Алтеплаза қолданумен байланысты ең жиі жағымсыз реакция гематокриттің және/немесе гемоглобиннің төмендеуіне алып келетін қан кету болып табылады.
Бассүйекішілік қан құйылулардан (инсульт кезіндегі жағымсыз реакция ретінде) және реперфузиялық аритмиялардан (миокард инфарктісі кезіндегі жағымсыз реакция ретінде) тыс, өкпе артериясы эмболиясы және жедел ишемиялық инсульт немесе миокард инфарктісі кезінде оны қолданған жағдайда алтеплазаның жағымсыз әсерлер спектрінде сапалық және сандық айырмашылықтарды жорамалдауға клиникалық негіздер жоқ.
Өте жиі:
- жедел ишемиялық инсульт кезіндегі негізгі жағымсыз құбылыстар бассүйекішілік қан құйылулар (БСҚҚ) болды, осы тізімде көрсетілген, мысалы БСҚҚ және БСҚҚ еместі қоса, барлық қан құйылулар;
- қайталанған ишемия/стенокардия, гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі/өкпенің ісінуі.
Жиі:
- бассүйекішілік қан құйылулар (миға қан құйылу, церебральді гематома, геморрагиялық инсульт, геморрагиялық инсульт трансформациясы, бассүйекішілік гематома, субарахноидальді қан құйылу сияқтылар); жедел миокард инфарктісін және өкпе артериясының жедел ауқымды тромбоэмболиясын емдеу кезіндегі; фарингеальді қан кетулер; асқазан-ішектік қан кетулер (асқазаннан қан кету, асқазанның ойық жарасынан, тік ішектен қан кету, қан аралас құсу, мелена (қара май тәрізді нәжіс), ауыз қуысынан қан кету, қызыл иектерден қан кету сияқтылар); экхимоздар; урогенитальді қан кетулер (гематурия, несеп-жыныс жолынан қан кетулер сияқты); пункция орнынан немесе инъекция орнынан қан кетулер (мысалы, катетер қойылған жердегі гематома, катетер қойылған жерден қан кету);
- кардиогенді шок, жүрек қызметінің тоқтауы, қайталанған инфаркт.
Жиі емес:
- қан түкіру, гемоторакс, тыныс алу жолдарындағы қан құйылу сияқты өкпеден қан кетулер; мұрыннан қан кетулер; есту ағзасындағы геморрагиялар;
- реперфузиялық аритмиялар (аритмия, экстрасистолия, жүрекшелер фибрилляциясы, брадикардия, пароксизмалық қарыншалық тахикардия, қарыншалық аритмия, қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалық тахикардия), I дәрежеден толық блокадасына дейін атриовентрикулярлы блокада, электромеханикалық диссоциация [EMD], Гис шоғырының оң жақ тармақшасының блокадасы, Гис шоғырының сол жақ тармақшасының артқы бұтағының блокадасы, инфарктен кейінгі ерте стенокардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі ағымының нашарлауы, митральді жеткіліксіздік, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, басқа да жүйелі эмболиялар/церебральді эмболия, қарыншааралық қалқа ақауы;
- артериялық қысымның төмендеуі;
Сирек:
- көз алмасына қан құйылу; ішперде артындағы қан кету (мысалы, ішперде артындағы гематома); перикардиальді қан кету;
- аса жоғары сезімталдық реакциялары / анафилактоидтық реакциялар: бөртпені, есекжемді қоса, аллергиялық реакциялар, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, гипотензия, шок немесе кез келген басқа аллергиялық реакциялар*;
- эмболиялар (тромбоздық эмболия), олар әсер еткен ішкі ағзалар тарапынан сәйкес салдарлармен қатар жүруі мүмкін;
- жүрек айну,
Өте сирек:
- күрделі анафилаксиялар.
- көбінесе қатарлас ишемиялық немесе геморрагиялық цереброваскулярлық бұзылумен біріккен жүйке жүйесінің бұзылуымен байланысты жай-күйлер (эпилепсия ұстамасы, құрысу, афазия, сөйлеудің бұзылуы, делирий, жедел ми синдромы, қозу, сананың шатасуы, депрессия, психоз).
Белгісіз***:
- паренхиматозды ағзаларға қан кетулер (мысалы, бауырдан қан кетулер);
- құсу;
- дене температурасының жоғарылауы;
- сәйкес ағзалардың зақымдануына әкелуі мүмкін май эмболиясы (холестерин кристалдарымен эмболизация);
- трансфузиялардың қажеттілігі.
* Сирек жағдайларда алтеплазаға төмен титрлі антиденелердің уақытша түзілуі байқалды, алайда бұл нәтиженің клиникалық мәнін анықтау мүмкін емес.
** Басқа да тромболитиктерді қолданғандағы сияқты, жоғарыда тиісті бөлімде сипатталған құбылыстар миокард инфарктісінің және/немесе тромболитиктер енгізудің асқынуы ретінде тіркелген. Бұл жүрек құбылыстары өмір үшін қауіпті болуы мүмкін және өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.
*** Бұл жағымсыз реакция тіркеуден кейінгі кезеңде байқалды. 95% ықтималдықпен, жиілік санаты «сиректен» көбірек, бірақ төмен де болуы мүмкін. Дәл жиілігін бағалау мүмкін емес, өйткені дәрілік препаратқа жағымсыз реакция клиникалық зерттеулер кезінде болмаған. Өліммен аяқталған және мүгедектікке ұшыратқан жағдайлар инсульт (бассүйекішілік қан кетуді қоса) және басқа күрделі қан кетулерді бастан өткерген пациенттерде байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz