Анамнезінде құрамында хинолон және фторхинолон бар дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы болған пациенттерде левофлоксацинді қолданбау керек. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді, тек емнің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастау керек.
Резистенттілік қаупі
Метициллинге резистентті алтын түстес стафилококк левофлоксацинді қоса фторхинолондарға да төзімді болуы ықтимал. Демек, левофлоксацинді метициллинге резистентті стафилококктан туындаған инфекцияларды емдеуде немесе сондай күдік болса, егер зертханалық талдаулардың нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (сондай-ақ, егер метициллинге резистентті стафилококктан туындаған инфекцияларды емдеуде әдетте тағайындалғаны, бактерияға қарсы препараттарды қолдану орынсыз деп саналса) қолдану ұсынылмайды.
Несеп шығару жолдарының инфекциясын тудыратын ең көп таралған патоген E. coli фторхинолондарға резистенттілігі түрлі аймақтарда ауытқып отырады. Препараттарды тағайындау кезінде E. coli фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Егер сіз кенеттен еріксіз тартылуларды, бұлшықеттердің тартылуын немесе бұлшықеттердің жиырылуларын сезіне бастасаңыз - дереу дәрігерге қаралыңыз, себебі бұл миоклонустың белгісі болуы мүмкін. Дәрігеріңізге левофлоксацинмен емдеуді тоқтату және тиісті емін бастау қажет болуы мүмкін.
• Егер сіз жүрек айнуын, жалпы дімкәстікті, қатты жайсыздық немесе асқазан тұсының тұрақты ауыруын сезінсеңіз немесе ауыруы күшейе түссе немесе құсу пайда болса - дереу дәрігерге қаралыңыз, себебі бұл ұйқы безінің қабынуының (жедел панкреатит) белгісі болуы мүмкін.
• Егер сіз шаршауды, терінің бозаруын, көгерулерді, бақыланбайтын қан кетуді, қызбаны, тамақ ауыруын және жалпы жай-күйдің елеулі нашарлауын бастан өткерсеңіз немесе инфекцияларға төзімділігіңіз төмендеуі мүмкін екенін сезсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз, себебі бұл қан ауруларының белгісі болуы мүмкін. Дәрігер қан талдауы арқылы қан көрсеткіштерін бақылауы тиіс. Қан көрсеткіштері нормадан ауытқыған жағдайда, дәрігерге емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін.
Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі
Адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығы жөніндегі in vitro деректерге және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеулердің деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты ұлттық және/немесе халықаралық келісілген құжаттарға жүгінуі керек.
Ұзақ мерзімді, мүгедектікке шалдықтыратын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондарды жасына және бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан қабылдаған пациенттерде организмнің түрлі, кейде көптеген жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика тарапынан және сезім мүшелері) әсер ететін ұзақ мерзімді (бірнеше ай немесе жылдарға созылатын), мүгедектікке шалдықтыратын және қайтымсыз болуы ықтимал ауыр жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату керек, ал пациенттерге кеңес алу үшін өз дәрігеріне хабарласуды ұсыну керек.
Инфузияның ұзақтығы
Инфузиялық құюдың ұсынылған ұзақтығын сақтау керек, ол 250 мг Ремедиа инфузиялық ерітіндісі үшін кемінде 30 минутты және 500 мг инфузиялық ерітінді үшін кемінде 60 минутты құрайды. Офлоксацин туралы, оның инфузиясы кезінде тахикардия және артериялық қысымның уақытша төмендеуі орын алуы мүмкін екендігі белгілі. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның қатты төмендеуі нәтижесінде жедел қантамырлық жеткіліксіздік (циркуляторлық коллапс) болуы мүмкін. Левофлоксацин (офлоксациннің l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның төмендеу белгілері пайда болса, құюды тез арада тоқтату керек.
Тендинит және сіңірдің үзілуі
Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе Ахилл сіңірі ғана емес), кей жағдайларда екіжақты, хинолондармен және фторхинолондармен (левофлоксацинмен) емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болуы мүмкін, емдеуді тоқтатқаннан кейін де бірнеше ай ішінде осы патологиялар пайда болған жағдайлар туралы хабарланды. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ауқымды ағзалары трансплантацияланған пациенттерде, левофлоксациннің 1000 мг тәуліктік дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдағанда тендинит пен сіңірдің үзілу қаупі артады. Сондықтан кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданбау керек.
Тендиниттің алғашқы симптомдары пайда болған кезде (мысалы, ауырсындыратын ісіну, қабыну кезінде) левофлоксацинді қабылдауды тоқтату және баламалы емін қарастыру керек.
