ATХ коды: J05AН01
Әсер ету механизмі
Занамивир тұмау вирусының беткейлік ферменті - нейраминидазаның селективті тежегіші болып табылады. Нейраминидаза тежелісі in vitro занамивирдің өте төмен концентрацияларында жүзеге асты (А және В тұмауы штаммдарына қарсы 0.64 нМ – 7.9 нМ кезінде 50% тежелу). Вирустық нейраминидаза инфекция жұқтырған жасушалардан жаңа түзілген вирустық бөлшектердің босап шығуына ықпал етеді және басқа жасушалардың вирустық инфекциясына мүмкіндік беріп, вирустың шырыш арқылы эпителий жасушаларының беткейлеріне жетуін жеңілдете алады. Осы фермент тежелуі А және В тұмауы вирустарының репликациясына қарсы әрі in vitro, әрі in vivo белсенділігінде көрініс береді және А тұмауы вирустары нейраминидазасының барлық белгілі қосалқы түрлерін қамтиды.
Занамивир белсенділігі жасушадан тыс болады. Ол тыныс жолдарының эпителий жасушаларынан тұмаудың инфекциялық вириондарының босап шығуын бәсеңдетіп, А және В тұмауы вирустарының таралуын азайтады. Тұмау вирусының репликациясы тыныс жолдарының беткейлік эпителийінде жүреді. Занамивирді осы жерде жергілікті қолдану тиімділігі клиникалық зерттеулерде расталды.
Резистенттілік
Занамивирмен емдеу кезіндегі резистенттілік сирек кездеседі. Занамивирге сезімталдық төмендеуі вирустық нейраминидазадағы немесе вирустық гемагглютининдегі амин қышқылдарының өзгерістеріне әкелетін мутациялармен байланысты. Занамивирге сезімталдықты төмендеуін беретін нейраминидазаны ауыстыру занамивирмен емдеу кезінде адам вирустарында және зоонозды қуаты бар вирустарда пайда болды: E119D, E119G, I223R, R368G, G370D, N434S (A/H1N1); N294S, T325I (A/H3N2); R150K (B); R292K (A/H7N9). Q136K (A/H1N1 және A/H3N2) нейраминидазасын ауыстыру занамивирге төзімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ емдеу кезінде емес, жасуша өсіріндісіне бейімделу кезінде таңдалады.
Бұл вирустарға сезімталдық төмендеуінің клиникалық зардаптары белгісіз, ал вирустың занамивирге сезімталдығына спецификалық алмастырулар әсері штаммға тәуелді болуы мүмкін.
Айқаспалы резистенттілік
Занамивир мен осельтамивир немесе перамивир арасындағы айқаспалы резистенттілік нейраминидазаны тежеу талдауларында байқалды. Осельтамивирмен немесе перамивирмен емдеу кезінде туындайтын нейраминидазаның бірқатар аминқышқылдық алмасулары занамивирге сезімталдықтың төмендеуіне әкеледі. Занамивирге және басқа нейраминидаза тежегіштеріне сезімталдық төмендеуімен байланысты алмасулардың клиникалық әсері ауыспалы болады және штаммға тәуелді болуы мүмкін.
H275Y алмастыру нейраминидазаға төзімділіктің ең көп таралған алмасуы болып табылады және перамивир мен осельтамивирге сезімталдықтың төмендеуімен байланысты. Бұл алмастыру занамивирге ешқандай ықпалын тигізбейді; демек, H275Y алмасуы бар вирустар занамивирге сезімталдығын толығымен сақтайды.
Клиникалық тәжірибе
Тұмауды емдеу
Реленза тұмау симптомдарын жеңілдетеді және төмендегі кестеде толық сипатталғандай, ересектердегі орташа ұзақтығын 1.5 күнге қысқартады (диапазоны 1.0 – 2.5 күн). Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) және 5-6 жастағы балаларда тұмау симптомдарының жеңілдеуіне дейінгі орташа уақыт елеулі қысқармаған. Реленза препаратының тиімділігі қалған дені сау ересектерде емдеу 48 сағат ішінде басталғанда және қалған дені сау балаларда емдеу симптомдар пайда болған соң 36 сағат ішінде басталғанда көріністелді. Афебрильді ауыру бар пациенттерде (<37.8°C) емдеудің ешқандай пайдасы құжатталмаған.
