т.б.), қызба немесе қалтырауды қоса дизестезия, дисгевзия (ауыздың темір татуын қоса), жергілікті бұлшықет құрысулары, аумақтық/жергілікті гиперемия, аумақтық/жергілікті бозару. Рефлексогенді аумақтарға әсері: тамырлардың кеңеюі, мидриаз, бозару, жүрек айну, құсу, гиперсаливация, перспирация.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: сирек - жүректің тоқтап қалуы, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы (AV-блокада), аритмия (қарыншалық экстрасистолия және қарыншалардың жыпылықтауы), миокардтың бәсеңдеуі, тахикардия, брадикардия, тамырлық коллапс, артериялық гипотензия, тамырлардың кеңеюі.
Тыныс алу жүйесі тарапынан: сирек - тыныс алудың бәсеңдеуі (брадипноэдан тыныс алудың тоқтап қалуына дейін), ентігу.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: сирек - еріннің, тілдің, қызылиектің ісінуі, жүрек айну, құсу, қызылиектің ойық жаралануы, гингивит.
Жергілікті реакциялар: енгізу орнындағы некроз.
Басқалары: бас және мойын аймағындағы ісіну.
Күтілетін жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
ДП тіркегеннен кейін "пайда-қауіп" арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы ДП кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz