Қолдану ұсынылмайтын біріктірілімдер
Литий: натрийсіз диетадағы сияқты (литий шығарылуының азаюы), артық дозалану белгілерімен бірге қан плазмасындағы литий концентрациясының жоғарылауы. Алайда, диуретиктерді қолдану қажет болса, қан плазмасындағы литий деңгейін жүйелі түрде бақылауға алу және дозаларына түзету жүргізу керек.
Сақтықты талап ететін біріктірілімдер
Төмендегі сияқты «пируэт» типті тахикардияны туындататын дәрілік заттар
- аритмияға қарсы Ia класты препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)
- аритмияға қарсы дәрілердің III класы (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, бретилий)
- психозға қарсы кейбір препараттар: фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин)
- бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд)
- бутирофенондар (дроперидол, галоперидол)
- басқа антипсихотиктер (мысалы, пимозид)
- басқа да дәрілер: (мысалы: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин IV, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин IV, метадон, астемизол, терфенадин).
Индапамидті осы препараттардың кез-келгенімен, әсіресе гипокалиемия бар кезде бір мезгілде қолдану, қарыншалық аритмияның, әсіресе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның даму қаупін арттырады. Бұл біріктірілімді қолданар алдында гипокалиемияны бақылауда ұстау қажет. Қан плазмасындағы электролиттер деңгейін бақылау және ЭКГ қажет.
Гипокалиемия болған жағдайда, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатпайтын препараттарды қолданған жөн.
қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (жүйелі қолдану), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылының жоғары дозалары (тәулігіне ≥ 3 г): индапамидтің гипотензиялық әсері азаюы мүмкін. Сусыздануы (шумақтық сүзілудің төмендеуі) бар пациенттерде бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму қаупі бар. Емдеудің басында пациенттің бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ су теңгерімін қалпына келтіру қажет.
ангиотензин өзгертуші ферменттердің (АӨФ) тежегіштері: АӨФ тежегіштері емдеудің басында бұрыннан натрий тапшылығы бар пациенттерде (әсіресе, бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) кенеттен гипотензия және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін.
Гипертензия кезінде, егер диуретиктік дәрілермен алдыңғы емдеу натрий тапшылығына себеп болса, АӨФ тежегіштерімен емдеу басталғанға дейін 3 күн бұрын диуретиктік дәрілерді қолдануды тоқтату және қажет болса, қабылдауды калий жинақтаушы диуретиктерсіз қайта бастау ұсынылады немесе емдеуді АӨФ тежегішінің бастапқы төменгі дозасымен тағайындауға және дозасын біртіндеп арттыруға болады.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, емдеуді АӨФ тежегіштерінің өте төмен дозаларынан бастау қажет, дозаларын төмендеткеннен кейін, калий жинақтаушы диуретиктерсіз қолданған дұрыс.
Барлық пациенттерде, АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы апталары бойына бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин деңгейін) бақылауға алу қажет.
Гипокалиемияны туындататын басқа препараттар, амфотерицин В (IV), глюко - және - минерал кортикостероидтар (жүйелік), тетракозактид, стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілер
Гипокалиемияның (аддитивті әсері) туындау қаупі артады. Қан плазмасындағы калий деңгейін мұқият бақылау және реттеу қажет. Оймақгүлді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде, препаратты сақтықпен қолдану қажет. Мұндай пациенттер оны стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілерсіз қабылдауы тиіс.
Баклофен гипотензиялық әсерін күшейтеді. Көп мөлшерде су ішу қажет; емдеудің басында бүйрек функциясын жүйелі түрде бақылау қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және/немесе гипомагниемия оймақгүлдің уытты әсерінің дамуына себепші болады. Бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы калий және магний деңгейін мұқият бақылау және реттеу және ЭКГ жүргізу, қажет болса – емдеуді өзгерту қажет.
Ерекше сақтықты қажет ететін біріктірілімдер
Аллопуринол
Индапамидпен бір мезгілде қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттыруы мүмкін.
Ескеру қажет біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен). Бұл біріктірілімді кейбір пациенттерге тағайындаудың тиімділігіне қарамастан, гипокалиемия немесе гиперкалиемия туындауы мүмкін (әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде). Қан плазмасындағы калий деңгейін бақылау, ЭКГ мониторингін жүргізу, қажет болса - емді қайта қарастыру керек.
Метформин диуретиктік дәрілерді қабылдаумен, атап айтқанда ілмектік диуретиктермен байланысты бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы салдарынан лактацидоздың даму қаупін арттырады; егер қан плазмасындағы креатинин деңгейі ерлерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асатын болса - метформинді қолдану ұсынылмайды.
Диуретиктерді қабылдауға байланысты дигидратациясы бар пациенттерде, әсіресе құрамында йод бар контрастылы заттардың жоғары дозаларын қабылдағанда, бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылайды. Йодконтрастылы дәрілерді тағайындағанға дейін су теңгерімін қалпына келтіру қажет.
Имипрамин тәрізді антидепрессанттар, нейролептиктер гипотензиялық әсерінің айқындығын арттырады және ортостатикалық гипотензияның (аддитивтік әсері) даму қаупін жоғарылатады.
Кальций тұздары кальцийдің несеппен шығарылуының төмендеуі нәтижесінде гиперкальциемияның туындау қаупін арттырады.
Циклоспорин, такролимус айналымдағы циклоспорин концентрациясы өзгермеген кезде, тіпті су болмаған және/немесе натрий тапшылығы кезінде де қан плазмасындағы креатинин деңгейін арттыруы мүмкін.
Кортикостероидтар, тетракозактидтер (жүйелі әсер ететін) гипотензиялық әсер ету (су және натрийдің іркілуі) айқындығының азаюына алып келеді.