Барлық дәрілік препараттар сияқты, әрбір пациентте болмаса да, Ребиф® жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Егер келесі елеулі жағымсыз әсерлердің бірі байқалса, дереу дәрігерге хабарлаңыз және Ребиф®препаратын қолдануды тоқтатыңыз:
- Күрделі аллергиялық реакциялар (аса жоғары сезімталдық). Егер Ребиф® препаратын енгізгеннен кейін бірден бет, еріннің, тілдің немесе тамақтың ісінуімен, сондай-ақ есекжеммен, бүкіл дененің қышуымен және әлсіздік сезімімен немесе естен тану жағдайымен бірге көрінетін кенеттен тыныс алу қиындықтары туындаса, дереу емдеуші дәрігерге немесе шұғыл медициналық көмек алу үшін жүгіну керек. Мұндай реакциялар сирек кездеседі.
- Бауырдың проблемаларын көрсететін келесі симптомдардың бірі пайда болса, дереу дәрігерге хабарланған жөн: сарғаю (терінің немесе көздің ақуыздары сарғаюы), ауқымды қышыну, жүрек айнуы немесе құсу пайда болуымен жүретін тәбеттің жоғалуы, немесе терідегі жеңіл қанталау. Бауырдың ауыр проблемалары қосымша мысалы, зейін қою қиындықтары, ұйқышылдық немесе сананың шатасуы сияқты белгілерді көрсете алады.
- Емдеу кезінде жайылған склерозы бар пациенттерде депрессия жиі байқалады. Суицид туралы ой немесе депрессия пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу керек.
Келесі жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге жүгіну керек:
- Бас ауруы, дене температурасының көтерілуі, қалтырау, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, әлсіздік және жүрек айнуы сияқты тұмауға ұқсас симптомдар өте жиі кездеседі. Бұл симптомдар әдетте жеңіл түрде өтеді және емдеудің басында жиі кездеседі, ал емдеуді жалғастырумен олардың жиілігі төмендейді. Бұл симптомдарды азайту үшін дәрігер Ребиф® препаратының әрбір дозасын енгізер алдында және инъекциядан соң 24 сағаттан кейін ыстық түсіретін, ауырсынуды басатын препараттарды қабылдауға кеңес бере алады.
- Инъекция енгізілген жердегі қызару, ісіну, түсінің өзгеруі, қабыну, ауырсыну және тері тұтастығының бұзылуы сияқты реакциялар өте жиі кездеседі. Әдетте инъекция орнында реакциялардың пайда болу жиілігі уақыт өте келе төмендейді. Инъекция орнында тіндердің бұзылуы (некроз), абсцесс және қатаюының кездесуі жиі емес.
Инъекция орнына инфекция жұқтыру қаупін азайту үшін «Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөліміндегі ұсыныстарды қараңыз. Инъекция орнына инфекция жұқтырылуы мүмкін (жиі емес). Тері ісінген, сезімтал және қатты болуы мүмкін, ал бүкіл аумақ өте ауырсынулы болады. Осы симптомдардың кез келгені пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
- Белгілі бір зертханалық тесттердің нәтижелері өзгеруі мүмкін. Пациент бұл өзгерістерді жиі байқамайды (симптомдары жоқ); әдетте олар қайтымды, жеңіл түрде өтеді және көбінесе арнайы емдеуді қажет етпейді.
Қызыл қан эритроциттердің, лейкоциттердің немесе тромбоциттердің саны төмендеуі мүмкін, сонымен қатар бір жеке параметр (өте жиі) ретінде және бір мезгілде (сирек) болуы мүмкін. Бұл өзгерістер шаршау, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, қан тебулер немесе түсініксіз қан кету сияқты ықтимал симптомдардың дамуына әкелуі мүмкін.
Бауыр функциясын тестілеу нәтижелерінде ауытқулар пайда болуы мүмкін (өте жиі). Сондай-ақ бауырдың қабынуы (жиі емес) туралы хабарланды. Бауыр ауруын болжауға мүмкіндік беретін симптомдар мысалы, жүрек айнуы, құсу, сарғаю сияқты басқа симптомдармен қатар жүретін тәбеттің жоғалуы пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек.
- Қалқанша безі функциясы бұзылуының кездесуі жиі емес. Қалқанша безі артық немесе жеткіліксіз жұмыс істей алады. Қалқанша безі шамадан тыс немесе жеткіліксіз жұмыс істей алады. Қалқанша безінің бұл өзгерістерін пациент әрдайым сезінбейді және симптомдары жоқ, бірақ дәрігер тиісті тестілеу жүргізуді ұсынуы мүмкін.
