Емдеуші дәрігерге қазіргі сәтте қабылданып жүрген және жақын арада қабылданған барлық дәрілік препараттар туралы айту қажет.
Кейбір дәрілік заттарды Резолста® препаратымен біріктіруге болмайды. Олар жоғарыда «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде атап келтірілген.
Резолста® препараты құрамында күшейткіш немесе күшейтуді қажет ететін басқа, вирусқа қарсы дәрі бар, вирусқа қарсы басқа дәрілік затпен қабылданбауы тиіс. Кей жағдайларда басқа дәрілік заттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Сондықтан, АИТВ инфекциясына қарсы қабылданып жүрген басқа дәрілік заттар туралы емдеуші дәрігерге міндетті түрде айту және біріктірілуіне жол берілетін дәрілік заттарға қатысты дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде басшылыққа алу қажет.
Төменде келтірілген препараттардың кез келгенін қолданғанда, Резолста® препаратын қабылдаудың әсері төмендеуі мүмкін. Емдеуші дәрігерге келесі препараттардың қолданылып жүргені туралы айту керек:
• Бозентан (жүрек ауруларын емдеуге арналған)
• Дексаметазон (инъекциялық кортикостероид)
• Эфавиренз, этравирин, невирапин (АИТВ инфекциясын емдеуге арналған)
• Рифапентин, рифабутин (бактериялық инфекцияны емдеуге арналған).
Резолста® препаратын қолдану басқа дәрілік заттардың әсерлеріне ықпал етуі мүмкін және сіздің дәрігерініз кейбір қосымша қан талдауын жүргізу қажет болуы мүмкін. Емдеуші дәрігерге келесі препараттардың қолданылып жүргені туралы айту керек:
• Амлодипин, карведилол, дилтиазем, дизопирамид, фелодипин, флекаинид, лидокаин, метопролол, мексилетин, никардипин, нифедипин, пропафенон, тимолол, верапамил (жүрек ауруларын емдеуге арналған), өйткені, аталған препараттардың емдік әсерлері немесе жағымсыз әсерлері өзгеруі мүмкін.
• Апиксабан, дабигатрана этексилат, эдоксабан, ривароксабан, варфарин, клопидогрел (тромб түзілуін төмендетуге арналған), өйткені, аталған препараттардың емдік әсерлері немесе жағымсыз әсерлері өзгеруі мүмкін.
• Клоназепам (құрысу ұстамаларының алдын алуға арналған).
• Эстроген негізіндегі гормональді контрацептивтер және гормон орын басушы ем. Резолста® препараты олардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Ұрықтануды бақылауға алу үшін оларды қолданғанда, гормональді емес контрацепцияның баламалы құралдарын пайдалану ұсынылады.
• Этинилэстрадиол/дроспиренон. Резолста® препараты дроспиренон туғызатын калий деңгейлері жоғарылауының қаупін арттыруы мүмкін.
• Аторвастатин, флувастатин, питавастатин, правастатин, розувастатин (холестерин деңгейлерін төмендетуге арналған). Бұлшықеттердің зақымдану қаупі артуы мүмкін. Емдеуші дәрігер холестеринді төмендетудің анағұрлым қолайлы режимдерін бағалауды жүргізеді.
• Циклоспорин, эверолимус, такролимус, сиролимус (иммундық жүйені бәсеңдетуге арналған), өйткені, аталған дәрілік заттардың емдік әсері немесе жағымсыз әсерлері жоғарылай түсуі мүмкін.
