Әсер ету механизмі, фармакодинамикалық әсерлері
ФСГ парентеральді енгізудің маңызды әсеріне бірнеше жетілген фолликулдардың түзілуі жатады.
Фоллитропин дельта - адамның рекомбинантты фолликулстимуляциялау гормоны (арФСГ), фолликулдардың өсуі мен дамуын стимуляциялайтын препарат болып табылады. арФС тері астына (т/а) енгізгенде көптеген жетілген фолликулдардың түзілуі байқалады. Фоллитропин дельтаның екі субъбірлігінің амин қышқылдарының бірізділігі адамның эндогендік арФСГ амин қышқылдарының бірізділігімен бірдей. Фоллитропин дельта синтезі PER.C6 желісіндегі адам жасушаларын пайдаланумен жүзеге асады, сондықтан гликозилденген бейіні фоллитропин альфа мен фоллитропин бетадан өзгеше болады.
Егеуқұйрықтарда in vivo Steelman-Pohley тестін жүргізген кезде әсер ету бірліктерімен (ХБ) айқындалатын баламалы дозаларда пайдаланылған фоллитропин дельта және фоллитропин альфаны күн сайын енгізгенде, аналық бездердің неғұрлым айқын жауабы фоллитропин дельта қабылдаған дарақтарда байқалды (аналық бездердің жауабы эстрадиол концентрациясы, ингибин В және фолликулдардың өлшемі бойынша бағаланды). Аталған тест препараттың биологиялық белсенділігін толық бағалауға мүмкіндік бермейтіндіктен, фоллитропин дельта дозасы әсер ету бірліктерімен (ХБ) емес, микрограмдармен келтіріледі.
Фоллитропин дельта дозасын және қан сарысуындағы антимюллер гормонының (АМГ) концентрациясын арттырған кезде жетілген фолликулдар саны ұлғаяды. Керісінше, дене салмағы үлкен болғанда жетілген фолликулдар саны азаяды (фоллитропин дельтаны 12 мкг-ден төмен дозада қолданған кезде ғана клиникалық маңызы бар).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Рандомизацияланған, бақыланатын, бағалауды жүргізетін адамдар үшін жасырын, ESTHER-1 зерттеуі ЭКО/ИКСИ циклдерінен 1326 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында стимуляциялау циклі бойы өзгеріссіз қалатын Рековелл препаратының әр пациентке жеке таңдалған дозалау режимін салыстыру жүргізілді (4.2 бөлімін қараңыз), фоллитропин альфа терапиясымен, емдеудің алғашқы 5 күнінде бастапқы дозасы 11 мкг (150 ХБ) құрайды, содан кейін ГнРГ антагонистін қолдана отырып, хаттама шеңберінде фолликулдардың пайда болу қарқындылығына байланысты стимуляциялаудың 6 күнінен бастап дозаны түзетеді. Зерттеуге овуляторлық деп саналатын тұрақты етеккір циклі бар 40 жасқа дейінгі әйелдер қатысты. 5 тәулікте ұрық жасушасын алғаннан кейін, барлық әйелдерге бір эмбрионды тасымалдау жүзеге асырылды, 38-40 жас аралығындағы әйелдерді қоспағанда, оларға, егер жақсы сапалы эмбриондар болмаған жағдайда, екі эмбрионды тасымалдауға рұқсат етілді. Зерттеу нәтижелерін бағалаудың екі негізгі тең мәнді критерийлері жүктіліктің жалғасуының жиілігі және, тиісінше, эмбрионды тасымалдағаннан кейінгі 10-11 аптадан кейін жатыр қуысында кем дегенде бір тіршілікке қабілетті ұрық және эмбриондарды тасымалдағаннан кейін 10-11 аптадан кейін жатыр қуысында тіршілікке қабілетті ұрықтар санының қатынасы сияқты анықталатын, «жаңа» эмбриондарды тасымалдау цикліндегі сәтті имплантация жиілігі болды.
