Әсер ету механизмі
Рамиприлат рамиприлдің белсенді метаболиті, ұзақ уақыт әсер ететін АӨФ тежегіші болып табылады. Қан плазмасында және тіндерде АӨФ ангиотензин I-дің ангиотензин II-ге (белсенді тамыр тарылтатын зат) өтуін және белсенді вазодилататор брадикининнің ыдырауын катализдейді. Ангиотензин II түзілуінің төмендеуі және брадикинин белсенділігінің жоғарылауы қантамырлардың кеңеюіне әкеледі және рамиприлдің кардиопротекторлық және эндотелиопротекторлық әсеріне ықпал етеді.
Ангиотензин II альдостеронның бөлінуін көтермелейді, осыған байланысты рамиприл альдостерон секрециясының төмендеуін тудырады. АӨФ тежегішін тағайындаумен монотерапияға жауаптың орташа деңгейі басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді (афро-кариб), артериялық гипертензиясы бар (гипертензиясы бар және әдетте, ренин мөлшері төмен пациенттер популяциясы) пациенттер популяциясында төмен болды.
Фармакодинамикалық әсері
Гипертензияға қарсы әсері
Рамиприлді қабылдау шеткері артериялар кедергісінің айқын төмендеуіне әкеледі. Бүйрек қан ағымындағы және гломерулярлық сүзу жылдамдығының өзгерістері әдетте байқалмайды. Рамиприлді қабылдау гипертензиялық пациенттерде жүректің жиырылу жиілігі компенсаторлық жоғарылауынсыз "жатқан" және "тұрған" қалыпта артериялық қысымның төмендеуін туындатады.
Пациенттердің көпшілігінде айтарлықтай гипотензиялық әсері бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң пайда болады. Бір реттік дозаның ең жоғары әсеріне ішке қабылдағаннан кейін 3-6 сағаттан соң қол жеткізіледі. Бір реттік дозаның гипотензиялықі әсері әдетте 24 сағатқа созылады.
Рамиприлмен үздіксіз емдеу кезінде ең жоғары гипотензиялық әсері әдетте 3-4 аптадан кейін пайда болады. Бұл әсер 2 жыл бойы ұзақ мерзімді емдегенде сақталатыны көрсетілген.
Рамиприлді күрт тоқтату артериялық қысымның тез және шамадан тыс жоғарылауына әкелмейді.
Жүрек жеткіліксіздігі
Диуретиктермен дәстүрлі ем және опциональді жүрек гликозидтері жағдайындағы сияқты рамиприл NYHA жіктеуі бойынша II-IV функционалдық класының жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиімді екені көрсетілді. Препарат гемодинамикаға жағымды әсер етеді (сол және оң қарыншалардың толтыру қысымын төмендетеді, жалпы шеткері қантамырлар қарсылыстығын төмендетеді, жүректік лықсу және жүрек индексін жоғарылатады), сонымен қатар нейроэндокриндік белсендіруді төмендетеді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Жүрек-қантамырлық асқынулар профилактикасы
Плацебо бақыланатын клиникалық зерттеуде (НОРЕ) рамиприл қантамырлық бұзылулар нәтижесінде кардиоваскулярлық қаупі жоғары 9200 науқасқа (мысалы, ЖИА ағымының нашарлауы, шеткері артерия облитерациялық аурулары немесе анамнезде инсульттің болуы) немесе қант диабеті, кем дегенде 1 қосымша қауіп факторы бар (микроальбуминурия, гипертензия, жалпы қан холестеринінің жоғарылауы, ТЖЛП деңгейінің төмендеуі, темекі шегу) стандартты емге қосымша профилактикалық дәрілер ретінде тағайындалды. Бұл зерттеуде рамиприлдің кардиоваскулярлық аурулар нәтижесінде миокард инфарктісі, инсульт және өлім жиілігін айтарлықтай төмендететіні көрсетілген.
