Емдік әсер жеткіліксіз болған жағдайда, емдік басымдығы расталмағанда уыттылықтың жоғарылауы мүмкіндігіне байланысты препараттың ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозасынан асыруға және/немесе басқа ҚҚСП бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Препаратты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек
Препаратты пациенттерге жедел ауырсынуды бәсеңдету үшін қолдану ұсынылмайды.
Егер препаратты бірнеше күн бойы қолданғанда клиникалық жақсару байқалмаса, емдеу тактикасын қайта қарастыру қажет.
Мелоксикам емін бастар алдында олардың толық емделуін қамтамасыз ету үшін анамнезіндегі эзофагитке, гастритке және/немесе пептидтік ойық жарасына назар аудару керек. Мелоксикаммен емделген пациенттерде және анамнезінде осындай жағдайлары бар пациенттерде қайталанудың көріністелу мүмкіндігіне үнемі назар аудару керек.
Асқазан-ішек жолдарындағы әсері
Анамнезінде бұрын симптомдары немесе асқазан-ішек жолдарының күрделі аурулары болғанда немесе болмаған жағдайда да басқа ҚҚСП қолданудағы сияқты, өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе перфорация емдеу процесінде кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін.
Анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кету немесе перфорациямен асқынған пациенттерде және егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасын ұлғайтқанда асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе перфорация қаупі жоғарылайды. Бұл жағдайда емдеуді ең аз тиімді дозадан бастау керек. Мұндай пациенттерге, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын немесе асқазан-ішек жолдарының қаупін арттыратын дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге қорғаныс дәрілік заттарымен (мысалы, мисопростол немесе протон помпасының тежегіштерін) біріктірілген емді қабылдаған дұрыс.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағылар, іш аумағының кез-келген ерекше симптомдары туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету), негізінен емдеудің бастапқы сатысында хабарлауы тиіс. Ойық жара немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге, мысалы, емдік дозалардағы гепаринге немесе гериатрияда қолданғанда, варфарин немесе басқа ҚҚСП сияқты антикоагулянттарға, соның ішінде қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылына (бір реттік дозада ≥1 г немесе жалпы тәуліктік дозада ≥3 г) қатысты сақ болу керек .
Асқазан-ішектен қан кету немесе пептидтік ойық жара пайда болғанда мелоксикаммен емдеуді тоқтату керек.
Симптомдардың өршуі мүмкіндігіне байланысты ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттерге (ойық жаралы колит, Крон ауруы) сақтықпен тағайындалуы керек.
Жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық әсерлер
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және / немесе жеңіл және орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады, өйткені ҚҚСП емінде сұйықтықтың іркілуі және ісіну байқалды.
Қауіп факторлары бар пациенттерге емнің басында, әсіресе мелоксикаммен емдеу курсының басында артериялық қан қысымына клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ мерзімді емдеуде) қолдану артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің шамалы жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін айғақтайды. Мелоксикам үшін мұндай қауіпті жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге мелоксикам терапиясын мұқият тексеруден кейін ғана жүргізу керек. Мұндай тексеруді жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу сияқты) бар пациенттерді ұзақ мерзімді емдеу басталғанға дейін жүргізу қажет.
Тері реакциялары
ҚҚСП қолдану кезінде терінің күрделі реакциялары (олардың кейбіреулері өліммен аяқталады), соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) туралы өте сирек хабарланды. Пациенттерді осы тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету және олардың пайда болуын мұқият бақылау керек. Бұл реакциялардың дамуының көбірек қаупі емдеу курсының басында, көп жағдайларда емдеудің бірінші айында байқалады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе жоғары сезімталдықтың басқа белгілері алғаш пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Егер пациентте мелоксикамды қолдану нәтижесінде СДС немесе УЭН дамыған болса, пациенттердің осы санатында мелоксикаммен емдеуді қайта бастауға болмайды.
Мелоксикамды қолданғанда орныққан дәрілік реакциялар (ОДР) жағдайлары хабарланды. Мелоксикамды анамнезінде мелоксикаммен байланысты ОДР бар пациенттерге қайта тағайындауға болмайды. Басқа оксикамдармен айқаспалы реакцияға түсуі мүмкін.
Бауыр мен бүйрек функциясының көрсеткіштері
ҚҚСП көпшілігімен емдеудегі сияқты, қан сарысуындағы трансаминазалардың, билирубиннің немесе бауыр функциясының басқа көрсеткіштерінің жоғарылауының сирек жағдайлары, сондай-ақ қандағы креатинин мен мочевина азотының концентрациясының жоғарылауы және зертханалық көрсеткіштердің басқа ауытқулары сипатталған. Көп жағдайларда бұл өзгерістер елеусіз және уақытша болды. Айқын және тұрақты өзгерістер пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатып және бақылау тесттерін жүргізу керек.
Бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі
Бүйрек простагландиндерінің қантамырларын кеңейтетін әсерін тежеу есебінен ҚҚСП шумақтық сүзілістің төмендеуіне байланысты функционалды бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз реакция дозаға тәуелді болады. Емдеудің басында немесе препараттың дозасын жоғарылатқаннан кейін келесі қауіп факторлары бар пациенттерде диурезді және бүйрек функциясын мұқият мониторингтеу ұсынылады:
• егде жас;
• АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен, сартандармен, диуретиктермен қатарлас емдеу;
• генезі әртүрлі гиповолемия;
• жүректің іркілісті жеткіліксіздігі;
• бүйрек жеткіліксіздігі;
• нефроздық синдром;
• жегілік нефрит;
• бауыр функциясының ауыр бұзылуы (сарысулық альбумин <25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥10 балл).
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициялық нефритті, гломерулонефритті, папиллярлық некрозды немесе нефроздық синдромға себеп болуы мүмкін.
Бүйректің терминалдық жеткіліксіздігі бар, гемодиализ жүргізілетін пациенттерде мелоксикамның дозасы 7,5 мг аспауы тиіс. Бұл пациенттер Реклинтм препаратының құрамында 15 мг мелоксикам бар тік ішек суппозиторийлер түрін қолданбауы керек; мелоксикамды оңтайлы дозаларда қолдану ұсынылады. Бүйректің жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде (яғни, креатинин клиренсі ˃25 мл/мин пациенттерде) дозасын төмендету қажет емес.
Натрий, калий және судың іркілуі
ҚҚСП натрийдің, калийдің және судың іркілуін күшейтуі мүмкін және диуретиктердің натрийуретиктік әсеріне ықпалы болуы мүмкін. Сондай-ақ гипотензиялық препараттардың гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде, бейімділігі бар пациенттерде, ісінулер, жүрек жеткіліксіздігі белгілері немесе артериялық гипертензия күшеюі ықтимал. Бұл пациенттерге клиникалық бақылау ұсынылады.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемияға қант диабеті немесе калиемияны арттыратын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ықпал етуі мүмкін. Бұндай жағдайларда қандағы калий деңгейіне жүйелі түрде бақылау жүргізу керек.
Басқа да ескертулер мен сақтық шаралары
Жағымсыз реакцияларды көбінесе мұқият бақылауды қажет ететін егде жастағы пациенттер, әлсіз немесе әлсіреген науқастар қиындықпен өткереді. Басқа ҚҚСП емдеудегі сияқты, бүйрек, бауыр және жүрек функциясы тарапынан бұзылу ықтималдығы жоғары, егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолдану кезінде жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішектен қан кету және өлімге әкелуі мүмкін тесілулер пайда болу жиілігі жоғары.
Реклинтм, сондай-ақ басқа ҚҚСП сияқты, негізгі инфекциялық аурудың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылауға қажетті қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы ең аз етуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне арнаулы зерттеулер жоқ. Алайда, фармакодинамикалық бейініне және анықталған жағымсыз реакциялар негізінде, мелоксикам аталған қызметтерге әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді деп болжауға болады. Алайда, көру функциясының бұзылуы, бас айналу, ұйқышылдық, вертиго немесе ОЖЖ тарапынан басқа да бұзылулар байқалған пациенттерге көлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту ұсынылады