Зерттеу Рековелль препаратының жүктіліктің жалғасуының жиілігі және «жаңа» эмбриондарды тасымалдау цикліндегі сәтті имплантация жиілігі бойынша бағалауда фоллитропин альфа сияқты тиімді екенін көрсетті.
ESTHER-1 клиникалық зерттеуінде басталған жүктіліктің жалғасу жиілігі және «жаңа» эмбриондарды тасымалдау циклінде имплантация жиілігі
Рековелль препаратымен емдеу (N=665) — Фоллитропин альфамен емдеу (N=661) — Айырмашылықтар [95 % СА]
Басталған жүктіліктің жалғасу жиілігі — 30,7 % — 31,6 % — -0,9 % [-5,9 %; 4,1 %]
«Жаңа» эмбриондарды тасымалдау цикліндегі имплантация жиілігі — 35,2 % — 35,8 % — -0,6 % [-6,1 %; 4,8 %]
Популяция: барлық рандомизацияланған және емделген пациенттер
АМГ концентрациясы бойынша анықталған Рековелль препаратының дозалау режимі мен дозасын бағалау аналық бездердің реакциясына қол жеткізу және АБГС даму қаупі сияқты екінші реттік көрсеткіштер бойынша қосымша жүргізілді.
Соңғы зерттелетін популяцияда Рековелль препаратымен емдеу тобындағы ооциттердің орташа саны 10,0 ± 5,6 (N=636), ал бастапқы дозасы 150 ХБ және кейіннен дозаны түзету 10,4 ± 6,5 (N=643) фоллитропин альфа терапиясы тобында болды.
АМГ ≥ 15 пмоль/л концентрациясы бар пациенттер арасында Рековелль препаратымен (N=355) және фоллитропин-альфа (N=353) препаратының еміне аналық бездердің жауап айқындылығы келесідей болды: ооциттердің орташа саны 11,6 ± 5,9 және 13,3 ± 6,9, ал ≥ 20 ооцит түзеген пациенттердің үлесі-10,1 % (355-тен 36) және сәйкесінше 15,6% (353-тен 55).
ПКАБС және сақталған овуляциясы бар пациенттерде Рековелль препаратымен емдеу тобында ерте орташа/ауыр дәрежедегі және/немесе ерте АБГС алдын алу шараларының жиілігі 7,7 %, ал фоллитропин альфа терапиясы тобында 26,7% құрады.
Қауіпсіздік - иммуногенділікті бағалау
ФСГ-ға антиденелерінің болуы Рековелль препаратын қолдану арқылы үш қайталанған стимуляциялау цикліне дейін емделген пациенттерде терапияға дейін және одан кейін бағаланды (ESTHER-1 665 пациент зерттеудің 1 циклінен, сондай-ақ ESTHER-2 зерттеуі аясында жүргізілген 2 циклінен 252 пациент және 3 циклден 95 пациент). 1-циклде Рековелль препаратымен емдеуден кейін ФСГ антиденелерін анықтау жиілігі 1,1 %, 2-циклде - 0,8%, 3-циклде – 1,1% құрады. Көрсетілген мәндер 1-циклде Рековелль препаратын енгізу басталғанға дейін анықталған ФСГ антиденелерін анықтау жиілігіне ұқсас болды, ол 1,4% құрады және фоллитропин альфа терапиясынан кейін ФСГ антиденелерін анықтау жиілігімен салыстыруға болады. Барлық пациенттерде ФСГ антиденелерінің титрлері өте төмен болды немесе анықталмады, сонымен қатар бейтараптандыратын қасиеттері жоқ. ФСГ антиденелерімен терапия жүргізілгеннен кейін пайда болған немесе пайда болған пациенттерде Рековелль препаратымен терапияның қайталама циклдері антиденелер титрінің ұлғаюымен қатар жүрмеді, аналық бездердің жауабы төмендеуімен байланысты емес және иммундық жүйе тарапынан ЖР дамуына әкелмеді.
Рековелль препаратын ұзақ әсер ететін ГнРГ агонистерімен бірге қолдану бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.