CYP3A4 тежегіштері немесе P-gp
Ранолазин CYP3A4 цитохромының субстраты болып табылады. CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы ранолазин концентрациясын арттырады. Дозаға байланысты жағымсыз әсерлердің (мысалы, жүйрек айнуы, бас айналуы) ықтималдығы плазмадағы концентрацияның жоғарылауымен де артуы мүмкін. Күніне екі рет 200 мг кетоконазолмен қатарлас емдеу ранолазинмен емдеу кезінде ранолазиннің AUC 3–3,9 есе жоғарылатты. Ранолазинді CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, итраконазолмен, кетоконазолмен, вориконазолмен, позаконазолмен, АИТВ-протеаза тежегіштерімен, кларитромицинмен, телитромицинмен, нефазодонмен) біріктіруге болмайды. Грейпфрут шырыны да CYP3A4 қуатты тежегіші болып табылады.
Дилтиазем (180-360 мг тәулігіне бір рет), CYP3A4 орташа қуатты тежегіші ранолазиннің орташа стационарлық концентрацияларының дозаға байланысты 1,5-2,4 есе жоғарылауын туындатады. Дилтиазем және басқа да CYP3A4 орташа күшті тежегіштерін (мысалы, эритромицин, флуконазол) қабылдап жүрген пациенттерге ранолазин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады. Ранолазинді төмендету арқылы титрлеу қажет болуы мүмкін. Ранолазин P-gp субстраты болып табылады. P-gp тежегіштері (мысалы, циклоспорин, верапамил) плазмадағы ранолазин деңгейін жоғарылатады. Верапамил (120 мг тәулігіне 3 рет) ранолазиннің стационарлық концентрациясын 2,2 есе арттырады. P-gp тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге ранолазин дозасын абайлап титрлеу ұсынылады. Ранолазинді төмендету арқылы титрлеу қажет болуы мүмкін.
CYP3A4 индукторлары
Рифампицин (600 мг тәулігіне бір рет) ранолазиннің стационарлық концентрацияларын шамамен 95% төмендетеді. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицин, фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин, шайқурай) қабылдау кезінде ранолазин препаратымен емдеуді бастамаған жөн.
CYP2D6 тежегіштері
Ранолазин CYP2D6 ішінара метаболизденеді. Осылайша, бұл ферменттің тежегіштері қан плазмасындағы ранолазин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. CYP2D6 қуатты тежегіші пароксетин тәулігіне бір рет 20 мг дозада плазмада тәулігіне екі рет 1000 мг ранолазиннің стационарлық концентрацияларын орта есеппен 1,2 есе арттырды. Дозаны түзету талап етілмейді. Күніне екі рет 500 мг доза деңгейінде CYP2D6 қуатты тежегішін бірге енгізу ранолазиннің AUC шамамен 62% жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Ранолазиннің басқа дәрілік препараттарға ықпалы
Ранолазин күшті әсер ететін P-gp тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады әрі P-gp немесе CYP3A4 субстраттарының плазмадағы концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін. P-gp арқылы тасымалданатын препараттардың тіндегі таралуы ұлғайюы мүмкін.
CYP3A4 сезімтал субстраттарының (мысалы, симвастатин немесе ловастатин) және CYP3A4 емдік диапазоны тар субстраттарының (мысалы, циклоспорин, такролимус, сиролимус, эверолимус) дозаларын түзету қажет болуы мүмкін, өйткені ранолазин бұл препараттардың плазмадағы концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін. Қолда бар деректер ранолазин CYP2D6 әлсіз тежегіші болып табылады деп болжауға мүмкіндік береді. Тәулігіне екі рет 750 мг ранолазин плазмадағы метопролол концентрациясын 1,8 есеге арттырды. Сондықтан, ранолазинмен бір мезгілде қолданған кезде метопрололдың немесе басқа да CYP2D6 субстраттарының (мысалы, пропафенон және флекаинид немесе аз дәрежеде, трициклдық антидепрессанттар мен нейролептиктер) әсері күшеюі мүмкін, және осы дәрілік заттардың неғұрлым төмен дозалары қажет болуы мүмкін.
CYP2B6 тежеу әлеуетіне баға берілмеген. CYP2B6 субстраттарымен (мысалы, бупропион, эфавиренц, циклофосфамид) бір мезгілде қолданған кезде сақтық таныту керек.
Дигоксин. Ранолазин мен дигоксинді және бір мезгілде қолданған кезде дигоксиннің плазмадағы концентрациясының орта есеппен 1,5 есе жоғарылауы туралы хабарланған. Демек, ранолазинмен ем басталғаннан кейін және емді тоқтатқаннан кейін дигоксиннің деңгейін бақылау керек.
Симвастатин. Симвастатиннің метаболизмі және клиренсі CYP3A4-ке қатты тәуелді. Күніне екі рет 1000 мг ранолазин симвастатин лактоны мен симвастатин қышқылының плазмадағы концентрациясын шамамен 2 есеге арттырды. Постмаркетингтік тәжірибеде рабдомиолиз симвастатиннің жоғары дозаларын қабылдаумен байланысты болды, және рабдомиолиз жағдайлары ранолазин мен симвастатинді қабылдаған пациенттерде байқалды. Ранолазин кез келген дозасын қабылдайтын пациенттерде симвастатиннің дозасын тәулігіне бір рет 20 мг дейін шектеңіз.
Аторвастатин. Күніне екі рет 1000 мг ранолазин күніне бір рет 80 мг аторвастатиннің Cmax және AUC сәйкесінше 1,4 және 1,3 есеге ұлғайтты, және аторвастатин метаболиттерінің Cmax және AUC 35%-дан азға өзгертті. Ранолазинді қабылдағанда аторвастатиннің дозасын шектеуді және тиісті клиникалық мониторингті қарастыруға болады.
Ранолазинді қабылдаған кезде CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа статиндердің (мысалы, ловастатиннің) дозасын шектеуді қарастыруға болады.
Такролимус, циклоспорин, сиролимус, эверолимус. Пациенттерде ранолазинді қабылдаудан кейін такролимустың, CYP3A4 субстратының плазмадағы концентрацияларының жоғарылауы байқалды. Ранолазин мен такролимусты бірге қолданған кезде такролимустың қандағы деңгейін бақылау және такролимустың дозасын тиісінше түзету ұсынылады. Бұл сондай-ақ емдік диапазоны тар басқа CYP3A4 субстраттары (мысалы, циклоспорин, сиролимус, эверолимус) үшін де ұсынылады.
Органикалық катиондардың тасымалдағышы-2 (OCT2) тасымалданатын дәрілер. Ранолазин 500 мг және 1000 мг дозада тәулігіне екі рет бір мезгілде қолданғанда 2 типтегі қант диабеті бар субъектілерде метформиннің (тәулігіне екі рет 1000 мг) плазмадағы экспозициясы сәйкесінше 1,4 және 1,8 есе жоғарылады. Басқаларымен қатар пиндолол мен варениклинді қоса, басқа OCT2 субстраттарының әсері осыған ұқсас дәрежеде өзгеруі мүмкін.
Ранолазинмен және QTc аралығын ұзартатыны белгілі басқа дәрілік заттармен бір мезгілде емдеу фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді туғызуы және қарыншалық аритмиялардың ықтимал қаупін артуы мүмкіндігінің теориялық қаупі бар. Мұндай препараттардың мысалына белгілі бір антигистаминдік препараттар (мысалы, терфенадин, астемизол, мизоластин), белгілі бір аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид, прокаинамид), эритромицин және трициклдық антидепрессанттар (мысалы, имипрамин, доксепин, амитриптилин) жатады.