НОРЕ зерттеуі: Негізгі нәтижелер
Рами-прил — Плацебо — Салыстырмалы қауіп (95% сенімді аралық) — р
% — %
Барлық пациенттер — n=4 645 — N=4 652
Бастапқы біріктірілген күтілетін клиникалық нәтижелер — 14,0 — 17,8 — 0,78 (0,70-0,86) — <0,001
Миокард инфарктісі — 9,9 — 12,3 — 0,80 (0,70-0,90) — <0,001
Жүрек-қантамырлар ауруларыныңөліммен аяқталуы — 6,1 — 8,1 — 0,74 (0,64-0,87) — <0,001
Инсульт — 3,4 — 4,9 — 0,68 (0,56-0,84) — <0,001
Салдарлыкүтілетін клиникалық нәтижелер
Кез келген себеппен өліммен аяқталу — 10,4 — 12,2 — 0,84 (0,75-0,95) — 0,005
Реваскуляризация қажеттілігі — 16,0 — 18,3 — 0,85 (0,77-0,94) — 0,002
Тұрақсыз стенокардия себебінен ауруханаға жатқызу — 12,1 — 12,3 — 0,98 (0,87 – 1,10)
Жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жатқызу — 3,2 — 3,5 — 0,88 (0,70 – 1,10) — 0.25
Қант диабетімен байланысты асқынулар — 6,4 — 7,6 — 0,84 (0,72 – 0,98) — 0.03
Жедел миокард инфарктісінен кейінгі екіншілік профилактика
AIRE зерттеуінде миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігінің өтпелі/тұрақты клиникалық белгілері бар 2000-нан астам пациент қатысты. Рамиприлмен емдеу жедел миокард инфарктісінен 3-10 күн өткен соң басталды. Зерттеу нәтижесінде орташа алғанда 15 айға созылған кейінгі бақылау кезеңінде рамиприл қабылдаған пациенттер арасында өлім-жітім 16,9%, ал плацебо қабылдаған пациенттер тобында 22,6 % (салыстырмалы қауіптің төмендеуі 27 % (95% ci [11 - 40 %]) құраған.
Нефропротекторлық қасиеттері
МICRO-HOPE зерттеуі 55 жас және одан асқан 3577 нормо- немесе гипертензиялық пациенттерде плацебомен салыстырғанда қолданыстағы емдеу режиміне қосымша 10 мг рамиприлді қабылдаудың әсерін зерттеді (жас шектеуі жоқ), олардың көпшілігі 2 типті қант диабетімен ауырды (кем дегенде жүрек-қантамырлар ауруларының бір қосымша қауіп факторы бар).
Бастапқы талдау көрсеткендей, айқын нефропатия рамиприл тобының 117 (6,5%) пациентінде және плацебо тобының 149 (8,4%) пациентінде дамыды, бұл салыстырмалы қауіптің 24% төмендеуіне сәйкес келеді; 95% СА [3-40], p = 0,027.
Параллель топтардағы көп орталықты, рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын, салыстырмалы жасырын зерттеу (REIN зерттеуі) рамиприлмен емдеудің гломерулярлық сүзілу жылдамдығының (ГСЖ) төмендеу жылдамдығына әсерін бағалауға бағытталған, зерттеуге созылмалы диабеттік емес нефропатиядан туындаған орташа (несеппен ақуыздың орташа экскрециясы > 1 және < 3 г / 24 сағ) немесе созылмалы диабеттік емес нефропатиядан туындаған ауыр протеинуриядан (3 г / 24 сағ) зардап шегіп жүрген 352 нормо- немесе гипертензиялық пациенттер (18 бен 70 жас аралығында) қамтылды.