- Жайылған склероздың жалған қайталануы (жиілігі белгісіз). Ребиф® препаратымен емдеудің басында жайылған склероздың қайталану симптомдарына ұқсайтын симптомдар пайда болуы мүмкін. Мысалы, бұлшықеттер әдеттегі қозғалғыштықты шектей отырып, қатты ширығуы немесе босаңсуы мүмкін. Кейбір жағдайларда мұндай симптомдар температураның жоғарылауымен немесе жоғарыда сипатталған тұмауға ұқсас симптомдардың пайда болуымен байланысты. Осы жағымсыз әсерлердің кез келгені пайда болған кезде дәрігерге бару керек.
Басқа ықтимал жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялар жиілігін жіктеу үшін мынадай терминология пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-ден < 1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000-ға дейін); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықталмайды).
Өте жиі
- Бас ауыруы
Жиі
- Ұйқысыздық
- Диарея, жүрек айнуы, құсу
- Қышыну, тері бөртпелері
- Бұлшықет пен буындардағы ауырсыну
- Әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, қалтырау
- Шаш түсуі
Жиі емес
- Есекжем
- Эпилепсиялық құрысулар
- Бауырдың қабынуы (гепатит)
- Тыныс алу қиындықтары
- Тромбтың пайда болуы, мысалы, терең вена тромбозы
- Торқабықтың бұзылуы (көздің артқы қабығы), мысалы, қабыну немесе көздің кейінгі бұзылуымен (көрудің бұзылуы немесе көрмей қалу) тромбтың түзілуі
- Қатты тершеңдік
Сирек
- Суицидке ұмтылыс
- Терінің ауыр реакциялары, кейбіреулері-шырышты қабықтың зақымдануымен
- Кіші қан тамырларында тромбтың пайда болуы, бұл бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін (тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура немесе гемолитико-уремиялық синдром). Симптомдар жиі қанталаулар болуы, қан кету, дене температурасының көтерілуі, айрықша әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы немесе естен тану алдындағы жағдайды қамтуы мүмкін. Тексеру кезінде дәрігер қан мен бүйрек функциясының параметрлерінде ауытқуларды таба алады.
- Дәрілік жегі: Ребиф® препаратын ұзақ қолдануға байланысты жағымсыз әсері. Симптомдары бұлшықет ауруы, буындардағы ауырсыну және ісіну және бөртпені қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, температураның көтерілуі, дене салмағының төмендеуі және әлсіздік сияқты басқа симптомдар болуы мүмкін. Әдетте симптомдар емдеуді тоқтатқаннан кейін бір немесе екі апта ішінде жоғалады.
- Бүйрек функциясының төмендеуіне әкелуі мүмкін тыртықтардың пайда болуын қамтитын бүйрек проблемалары. Келесі симптомдардың кейбірі немесе бәрі бір мезгілде пайда болуы мүмкін:
- көбікті несеп
- әлсіздік
- ісіну, әсіресе тобық пен қабақтың аймағында, дене салмағының ұлғаюы.
Бұл симптомдар туралы дәрігерге хабарлау керек, себебі олар бүйрек проблемаларының белгілері болуы мүмкін.
Интерферон бета үшін келесі жағымсыз әсерлер (жиілігі белгісіз) туралы хабарланды
- Бастың айналуы
- Ашушаңдық
- Тәбеттің жоғалуы
- Қан тамырларының кеңеюі және жүрек соғуының жиілеуі
- Етеккір оралымының реттелмеуі және/немесе өзгеруі
- Өкпелік артериялық гипертензия-өкпедегі қан тамырларының елеулі тарылуымен сипатталатын ауру, бұл жүректен өкпеге қан тасымалдайтын қан тамырларында жоғары артериялық қысымға әкеп соқтырады. Өкпе артериялық гипертензиясы, Ребиф® препаратын қолдану басталғаннан кейін бірнеше жылдан соң да, емдеу басталғаннан кейінгі әр түрлі уақыт аралығында байқалды.
Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай препаратты енгізу режимін тоқтатуға немесе өзгертуге болмайды.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен жасөспірімдердегі жағымсыз әсерлері ересектердегі байқалғанға ұқсас.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.