Зақымдалған аяқ-қол(-дар)ды тиісінше емдеу (мысалы, иммобилизацияны қамтамасыз ету) керек. Тендинопатия белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды пайдаланбау керек.
Миоклонус
Левофлоксацинмен емделген пациенттерде миоклонус жағдайлары туралы хабарланды. Егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне сәйкес түзетілмесе, егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде миоклонустың даму қаупі артады. Миоклонус алғаш пайда болған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және тиісті емін бастау керек.
Clostridium difficile-ден туындаған ауру
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейінгі (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң) әсіресе ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас диарея Clostridium difficile-мен астасқан аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile-мен ауру ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып отыруы мүмкін, сонымен қатар ең ауыр түрі жалған жарғақшалы колит. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинді қолданып емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея пайда болса, бұл диагнозды есте ұстау маңызды. Егер Clostridium difficile-мен астасқан ауруға күдік болса немесе диагнозы расталса, левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтату және кешіктірмей тиісті емін бастау керек. Мұндай клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың туындауына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларды тудыруы мүмкін. Анамнезінде эпилепсия болған пациенттерге левофлоксацинді қолдануға болмайды, және басқа да хинолондармен жағдайдағы сияқты, бұл препаратты эпилепсия ұстамаларының туындауына бейім немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттармен (мысалы, теофиллин) қатарлас емделетін пациенттерде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар жағдайында, левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жасырын немесе айқын тапшылығы бар пациенттерде хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, мұндай пациенттерде левофлоксацинді қолданған кезде оларды гемолиздің пайда болуына қатысты бақылау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Ремедиа препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін пайда болатын ауыр және өмірге қауіп төндіруі ықтимал аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейінгі ангионевроздық ісіну) тудыруы мүмкін. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатуы және тиісті шұғыл көмек көрсетуі үшін емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен хабарласуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолдану кезінде уытты эпидермалық некролизді (УЭН: Лайелл синдромы деп те аталады), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге соқтыруы ықтимал, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен үретін дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы тиіс. Аталған реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда, левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және баламалы емін қарастыру керек. Егер левофлоксацинді қолданған кезде пациентте СДС, УЭН немесе DRESS сияқты ауыр реакция дамыса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, гипо-және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылулары туындағаны туралы хабарланды, олар егде жастағы адамдарда жиірек кездеседі және әдетте, қант диабетіне шалдыққан, пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинмен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде байқалған. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, Ремедиа препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек, және фторхинолонды қолдануды қажет етпейтін, бактерияға қарсы баламалы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Фотосенсибилизацияның профилактикасы
Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосенсибилизация пайда болғаны туралы хабарланды. Фотосенсибилизация дамуының алдын алу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейінгі 48 сағат ішінде өткір күннің немесе жасанды УК сәуленің (мысалы, УК шам, солярийдің) әсеріне ұшырау ұсынылмайды.
К дәруменінің антагонистерімен ем қабылдап жүрген пациенттер
Левофлоксацин мен К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфарин) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе қан кетудің пайда болуы ықтималдығына байланысты, коагуляциялық сынамалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар пайда болған жағдайлар туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксацин дозасын бір рет қолданғаннан кейін де, мұндай реакциялар суицидтік ойлар мен пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлық пайда болуына дейін үдеген. Егер пациентте ондай реакциялар дамыса, онда аталған реакциялардың алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату керек, және пациентке кеңес алу үшін препаратты тағайындаған дәрігермен хабарласуға кеңес беру керек. Фторхинолонды қолдануды қажет етпейтін, бактерияға қарсы баламалы ем туралы мәселені қарастыру, және тиісті шараларды қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозға шалдыққан пациенттерде немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, мысалы:
- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы науқастар мен әйелдер QTс аралығының ұзаруын тудыратын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Демек левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке алып келетін сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерге қайтымсыз болуы ықтимал жағдайдың дамуын болдырмау мақсатында, ауырсыну, ашыту, шаншу, ұйқышылдық немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болған жағдайда емделуді жалғастырар алдында өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолданғанда, негізінен, ауыр негізгі ауруы бар пациенттерде, өлімге соқтыратын бауыр жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іш ауыруы секілді бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болғанда емделуді тоқтатуды және дәрігерге жүгінуді ұсыну керек.
