Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
- ересектер мен 1 жастан асқан балаларда шығу тегі әртүрлі жедел уыттану.
Әсер ету механизмі
Препарат Кребс циклінің ферментативті процестерін белсендіреді (энергетикалық статусты жақсартады, өйткені натрий сукцинаты жасушаішілік метаболит болып табылады) және май қышқылдары мен глюкозаны жасушалармен жоюға ықпал етеді, қышқыл-сілтілі теңгерімді және қанның газ құрамын қалыпқа келтіреді. Препаратқа кіретін негізгі иондардың концентрациясы осы иондардың қан плазмасындағы (натрий, калий, магний, хлор иондары) концентрациясына барынша сәйкес келеді. Орташа диуретикалық әсері бар.
Фармакодинамикалық әсерлері
РЕАМБЕРИН антигипоксиялық және антиоксидантты әсері бар теңгерімді изотониялық ерітінді болып табылады. Ерітіндінің құрамына кіретін компоненттер организмнің метаболизмдік процестеріне қатысады.
Дозалау режимі
Ересектерге: 1-4,5 мл/мин жылдамдықпен вена ішіне тамшылатып (минутына 90 тамшыға дейін) енгізеді. Орташа тәуліктік доза-10 мл/кг. Емдеу курсы -11 күнге дейін.
Балаларға: тәулігіне 6-10 мл/кг шаққанда 3-4 мл/мин жылдамдықпен вена ішіне тамшылатып енгізеді. Емдеу курсы-11 күнге дейін.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне тамшылатып.
• жекелей төзе алмаушылық
• мидың ісінуімен қатар жүретін бассүйек-ми жарақатынан кейінгі жай-күй
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі
• бүйректің созылмалы ауруы (5-кезең, шумақтық сүзілу жылдамдығы 15 мл/мин-ден аз)
• жүктілік және лактация кезеңі
• 1 жасқа дейінгілер
Алкалоз, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жағымсыз әсерлер олардың даму жиілігіне сәйкес былайша жіктелген:
• өте жиі (≥1/10);
• жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін);
• жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін);
• сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін);
• өте сирек (< 1/10000);
• жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Препаратты тез енгізгенде жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: өте сирек – гипертермия, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, енгізу орнындағы ауырсыну, ісіну, гиперемия, флебит.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: өте сирек-аллергиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок.
Тері мен теріасты тіндер тарапынан бұзылулар: өте сирек-аллергиялық бөртпе, есекжем, қышыну.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: өте сирек – ентігу, құрғақ жөтел.
Жүрек тарапынан бұзылулар: өте сирек – тахикардия, жүрек соғысы, ентігу, жүрек аймағының ауыруы, кеуде қуысының ауыруы.
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар: өте сирек – артериялық гипотензия/ гипертензия, дененің жоғарғы бөлігінің күйдіру және қызару сезімі түріндегі қысқа мерзімді реакциялар.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: өте сирек - жүрек айну, құсу, ауыздың темір татуы, іштің ауыруы, диарея.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: өте сирек – бас айналу, бас ауыруы, құрысулар, тремор, парестезиялар, қозу, мазасыздық.
Жағымсыз әсерлердің туындауын болдырмау үшін дозалау режимін және препаратты енгізу жылдамдығын сақтау ұсынылады.
Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда препаратты енгізу жылдамдығын төмендету ұсынылады.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.
Препараттың организмдегі аэробты процестерді белсендіруіне байланысты қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі, несептің сілтілі реакциясы пайда болуы мүмкін. Қант диабетімен ауыратын науқастарда және глюкозаға төзімділігі төмен пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясын мерзімді бақылау қажет.
Ерітіндінің түсі өзгергенде немесе тұнба болған кезде препаратты қолдануға жолберілмейді.
Арнайы ескертулер
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
РЕАМБЕРИН 1 жастан асқан балаларда қолдануға болады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты қолдануды барынша баяу енгізу жылдамдығынан бастаған жөн: минутына 20-40 тамшы (1-2 мл).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осындай пациенттерде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Алкалозы бар пациенттер
Декомпенсацияланған алкалоз анықталған кезде препаратты қолдануды қанның қышқылды-сілтілі жай-күйі қалыпқа келгенше тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу курсын жүргізу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік және лактация кезінде пациенттердің осы топтарында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
Препарат антибиотиктермен, суда еритін дәрумендермен, глюкоза ерітіндісімен жақсы үйлеседі; құрамында фосфаттар, сульфаттар, тартраттар бар препараттармен біріктіріледі. Оны бөтелкеде немесе контейнерде басқа препараттармен араластыру ұсынылмайды.
Кальций сукцинаты тұнбасы түзілуі мүмкін болғандықтан препаратты кальций препараттарымен бір мезгілде вена ішіне енгізуге жол берілмейді.
Сақтау мерзімі
Шыны бөтелкелерде 5 жыл, көп қабатты полиолефин үлбірден жасалған контейнерлерде 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты мұздатып қатыруға жол беріледі.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.