Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы твердые
Саудалық атауы
Релаксил
Әсер етуші зат
Снотворные и седативные препараты другие
Мақсаты
Қатты қозу, мазасыздық, жүйкенің тозуы, ұйқының бұзылысы
Өндіруші
АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: шүйгіншөптің 0.8 % құрғақ сулы-спиртті экстрактісіа 125.0 мг, бұрыш жалбызының құрғақ экстрактісіb 25.0 мг, дәрілік сермененің құрғақ экстрактісіc 25.0 мг,
қосымша заттар: микрокристаллды целлюлоза, картоп крахмалы, ауыр магний тотығы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
капсула қабығының құрамы: азорубин, кармоизин (Е 122), бриллиантты қара BN (Е 151), көк патенттелген V (Е 131), сары хинолинді (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
a - (Valeriana officinalis L.), сесквитерпен қышқылы сомасының 0.8 % кем емес;
b - (Mentha piperita L.), құрғақ затқа шаққанда гүлшетен қышқылының 0.75 % кем емес;
c - (Melissa officinalis L.), құрғақ затқа шаққанда гүлшетен қышқылының 5.0 % кем емес.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл түсті корпусы және қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішінде – теңбілдері бар ашық қоңырдан сұр-қоңыр түске дейінгі ұнтақ немесе пресстелген масса.
Невроздар, келесі симптомдармен қатар жүретін:
- қатты қозу
- мазасыздық
- жүйкенің тозуы
- ұйқының бұзылысы.
Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа препараттар.
АТХ коды N05CM
Релаксил жеңіл тыныштандыратын әсері бар өсімдік тектес дәрілік зат болып табылады.
Әсер ету механизмі
Препараттың әсер ету механизмі оны құрайтын фармакологиялық қасиеттері мен олардың әсерлерінің жиынтығының біріктіріліміне негізделген. Дәрінің қасиеттеріне шүйгіншөптің тамыры ең жоғары әсер етеді.
Шүйгіншөп тамырының құрамында эфир майлары бар, оның негізгі компоненттері моно- және сесквитерпендер, негізінен, валерен қышқылы және оның туындылары, сондай-ақ химио- және термолабильді валепотриаттар болып табылады. Бұл заттардың кешені тыныштандыратын және босаңсытатын әсерлермен сипатталады, бұлшықеттердің локомоциясы мен қимылдауына әсер етеді, мидағы ГАМҚ мтаболизміне әсер етуі ықтимал және ОЖЖ тыныштандыратын әсерді жанамалайтын рецепторларға ықпал етеді.
Шүйгіншөп тыныштандыратын әсер етеді. Ол мазасыздық, қозу және жүйке жүктемесінің салдарларынан ширығу сияқты ашушаңдық симптомдары кезінде көңіл-күйге оң әсер етеді. Ұйқысыздық кезінде тезірек ұйықтауға көмектеседі.
Бұрыш жалбызы
Құрамында цинеол заты бар. Оның бір мезгілде үрейге қарсы және депрессияға қарсы әсері бар. Бұл ретте өздігінен тыныштандыратын әсері препараттың басқа құрамдастарына қарағанда айқын әлсіз. Жалбыз көңіл-күйді орнына келтіріп және үрейді елеулі азайтуға қабілетті.
Тыныштандыратын дәрілік заттарда шүйгіншөппен бірге дәстүрлі қолданылады.
Сермененің құрамында мидың холинергиялық рецепторларына әсер ететін заттар бар. Осы рецепторлармен байланысатын ацетилхолин, сондай-ақ орталық жүйке жүйені тежеуге көмектеседі. Тыныштандыратын және спазмолитикалық әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Біріктірілім тыныштандыратын әсер етеді және транзиторлы жүйке ширығуын (ақыл-ой жүктемелері, қозу жағдайлары, ашушаңдық кезінде күнделікті тыныштандыратын дәрі ретінде) жою үшін көрсетілген.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Дәрілік затты қатты әсер ететін тыныштандыратын дәрілерді қолдану мақсатқа сай болмағанда невроздар кезінде қолданады. Оны қолдануға көрсетілімдер тек қана ұзақ уақыт бойы қолдану тәжірибесінің негізінде анықталған.