Миастения гравистің өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар жүйке-бұлшықеттік бөгеу белсенділігіне ие және миастениясы бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайларын және маркетингтен кейінгі кезеңде тіркелген, респираторлық қолдауға мұқтаждықты қоса, күрделі жағымсыз реакциялар, миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды пайдаланумен байланысты болды. Левофлоксацин анамнезінде миастения болған пациенттерге ұсынылмайды.
Көрудің бұзылуы
Көру қабілетінің бұзылулары немесе басқа офтальмологиялық әсерлер пайда болса, дереу офтальмологқа жүгіну керек.
Суперинфекция
Левофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Егер емдеу кезеңінде суперинфекция пайда болса, тиісті шараларды қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Левофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға арналған талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Анағұрлым спецификалық әдісті пайдаланып, апиындарды тексерудің оң нәтижелерін растау талап етілуі мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасы кезінде жалған теріс нәтижелер беруі ықтимал.
Қолқа аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қабылдағаннан кейін, әсіресе егде жастағы пациенттерде қолқа аневризмасы мен қатпарлануы дамуының жоғары қаупі туралы хабарланған.
Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде үзілумен (оның ішінде өліммен аяқталумен) асқынған қолқа аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясының/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген. Демек, фторхинолондарды пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе туа біткен жүрек клапанының ақауына қатысты отбасылық анамнезі ауы пациенттерде басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін, сондай-ақ аорта аневризмасы мен қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Эхлер-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіні тарапынан бұзылулар), сондай-ақ қолқа аневризмасы мен қатпарлануына (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлардың аурулары), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит) кезінде басқа қауіп факторлары немесе бейімділік жағдайлары болған кезде ғана қолдану керекДемек, фторхинолондарды пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе туа біткен жүрек клапанының ақауына қатысты отбасылық анамнезі ауы пациенттерде басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін, сондай-ақ аорта аневризмасы мен қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Эхлер-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіні тарапынан бұзылулар), сондай-ақ қолқа аневризмасы мен қатпарлануына (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлардың аурулары), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит) кезінде басқа қауіп факторлары немесе бейімділік жағдайлары болған кезде ғана қолдану керек.
Бір мезгілде жүйелі кортикостероидтармен ем қабылдап жүрген пациенттерде қолқа аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ үзіліп кету қаупі жоғарылауы мүмкін.
Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы жағдайында пациенттерге дереу шұғыл медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.
Пациенттерге жедел ентігу, жүрек соғуының жиілеуі алғаш пайда болған жағдайда, құрсақ қуысының немесе аяқтардың ісінуі дамыған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсыну керек.
Жедел панкреатит
Левофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерге жедел панкреатитке тән белгілер туралы ақпарат беру керек. Жүрек айнуын, дімкәстануды, іштегі жайсыздықты, іштің қатты ауыруын немесе құсуды бастан өткерген пациенттерді дереу дәрігер тексеруі тиіс. Жедел панкреатитке күдік болған жағдайда, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды қайта бастауға болмайды. Анамнезінде панкреатит болған пациенттерде сақтық таныту керек.
Қан аурулары
Левофлоксацинмен емдеу кезінде лейкопенияны, нейтропенияны, панцитопенияны, гемолиздік анемияны, тромбоцитопенияны, аплазиялық анемияны немесе агранулоцитозды қоса, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Осы қан ауруларының кез-келгеніне күдік болса, қан көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәтижелер нормадан ауытқыған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Жүкті әйелдерде левофлоксациннің қолданылуы туралы деректер шектеулі, репродуктивтік уыттылық тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлері анықталған жоқ. Алайда, клиникалық деректер болмағандықтан, сондай-ақ өсіп келе жатқан организмдегі салмақ түсетін шеміршектердің фторхинолондардан зақымданy қаупін эксперименттік деректердің растауы салдарынан, жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолданбау керек.
Лактация кезеңі
Бала емізу кезеңінде әйелдерге Ремедиа препаратын қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда, басқа фторхинолондар емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмағандықтан, сондай-ақ өсіп келе жатқан организмдегі салмақ түсетін шеміршектердің фторхинолондардан зақымданy қаупін эксперименттік деректердің растауы салдарынан, левофлоксацинді бала емізу кезеңінде әйелдерде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір жағымсыз әсерлер (мысалы, бас айналу/вертиго, ұйқышылдық, көру қабілетінің бұзылулары) пациенттің зейін қою қабілетін нашарлатуы және реакциясын төмендетуі мүмкін, сондықтан бұл қасиеттер өте маңызды жағдайларда (автокөлік басқару немесе жабдықпен жұмыс істеу) қауіп төндіруі мүмкін.