Анағұрлым ауыр протеинуриямен пациенттердің негізгі талдауы (осы кіші топқа арналған зерттеу рамиприл тобындағы артықшылықтарды ескере отырып мерзімінен бұрын аяқталды) айына ГСЖ орташа төмендеуі рамиприл тобында плацебо тобына қарағанда төмен болды: -0,88 (1,03) мл/мин/ай салыстырғанда 0,54 (0,66), р = 0,038. Осылайша, топтар арасындағы айырмашылық айына 0,34 [0,03 - 0,65] мл/мин және жылына шамамен 4 мл/мин болды. Сарысулық креатинин концентрациясы бастапқы деңгейінің екі еселенуі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы (БЖТС) (гемодиализге немесе бүйрек трансплантациясына қажеттілік) түріндегі зерттеудің екінші біріктірілген соңғы нүктесі рамиприл тобындағы пациенттердің 23,1%-ында байқалды, ал плацебо тобында бұл көрсеткіш 45,5% құрады (р = 0.02).
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
Екі ірі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде (ONTARGET зерттеуі (монотерапия ретінде және кешенді соңғы нүктесі бар рамиприлмен біріктірілімде телмисартанды зерттеудің жалғасуы) және VА NEPHRON-D зерттеуі (Ардагерлер істері жөніндегі басқарма пациенттерінде қант диабеті кезіндегі нефропатияны зерттеу) ангиотензин II рецепторларының блокаторымен АӨФ тежегіші біріктірілімін қолдануды зерттеген.
ONTARGET зерттеуі анамнезінде жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлы аурулар бар пациенттерде немесе ағзалардың ишемиялық зақымдану белгілерімен ұштасқан 2 типті қант диабеті бар пациенттерде жүргізілген зерттеу болып табылады. VA NEPHRON-D зерттеуі - 2 типті қант диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде жүргізілген зерттеу.
Бұл зерттеулерде бүйрек және/немесе жүрек-қантамырлар нәтижелері мен өлім-жітімге елеулі оң әсері анықталмаған, бірақ бұл ретте монотерапиямен салыстырғанда гиперкалиемияның, бүйректің жедел зақымдануы және/немесе гипотензияның жоғары қаупі байқалды. Олардың ұқсас фармакодинамикалық қасиеттерін ескере отырып, бұл нәтижелер басқа АӨФ тежегіштеріне және ангиотензин II рецепторларының блокаторларына да қолданылады.
Осы себептен АӨФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде біріктіріп қолдануға болмайды.
ALTITUDE зерттеуі (жүрек-қантамырлық және бүйректік соңғы нүктелерін пайдалана отырып, 2 типті қант диабеті кезінде алискренді зерттеу) 2 типті қант диабеті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және/немесе жүрек-қантамырлары ауруы бар пациенттерде АӨФ тежегішімен және ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен стандартты емге алискренді қосудың пайдасын бағалау мақсатындағы зерттеу болып табылады. Зерттеу жағымсыз нәтижелердің жоғары қаупіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жүрек-қантамырлар аурулары мен инсульттер себебінен болған өлім сандық қатынаста плацебо тобымен салыстырғанда алискрен тобында жиі байқалды, ал қызығушылық тудыратын жағымсыз құбылыстар мен ауыр жағымсыз құбылыстар туралы хабарламалар (гиперкалиемия, гипотензия және бүйрек қызметінің бұзылуы) плацебо тобымен салыстырғанда алискрен тобына қатысты жиі келіп түсті.
Миокард инфарктісінен кейінгі екінші профилактика
AIRE зерттеуінде құжаттамалық расталған миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігінің транзиторлық/персистирлеуші клиникалық белгілері бар 2000-нан астам пациент қатысты. Рамиприлмен емдеу жедел миокард инфарктісінен 3-10 күн өткен соң басталды. Зерттеу көрсеткендей, орташа алғанда 15 ай бақылау кезеңінен кейін рамиприл қабылдаған пациенттерде өлім 16,9%, ал плацебо қабылдаған пациенттерде 22,6% болды. Бұл өлім-жітімнің 5,7%-ға абсолютті төмендеуін және салыстырмалы қауіптің 27%-ға төмендеуін білдіреді (95% СА [11-40%]).