III фазаның қатар топтарында емдеудің шешуші рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын, көп орталықтық алты зерттеуі (NAIB3001, NAIA3002, NAIB3002, NAI30008, NAI30012 және NAI30009) табиғи жүре пайда болған А және В тұмауын емдеу үшін занамивирді пайдаланумен жүргізілді. NAI30008 зерттеуіне тек демікпесі (n=399), ӨСОА (n=87) немесе демікпе мен ӨСОА (n=32) бар пациенттер қатысты, NAI30012 зерттеуіне тек егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) (n=358) қосылды, ал NAI30009 (n=471) зерттеуінде 5-12 жас аралығындағы балалар жасындағы пациенттер қамтылды. Осы алты зерттеуде қауымды емдеу мақсатына 2942 пациент қамтылды, оның 1490-ы пероральді ингаляция арқылы 10 мг занамивирді вена ішіне қабылдады. Бастапқы соңғы нүкте III фазаның барлық алты зерттеуі үшін бірдей болды, яғни тұмаудың клиникалық мәнді белгілері мен симптомдарының әлсіреуіне дейінгі уақыт. III фазаның барлық алты зерттеуі үшін жеңілдік қызбаның болмауы ретінде белгіленді, яғни <37.8°C температура және қызбаны «жоқ» деп бағалау (NAI30012 «қалыпты/жоқ» сияқты), ал бас ауыру, миалгия, жөтел және тамақтың ауыруы «жоқ» деп тіркелді (NAI30012 қалыпты/жоқ деген сияқты) немесе «жұмсақ» және 24 сағат бойы сақталады.
Тұмау симптомдарының жеңілдеуіне дейінгі орташа уақытты (күндерді) салыстыру:
Тұмау инфекциясын жұқтырған тұрғылықты халық
Зерттеу — Плацебо — Занамивир 10 мг ингаляция күніне екі рет — Күндер айырмасы — (95% CА) P мәні
NAIB3001 — n=160 6.0 — n=161 4.5 — 1.5 — (0.5, 2.5) 0.004
NAIA3002 — n=257 6.0 — n=312 5.0 — 1.0 — (0.0, 1.5) 0.078
NAIB3002 — n=141 7.5 — n=136 5.0 — 2.5 — (1.0, 4.0) <0.001
NAIB3001, NAIA3002 және NAIB3002 біріктірілген талдауы — n=558 6.5 — n=609 5.0 — 1.5 — (1.0, 2.0) <0.001
Демікпе/ӨСОА зерттеуі
NAI30008 — n=153 7.0 — n=160 5.5 — 1.5 — (0.5, 3.25) 0.009
Егде жастағы пациенттер
NAI30012 — n=114 7.5 — n=120 7.25 — 0.25 — (-2.0-ден 3.25 дейін) 0.609
Балалар
NAI30009 — n=182 5.0 — n=164 4.0 — 1.0 — (0.5, 2.0) <0.001
Емдеу көзделген қауымда симптомдардың жеңілдеуіне дейінгі уақыт айырмасы 1.0 күнге созылады (95% CА: 0.5-тен 1.5 дейін), NAIB3001, NAIA3002 және NAIB3002 біріктірілген талдауында – 1.0 күн (95% CА: 0-ден 2 дейін) NAI30008 зерттеуінде, 1.0 күн (95% CА: – 1.0-ден 3.0 дейін) NAI30012 зерттеуінде және 0.5 күн (95% CА: 0-ден 1.5 дейін) NAI30009 зерттеуінде. Қауіп жоғары болатын балалар туралы шектеулі деректер бар. В тұмауы бар (n = 163), оның ішінде занамивир алған 79 пациент біріктірілген талдауда 2.0 күн ішінде емдеу пайдасы байқалды (95% CА: 0.50-ден 3.50 дейін).
Көбінесе тұмауға реакциясы оң дені сау ересектердің қатысуымен III фазаның 3 зерттеуінің біріккен талдауында асқынулар жиілігі плацебо алушыларда 152/558 (27%) және занамивир алушыларда 119/609 (20%) құрады (салыстырмалы қауіп занамивир: плацебо 0.73; 95% CА: 0.59-дан 0.90 дейін, р = 0.004). Демікпе және ӨСОА бар пациенттер қамтылған NAI30008 зерттеуінде асқынулар жиілігі тұмау-оң плацебо реципиенттерінде 56/153 (37%) және тұмау-оң занамивир реципиенттерінде 52/160 (33%) құрады (салыстырмалы қауіп занамивир: плацебо 0.89; 95% CА: 0.65-тен 1.21 дейін, р=0.520). Егде жастағы пациенттердің қатысуымен NAI30012 зерттеуінде асқынулар жиілігі плацебомен тұмауға оң нәтиже бергендердің 46/114 (40%) және занамивирмен тұмауға оң нәтиже бергендердің 39/120 (33%) бөлігін құрады (салыстырмалы қауіп занамивир: плацебо 0.80; 95% CА: 0.57-ден 1.13 дейін, р = 0.256). Педиатриялық NAI30009 зерттеуінде асқынулар жиілігі тұмау-оң плацебо реципиенттерінде 41/182 (23%) және тұмау-оң занамивир реципиенттерінде 26/164 (16%) құрады (салыстырмалы қауіп занамивир: плацебо 0.70; 95% CА: 0.45-тен 1.10 дейін, р = 0.151).
Көбінесе жеңіл/орташа демікпесі және/немесе өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар пациенттердегі плацебо-бақыланатын зерттеуде занамивир мен плацебо арасында жеделдетілген дем шығару көлемінде бір секунд (ЖДШК1) немесе емдеу барысында немесе емдеу аяқталған соң өлшегенде дем шығарудың жоғары шекті жылдамдығының (ДШЖ) клиникалық мәнді айырмасы анықталмады.