• Бетаметазонды, будесонидті, флутиказонды, мометазонды, преднизонды, триамцинолонды қоса, кортикостероидтар. Аталған дәрілік заттар аллергияны, демікпені, ішектің қабыну ауруларын, терінің, көздің, буындардың және бұлшықеттердің қабыну ауруларын, сондай-ақ, басқа қабыну жағдайларын емдеу үшін қолданылады. Бұл дәрілік заттар әдетте ішке қабылданады, деммен жұтылады, енгізіледі немесе теріге жағылады. Баламалы дәрілерді қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, аталған препараттар медициналық бағалаудан кейін және кортикостероидтардың жағымсыз әсерлері пайда болатындай жағдайларда дәрігердің мұқият қадағалауымен қолданылуы тиіс
• Бупренорфин/налоксон, метадон (апиынға тәуелділікті емдеуге арналған дәрілік заттар)
• Сальметерол (демікпені емдеуге арналған дәрілік зат)
• Артеметер/люмефантрин (безгекті емдеуге арналған біріктірілген препарат)
• Дазатиниб, иринотекан, нилотиниб, винбластин, винкристин (обырды емдеуге арналған дәрілік зат)
• Перфеназин, рисперидон, тиоридазин (психикалық ауруларды емдеуге арналған дәрілік зат)
• Клоразепат, диазепам, эстазолам, флуразепам (ұйқы бұзылулары мен үрейленуді емдеуге арналған дәрілік заттар)
• Силденафил, тадалафил, варденафил (эректильді дисфункцияны емдеуге арналған немесе өкпенің артериялық гипертензиясы деп аталатын жүрек пен өкпенің бұзылуларын емдеуге арналған)
• Глекапревир/пибрентасвир (С гепатиті инфекциясын емдеуге арналған)
• Фезотеродин, солифенацин (урологиялық бұзылуларды емдеуге арналған)
Сіздің дәрігерініз кейбір қосымша қан талдауын жүргізу қажет болуы мүмкін және сіз қабылдап жатқан басқа дәрілік заттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін, себебі Резолста® препаратының да, басқа дәрілердің де емдік әсері немесе жанама әсерлері әсер етуі мүмкін.
Қабылданып жүрген басқа дәрілік заттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін, өйткені, Резолста® препаратының да, басқа дәрілік заттардың да емдік әсеріне немесе жағымсыз әсерлеріне ықпал етуі ықтимал.
Емдеуші дәрігерге келесі препараттардың қолданылып жүргені туралы айту керек:
- Дабигатран этексилаты, эдоксабан, варфарин (қанның ұюын азайту үшін)
- Алфентанил (инъекцияға арналған, әсері күшті және қысқа, ауырғанды басады, хирургиялық емшаралар кезінде қолданылады)
• Дигоксин (жүректің белгілі бір ауруларын емдеуге арналған)
• Кларитромицин (антибиотик)
• Клотримазол, флуконазол, итраконазол, изавуконазол, позаконазол (зең инфекцияларына қарсы). Вориконазол тек медициналық тексеруден кейін ғана қолдануға болады.
• Рифабутин (бактериялық инфекцияларға қарсы)
• Тадалафил, силденафил, варденафил (эректильді дисфункцияны немесе өкпелік қан ағымындағы жоғары қысымды емдеуге арналған)
• Амитриптилин, дезипрамин, имипрамин, нортриптилин, пароксетин, сертралин, тразодон (депрессия мен үрейленуді емдеуге арналған)
• Маравирок (АИТВ инфекциясын емдеуге арналған)
• Колхицин (подаграны немесе отбасындағы Жерорта теңізі қызбасын емдеуге арналған). Бұйректің және/немесе бауырдың бұзылулары болған жағдайда, «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.
• Бозентан (өкпелік қанайналымдағы жоғары қысымды емдеуге арналған)
- Буспирон, клоразепат, диазепам, эстазолам, фларазепам, золпидем, инъекцияға арналған мидазолам (ұйқымен және/немесе үрейленумен байланысты қиындықтарды емдеуге арналған дәрілік заттар)
- Метформин (2 типті диабетті емдеуге арналған)
- Фентанил, оксикодон, трамадол (ауыруды емдеуге арналған).
Бұл дәрілік заттардың толық тізбесі емес. Қабылданып жүрген барлық дәрілік препараттар туралы емдеуші дәрігерге айтыңыз.