Дозалау режимі
Ересектерге ақыл-ой жүктемесі кезінде, қозу күйінде немесе ашушаңдық кезінде тәулігіне 2 рет 2 капсуладан, ұйқының бұзылысы кезінде – ұйықтар алдында 1 сағат бұрын 2 капсуланы қолдану ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Капсулаларды тамақтануға қарамастан, су іше отырып, тұтастай жұтқан жөн.
Дәрілік затқа әсерінің біртіндеп білінуі тән.
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Емдеудің оңтайлы әсеріне жету үшін препаратты кем дегенде 14 күн бойы қолдану ұсынылады.
Егер емдеу басталғаннан кейін 14 күннен соң жағдайдың жақсаруы байқалмаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу мерзімі шектеусіз. Дәрілік затты тіпті ұзақ уақыт бойы қолданған кезде дағдылану байқалмайды. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромы жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Препаратты қолданар алдында, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- шүйгіншөпке, дәрілік серменеге, бұрыш жалбызына немесе дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- айқын артериялық гипотензия, бронх демікпесі
- депрессия немесе орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуімен қатар жүретін басқа жағдайлар
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Өте сирек
– ұйқышылдық, әлсіздік, көңіл-күйдің нашарлауы және жұмысқа қабілеттің төмендеуі, эмоциялардың бұзылысы, бас айналуы, депрессия.
Белгісіз
– жүрек айнуы, іштің түйілуі, қыжылдың асқынуы мүмкін
– аллергиялық реакциялар.
Егер басқа жағымсыз құбылыстар (мысалы, бөртпе, қышыну, есекжем, терінің қызаруы мен ісінуін қоса, жоғары сезімталдық реакциялары) пайда болса, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары. Шүйгіншөп тамырларының шамамен 20 г Релаксил дәрілік затының шамамен 42 капсуласына баламалы бір реттік дозасы қатты қажу, абдоминальді түйілулер, кеуденің қысылу сезімі, бас айналуы, қолдың треморы, қарашықтың кеңеюі сияқты елеусіз симптомдарды туындатуы мүмкін. Бұл симптомдар 24 сағаттың ішінде пайда болады. Құрамында шүйгіншөп бар дәрілік заттармен артық дозалану кезінде бас ауыруы, ұйқышылдық, сылбырлық, жалпы әлсіздік, іштің ауыруы, жүрек айнуы, есту және көру өткірлігінің төмендеуі, брадикардия/тахикардия, зейін қоюдың төмендеуі, тыныштандыратын әсердің күшеюі пайда болуы мүмкін.
Дәрілік сермене және бұрыш жалбызы жапырақтарын тұтынған жағдайда артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Емі: емі симптоматикалық (асқазанды шаю, белсендендірілген көмірді қолдану).
Арнайы ескертулер
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бұрын бауырдың күрделі ауруын басынан өткерген пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолданған жөн.
Гастроэзофагеальді рефлюксі (қыжыл) бар пациенттерге құрамында бұрыш жалбызы жапырақтары бар дәрілік заттарды қолданудан аулақ болған жөн, себебі бұл олардың жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Өт-тас ауруы немесе өт түтігінің және өт қабының басқа аурулары бар пациенттерге құрамында бұрыш жалбызы жапырақтары бар дәрілік заттарды ерекше сақтықпен тағайындаған жөн.
Дәрілік затты қолдану кезеңінде алкогольді ішімдіктерді тұтынудан тартынған жөн.
Дәрілік затты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан Релаксилді бұл кезеңдерде қолдану ұсынылмайды.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуї мүмкін, сондықтан оны қолдану кезеңінде жеке сезімталдықты анықтағанға дейін автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарудан тартыну ұсынылады.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер шектеулі. Дәрілік затты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. CYP 2D6, CYP 3A4/5, CYP 1A2 немесе CYP 2E1 арқылы метаболизденетін белсенді заттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Дәрігердің кеңесінсіз синтетикалық тыныштандыратын дәрілік заттармен (бензодиазепиндермен) бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Бір уақытта қолданған кезде басқа тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілердің, спазмолитикалық, анальгетикалық, анксиолитикалық дәрілік заттардың, алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.