Тұмау профилактикасы
Реленза препаратының табиғи тұмау ауруының алдын алу тиімділігі отбасылық байланыстан кейінгі профилактикасының екі зерттеуінде және тұрғылықты халық арасында тұмаудың өршуі кезіндегі маусымдық профилактиканың екі зерттеуінде көріністелді. Бұл зерттеулерде тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі зертханалық расталған симптоматикалық тұмау жиілігі болды, ол келесі симптомдардың екі немесе одан көп болуы ретінде анықталды: ауыз ішінің температурасы 37.8°C немесе қызба, жөтел, бас ауыру, тамақтың ауыруы және миалгия; әрі сеппе, ПТР немесе сероконверсия арқылы тұмауды зертханалық растау (бастапқы деңгеймен салыстырғанда, реконвалесценттік антиденелер титрінің 4 есе ұлғаюы ретінде белгіленеді).
Экспозициядан кейінгі профилактикасы
Екі зерттеуде индекстік жағдаймен байланыста болған отбасы арасындағы экспозициядан кейінгі профилактикасы бағаланды. Индекстік жағдайда симптомдар пайда болған соң 1.5 күн ішінде әр отбасы (≥ 5 жастағы отбасының барлық мүшесін қоса) 10 күн бойы күніне бір рет 10 мг Реленза препаратын немесе ингаляциялық плацебо алуға рандомизацияланды. Тек бірінші зерттеуде әрбір көрсеткішті жағдай басқа отбасы мүшелері сияқты бірдей емдеуге (Реленза немесе плацебо) рандомизацияланды. Бұл зерттеуде симптоматикалық тұмаудың, кем дегенде, бір жаңа жағдайы бар отбасының үлесі плацебо тобындағы 19%-дан (168 отбасынан 32) Реленза тобындағы 4% дейін (169 отбасынан 7) төмендеді (79% қорғаныс тиімділігі; 95% CА: 57%-дан 89% дейін, P < 0.001). Екінші зерттеуде негізгі жағдайлар емделмеген, ал симптоматикалық тұмауға шалдығу плацебо қолдану кезіндегі 19%-дан (242 отбасынан 46) Реленза препаратын қабылдау кезіндегі 4% дейін (245 отбасынан 10) төмендеген (81% қорғаныс тиімділігі; 95% CА: 64%-дан 90% дейін, р < 0.001). Нәтижелер А немесе В тұмауымен қосалқы топтарда ұқсас болды. Жалпы жиынтығы 2128 байланыс жағдайы қамтылған бұл зерттеулерге 5-11 жас аралығындағы 553 бала қатысты, оның ішінде 123 бала 5-6 жас шамасында. Балалардың 5-тен 6 жасқа дейінгі тобында зертханалық расталған симптоматикалық тұмау жиілігі (занамивирмен салыстырмалы плацебо) бірінші зерттеуде 1/28 (4%) қарсы 4/33 (12%) және екінші зерттеуде 1/36 (3%) қарсы 4/26 (15%) болды, сірә, бұл үлкенірек жас санаттарына сай келеді. Алайда, зерттеулер жекелеген жас санаттарында қорғаныс тиімділігін анықтауға бағытталмағандықтан, қосалқы топтарға ресми талдау жасалмады.
Маусымдық профилактика
Маусымдық профилактика бойынша екі зерттеу 10 мг Реленза препараты тұрғылықты халық арасында өршу кезінде, плацебомен салыстырғанда, 28 күн бойы күніне бір рет демді ішке тарту кезінде бағаланды. Вакцина алмаған, қалған ≥18 жастағы дені сау ересек адамдар қатысқан алғашқы зерттеуде симптоматикалық тұмауға шалдығу плацебо тобындағы 6,1%-дан (554-тен 34) Реленза тобындағы 2.0% дейін (553-тен 11) төмендеді (67% қорғаныс тиімділігі; 95% CА: 39%-дан 83% дейін, р < 0.001). Екінші зерттеуге тұмаудан асқынулар қаупі жоғары үйден тыс жерде тұратын ≥12 жастағы субъектілер қатысты, бұл ретте қатысушылардың 67%-ы зерттеу маусымында вакцина алды. ≥ 65 жастағы тұлғалар үшін және өкпе немесе жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары немесе қант диабеті бар тұлғалар үшін жоғары қауіп айқындалды. Бұл зерттеуде симптоматикалық тұмауға шалдығу плацебо тобындағы 1.4%-дан (1685-тен 23) Реленза тобындағы 0.2% дейін (1678-ден 4) төмендеді (қорғаныс тиімділігі 83%; 95% CА: 56%-дан 93% дейін, p < 0.001).
Шектеулі және сенімсіз деректер салдарынан қарттар үйлері жағдайларындағы тұмау профилактикасында Реленза препаратының тиімділігі анықталмаған.